ЖАНҰЯ
- 63 -
Жауап: Зинадан жүкті болған әйелмен некелесудің, яғни
оған үйленудің
жаиз екендігі Бәдаи,
Бахр-ур раиқ,
Ибн
Абидин,
Хиндийа сияқты сенімді кітаптарда білдірілген.
Зинадан жүкті болған әйелмен босануына дейін некелесу
сахих болады, бірақ босанғанға дейін қосылу (жыныстық
қатынасқа түсу) жаиз болмайды. Некеден жүкті болған
әйелмен босанғанға дейін некелесу сахих емес.
(С.Әбәдийа)
Ханафи мазһабындағыдай, Шафииде де өзі зина еткен
әйелмен үйленудің жаиз екендігі
Мәзаһиби Әрбә’а кітабында
білдірілген.
ФЛИРТ
Сұрақ: Үйленетін ниеті бар қызбен жігіттің жақсы
ниетпен «флиртовать етуі», бір-бірін жақсы тану үшін жүруі,
кездесіп,
сөйлесіп тұруы, некесіз бірге өмір сүруі неліктен
дұрыс емес?
Жауап: Үйленетін жастардың флирт деп аталатын жүріске
қажеттілігі жоқ. Керісінше бұлай жүрудің көптеген зияндары,
қауіптері бар:
Мұндай жүрулерде тұзақ бар. Мұндай жүрушіліктердің
көпшілігінде жігіт қызды алдап, мақсатына жеткеннен кейін
тастап кетеді.
Флирт – ақылға салу, ойлану, дұрыспен бұрысты ажырату
секілді сезімдерді перделейді. Флиртке дағдыланғандар
жұбын жиі ауыстыратын болады. Жігіт тарапынан алданып,
тасталған қыз елге масқара жағдайға түседі. Көбінесе
жігітпен жүремін деп қыздар арынан (намысынан) айрылып
жатады. Мұсылман қыз үшін
бұдан асқан пәлекет бола
алмайды. Флирт көптеген жастарды қаңғыбастыққа, бет
алды мал шашуға, мақсатсыздыққа, ессіздікке ұшыратады.
Жастар
арасында төмендік комплексін, көре алмаушылық,
қызғаншақтық, жек көрушілік, дұшпандық,
анархия және
түрлі рухани күйзелістер тудырады.
ЖАНҰЯ
- 64 -
Флиртте нәпістің қалауы көзден таса жерде кездесуге
шақырады. Соңында көптеген жастардың басы бәлеге
қалады. Алдымен қызды алдап, мәжбүрлеп тұзағына түсіреді,
қалауына жеткеннен кейін қызды айыптап, масқаралайды.
Көбінесе осындай сезім майданында жарысқандардың түбі
үнемі суықтықпен бітеді.
Жас жігіт иіскеген гүліне тез тойып, кейін басқа түстегі,
басқа бір гүлді іздей бастайды. Ендігі бұл сахна бұл жігітті
қызықтырмай, ондағы
құпиялар ашылғаннан кейін, басқа
құпияларды ашуға ынтығып, басқа асуларды қуалап кетеді.
Осы тұрғыдан да жүру (флирт) деген нәрседен қыздар,
әйелдер өте сақ болулары қажет.
Мұндай жағдайлар басынан өтпеген жастар үшін бұлар
түсініксіз, орынсыз болып көрінуі мүмкін.
Өйткені біреуге
көңіл қойған, ғашық болып қалған адам, өзіне айтылған
насихаттарға мән бермейді,
жындының сандырағы сияқты
қабылдайды. Сол себепті де пайғамбарымыз
«Ғашықтық
Достарыңызбен бөлісу: