Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


 
Байдалиев Д.Д. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Жуалы ӛлкесінің  
ежелгі тарихы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Тараз 2007 


 
ББК 63.3(5 Каз) 
Б 17 
 
Байдалиев Д.Д. Жуалы ӛлкесінің ежелгі тарихы – Тараз, 2007 –
213 б. 
 
 
ISBN 9965-21-426-3 
 
 
Оқырмандарға ұсынылып отырған бұл тарихи  – оқулық Жуалы 
ауданы туралы жан – жақты білгісі келетін жалпы кӛпшілікке, мектеп 
оқушыларына, 
ӛлкетанушыларға 
сол 
сияқты 
қоғамдық 
– 
гуманитарлық  пәндерінің мұғалімдеріне арналған. 
 
Кітап  үш  бӛлімнен  тұрады.  Бірінші  бӛлімде  Жуалы  ӛлкесінің 
геологиялық  –  тектоникалық  ерекшелігі  мен  ежелгі  архитектуралық 
нысандар, ортағасырлық қалалар туралы құнды деректер келтірілген. 
Екінші  бӛлімде  Жуалы  ӛлкесіндегі  азаттық  жолындағы,  ел 
қорғаудағы,  жер  қорғаудағы  жан  алысып,  жан  берісіп  қырқысқан 
батырлар  туралы,  одан  кейінгі  кезеңдегі  тарихи  тұлғалар  туралы 
мағлұматтар  берілген.  Кітаптың  үшінші  бӛлімі  Жуалы  ӛлкесіндегі 
жер  –  су  атауларының  (топонимдердің)  шығу  тарихы  туралы  сӛз 
қозғалады. 
 
Кітап  ӛлкетануға  үлес  қосады  және  болашақ  ұрпақтың  бойына 
отансүйгіштік  қасиетті  сіңіру,  туған  жерге,  Отанға  деген 
құштарлығын тәрбиелеуге арналған кӛмекші құрал болып табылады. 
 
                                                                     ББК 63.3(5 Каз) 
 
 
Пікір жазған: 
        Ұ.Т. Құрманбаев – тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
        Б.О.Мырзабеков– тарих ғылымдарының кандидаты, доцент 
        Ж.Б.Аягӛзов – тарих  ғылымдарының кандидаты, доцент 
Б
 
0503020905 
    00(05)-07 
 
ISBN 9965-21-426-3 
 
                                                                        © Байдалиев Д.Д., 2007. 
 


 
 Кіріспе 
 
  Біздің 
тарихымыз  -  ӛз  шежіреміз,  болашағымызды 
қалыптастыратын  ӛткеніміздің  тірі  тағлымы.  Кешегіміз  бүгінгі 
күнмен  сабақтасып  жататын,  ата  -  бабамыздың  тарихы  мен 
мәдениеті  бізге  қалдырған  тамаша  туындылары  баға  жетпес 
құнды  дүние.  Осы  ӛткенімізді  қайта  тірілтпей  еліміздің 
бүгінгісін, оның егемендікке қол жеткізгендігін терең тану мүмкін 
емес. Сондықтан да халық тағдырын паш етер оның тарихы мен 
мәдениетін  танып  -  білу  келешек  ұрпақты  отансүйгіштікке, 
елжандылыққа,  ӛз  елінің  лайықты  азаматы  болуға  баулитыны 
сӛзсіз. 
  Н.Ә.Назарбаев 
ӛзінің 
«Ғасырлар 
тоғысында» 
атты 
кітабындағы: «Егер біз ел болғымыз келсе және ӛз елдігіміз ұзақ 
сақталсын  десек,  халқымыздың  рухани  бастауын  түсінуіміз 
керек» деген пікірінің маңызы ӛте зор. 
  Қазақ  даласының  оның  халқы  қазақтардың  ежелгі  тарихы 
ерте заманнан бері бізге аңыз - әңгімелер мен шежірелер түрінде  
жеткен.  Біздің  тарихымызға  байланысты  деректер  Қытай,  Араб, 
Шыңғыс  хан  және  Ресейдің  жүргізген  саясаттарына  байланысты 
ӛзгерістерге ұшырады. Кӛне тарихымызға байланысты деректерді 
Ш.Уәлиханов, 
Н.Аристов, 
Ә.Диваев, 
Л.Гумилев, 
Ш.Құдайбердіұлы, М.Тынышбаевтар жинап жазды. 
  Кеңес  үкіметі  кезінде  қазақтардың  ежелгі  тарихына 
байланысты  тақырыптар  жабылды.  Қазақ  халқы  тарихы  жоқ, 
сондықтан болашағы жоқ деп танылды. 
  XVIII  ғасырдың  алғашқы  жартысында  Қазақстан  Ресейге 
қосылар  кезеңінде  сол  заманғы  саяхатшылар  кең  байтақ  қазақ 
даласын  «Кӛшпенділер  бесігі»  деп  атаған.  1913  жылы  жарық 
кӛрген  «Туркестанский  край»  кітабында:  «Кӛшпелі  ел  үшін  ең 
қажеттісі  -  мал  жайылып  жүретін  шексіз  дала,  сондықтан  ол 
жайылым 
болуға 
жарар 
жерге 
қоныстануына 
кедергі 
тудырғандардың  бәрін  жер  бетінен  жоқ  қылуға  бар.  Бақтар, 
үйлер,  ғимараттар  мен  ӛнер  туындылары  кӛшпелі  халыққа 
түсініксіз, әрі керек емес те» - деп жазған.  
  Бұл  пікірдің  түбегейлі  негізсіз  екендігін  кӛрнекті 


 
археолог  С.П.Толстов:  «Қалалық  ӛркениетті  тек  жер  ӛңдеудің, 
отырықшылықтың  нәтижесі  деп  санау  үлкен  қателік»  деп 
тұжырым  жасайды.  Ортағасырлар  кезеңінде  Қазақстан  жерінде 
кӛптеген  архитектуралық  құрылыстары,  гүлденген  қалалары, 
сарайлар  мен  мешіттері,  шеберханалары  т.с.с  ғимараттары 
болғандығы  баршаға  белгілі.  Оған  дәлел  Араб  географы 
Мұхаммед  ибн  Ахмед  әл  Макдисидің  Испиджаб  (Оңтүстік 
Қазақстан)  аймағы  туралы  жазған  сапарнамасын  мысалға 
келтірсек жеткілікті: «Испиджаб  аймағы Мәуереннаһрдың  орта 
тұсында  орналасқан.  Оның  Қарлұқ,  Жұмышлағу,  Арусбаникет, 
Бараб,  Шабғар,  Сауран,  Тұрар,  Зерах,  Шағылжан,  Баладж, 
Берукет,  Бұрұқ,  Яғанкент,  Азақкент,  Дех,  Нуджикет,  Тамтадж, 
Абарадж,  Тараз,  Балу,  Жікіл,  Барысхан,  Атлах,  Жамукат,  Шелжі, 
Кӛл,  Сұс,  Тақабкет,  Дех  Науи,  Құлан,  Мирки,  Нушкет,  Лакра, 
Жамұқ,  Урду,  Науакет,  Баласағұн,  Лабен,  Шүй,  Абалық, 
Маданкет, Барсиан, Балық, Жарқан, Яқ, Яқалық, Рауанжам, Қатақ, 
Шұр, Чашма, Діл, Ауас, Жаркент калалары бар. Ал бас қаласы — 
Испиджаб.» (Толстов С.П Древний Хорезм. Москва, 1948) 
Бағзы  замандарда  ӛмір  сүріп,  еңбек  еткен,  сарайлар  мен 
қалалар тұрғызған, ондаған тіпті одан да кӛне шежіресі бар ата - 
бабаларымыздың  ӛткен  ӛмірінен  белгі  беретін  ортағасырлық 
қалашықтар,  тарихи  орындар  біздің  Жуалы  ӛңірінде  де 
баршылық. 
  Ұлы  Жібек  жолының  да  біздің  Қазақстан  үшін  үлкен 
маңызы  зор  болған.  Ол  арқылы  біз  тарихымызды  танимыз. 
Алғашқы сауда бір жерде бар, екінші жерде жоқ; тұз, асыл тастар, 
алтын, дәрілік ӛсімдіктер, хош иісті заттарды айырбастап ел мен 
елді  жалғастырған  сауда  жолдарының  пайда  болуына  себепші 
болған.  Осылай  пайда  болған  Жібек  жолының  жүйесі  адам 
денесіндегі  тарамданған  қан  тамырлары  сияқты  Еуразиядағы 
барлық  мемлекеттер  мен  халықтарды  бір  -  бірімен  жалғастырып 
тұрған. 
Осы Жібек жолының сілемдері Жуалы жері арқылы да ӛткен, 
соның әсерінен бірнеше ортағасырлық қалашықтар мен бекеттер, 
керуен  сарайлар  пайда  болған.  Ұлы  Жібек  жолының  негізгі 
арнасына  орналасқан  қалалар  мен  керуен  бекеттері  туралы  Араб 


 
географы  Убейдаллах  ибн  Хордадбектің  846  -  847  жылдары 
жазған  сапарнамасынан  Жуалы  аймағына  қатысты  үзіндіні 
мысалға  келтірейік:  «Тамтадждан  (Түркібасы)  Абарджаджға 
(Мыңбұлақ)  дейін  4  фарсах,  одан  ӛзеннің  (Теріс)  бойындағы 
Баркуаб  бекетіне  дейін  6  фарсах  одан  5  фарсахтағы  Жувикетке 
Шауғар  (Қайрақтас  тауына  Қаратау)  ӛтіп,  одан  Таразға  дейін  3 
фарсах  жол  жүреді»  -  деп  жазған.  Бұл  деректерді  шамалы 
ӛзгешелігі  болмаса  X  ғасырдың  басында  Кудама  ибн  Жафар  да 
қайталайды.  Ал  әл  -  Макдисидің  985  жылы  жазған  Ұлы  Жібек 
жолының  жаңа  тараулары  аталған  шығармасында  Абарджадж  
«Баржах»  деп  кӛрсетілген.  (Хордабек  И.  Книга  путей  и  стран. 
Баку,  1986.)  (Kodama  ibn  Djafar.  Kitab  al-Kharadj.  Ed.M.J.  de 
Goeje. Lugduni Batvorum. 1889.) 
Әсіресе  XIX  -  XX  ғасырларда  Қазақстанның  ежелгі  және 
ортағасырлар тарихының жаңа ашылған парақтары сияқты Жуалы 
ӛңірінің  тарихы  да  Қазақ  Ғылым  Академиясының  жанынан 
құрылған археология бӛлімінің, онан соң Тарих, археология және 
этнография  институтының  жанынан  кұрылған  Археологиялық 
орталықтың,  Тараз  археологиялық  экспедициясының  зерттеу 
жұмыстарының  арқасында  толыға  түсті.  Жуалы  жеріндегі  кӛне 
қалашықтар  мен  бекеттер,  қорған  тӛбелер  т.б  тарихи  орындарды 
зерттеуде  есімдері  әйгілі  кӛптеген  археологтар  қатысты. 
В.А.Каллаур, 
Г.И.Пацевич, 
А.Н.Бернштам, 
В.В.Бартольд, 
К.М.Байпақов, 
А.Досымбекова 
сияқты 
тарихшы 
археологтардың  арқасында  біз  кейбір  ежелгі  қалаларымыз 
туралы  жаңа  деректер  мен  толымды  мәліметтер  алдық.  Қазіргі 
кезде  Б.Момышұлы  ауылының  оңтүстік  жағындағы  Кӛлтоған 
қорғандарын  археологиялық  экспедиция  зерттеу  жұмыстарын 
бастады. 
Жазба жәдігерлеріміздің тым аздығы мен тарихи деректердің 
жоқтығы  ежелгі  дәуірлер  тарихын  танып  білуге  үлкен 
қиыншылық  туғызатыны  сӛзсіз.  Дегенмен  мұндай  кезде  бізге 
археологияның кӛп кӛмегі тиіп жатады.  
Ағылшын  археологы  Г.Чайлд  археология  ғылымына 
«Телескоп  астрономия  саласына  қанша  пайда  әкелсе,  археология 
да  тарих  кӛкжиегін  соншалықты  кеңейтті»  -  деп  баға  берген. 


 
(Чайлд  Г.  Древнейший  Восток  в  свете  новых  раскопок. 
Москва, 
1956.) 
Археология 
ғылымының 
арқасында 
Отанымыздың,  кең  -  байтақ  даласына  соның  ішінде  Жуалы 
аймағының  да  сан  алуан  мәдениетін,  ата  -  бабаларымыздың 
тамаша туындыларын танып білуге мүмкіндік алдық. 
Бүгінгі  кезде  Жуалы  жерінде  оншақты  қала  жұрттары  мен 
бекеттер, 100 - ден астам қорған тӛбелер есепке алынған. Сондай - 
ақ  15  шақты  обалар  қорымдары,  тӛрт  бекініс,  тӛрт  кизет 
мұнарасы,  үш  белгісіз  елді  мекен  орындары,  алғашқы  адам 
қоныстары, кӛптеген жартастардағы петроглифтер табылған. 
Біз  Жуалы  жеріндегі  осы  тарихи  орындардың  тарихын 
жазған  кезде  Қытай,  араб,  парсы,  ежелгі  түркі,  орыс  тілдерінде 
жазылған  географиялық  және  тарихи  шығармалардағы, 
дипломаттар  мен  саяхатшылардың,  саудагерлердің  қалдырып 
кеткен 
жазбалары, 
сапарламаларындағы 
материалдарға 
сүйендік. Ең негізгісі әрі дәйекті дерек кӛздері  - осы аймақтағы 
ежелгі  қалашықтар  мен  елді  мекендердің,  қорған  тӛбелердің 
орындарына жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары. 
 


 
І Жуалы өңіріндегі тарихи – мәдени мұралар 
 
 
 


 
1.
 
Жуалы    ӛңірінің    геологиялық  –  тектоникалық  
ерекшелігі 
 
Қазақ Даласы Алтайдан Атырауға дейін созылған ұлан ғайыр 
кең  жазықтарды,  биік  таулар  мен  жоталарды,  кӛлдер  мен 
ӛзендерді,  шӛлдерді  орман  тоғайларды  құрайды.  Бұл  біздің 
жеріміздің қазіргі кӛрінісі. 
1930 – 1940 жылдары жүргізілген аумақтық онан кейін 1950 
–  1960  жылдары  жүргізілген  ірі  ауқымды  геологиялық 
археологиялық  экспедициясы  Қазақ  Даласының  ежелгі  тарихы 
туралы  жаңа  деректер  қосты.  Сол  деректерде  антропоген 
геологияның  4  –  5  миллион  жылдық  даму  мерзіміне  сәйкес 
келетіні мәлім болды.    
  Бұл  неоген  кезеңіндегі  тектоникалық  процестердің  күшеюі 
нәтижесінде  болған  ӛзгерістерді  Ә.  Байбатша  былай  жазады: 
«Неоген  кезеңінің  бас  кезінде  –  ақ  шамамен  20  миллион  жыл 
бұрын,  қазіргі  биік  Тянь  –  Шань  тауларының  орнындағы  тегіс 
жазықта,  биіктігі  500  –  700  метрге  жететін  таулы  түйін  пайда 
болған.  Содан  бергі  кезеңде  таулар  мен  жоталардың  ӛсуі  ұдайы 
жалғасуда» дей келе,  
Алғашқы  тӛрттік  кезеңде  онан  соң  орта  тӛрттік  кезеңде 
тектоникалық  қозғалыстар,  таулардың,  жалпы  жер  бетінің 
кӛтерілуін  жалғастырған.  Таулар  қазіргі  кейіпке  келе  бастады, 
олардың жоғарғы бӛліктерін қар, ал одан биіктегі шыңдарын мұз 
құрсаған.  
  Қазіргі  кездегі  тау  ӛзендерінің  аңғары  мен  тораптары  осы 
кезеңде  қалыптасқан.    Тау  жоталарының  кӛтерілуі  негізінен 
осыдан  400  –  350  мың  жылдар  шамасындағы  тектоникалық 
фазада басталғаны анықталды. 
Үлкен  Қаратау  мен  Кіші  Қаратау  аралығындағы  қазіргі 
Жуалы ойысындағы болған тектоникалық құбылысты біз тағы да 
сол  Ә.Байбатшаның  еңбегінен  алып  кӛрсетіп  отырмыз. 
 
Алатаудың  таулы  аудандарының,  оның  батыс  сілемдерінің 
және  Қаратау  жоталарының  ӛсу  динамикасы  туралы  кесте 
келтірген. Біз осы кестенің Жуалы аймағына қатысты жерін алып 
пайдаланып отырмыз. 


 
 
 
Жуалы 
ӛңірінің 
гелогиялық 
– 
тектоникалық 
ерекшелігінің сызбасы   
                                                                                  
  «Қазіргі    Қошқарата  Жуалы  грабенінің  (ойысының) 
ортасынан ӛтетін, белдеуленіп кӛтерілген суайрықтың шығысына 
–  Кіші  Қаратау  бағытына  қарай  Теріс  ӛзені  ақса,  батысына  – 
Үлкен  Қаратау  бағытында  Қошқарата,  Боралдай,  Бӛген  ӛзендері 
ақты.  Кейінгі  замандарда  жердің  тереңдігі  тектоникалық 
жарылыстар арқылы Қаратау жоталарының кӛтерілуі үдей түскен. 
Нәтижесінде  Үлкен  Қаратау  мен  Кіші  Қаратау  жоталарының 
биіктіктері  Қошқарата  грабенімен  (ойысымен)  салыстырғанда 
жоғарылап  асып  кетті.  Бірақ  ӛзендер  алғашқы  алған 
бағыттарынан  қайтпай,  кӛтерілген  жоталарды  шайып,  тілгілеп, 
қиратып,  арналарын  тереңдетіп  аға  берген.  Қошқарата  ӛзенінің 
табаны  Боралдайтаудың  Алакүшік  және  Ақшоқы  биіктерінің 
ауданында  600  метр  деңгейде  болса,  жарқабақты  жағаларының 
басы  1100  метр  деңгейде,  яғни,  ӛзен  суы  кӛтерілген  жотаны  500 
метр  тереңдікке  дейін  қиып  түскен.  Дәл  осындай  «жұмысты» 
Боралдай  ӛзені  де  атқарды.  Оның  Үлкентұра  мен  Алакүшік 
биіктері  ауданындағы  жарқабағының  табаны  600  –  700  метр 
деңгейде болса, басы 1100 – 1200 метр деңгейде, ал жер бедерін 
Аудандардың 
аттары 
(шыңдарының 
қазіргі 
биіктігі. м) 
 Геологиялық  бұрынғы  кездердегі  биіктік 
деңгейлері м. 
20 
млн 
жыл 

1
)  

млн  
жыл 

2
)  
1,5 
млн 
жыл 
(Q
Е
)  
0,7  
млн 
жыл 
(Q
І
)  
0,3 
млн 
жыл 
(Q
ІІ
)  
150 
мың 
жыл 
(Q
ІІІ
)    
10  
мың 
жыл 
(Q
ІV
)    
1.Боралдай (1813) 
2.Шақпақ (1190) 
3.Кіші 
Қаратау, 
Берікқара (1611) 
4.  Қошқарата  – 
Жуалы 
грабені 
(1100)  
400 
 300 
  
300 
  
300 
300 
300 
  
300 
  
300 
700 
500 
   
 500 
    
400  
800 
500 
 
700 
 
600 
1000 
600 
    
900 
    
800 
1400 
800 
 
1300 
 
900 
1700 
1100 
    
1500 
    
1100 

10 
 
қуалап,  баяу  түскен  қиманың  тереңдігі  500  метрден  асады. 
Сонымен,  шамамен  350  мың  жылдың  ішінде  алғашында 
ӛзендердің  табанында  жатқан  беткейлердің  қазіргі  кезде  500 
метрден  астам  биіктікке  «ӛскенін»  кӛреміз.  Теріс  ӛзені  де  аққан 
бағытын  ӛзгертпей,  жолындағы  Кіші  Қаратаудың  кӛтерілуінен 
болған  кедергіні  қиып  түскен.  Су  жарып  аққан  жота  Маймақ 
бекетінің  тӛңірегінде,  Күркіреусу  ӛзенімен  қосылған  тұсында 
кӛтеріліп, оның биіктігі 300 метрден асады.»  (Ә.Байбатша. Қазақ 
даласының ежелгі тарихы. Алматы: Санат, 2002, 16 – 17бет) 
Қазіргі 
Жуалы 
ауданының 
солтүстік 
батысындағы 
Қостұраның  және  оңтүстік  шығыс  жағындағы  Күркіреусу 
ӛзенінің  Теріске  қосылған  тұсындағы  антецедентті  аңғарлар  жер 
бӛліктерінің  ӛзен  пайда  болғаннан  кейінгі  кездерде  ӛскенінің 
дәлелі болып табылады.  
Жуалы  аймағының  қазіргі  кездегі  сипаты,  Теріс  ӛзенінің 
жоғарғы және орта ағысындағы жерінің кӛпшілік бӛлігін биіктігі 
900  метрден  1200  метрге  жететін  таулы  үстірт  алып  жатыр. 
Солтүстігі мен солтүстік – шығысын Қаратау жотасы, батысы мен 
оңтүстік  батысын  Боралдай,  Құлан  таулары  мен  Талас  Алатауы 
қоршап жатыр. Аудан жерінің орта бӛлігіндегі Күреңбел белінен 
асып ӛте алмаған ӛзендер жер ыңғайына қарай оңтүстік шығысқа 
қарай  теріс  ағады.  Ӛзеннің  осындай  сирек  құбылысына  қарай  Х 
ғасырларда  араб  жиһангерлері  оны  Баркуаб  (Теріс  бағыттағы 
ӛзен)  атап  кеткен.  Ал  сол  Күреңбел  белінің  солтүстік 
беткейлерінен  басталып  ағатын  ӛзендер  Боралдай  тауының 
шатқалдары  арқылы  Қостұраның  ортасынан  ӛтіп  солтүстік 
батысқа қарай ағады. 
Тектоникалық  құбылыстардың  әсерінен  табиғи  ортаның 
ӛзгеруі,  ауа  райының  ӛзгеруі,  зілзалалар,  таулардың  ӛсуі  бүгінгі 
күндері 
де 
жалғасып 
келеді. 
Осындай 
тектоникалық 
қозғалыстардың әлі де елеулі орын алатындығын ғалым Е.Фенько 
1935  –  1955  жылдар  аралығында  Түркісіб  темір  жолы  желісінің 
бойымен  жоғары  дәлдікпен  жүргізген  геодезиялық  ӛлшеулер 
нәтижесінде  анықтады.  Ол  жердің  қозғалуының  әр  аудандағы 
жылдамдығы  әртүрлі  екендігіне  кӛз  жеткізеді,  сонда  жердің  ең 
жылдам кӛтерілу осі Жуалы ауданындағы Құлантаудың Оңтүстік 

11 
 
Қазақстан  облысымен  шектесер  жеріндегі  Шақпақ  асуында 
екендігін,  жылына  оның  орташа  мәні  10  –  12,5  мм  болатынын 
есептеп шығарды.       
 
2.
 
Жуалы жеріндегі петроглифтер 
 
Жуалы  ӛңірінде  қазақ  халқының  шығармашылық  ӛнерін, 
тұрмыстық  мәдениетін,  тарихын  ғылыми  тұрғыда  дәлелдейтін 
кӛптеген  ежелгі  тарихи  -  мәдени  мұралар  сақталған.  Олар  кӛне 
замандағы  ата  -  бабаларымыздың  бүкіләлемдік  мәдениетке 
қомақты  үлес  қосқан  ӛркениетті  жұрт  болғандығын  растайды. 
Әсіресе,  тәуелсіздік  алғаннан  кейін  жүргізілген  археологиялық 
қазба  жұмысынан  табылған  деректер  осыны  дәлелдеп  отыр. 
Солардың бірі - сонау қола, Сақ, Үйсін, Қаңлы одан бергі Түркі 
дәуірлерінің  санқилы  сырынан  мол  дерек  беретін  ежелгі 
жарқабақ  тастардың  бетіндегі  таңбалар  сыры.  Олар  әсіресе 
Хантау,  Қаратау,  Жуалы  жерінде  Ақсу  -  Жабағылының  тау 
шатқалдарында,  Қошқаратаның  Шаянмен  шектесер  аймағында 
кездеседі. 
 Кӛне  заманнан  бізге  жеткен  археологиялық ескерткіштердің 
ең  үлкен  тобы  -  тас  бетіне  салынған  суреттер,  яғни  ғылыми 
тілмен  айтқанда  петроглифтер  деп  аталады.  Олар  -  әр  дәуірде 
ӛмір  сүрген  тайпалар  мен  халықтардың,  тарихынан  бізге  құнды 
деректер  беретін  кӛненің  кӛзі.  Жалпы  ғалымдардың  зерттеуі 
бойынша  бұл  ескерткіштің  тӛркіні  сонау  қола  дәуірінен 
басталып,  оның  жалғасы  тіпті  кейбір  жерлерде  біздің 
заманымыздың соңғы дәуірлерін де қамтыған. 
1970      жылы      белгілі      ғалымдар      Қадырбаев      пен   
Марьяшев      Тараз  қаласының,  батысынан  5 0 - 6 0   шақырым 
қашықтықтағы  Қойбағар  деген  жердің  тарихын  зерттей  келе 
тұңғыш рет тасқа салынған ат пен түйе жегілген күймелі арбалар 
суретін  кӛргенін  айтады.  Осы  уақытқа  дейін  қос  ӛркешті 
түйелер 
Қазақстанның 
Оңтүстік 
аудандарында 
біздің, 
заманымыздың    VIII  -  IX  ғасырларында  ислам  дінінің  енуімен 
қатар пайда болды деп есептеліп келді.    Қаратау    маңындағы    
және        Қазақстанның        басқа        жерлеріндегі  археологиялық   

12 
 
ғылыми      -      зерттеу      барысында      табылған      деректер      бұл 
байламды  мүлдем  жоққа  шығарып,  кос  ӛркешті  түйелер  қазақ 
даласында  бұдан  үш  мың  жыл  бұрын,  яғни  қола  дәуіріне  тән 
екендігін анықтады.  
  Сандық тастағы бұл суреттер ӛзінің салыну ерекшеліктеріне 
қарай  кейде  мифологиялық  немесе  тарихи  сюжетке  құрылған 
болып  келеді.  Бірақ  ықылам  заманнан  бізге  жеткен  бұл  тарихи 
куәларды  тек  есепке  алып,  суретке  түсірумен  ғана  шектелгенбіз, 
олардың  шығуы,  дәуірлерге  бӛлуі  туралы  салиқалы  ой  айтуға 
ешкімнің, батылы бармады. 
  Ғасырлар  бойы  сан  қилы  сырын  құпия  сақтаған  таңбалы 
тастарды  зерттеу  үшін  Қазақ  ССР  Ғылым  Академиясьшың 
археологы  Зейнолла  Самашев  бастаған  ғылыми  -  экспедиция 
облыс  территориясында  еңбек  етті.  Бұл  экспедициясының 
кұрамында  Ленинград  қаласынын,  кӛрнекті  ғалымы,  археолог, 
тарих  ғылымдарыньң  докторы  А.Я.Шер  және  Комарово 
қаласынан  Б.Н.Пяткин  бастаған  бір  топ  ғалымдар  болды. 
Экспедицияның  негізгі  зерттеу  обьектісі  етіп  Маймақ 
станциясының  солтүстік  -  батыс  жағындағы  сурет  галереясы 
алынған  еді.  Ұзыннан  -  ұзақ,  ат  шаптырым  жерге  дейінгі  үлкен 
жарқабақ  тастардың  бетінде  жас  ғалым  Зейнолланның  есептеуі 
бойынша мыңға жуық суреттер бейнеленген. Мұнша кӛп суреттің 
бейнелеуіне  қарағанда  осы  ӛңірдегі  мекедеген  тайпалардың  ӛмір 
сүруіне  Аса,  Теріс  және  Күркіреусу  ӛзендері  бойларының 
колайлылығы  септігін  тигізген  сыңайлы.  Талай  заманның  куәсі 
болған  бұл  бейнелердің  түп  -  нұсқасын  сақтау  үшін  бетіне 
арнаулы  материалдарды  қолдану  арқылы  суреттері  кӛшіріліп 
алынды.  Арнайы  жүргізілген  ғылыми    жұмыс,  сӛз  иелері  бір 
дәуірдің,  ішінде  дүниеге  келмеген,  не  болмаса  белгілі  бір 
халықтың  қолынан  шықпаған  оның  сабағы  әріден  үзілмей  келе 
жатқан  ұзақ  уақыттың  жемісі  екендігін  анықтады.  Бізге  жеткен 
кӛне бейнелеу ӛнерінің тағы бір түрі - ежелгі заманда осы ӛңірді 
мекен  етіп,  ұрпақ  ӛрбіткен  тайпалардың  ӛмірінен  азды  -  кӛпті 
хабар беретін      билеп      жүрген      адамдардың      суреттері.       
 

13 
 
 
 
Габаевка  (Жуалы  ауданы)  петроглифі:  Жыландар, 
арқарлар,  жаяу  садақшы,  салт  атты  жауынгер  мен  жеке  адам 
бейнесі (қола дәуірі) 
 
Қаратау  петроглифі:  Қос  ат  жеккен  дӛңгелекті  және  қос 
ӛркешті  түйе  жеккен  тӛрт  дӛңгелекті  арба  (б.з.д  ІІ-І 
мыңжылдықтар) 
 
 
Ақсу–Жабағылы:  Теке  ұстаған  аңшының  иті  бейнеленген 
(б.д.д ІІІ-ІІ мыңжылдықтар) 
(Жоғарыдағы 
суреттер 
Ә.Байбатшаның 
«Қазақ 
даласының ежелгі тарихы» кітабынан алынды)  

14 
 
Зерттеушілердің  пайымдауынша,  бұлар  кӛне  тайпалардың 
салт  -  дәстүрі,  діни  нанымдары,  аңшылық  соғыс  ісіне 
байланысты  салынған  туындылар.  Алғаш  рет 
 
қола
 
дәуірі   
адамдарының      билері      бейнеленген      сурет      Алматы   
облысындағы    Тамғалы  шатқалынан  табылған.  Бұл  сурет 
галереясында  ортада  басына  күн  сияқты  бас  киім  киген  оның 
тӛңірегін  он  екі  адам  қоршаған  бишілер  тобы  билеп      жүр.   
Ғалымдар   оны   зерттей   келе   ортадағы   адам   күнді,   ал 
тӛңірегіндегілер    12  айды  келтіріп,  аспан  тәңіріне  құлшылық 
етіп  билеп  жүрген  болар  деген  болжам  жасады.    Себебі: 
Жуалы  ауданына қарасты Берікқара сайындағы Үйсін - Қаңлы 
обаларының,  айналасын үшкір  таспен  дӛңгеленте  бірнеше  қатар 
етіп қоршауы олардың Аспан тәңіріне, Айға, Күнге табыну наным 
-  сеніміне  байланысты  екендігі  дәлелденді.  (С.Байтілен  Тараз 
ӛңіріндегі тастағы таңбалар.Қазақ тарихы. 2002ж, №5,  6.7бет) 
 Ғалымдар арасында жартаста бейнеленген би ӛнерінің пайда 
болған  мерзімі  туралы  әлі  ортақ  байлам  жоқ,  бірақ  қазақтарда 
сақ  тайпалары  заманынан  бері  келе  жатқан,  аспан  денелерін 
бақылап,  жұлдыз  жорамалдар  жасау  білімі  болғандығын 
анықтады.  
Б.з.д ІІ мыңжылдық – ортағасырына жататын жартастардағы 
суреттер  Теріс  ӛзенінің  сол  жағалауында,  Қаратау  жотасының 
оңтүстік – шығысында, Бауыржан Момышұлы ауылынан солтүстік 
–  шығысқа  қарай  27  шақырым  жерде  кӛптеген  сюжеттерден 
тұратын  Габаевка  петроглифтері  бар.  Тағы  бір  осыған  ұқсас 
жартас  бетіндегі  суреттер  Қосбӛлтек  ауылы  (бұрынғы  Большевик 
колхозы), Алматы – Ташкент автомобиль жолынан солға қарай 15 
шақырым жерде, 750 метр биіктікте орналасқан. 
 Бұл  петроглифтер  тік  қия  жартастар  мен  ірілі  –  ұсақты  қой 
тастарға  шекіліп  (қашалып)  салынған.  Ол  суреттер  кӛшпелі 
тайпалардың  сол  кездегі  салт  –  санасын,  діни  түсініктері  мен 
ырымдарын, әдет – ғұрыптарын білдіреді. 
  Тастардағы суреттерде аңдар мен хайуанаттардың нобайлары, 
байлық пен күштің символын білдіретін түйенің бейнесі, таутекеге 
ит  қосып  және  садақпен  аңға  шығу  сияқты  аңшылықты 
бейнелейтін сюжеттерге құрылған кӛріністер орын алған. 

