Бай әКЕ, кедей әКЕ


Табыстар  Компания иесіне жұмыс



Pdf көрінісі
бет22/50
Дата17.01.2023
өлшемі1,32 Mb.
#61682
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50
Табыстар 
Компания иесіне жұмыс 
істеу 
Шығыстар
Мемлекетке қызмет ету 
Актив 
Пассив 
Банкке жұмыс істеу 


91 
жұмысыңызды ӛзіңізге және отбасыңызға пайда келтіретіндей етіп 
қолдануды үйренуіңіз қажет.
Егерде Сіз, ӛз ісіңізбен шұғылдануға шешім қабылдағаныңызда, 
алдыңызға қандай мақсат қоясыз?
Жұрттың кӛпшілігі жұмысты тастамай, еңбекақыға біртіндеп 
активтер сатып алуды қолдайды. Активтердің қаншалықты тиімді 
ӛскенін қалай анықтауға болады? Адамға бай болғандығы жӛнінде 
қашан белгілі болады? 
Мен ӛзімнің анықтамаларымды активтер және пассивтерге ғана 
емес, сонымен бірге байлыққа да берем. Бұларды мен Бакминстр 
Фуллер деген кісіден алдым. Біреулер оны ақымақ десе, екіншілері 
дана дейді.
Ол осыдан кӛп жылдар бұрын, яғни 1961 жылы «геоцезиялық 
мұнара» дегенді ойлап табыңдар,- деп тапсырыс жасап, барлық 
архитекторлар қоғамдарына ылаң салған адам. Тапсырыстың ішінде 
әрине,байлық жӛнінде де, ой болатын. Алғашқы кезде бұл маған 
қызықты сияқты кӛрінді, соңынан бәрі де ӛз орындарына түсті.
Байлық адамның бір шама уақыт жұмыссыз күн кӛру 
қаблеттілігі. Яғни, егер мен жұмыс істемесем, қанша уақыт ӛмір сүре 
алам? Осындай анықтама бойынша, адамның қаншалықты бай екенін 
және оның қаржылық тәуелсіздігін біршама дәлдікпен айтуға 
мүмкіндік береді.
Байлық- шығындарды шегеріп тастағаннан кейін, актив 
колонкасынан (бӛлігінен) түсетін ақша кӛлемі.
Мұны мысал түрінде қарайық. Актив колонкасынан (бӛлігінен) 
түскен менің таза пайдам айына 1 мың доллар, -деп есептейік. Ал 
менің шығыным 2 мың долларды құрайды. Сонда менің байлығым 
қандай?
Бакминстер Фуллердің анықтауына оралайық. Мен неше күн 
ӛмір сүре алам? Егерде 1 айда 30 күн бар, деп есептесек, менің ақшам 
жарты айға ғана жетеді. Егерде менің активтерім айына 2 мың доллар 
түсірсе, мен бай бола бастаймын.
Енді менің айлық шығындарымды, активтен түскен табыстар 


92 
жауып отырады. Егерде мен ӛз шығындарымды ӛсіретін болсам, 
активтен түсетін ақшаны кӛбейтуім керек. Назар аударыңыз бұл кезде, 
мен жалақыға тәуелді емеспін. Мен барлық ынтамды активтер 
колонкасын (бӛлігін) құруға бағыттадьм, ол мені қаржылық 
тәуелсіздікке жеткізді.
Мысалы, мен бүгіннен бастап жұмыс істеуімді тоқтатсам, 
активтер менің барлық шығындарымды жабуды қамтамасыз етеді.
Келесі менің мақсатым: артылған ақшаны инвестиция ретінде 
тағы да активке салу болады. Ақша бұл колонкаға (бӛлігіне) неғұрлым 
кӛп түссе, ол солғұрлым арта түседі. Актив кӛбейген сайын, менде 
ақша да кӛбейе түседі. Мен әзірше, ӛз шығындарымды активтен 
түсетін табыстардан кӛп кем ұстаймын, сӛйтіп менің жұмысыммен 
байланысты емес табыс кӛздері арқылы ақша тауып, байи бастаймын. 
Осындай тұрақты инвестиция жүргізу нағыз байлықтың кепілдігі. Ал, 
байлықтың не екенін, әркім ӛзі үшін анықтасын. Кӛп ақша ешуақытта 
болмайды. Мына қарапайым ережелерді естеріңде сақтаңдар. Бай 
адамдар активтерді сатып алады.
Кедейлерде тек қана шығындар болады.
Орта класс ӛкілдері пассивті сатып алады, себебі: оны актив, деп 
есептейді. 
Сонымен, не істеу керек? Ӛз ісіңді қалай бастауға болады? 
«Макдональдс негізін қалаушы не айтар екен, соны тыңдаңыз.


93 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет