Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет66/91
Дата19.04.2023
өлшемі1,94 Mb.
#84262
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91
 
Марының сазы 
Жуалы жерінің солтүстік шығыс жағындағы Қаратау 
жоталарының арасында Кӛсегенің кӛк жонына жақын жердегі 
Аралтӛбенің бергі жағында орналасқан. Жан – жағы жоталармен 
қоршаған ойыстау жер болғандықтан қысы – жазы саздап 
жатады. Ол жердің аумағы ӛте үлкен, бұрын бұл жерде сол 
маңдағы ас, той, бәйге сияқты үлкен жиындар ӛтетін жер болған.
Ол жерді халықтың «Марының сазы» - деу себебі сол маңды 
жайлау еткен Мары деген кісінің есімімен қойылған атау. 
 
 Мыңбұлақ 
Жамбыл облысының Жуалы ауданындағы теріс ӛзенінің 
алабы ежелден осылай мың бұлақ аталған Мыңбұлақ туралы 
алғашқы деректі біз Қытай жиһангер – сопысы Сюань – Цзянның 
630 жылдар шамасында жазған сапарнамасынан келтіреміз. Ол 


115 
қазіргі Жамбыл облысының батыс шетіндегі Мыңбұлақ ӛңірінің 
жанға жайлы екендігін тамсана жазып, оны жаздың ыстық 
айларында Түркі хандары Түркібасыдан келіп жазғы мекені 
ететінін баяндайды. Хан ордасы орналасқан Түлкібасы мен оның 
шығыс жағындағы Мыңбұлақ жалғасып жатқан мекендер, арасы 
35-40 шақырым ғана «Бұл жерге Ызбарлы хан (Естемес ханның 
бесінші ұрпағы) 651 жылы атасының жазғы мекені Мыңбұлаққа 
арнайы қала салдырып ордасын тікті» - деп кӛрсетілген. Бұл 
мәліметтер Л. Гумилевтың «Кӛне түркіллер» атты кібарында, 
Қазақстан тарихының 1 томында сол сияқты Жамбыл облысының 
энциклопедиясында да жазылған. 
Мыңбұлақ туралы Араб жиһангері Убейдаллаһ ибн 
Абдуллах ибн Хордадбек (846 жылы) және Кудама ибн Жафар (Х 
ғасырдың басында) ӛздерінің қолжазбаларында, Бұл Мыңбұлақ 
(Абарджадж) үлкен тӛбе, оның айналасынан мыңдаған бұлақтар 
ағып шығады. Абарджадж қаласының бұрынғы аты Мыңбұлақ 
болған деген деректер бар – делінген. (Kodama ibn Djafar. Kitab 
al-Kharadj. Ed.M.J. de Goeje. Lugduni Batvorum. 1889,262 c). 
Ұлы Жібек жолының негізгі арнасында орналасқан қалалар 
мен керуен бекеттері туралы деректі Араб географы, мемлекеттің 
байланыс қызметкері Убейдаллаһ ибн Хордадбек 846 - 847 
жылдары жазған күнделігінде: « Испиджабтан (Сайрам) 
Будухкетке келдік, одан Тамтаджға (Түлкібас) одан Абарджаджға 
(Мыңбұлақ) 4 фарсах жол жүрдік, одан Баркуабтағы (Теріс) 
бекетке дейін 6 фарсах жол жүріп Жувикет арқылы Таразға 
жеттік» - деген. (Ибн Хордабех. Книга путей и страны Баку, 1986, 
121 с). 
Аталған қалалардың барлығы дерлік 1219 - 1220 жылдары 
Шыңғысханның шапқыншылығынан қираған. Ол туралы 1246 
жылы Арыс ӛзенінің бойындағы Ұлы Жібек жолының сүрлеуімен 
жүріп ӛткен римдік Плано Каприни: «Бұл жерде біз қираған, 
талан- таражға түскен кӛп қақпалы сарайлары бар сансыз қалалар 
мен қаңынаған бос кӛптеген елдімекендерді таптық» – деп 
жазған.( Путешествие в восточные страны Плано Каорпини и 
Вильгельма Рубрука. Москва, 1957, 79 с). 
Мыңбұлақ – Абарджадж – Абарадж қаласы туралы барлық 


116 
деректерді қарастыра отырып негізін 651 жылы Ызбарлы Халық 
хан қалаған қала 1219 жылы ӛмір сүруін тоқтатқан сияқты. 
Есептеп қарасақ қала 568 жыл ӛмір сүрген деген болжам жасауға 
болады. 
Қаланың қазіргі орны Жуалы ауданының Оңтүстік 
Қазақстан облысының Түлкібасы ауданымен шектесер жеріндегі 
Шақпақ темір жол станциясынан оңтүстікке қарай 1 шақырым 
жерде. Батыс жағында Шақпақ белі мен Құлантау жотасы арқылы 
жапсарласып жатқан осы тӛбеден іргелес жатқан екі ауданның 
кӛз жетер аймағы алақандағыдай айқын кӛрінеді. Арыс ӛзенінің 
басы осы тӛбенің батысынан басталатын бұлақтардан құралады. 
Қазіргі таңда тӛбенің айналасындағы егінді алқапты ӛңдеген 
кезде бұл жерден қаланың болғандығын айғақтайтын кӛптеген 
керамикалық ыдыс – аяқтардың, құмыралардың сынықтарын 
кездестіруге болады. Бірақ қала орны әлі күнге зерттелмеген. 
Мыңбұлақ - аталу себебі бұл жерден андыздап аққан сансыз 
бұлақтарға байланысты болса, Абарджадж атауы арабшадан 
мағыналап аударғанда «мұнаралы тӛбе» - дегенді білдіреді. 
Мыңбұлақ туралы ақын Т.Әлімбеков былай жырлайды: 
Алатаудан нұрын тӛксе күн құлап, 
Жуалының сұлулығы сұмдық – ай! 
Айналаны сиқыр күйге бӛлейді. 
Суыршықтай бұлқып атқан Мыңбұлақ! 
Мыңбұлақ 
атауының 
шығуы 
туралы 
Е.Қойшыбаев 
тӛмендегідей анықтама береді «Бұл кӛне атау. «Мың» сӛзі 
атауларының мазмұнын байытып, әсірелеп тұр. Қытай жиһанкезі 
Цюань – Цзан келтірген кӛне деректерде (б.з VІІ ғ) Бинюй – 
Талас ӛңіріндегі қорық аты дейді. Совет топономистері бұл 
тектес атаулардың Пенза топонимімен түбірлестігін ашқандыығ 
бар: Пенза атауы кӛне бұлғар – чуваш тілдерінің пен «мың» және 
«су» яғни Пенсу – мың су сӛздерінен шыққан» - дейді. 
(Е.Қойшыбаев Қазақстанның жер – су аттарының сӛздігі Алматы: 
Мектеп, 1985, 190 бет). 
Қазақ тіліндегі мың сӛзі бұлақтың саны «мың» емес кӛп 
дегенді білдіреді, сондықтан «Мыңбұлақ» - атауы қалыптасқан. 


117 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   91




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет