Сеңкібай Қабанұлы (1712-1799)
Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы қасіретті
де қаһармандық күресінде ерен ерлік кӛрсеткен батырлардың бірі
- Сеңкібай Қабанұлы.
Сеңкібай Қабанұыл Қарабақыр - Шәлке деп аталатын қара
сулы ӛзеннің бойында дүниеге келген. Оның Қалы, Ақкіс және
Есқожа атты бауырлары болған. Сеңкібай батыр ұлы бабамыз
Тӛле бидің жақын туысы. Сеңкібай батырдың ұрпағы Әмзе
Молдақұлұлының есебіне қарағанда ол 87 жасқа келіп дүниеден
ӛткен сияқты. Аңырақай шайқасына Сеңкібай батыр 17 жасында
қатынасып ерлік кӛрсетеді. Демек Сеңкібай батыр дүниеге 1712
жылы келіп, 1799 жылы ӛмірден ӛткен деп шамалаймыз.
Сеңкібай батырдың ерлігі қалың жұртшылыққа қалмақ
батырын жекпе - жекте жеңгеннен соң әйгілі болады. Нарын, орта
Бақанас ӛңіріндегі қазақ жауынгерлері Айнакӛл басында жатқан
кезде сол жерге жеті мың әскермен Шамал атты қалмақ батыры
келеді. Қазақтар мен қалмақтардың алғашқы жекпе - жегіне
Сеңкібай мен Қаңғыр атты алып батыр шығады. Сеңкібай батыр
Қаңғырды найзасымен түйреп ӛлтіреді. Сол сияқты Наурызбай
батыр Шамалханды, ал Мәмбет батыр Домбауылды жеңеді.
Қазақтың жыр сүлейі Сүйінбай, сол сияқты Майкӛт, Жамбыл
ақындар Сеңкібайға жыр арнаған. Мысалы Сүйінбай ақын,
Сыпатай
батырдың
тойында
былай жырлайды:
Сыпатай Дулаттағы ер кісі еді,
Ақылы дариядай тӛл кісі еді.
Жаныстан ӛтіп кеткен әзиз Тӛле,
Сеңкібай Шойбекпенен тең кісі еді.
Майкӛт Сандыбайұлы:
Атасы Сеңкібайдың Қабан батыр,
Бақ - дәулет ұрпағына қонып жатыр.
Таластан тоған қазып, егін салып,
80
Суландырған даласын о да батыр - деп жырлаған.
Бұхар жыраудың «Қабанбай батыр» жырында да қас
батырдың бірі ретінде Сеңкібай, Шойбек есімдері аталады.
Сеңкібайдың тек қана батырлығымен емес әділ билігімен
атасы Әлібек пен ағасы Тӛле билер сияқты танылған екен. Оның
әділ билігімен дауды шешкендегі тапқырлығы туралы «Тӛле би
мен Қойгелді батыр» кітабында айтылады.
Сеңкібай батырдың ошақты Саңырақ, сиқым Қарабатыр,
жаныс Ӛтегендермен бірге Жуалы аймағындағы Қостұра мен
Боралдай ӛңіріндегі ерлігі туралы Саңырақ батыр туралы
жазғанда айтылған болатын.
К.Аманжолов,
А.Тасболатов
«Қазақстанның
әскери
тарихы» атты кітабында Аңырақайдағы шайқас туралы мынандай
мәлімет келтіреді: «Қазақ әскерінің жалпы саны мыңдықтармен
есептесек, 29 мыңдық немесе 29 мың адам болды. Қазақ әскерінің
сол қанатын Әбілмәмбет хан, Сәмеке сұлтан, Қазыбек би,
Қабанбай батыр басқарды. Олардың жауынгерлік саны - 11 - 12
мың адам болды. Әскердің оң қанатын Тӛле бидің ӛзімен бірге
Қойгелді батыр сол сияқты Қосы, Мәмбет, Сеңкібай, Шойбек (ол
кезде 17-18 жасар) батырлар басқарды. Әскердің оң қанатындағы
саны 11-12 мың адам болды» - деп жазады. Бүл деректер тарихи
шындықпен сәйкес келеді.
1739 жылдың күзінде Тӛле бидің бұйыруымен Қойгелді
бастаған қол Ташкентті соғыспен қайтарып алады. Сол кезден
бастап Тӛле би мен Қойгелді ӛз елін отырықшыландыруға,
суармалы егіншілікпен айналысуға, балаларды медреседе
оқытуға кӛп кӛңіл бӛледі. Болашақтағы айқастарға алдын - ала
даярлық жасап Сеңкібай, Мәмбет, Шойбек, Жауғаш сынды
батырларды Сарыарқаға, Абылай сұлтанға жібереді.
Сеңкібай батыр жасы сексеннен асқан шағында Тӛле бидің
ӛнегесімен Талас бойынан тоған қаздырып, елді диханшылық
етуге басшылық жасаған. Сеңкібай кӛзі тірісінде қоқан хандығы
мен орыс патшасының билігіне бағынбай ӛткен, сондықтан да
оның қарамағындағы ел бейбіт және тұрмысты ӛмір кешкен.
Құрылысшы ӛзбек ағайындарға қыстаулар да салдырып, мешіт -
медресе ашуға да мұрындық болған.
81
Жаныс Сеңкібай Қабанұлының қабірі Тараз қаласының
іргесіндегі Талас ӛзенінің жағасында болған. Алайда, 1970 жылы
«Ровный» совхозының солақай басшылары Сеңкібай мазарын
қиратып, орнына егін еккізген. Сол егістік алқап бүгінге
«Сеңкібай қорғаны» аталады. Сеңкібай батыр қаздырған 60
шақырымдық канал әлі күнге «Сеңкібай каналы» делініп, елге
қызмет етуде.
Сеңкібай батырдың ұрпақтары Жамбыл облысының Тӛле би
атындағы шаруашылықтың Еңбек бӛлімшесінде, Тараз қаласында
т.б жерлерде тұрады.
Рысбек Шінетұлы (1741-1824)
Рысбек Шінетұлы Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына
қарсы күресте қол бастаған, есімі бір тайпа елге жауынгерлік ұран
болған ұлттық батырымыздың бірі. Рысбек батыр - қазақ
халқының аса ардақты аталарының айтулы ұрпағы. Оның атасы
Қарабатыр - Теле бидің туған күйеу баласы. Дәлірек айтқанда, ол
Тӛле бидің әкесі Әлібектің қызына үйленген. Әлібектің де алты
алашқа мәшһүр атақты би болғаны белгілі. Есім хан, Салқам
Жәңгір, әз Тәуке кезінде Ұлы жүздің бас биі болған Әлібектей
ардақты асыл адам тегін жанға қыз бермесе керек - ті.
Рысбек батыр дүниеге 1741 жылы Жуалы ауданына қарасты
Билікӛлдің маңында дүниеге келген. Рысбек інісі Тұрыс екеуі
әкесі Шінеттен ерте қалады. Ол кезде жоңғарлардың
қонтайшысы, яғни ханы Қалдан Серен жазда Қаратаудың ең бір
құйқалы, қордалы жайлауы Боралдай, Қошқарата ӛзендері
түйісетін, бастау алатын, қазір Үшқоспа аталатын жерге таяу,
күні бүгінге дейін Ханорда, Ордақонған аталатын аймақты
жайлайды екен. Бұл ғажап жайлау Жуалы ауданындағы бұрынғы
XXII партсъезд атындағы колоздың жерінде, шыжыған шілдеде
суы салқын балдай, шӛбі, жеміс - жидегі үш – тӛрт ай бойы
тұнып тұрады. Жаз бойы ызыңдаған шыбын - шіркей
болмайды.
Қошқарата ӛңіріндегі осы әкесі Шінеттің жайлауын
Жолбарысхан ӛлтірілген соң Қалдан Серен иемденген еді. 1745
жылы ол ӛлген соң таққа Севен Доржы онан кейін Лама Доржы
82
отырады. Рысбектің шешесі Лама Боярға қызметші болып жүріп
қалмақ тілін үйренеді де кейбір сырларды біліп жүреді.