15 
 
  Габаевка  маңындағы  тастағы  петроглифте  жылан,  арқар 
сияқты  аңдар  мен  хайуанаттардан  басқа  садақ  атып  тұрған  жаяу 
адамның бейнесі, жауынгерлердің жекпе – жегі бейнеленген. 
  Қазіргі  Ақсу  -  Жабағылы  территорясында  кӛп  кездесетін 
бейнелер:  аң  аулап  жүрген  адам  және  таутекенің  суреттерін 
кездестіруге  болады.  Ал  Алатау  тау  сілемдеріне  жақын 
Сандықтас бетінен басқа территориядан кездеспейтін қашып бара 
жатқан  текені  ұстаған  аңшының  иті  бейнленген.  Ғалымдар  бұны 
б.д.д  III  -  II  мыңжылдық  аралығына  жатқызады.  Осындай  бір 
тастағы  суреттер  Ақсу  –  Жабағылы  мұражайының  кіре  беріс 
фоэсінде тау шатқалынан алып келіп орнатылған.  
  Жуалы  ауданындағы  бейнелеу  ӛнерінде  біршама  жиі 
кездесетіні  -  арбалар.  Скифтер  мұндай  арбаларды  тек  жүк  тасу 
немесе  үй  үшін  ғана  емес,  соғыс  мақсатына  да  пайдаланған, 
Қазақстандағы  осындай  тасқа  салынған  арбалар  тарихын  кӛп 
жылдан  бері  зерттеп  жүрген  ғалым  М.К.Қадырбаев  Қаратаудың 
оңтүстік  жағындағы  тастардан,  Қошқарата  ауылы  маңынан 
табылған  бұл  суреттер  арбаларды  -  кең  байтақ  елімізді  кӛне 
заманда  мекендеген  сақ,  үйсін  тайпаларының  молынан 
пайдаланғанын дәлелдейді.  
Қаратау шатқалындағы б.з.д ІІ – І мыңжылдықтарға жататын 
петроглифінде  қос  ат  жеккен  екі  дӛңгелекті  арбалар  кӛптеп 
кездеседі.  Бұл  суреттерге  қарап  бұрын  осы  ӛлкеде  түйе  жануары 
болғандығын болжау  қиын  емес. Бұл суреттердің  барлығы да бір 
мәнерде,  арба  дӛңгелектері  алынып  жанына  қойылғандай  болып 
бейнеленген.  Қола  дәуір  петроглифтерінде  соғыс  арбаларын 
бейнелеу кеңінен таралған.   
  Маймақ  галлереясынан  табылған  жаңалықтардың  бірі  -  қола 
дәуірге  тән  аңдардың  алдыңғы  аяғымен  секірейін  деп  тұрған 
суреті.  Бұл  территорияда  ӛте  сирек  кездесетін  жай.  Мұндай 
бейнелер кӛбінесе сақтардың молаларын қазғанда ӛлікпен бірге 
жерленген  бұйымдарда  кездесетін.  Реті  келгенде  айта  кететін 
жай,  осы  сурет  галереясының  терістік  жағындағы  Аса  ӛзенінің 
кесіп  ӛтетін  Шӛлдала  сайында  Батыс  пен  Шығысты 
байланыстырған керуен жолы ӛтеді. Осында бірнеше жыл бұрын 
осы  қоныс  орнының  жанындағы  Ақкӛл  колхозына  баратын 

16 
 
арықты  кеңейткенде,  сақ  дәуірінің  бір  қола  қазаны  мен  қыш 
құмырасы  табылған  еді.  Бұл  олжалар  сӛз  жоқ  қоныс  орнын 
алғашқы мекендеушілер б.д.д қола дәуірінде ӛмір сүрді ме? - екен 
деген  ойға  әкеледі.  Әрине,  оны  келешектегі  қазба  жұмысы 
кӛрсетеді.  Аралары  қол  созымдай  таңбалар  мен  қоныс  орнының 
тарихы бір - бірімен сабақтас болуы да мүмкін. 
 Археологиялық  ескерткіштердің  ішіндегі  -  таңбалы  тас 
бейнелеу  ӛнерінің  басқа  таңбаларына  қарағанда  тас  бетінде 
мәңгілік  қалады.  Бірақ,  басқа  тайпалар  осы  жерге  келіп,  ӛмір 
сүрсе,  міндетті  түрде  қолтаңбасын  салады.  Мәселен:  қоныс 
орнында табылған заттарды әртүрлі сауда байланысы бойынша 
келген деп тұжырымдаймыз. Ал тасқа түскен суреттердің орны 
басқа болады. Сол себептен де мұнда адам тіршілігінің тұрмыс - 
салтына,  мәдениетіне,  шаруашылығына  құрылған  сюжетті 
бейнелермен бірге халықтың мифологиялық ӛміріне де арналған 
дүниелер  мол.  Оның  ішінде  кейде  таңбалы  жазулар  да  кездесіп 
қалады. 
  Шын  мәнінде  ғасырлар  тереңінен  бізге  жеткен  тарихи 
мұралар  -  біздің  ата  -  бабаларымыздың  кейінгі  ұрпақтарына 
қалдырған  аманаты.  Бір  ӛкініштісі  осынау  ғажайып  жәдігерлер 
жыл  ӛткен  сайын  күннің  кӛзі,  желдің  ӛтінде  бүлініп,  қирап,  тас 
бетіндегі суреттер кӛмескілене түсуде. 
 Соңында 
айтарымыз  тау  шатқалдарындағы  сандық 
тастардағы,  жартастардағы  бейнелеу  ӛнерінің  кӛне  туындылары 
адамзаттың  ежелгі  мәдениетінің  кӛріністерін  елестетіп,  сол 
кездегі  адамдардың  жан  дүниесіне  кӛз  жіберіп,  олардың 
дүниетанымын, 
ӛнерін, 
айналадағы 
ӛмірге 
кӛзқарасын, 
эстетикалық  түсінігін  тануымызға  мүмкіндік  береді.  Ендеше 
ғалымдарымыз  оларды  тӛл  тарихымыз  туралы  құнды  дерек  деп 
түсініп тұтастай зерттесе, тиянақты бір ғылыми тұжырым жасауға 
септігін  тигізері  сӛзсіз.  Бұл  таңбалар  сонау  ықылам  заманнан 
ғасырлар бойы халықпен бірге жасасып келе жатқан кӛненің кӛзі. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет