Пәні: Қазақ тілі мен әдебиеті
Білім беру ұйымының атауы: ____________________________________ Сынып: __9____ Литер: _________ Нұсқа: Білім алушының аты-жөні: ________________________________
А БӨЛІМІ Төменде берілген мәтінді оқыңыз.
Әзілхан Нұршайықов
«Ақиқат пен аңыз» роман-диалог үзінді.
Ертеңіне белгіленген сағатта Бауыржан Қарағандының офицерлер үйіне келді.Атақты Момышұлын көру үшін қала офицерлері әйелдерімен, бала-шағаларымен жиналған екен.Блоха да сол жерде кездесті.Ине шаншар жер жоқ, иін тірескен жұрттың алдында Бауыржанға сөз берілді.Сөз берілерден бұрын Момышұлының Ұлы Отан соғысының қаһарманы, бүкіл дүние жүзіне белгілі әдеби герой атақты жазушы екені айтылды.
-Жолдастар,-деді Бауыржан орнынан тұрып,-дүние жүзіне аты жайылған атақты Момышұлы мен емес.
Жұрт демін ішіне тартып,үндемей қалды.Осы кезде Бауыржан сөзін қайтадан жалғады.-Бірақ ол осында отыр. -Жұрт одан сайын аң-таң бола бастады.Осы кезде Бауыржан президиум үстелінің басында отырған өзгелерден бітімі бөлек балуан денелі адамды нұсқады. - Міне, ол мына кісі. Осыдан 18 жыл бұрын бұл кісі мені ажалдан алып қалды.Мені ажалдан арашалап алып, жаңа айтылғандай, бүкіл дүние жүзіне паш еткен адам бұрынғы пулеметшім Блохамен мен кеше ғана табыстым.Сіздердің алдарыңызда осы адамды құшақтап, үш рет бетінен сүюіме рұқсат етіңіздер.Жұрт ду қол шапалақтап, орындарынан түрегелісті. Бауыржан мен Блоха екеуі құшақтасып болғанша алақан шартылы басылмады... Кездесуден кейін Бауыржан Блоханың үйіне қонаққа барды.
-Батя, есіңде бар ма?-деді Блоха Бауыржанаға кетерде.- Санбатта дәрігер арқаңды ұстараның жүзімен тіліп, әрең алған оқты маған беріп едің ғой.Мен соны ескерткіш үшін жоғалтпай сақтап жүрдім.Соғыстан қайтып келе жатқанда зат қапшығыммен бірге жоғалтып алдым.Қазір саған не сыйларымды білмей отырмын.-Маған ештеңе сыйлаудың керегі жоқ-деді Бауыржан.– Сен менің өз өмірімді өзіме сыйлаған кісісің.Одан артық ешқандай сыйлық болмайды. - Сонда да-деді Блоха шалбарының қалтасына қолын сұғып, -мына Волокаламск тас жолымен немістердің танктері бізге қарап қаптап келе жатқанда оларды лайықты қарсы алар алдында менің темекі тұтатқан шақпағым еді.Осы үйдегі соғыстан қалған жалғыз белгі осы ғана.Осыны саған сыйлағым келеді. - Бұл сыйлығыңды қабыл аламын-деді Бауыржан винтовка гильзасынан жасалған шақпақты алып жатып. -Бұл - баға жетпес ескерткіш...