1757 жылдың жазында Рысбек 16 жасында Ташкенттегі түп
нағашысы Тӛле биге, қолбасшы Қойгелдіге жолығып қалмақтарды
біржола түре қууға бәтуаласады. Қалмақ ханының ордасына
Рысбек батыр бастаған жігіттер Қошқарата сайымен жасырынып
келіп кенеттен шабуыл жасайды. Рысбек туы астына жиылған
дулат, қаңлы шаңышқылы, сіргелі жігіттері жау ордасын ойран
етеді. Рысбек батырдың бұл әрекетінен үнемі ӛктемдік етіп
келген қалмақтар үйлерін, мал - мүлкін тастап тым - тырақай
қашады. Қазақтар жауға «Рысбек!» деп ұрандап шабады.
Жеткендерін қылышпен турап, найзамен түйреп Қошқарата
ӛңірін біржолата азат етеді. Рысбектің атағы осы орданы
талқандағаннан кейін бүкіл қазақ даласына жайылады, есімі
сиқым елінің ұранына айналды.
1734 жылғы соғыста Тӛле бидің тоқалы, қожа қызы
Бибімариямнан туған Қожабек жас бала кезінде тұтқында кетеді.
Оның артынан қалмақ қонтайшысы Қалдан Сереннің талабымен
Тӛле бидің кенжесі Жоланды аманат ретінде жібереді. Он сегіз
жылдан соң, яғни 1752 жылы қалмақтан қайтып келе жатқанда
қырғыз манаптарының қолына тұтқынға қайта түседі. Мұны
естіген Тӛле би Қойгелді бастаған шағын топпен Алатауға
аттанады. Жауғаш батырды Абылай сұлтанға жаушы етіп
шаптырады. Сол кезде Рысбек батыр қазіргі Түлкібас, Жуалы
жеріндегі дулат, қаңлы, шаңышқылы, сарыүйсін, байтана
жігіттерін бастап қалмақ ханының ордасына тұтқиылдан шабуыл
жасайды, ӛздерінен әлдеқайда кӛп дұшпанды үрке қашуға мәжбүр
етеді.
Мұхаметжан Тынышбаевтың «Қырғыз қазақ халқының
тарихына байланысты материалдар» атты зерттеуінде Рысбек
батыр туралы деректер келтіреді. Ол Жуалыдағы Ақтасты
аталатын жерде Рысбек батырдың және жоңғарлардың кӛп
адамдары қырылғанын айтады. Рысбек батырдың кӛп
жауынгерлері сол Ақтастыда жерленген деп кӛрсетеді.
Рысбек батыр 1757 - 1758 жылдары Қойгелді әскерімен
бірігіп Жетісу жерінде де соғысып, жоңғарларды қууға
83
қатысады. Қойгелді батырдың 17 мыңдық қолында Ӛтеген,
Рысбек, Сәмен, Мәлік, Елшібек, Саңырақ сияқты мыңбасылардың
қосындары болған.
Сайрам мен Шымкент қалаларын жоңғар басқыншыларынан
азат етуге қатысып, ерлікке толы қимылдарымен кӛзге түседі.
К.Аманжолов пен А.Тасболатов «Қазақстанның әскери
тарихы» атты кітабында: «Алға кеткен жаудың кӛшін бӛліп
тастап, оларды үлкен шығынға ұшыратып отырған. Мәселен,
Дулаттың тӛрт баласының әрқайсысы мыңдықтан әскер жинап,
тылда тұтқиылдан жоңғарларға қарсы соғысқан. Сиқым қолын -
Рысбек, Ботбай қолын – Сәмен, Жаныс қолын - Ӛтеген, Шымыр
қолын - Қойгелді батырлар басқарған. Осылайша партизан
соғыстарын жүргізген» - деп жазады.
Рысбек батырдың қазақ жерін қорғаудағы тағы бір ерлігі
Оңтүстік Қазақстанды Садыр, Ешенқұл сияқты басқыншы
манаптардан азат етуі еді. 1769 жылы қырғыздың Садыр манабы
Меркі, Талас, Созақ жерлерін басып алады. Осы кезде Қойгелді,
Рысбек батырлар Абылайға ат шаптырып казақ қолы жау басып
алған жерлерді босатқанда Рысбек, Сәмен батырлар ерекше
ерлігімен кӛзге түседі.
Тарихшы
М.Тынышбаев, жоңғар шапқыншылығынан
кейінгі Рысбек батыр бастаған сиқымдардың, жалпы дулаттардың
кейінгі тарихы туралы кӛптеген материалдар жазып қалдырған.
Тӛле би мен Қойгелді қайтыс болғаннан соң дулат тайпаларының
Ташкентте билікке таласқан алауыздығы, сонан соң 1795 жылы
билігіне араласа берген дулаттарды қоқандықтар қырып салады.
Олардың бастарынан Ташкенттің қақ ортасында тӛбе тұрғызып ең
үстіне Қойгелді батырдың немересі Қырғызбайдың басы
қойылады. Осы жолы дулаттар қолын Рысбек батыр басқарған
еді - дейді. Бұл ӛкінішті тарихи оқиғаға байланысты орыс
суретшісі В.В.Верещагин «Соғыстың шырқау биігі» атты сурет
салғаны тарихтан белгілі.
Рысбек батыр туралы қысқаша мәлімет Жамбыл облысының
энциклопедиясында да келтірілген. Онда Рысбек батырдың
даңқы 1729 жылы Аңырақай шайқасында ерлік жасаған Қойгелді
қолбасшы, Ӛтеген, Сеңкібай, Тойбек, Саңырақ батырлармен
84
бірге шыққан - деп жаңсақ жазылған. (Ол кезде Рысбек батыр әлі
дүниеге де келмеген еді.)
Рысбек батыр ӛзінің түп нағашысы Тӛле биден, әкесі
Шінеттен үйреніп, Жуалы, Қаратау жеріне егін салуды, арық
қазуды, мектеп, медресе ашуды ӛрістетеді. Ташкенттегі 12
қақпаны, қазірше айтқанда аудандардың бірін билеген Шінет
әкесі сияқты Рысбек батыр да қаздырған арықтары Шымкент,
Жамбыл облысының Сайрам, Түлкібас, Жуалы аудандарында әлі
күнге дейін пайдалануда. Дәу баба жеріндегі Рысбек каналы
осының бір айғағындай.
Рысбек батырдың есімін ұран еткен қазақтар Ӛзбекстанның
кей аудандарын, Ташкенттен Алматы маңындағы Талғар тауына
дейінгі жерлерді әлі күнге жайлауда. Қызылорда жерінен түлеп
ұшқан белгілі ақын Асқар Тоқмағамбетовтың аталары да Рысбек
батырмен туыстас.
Рысбектен сегіз ұл туған. Олардың барлығы да Қоқанға,
артынша Ресейге бодан болу кезінде ел билеген датқалар, билер,
болыстар, батырлар болған. 1929 - 1938 жылдары ұжымдастыру
және жазықсыз жандарды «халық жаулары» деп жариялап, қуғын
- сүргінге ұшырату кезінде, аштық жылдары батырдың
ұрпақтарының кӛбі атылып, айдалып, қырылып кетті. Ресей
патшасының отарлауына қарсы күрескен Батырбек датқа осы
Рысбек батырдың баласы.
Рысбек батыр 1824 жылы 81 жасында кӛктемде Жамбыл
облсының «Қызыл Октябрь» колхозының жанындағы қазіргі
Рысбек тӛбе деген жерде қайтыс болады. Ӛзінің жетінші ұлы
Тӛребекке айтқан ӛсиеті бойынша атасы Қарабатыр, әкесі Шінет
жатқан Манкенттегі Сиқым зиратына жерленген.
Рысбек батырға Майкӛт, Майлықожа сынды жыраулар
ӛсиет, жоқтау арнаған. «Рысбектің ӛсиеті» атты жырында
Майлықожа жырау:
Қатарда қара нар едім,
Алаштан озып бәйге алған
Арғымақ аттай бар едім
Кӛп халайық, құлақ сал!
Осылай болды дәрменім,
85
Бес күн жалған дүниеден,
Ӛтпеймін деп жүр едім,
Сиқым деген еліме
Дүрі гауһар нұр едім.
Ақындардың аузында,
Айтылып жүрген жыр едім – деген еді.
Қазақ халкының тәуелсіздігі үшін бар ӛмірін арнаған батыр
бабасының туғанына 250 жылдығына орай ұрпақтары Жуалы
ауданы Б.Момышұлы ауылында Рысбек батырға 1991 жылы
ескерткіш орнатты.
Итаяқ батыр (т.ӛ.ж белгісіз)
Итаяқ батыр Жаныстан тарайтын Шегір руының жоңғар
шапқыншылығы кезінде ерлік кӛрсеткен айтулы батырларының
бірі. Батыр туралы деректер тым мардымсыз, тек қана ел аузында
сақталып қалған бір – екі кӛмескілеу аңыз әңгімелер ғана
сақталып қалған.
Итаяқ батыр 1723 жылы жоңғар шапқыншылығы кезінде
«Елім - айлап» кӛшкен руластарына ілеспей Жуалының Қаратау
аймағында қалып қойған. Ӛзі жасақтаған мерегендер тобын
басқарып жауға тұтқиылдан шабуыл жасап шығынға ұшыратып
отырған.
Батырдың ерлік істері туралы Хамза Амандықұлының
«Ақпан батыр» атты дастанында біршама деректер келтірілген.
Онда Итаяқ батыр жаудан қорғану мақсатында ту сыртынан жау
келе алмайтын Алатаудың үлкен аңғарына тастан қамал
салдырған. Сол қамалда бекініп алып мергендерімен жебе
жаудырып жауды жолатпай қоятындығы айтылады.
Итаяқ батыр жайында тағы да бір деректі біз Тәттібай
ауылының тұрғыны 81 жастағы Ордабек ақсақал мен Амангелді
орта мектебінің мұғалімі Орал Батырқұловтан естідік. Олардың
айтуынша, Итаяқ батырдың елуден асқан шағында оған бір балгер
оның алдағы ӛміріне болжам айтады. «Жасың 60 – қа жетпей қара
құрт шағып қайтыс боласың» - дейді. Кӛріпкелдің айтқан
болжамының қате кетпейтінін білетін батыр Шегірқамалдан
табиғаты салқын әрі қарақұрт болмайтын Кӛксалаға қоныс
86
ӛзгертеді. Алайда, Ташкент жақтан алып келген сәлем – сауқат,
жеміс – жидек, жүзіммен ілесе келген қара құрт батырды шағып
ӛлтіріпті. Біз бұл әңгімені ӛз аталарымыздан естіген едік - деп
баяндайды.
Итаяқ
батырдың жерленген жері туралы Ынтымақ
ауылының тұрғыны Сейітбек Қаршығаұлынан, аталмыш ауыл
іргесіндегі Жартытӛбеге жерленген екен - деген мәлімет алдық.
Алайда, бұл деректің жаңсақ екендігіне біз Итаяқ батырдың
Кӛксаладағы бейітін тапқан кезде кӛз жеткіздік.
Итаяқ батырдың жерленген жері Кӛксаланың оңтүстік
беткейіндегі шағын қорымның ортасында, басына тастан қаланып
күмбез тұрғызылыпты, алайда ол құлап тек қана биіктігі 1,5
метрдей болатын үйінді ғана жатыр.
Осынау кең байтақ қасиетті туған жердің тӛсінде
бабаларымыздың биік рухынан дарыған батырлығымен ел
жұртына аңыз боп қалған Итаяқ батыр туралы бар тірнектеп
жинағанымыз осы ғана.
Шоқан Бақыұлы (шамамен 1712 туылған - ӛ.ж белгісіз)
Шоқан Бақыұлы жоңғар және қырғыз манаптарының
жандайшаптарымен шайқастарда ерекше кӛзге түскен байтана
руының хас батыры, Садыбай батырдың ұрпағы. Оның нақты
туылған және қайтыс болған жылдары белгісіз. Бірақ Тӛле би мен
Қойгелді батыр кітабында, Шоқан Қойгелдімен жекпе - жекке
шықпақшы болған жоңғар батырын сауыт - сайман кимей - ақ әп
сәтте жайратып салған кезде, Қойгелді Шоқан батырдың сол
шайқасқа дейін ел кӛзіне түспей елеусіз болғандығының
себебін сұрайды.
- Қойгелді аға, биыл қырыққа шықтым дейді Шоқан батыр.
Бұл кезде Қойгелдінің елуден асқан шағы екен деп жазылған.
Осы деректі ескерсек Шоқан батырдың туған уақыты 1710 - 1712
жылдар шамасында болады.
Шоқанның алғашқы ерлігі де сол Қойгелдімен алғаш
кездескенде болады. Бұрын тоғыз жекпе - жекте түгелдей жеңіп
даңқы асқақтаған батырдан кек алуды кӛздеген қалмақтың жас
нояны Қойгелдіні Байтана жұртына келіп түскен кезінде жекпе -
87
жекке шақырады. Осы кезде торы байталға жайдақ мінген, зор
денелі бір қазан бас жігіт Қойгелдіден бата сұрайды. Бұл
Садыбай батырдың ұрпағы Шоқан болатын. Сауыт - саймансыз
шекпен киіп, байталға жайдақ мініп жауға шапқан ол қалмақ
батырын әп - сәтте жайратып салады. Осы айқасты кӛрген жау
есін жиғанша Шоқан батыр жауға қырғидай тиеді. Қойгелді мен
Шоқан басқарған осы шайқаста қалмақтарды шетінен қырады.
Шоқан ерлігіне риза болған Қойгелді ақ батасын беріп,
астына тұлпар мінгізіп, бес қаруын сыйға тартқан екен.
Қазақ пен қырғыз арасы бүлініп тұрған шақта Шоқан
батыр Күркіреусу, Маймақ арқылы Жуалыға шабуыл жасаған
кырғыз манаптарының жандайшаптарына қарсы тұрады. Бұл
кезде қазақ қолы Меркі жаққа аттанып кеткен болатын.
Осы соғыста Жайыл батыр жекпе - жекте қаза тауып, бес ұлы
бірдей қолға түседі. Бүл тарихта «Жайыл қырғыны» ретінде
белгілі.
Шоқан аз - ғана жігіттерімен түнде шабуылдап талай
жортуылшыларды жер жастандырады. Таң ата Шоқан бастаған
жігіттер қоршауда қалады. Сонда қалған жігіттерді елге
қайтарып Шоқан жалғыз қалады. Қырғыздың мергені Шоқанның
атын атып құлатқан соң да, ол ұзақ шайқасады. Шоқан тұтқынға
түскен соң намаз оқып отырған кезде қылышпен шауып қапыда
ӛлтіреді. Кейін Шоқанның сүйегі мен сауыт - саймандарын
ағайындары қайтарып алады. (Біз бұл деректерді Садыбай
Байтана кітабынан алдық).
Бақы ұлы Шоқан батыр Қойгелді батырмен бірге жүріп
талай рет соғысқа қатысқан, ту ұстаушы болғаны туралы да
деректер бар.
Шоқан батыр туған жері үшін шайқаста қаза тапқан тұңғыш
ұлы Қотанбайдың кегін қырғын шайқаста қайтарады.
Қотанбайдың қабірінің басына кесілген бастардан үйіп тӛбе
жасаған екен. Ол туралы кӛнекез қариялардың Қошқарата
ауылындағы «Қалмақ қырған» аталатын жазықты осы Шоқан
батырдың ерлігімен байланыстырады.
Шоқан ерлігі туралы бұдан басқа - да аңыздар айтылады.
Қаратаудың қойнауында Шоқан атты үш қарауыл тӛбе бар.
88
Біріншісі - Бәйдібек баба күмбезінің жанында, он шақырым
жердегі тау басында, екіншісі - Жуалы жеріндегі Боралдайда, ал
үшіншісі Созақ ӛңірінде. Бұл тӛбелердің барлығы да Шоқан
ерлігіне қатысы бар екені даусыз.
Қырда қалмақ болғанда, Ойда қоқан.
Жауына не қылмаған батыр Шоқан - деген ӛлең
жолдары ел аузында әлі де сақталған.
Шоқан батырдың дулығасы бүгінде Тараз қаласының
ӛлкетану мұражайында сақтаулы, үлкендігі екі адамның басы
сыйып кетердей, ал сауыты мұндаға дейін Түлкібас ауданындағы
Шакпақата ауылының орта мектебінде сақталған екен, кейін із
түзсіз жоғалған.
Бүгінде Шоқан батырдың ұрпақтары Жуалы ауданының
Дихан елдімекенінде тұрады.
Шалданбай Нұрманбетұлы (т.ӛ.ж белгісіз)
Шалданбай батыр Қойгелді, Есқара батырлардың тұтасы,
атамекен жерін жоңғарлардан қайтару жолында ерлігімен кӛзге
түскен Садыбай батырдың ұрпағы. Шалданбай батыр жоңғар
шапқыншылығына жастайынан араласқан. Ел аузындағы
әңгімелерге қарағанда ол шамамен 17-18 жасында қолына қару
алып
жауға
аттанғанға
ұқсайды.
Шалданбай
інісі
Қырқымбайдың екеуінің де сүйек, тұлға бітімдері ӛте ірі болған
екен. Шалданбай батыр ӛзінің «Кертоқал» деген атынан басқаға
мінбеген екен, себебі оны басқа ат еркін кӛтеріп шаба алмайды
екен. Шалданбай Қойгелді батырдың жасы ұлғайған кезінде оның
сенімді қолбасшыларының бірі болған екен, ал Шоқан батырдың
ізбасары болыпты.
Шалданбай батырдың қалмақ батырымен жекпе - жегі
туралы Садыбай Байтана кітабында:
«Бірде жоңғардың батыры Шалданбаймен жекпе - жекте,
оның Кертоқалы қалмақ атының артқы жағынан басына
қарғығанда, ауыр салмақты кӛтере алмаған ат омақаса құлаған.
Ат үстінен жығылған қалмақ батырын Шалданбай найзалап
ӛлтірген» - деген деректер келтіріледі.
Шалданбайдың
батырлығы
туралы
Кәрібай
89
Есенқұлұлының дастанында былай жырланады:
Қиратып жоңғарлардың қалың қолын,
Бӛгеген қайратымен жаудың жолын
Талқандап жекпе - жекте қарсыласын
Жайпаған ерегісте оң мен солын
Батыр да Шалданбай да елден асқан
Жері жоқ шайқастарда жаза басқан
Қыршынбай, Борашы да батыр еді
Дұшпанын талқандаған қарсыласқан
Шалданбай - Байтанадан шыққан батыр,
Ерлігі мың кісіге оның татар,
Бейіті Іле жақта ескі қорым
Бабасы Бақтиярмен бірге жатыр...
Дастанда Шалданбай батырды ту ұстаушы болғанынан да
хабар беретін жерлер бар. Сол сияқты бір шайқаста жау найзасы
балтырына кіріп жараланғанда
да
жарақатын
елемей
қонышындағы ұйып қалған қанды уыстап алып тастап, шайқасты
жеңіп шыққанша тоқтатпаған.
Шалданбайдың әкесі Нұрманбет XVII ғасырдың соңында Іле
ӛзенінің қазіргі Қапшағай кӛлі болған аймақты ӛзінің аталас
туысы Темірбек бидің тоғанының жанында мекен еткен. Демек
Шалданбай сол жерде дүниеге келген. Батырдың қай жылдары
дүниеге келіп, қай кезде қайтыс болғаны белгісіз. Сүйегі Іле
ӛзенінің бойындағы бабасы Бақтиярдың жанына жерленген.
Шалданбай батырдан Сатыбалды, Ӛтеген тарайды.
Достарыңызбен бөлісу: |