ЖАНҰЯ
- 45 -
«Ораза түнінде әйелдеріңмен қосылуларың сендерге
халал етілді.» (Бақара 187)
«Әһли кітап (яһуди және христиан)
әйелдермен
үйленулерің халал.» (Маидә 5)
«Нашизә әйелдерге насихат етіңдер, төсектеріне
кірмеңдер» (Ниса 34)
Әйел нашизә болып, еркек нашиз
болмай ма? Неге Аллаһ
еркектің әйелге насихат етіп, оны
тәрбиелеуін әмір етуде? (Нашиз: Жұбайына зұлымдық
жасаған еркек. Нашизә: Ерінің төсегіне келмейтін және оның
рұқсатынсыз үйін тәрк етіп кететін әйел.)
Жауап: Аят пен хадистен дін үйренілмейді. Өйткені, дін
үйренемін деп жүріп, қате түсініп діннен шығып кету қаупі
бар. Сіз жазған бірінші аятта білдірілгеніндей Аллаһ еркекті
басқарушы етіп жаратқан. Ит немесе жылан етіп те жарата
алатын еді. Аллаһтың әміріне разы болу керек. Фабрикада әр
бөлімшенің өзінің бастығы болады.
Ең жоғарыдағы басшы
әр жұмысшыға не істеу керектігін біртіндеп айтып жүрмейді.
Қол астындағы бөлім бастықтарына айтады. Жұмыстың
барысынан сол бөлім басшыларын жауапты қылады. Осы
сияқты Аллаһу та’ала да үйдің басшысына әмір етуде, соны
жауапты етуде. Еркектердің істеген күнәсына әйелді жауапты
етпейді. Бірақ, әйелдердің істеген күнәсына күйеуі жауапты
болып табылады. Әр ниғмет бір қиыншылықты талап етеді.
Жауапкершілігі көп адамның басшы болуы қалыпты нәрсе.
Маидә сүресінің 38-ші аятында
«Ұрлық жасаған еркек
пен әйел» деген сөз өтеді. Бірінші еркектің айтылуы оның
Аллаһ дәргейінде үстем екенін көрсетпейді. Бәлкім,
ұрлық
еркектер тарапынан көп жасалғандықтан бірінші айтылған
шығар. Нұр сүресінің 2-ші аятында
«Зина еткен әйел мен
еркек» деген тіркес өткен. Бұл
жерде бәлкім әйелдің рөлі
басымырақ болғандықтан әйел еркектен бұрын білдірілді.
Бірінші айтылу оның артық немесе кем екенін білдірмейді.
Бір аятта да былай делінген:
«Еркек немесе әйел мұсылман