Бақыттың кілті


Махрем тақырыптарды әдеппен сұрау керек



Pdf көрінісі
бет50/184
Дата11.06.2023
өлшемі1,21 Mb.
#100545
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   184
Махрем тақырыптарды әдеппен сұрау керек 
Қыз бала махрем тақырыптарды анасынан сұрау керек. Егер 
ол білмейтін болса, анасына «Әкемнен уйрен» дейді. Әкесі де 
білмейтін болса, әкесі барып білетін біреуден сұрауы керек. 
Әкесі жоқ болса, ағасы, көке (әкесінің ағасы), нағашы көкесі 
сияқты махрем болған туыстарынан сұрауы керек. Бұларда 
үйреніп білдірмейтін болса, онда хатпен немесе телефонмен, 
өзінің атынан емес «бір әйелдің белгілі жағдайы пәленше 
уақыт жалғасып тоқтаса, не істеу керек» деген сияқты түрде 
сұраған жақсырақ болады. Бір әйелдің күйеуі, бұл ілімдерді 
үйреніп әйеліне үйретпейтін болса, әйел ең ыңғайлы бір 
жолмен бұларды үйрене алады. Білетіндерден бұл тақырыпқа 
қатысты мәселелерді әдеп шеңберінен шықпайтындай түрде 
сұрауы ұят болмайды.
Хазреті Әсманың пайғамбарымыздан қалай ғұсыл 
алатынын сұрап жатқанда ұялғанын байқаған Хазреті Айша 
анамыз «Ансар әйелдері қандай жақсы, ұялулары діндерін 
үйренуде кедергі болып тұрған жоқ» деді. (Бұхари)
Демек, ұят болады деп өзіне парыз болған ілімдерді 
үйренбеу қателік. Пайғамбарымыз махрем тақырыптарды 
түсіндіріп жатқанда «Аллаһу та’ала хақтың түсіндірілуінен 
тартынбайды» деді. (Тирмизи)
Осы мағынада болған аяти кәрима да бар:
«Аллаһу та’ала шындықты айтудан тартынбайды.» 
(Ахзаб 53)
Ғашық болу күнә ма?
Сұрақ: Күнә жасамау шартымен біреуді жақсы көрудің 
зияны бар ма?
Жауап: Ғашықтық адамның қолында болмаған сезім. 
Арын, яғни намысын қорғап және күнәға жақындамау 
шартымен біреуге ғашық болудың зияны жоқ. Тіпті ар-
намысын қорғап ғашықтығын жасыру үлкен сауап. Хадис 
шәрифте былай делінген: 


ЖАНҰЯ
- 73 -
«Ғашықтығын жасырып, ар-намысын қорғап өлген 
адам шәһид болады.» (Хаким, Хатиб)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   184




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет