Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет16/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91
 
Белгісіз қалашық  
Жуалы ауданының аймағында әлі де сыры ашылмаған 
бірнеше қорғандар мен кішігірім қалашық, бекеттердің 
орындары сол сияқты қолдан үйілген тӛбелер кӛптеп кездеседі. 
Солардың бірі Қайрат ауылының оңтүстігінде 2 шақырымдай 
жерге орналасқан белгісіз қалашық. Бұл қалашықтың ӛмір сүру 
кезеңі VІІІ – ХІІ ғасырларға жатады. Ол жерден табылған заттай 
айғақтар бұл кӛрсетілген аралықты дәлелдей түседі.
Осы белгісіз қалашықтың қазіргі орнын жергілікті жердің 
халқы «Нан жер» деп атайды. Қариялардың айтуынша бұрынғы 
кезде қарапйым халық осы Жібек жолының бойында орналасқан 
жерге келіп, нан табатын болған деп айтады. Ал, зейнеткер, 
тарихшы Қадыров Сәттің бала кездегі қариялардан естіген 
әңгімесі бойынша, бұл аймақтың жері ӛте құнарлы әрі сулы, 
бидай ӛсіруге ӛте қолайлы болғандықтан «Нан жер» - аталған 


37 
деп баяндайды. 
Осы қорғандардың үстінде қазір Қайрат ауылының Байтана 
және Құли руларының бейіті бар. Қаза болған мәйітке жер 
қазғанда кӛптеген құмыралар, мал сүйектері, әшекей бұйымдар 
табылған. Ол құмыралар алғашында ауыл мешітінде сақталды да, 
кейін облыстық мұражайға ӛткізілді. Дәл осындай екі құмыраны 
жер қазып жатып Кӛлтоған ауылының тұрғыны Дәулет 
Байсейітов та тауып алған, оның біреуінің формасы ӛте ерекше 
және бұрын ешбір жерде кездестірілмеген құмыра болған. 
Екінші кұмыра - Қазақстан территориясындағы ортағасырлық 
кезең формасына жатады. 
Белгісіз қалашықтың орнындағы тӛбелердің кӛлемдері 
әртүрлі. Біріншісінің аумағы 50 метрге дейін, ал биіктігі 2,5 
метрдей болатын, екінші тӛбешік жалпақ, созылыңқы келеді
биіктігі 2 метрдей ал ұзындығы 35-40 метрдей. Екі тӛбешіктің 
ара қашықтығы 300 метрдей. Бұл қалашық бекет тәрізді Жібек 
жолының бойында болған. Оның оңтүстік Алатау жағындағы 
«Кӛктӛбе» аталатын жер қырғыздармен соғыс кезіндегі қолдан 
үйілген тӛбе болғандығы жӛнінде деректер ел аузында айтылады. 
Қырықкүрзі 
Қырықкүрзі - орта ғасырдағы шағын қала. Орналасқан жері 
Жуалы ауданының Шақпақ ауылынан солтүстік батысқа қарай 5 
шақырым жерде. Бұл шағын қалашық туралы ешқандай кітапта 
мәлімет жоқ. Тек кана Жамбыл облысы энциклопедиясының 389 
бетінде қысқаша мәлімет берілген, Онда бұл қалашықтың орнын 
1940 жылы Жамбыл археологиялық пункті (жетекшісі 
Г.И.Пацевич) ашқандығы айтылады. Қырықкүрзі кӛлемі 
солтүстіктен оңтүстікке қарай 114 метр, ал батысынан шығысына 
қарай 220 метр кӛлемі тік тӛртбұрышты тӛбешік. Айналасы 
топырақ үйіндісімен биік етіп қоршалған батыс және шығыс 
бетінде 11 мұнара ал, оңтүстігі мен солтүстік жағында 17 мұнара 
болған (барлығы 28 мұнара). Мұнаралардың биіктігі 1 метрден 
1,5 метрге дейін ал диаметрі 10-11 метрдің шамасында.
Қырықкүрзі ортағасырлық қалашығының орны туралы 
Жамбыл облысының энциклопедиясындағы мәліметке сүйеніп 


38 
Шақпақ ата елдімекенінің солтүстік батысына қарай кӛрсетілген 
орында ешқандай қалашықтың белгілері жоқ екендігіне 
кӛзімізді жеткіздік.
Алайда Шақпақ ата елдімекенінің солтүстік батысында 8 
шақырымдай шамасындағы Шақпақ деген жерде тұрғындары 150 
- ге шамалас шағын елдімекен болған. (Оны жұрт ескі «шахта» 
деп атайды, 1983 жылға дейін №15 кәсіптік техникалық училище 
болған.)
Осы 
айтылған 
жерден 
6 - 7
шақырым 
шамасында 
Құлантаудың қойнауында кӛлемі жағынан Қырықкүрзіге шамалас 
келетін таспен қоршалған белгісіз қалашықты біз осы Қырықкүрзі 
деп топшылаймыз. Бұл қалашық Жуалы жерімен ӛтетін Ұлы 
Жібек жолының сүрлеуінен едәуір алыс жатыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет