Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет10/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18

Жуалы ауданы. Жамбыл облысының оңтүстік – батысында 
орналасқан.  Ол  алғашында  1928  жылы  құрылып,  бұрынғы 

114 
 
Шымкент  облысының  (қазіргі  Оңтүстік  Қазақстан  облысы) 
құрамында  болған.  1951  жылы  Жамбыл  облысының  құрамына 
кірді. Жер кӛлемі 4,2 мың шаршы шақырым.  Аудандағы 52 елді 
мекен 15 ауылдық әкімшіл округке біріктірілген. Аудан орталығы 
Бауыржан Момышұлы ауылы. 
Жуалы  ауданы  Теріс  (Асы)  ӛзенінің  жоғарғы  және  орта 
ағысында,  жерінің  басым  бӛлігін  Жуалы  таулы  үстірті  алып 
жатыр.  Ауданның  жері  таулы  келеді:  солтүстігінде  Қаратау, 
батысында  Құлан,  Боралдай  таулары,  оңтүстігі  мен  оңтүстік  – 
шығысында  Талас  Алатауы,  шығысында  Қырғыз  Алатауы 
қоршап  жатыр.  Ауданның  солтүстік  шығысында  Билікӛл 
қазаншұңқыры  орналасқан.  Жуалы  жерінен  Теріс,  Шақпақ, 
Ақсай, Кӛксай, Боралдай, Қошқарата, Бахаты ӛзендері ағып ӛтеді. 
Теріс ӛзенінің бойында Теріс – Ащыбұлақ су бӛгені салынған. 
Жуалы  ауданының  жер  қойнауынан  тас  кӛмір  мен  түрлі 
құрылыс 
материалдары 
кездеседі. 
Климаты 
қоңыржай 
континентті,  қысы  суық,  жазы  ыстық,  қуаң  болып  келеді. 
Ауданның  таулы  үстіртінің  сұр  топырағында  жусан,  астық 
тұқымдас ӛсімдіктер, боз, селеу, қызыл қоңыр топырағында түрлі 
шӛптер  жуа,  кекіре  т.б  ӛсімдіктер  ӛседі.  Талас  Алатауының 
беткейлері – альпілік және субальпілік шалғын болып келеді. Бұл 
ӛңір  Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  солтүстік  бӛлігі    саналады. 
Аудан аймағында қасқыр, түлкі, аю, қоян, арқар, таутеке, борсық, 
суыр, кекілік және тағы басқа да аң – құстар мекендейді. 
Аудан жерінен Түркістан – Сібір темір жолы және Алматы – 
Ташкент, Б.Момышұлы – Қошқарата автомобиль жолдары ӛтеді. 
 Жуалы  ауданының  жері  Боралдай,  Жетітӛбе,  Шақпақата, 
Күреңбел,  Қарасаз,  Кӛктӛбе,  Б.Момышұлы,  Ақсай,  Билікӛл, 
Ақтӛбе ауылдық округтеріне бӛлінген. 
 Бұл  ӛңір  ерте  заманнан  тау  баурайларынан  бастау  алатын 
бұлақтарының  кӛптігінен  «Мыңбұлақ»,  кейінірек  сай  – 
салаларында  ӛсетін  жуаның  кӛптігіне  байланысты  «Жуалы» 
атанған.  Кӛнекӛз  қариялар  Жуалы  аймағын  үш  бӛлікке  бӛліп 
атайды.  «Ұлы  Жуалы»  -  ол  Талас  Алатауынан  басталып 
Жетітӛбеге  дейінгі  аймақты  алып  жатыр.  «Бел  Жуалы»  -  деп 
Жетітӛбеден  басталып    Күреңбел  жотасының  арасын  атайды. 

115 
 
«Кіші  Жуалы»  Күреңбелден  басталып  Қошқарата  аймағымен 
аяқталады. 
  Жуалы  аймағының  осындай  географиялық  объектілердің 
баршасы  ӛзіне  тән  топонимдік  атауларға  ие.  Онда  осы  мекенді 
ежелгі ата – бабаларымыздың қоныстануының тарихи кезеңдері, 
шаруашылық  іс  –  қимылдары,  қарым  –  қатынастары,  кӛп 
ғасырлар  бойы  орын  алған  тарихи,  саяси  және  әлеуметтік 
ӛзгерістері  кӛрініс  тапқан.  Халықтың  рухани  байлығы  мен 
даналығының  қоймасы  сияқты  осы  тарихи  жер  –  су  атауларын 
халқымыздың  ауызша  шығармашылығы  ретінде  сақтауды  және 
қорғауды  қажет  етеді.  Олардың  әрқайсысының  атауларында 
терең  тарихи  сыр  мен  шежіре  жатыр.  Енді  осы  Жуалы  жерінің 
тарихи  жер  –  су  атауларының  шығу  тарихына  жеке  –  жеке 
тоқталайық.       
      
Адыраспантӛбе  
Жуалы  ауданында  «Адыраспантӛбе»  аталатын  үш  тӛбе  бар. 
Оның  біріншісі:  Бауыржан  Момышұлы  ауылының  батысында 
Алматы – Ташкент автомобиль жолының 400 метр солтүстігінде 
орналасқан. Ол жерде ХVІІІ – Х ғасырлық қала да шартты түрде 
Адыраспантӛбе қалашығы аталады. 
Екіншісі:  Шақпақ  ата  елдімекенінің  оңтүстігінде  Алматы  – 
Ташкент  автомобиль  жолының  батыс  іргесінде  орналасқан. 
(Бұрынғы ортағасырлық Шақпақ қалашығының орны). 
Үшіншісі:  Б.Момышұлы  ауылынан  солтүстікке  қарай  2 
шақырымындағы 
Ақбастау 
елдімекенінің 
шығысында 
орналасқан.  
Бұл  жерлердің  Адыраспантӛбе  аталу  себебі  онда  дәрілік 
қасиеті  бар  адыраспанның  ӛсуіне  байланысты  қойылған  атау. 
Адыраспан  –  түйетабандар  тұқымдасына  жататын  кӛп  жылдық 
шӛптесін ӛсімдік.  
Адыраспанның  құрамында  алкалоидтер  бар,  оларды 
медицинада  түрлі  ауруларды;  қан  тоқтатуға,  безгек  ауруына, 
суық тиіп ауырған адамды емдеуге қолданады.   
 
 

116 
 
Айнакӛл 
Ақсу  -  Жабағылы  қорығының  солтүстік  шығыс  жағында, 
Жуалы  ауданы  мен  Түлкібас  ауданының  шектесер  жеріндегі  Іле 
Алатауының  Кӛксала    шатқалында    Айнакӛл  аталатын  кӛл  бар. 
Ол  кӛлге  жан  –  жағынан  келіп  екі  –  үш  шағын  бұлақтар  келіп 
құяды.  Бұлақтар  тастақты  жермен  аққандықтан  суы  таза  келеді.  
Кӛлдің Айнакӛл аталуына себеп оның суының мӛп - мӛлдір таза 
болуы. Тау үстіне шыққанда алдыңнан айнадай болып жарқырап 
жатады. Бұл жерде революцияға дейін Шақпақ аймағында  мекен 
еткен  байлардың  жазғы  жайлауы  болған.  Кӛлдің  атауы 
гидронимдік атау болып саналады. 
 
Ақбастау 
Жуалы жерінде Ақбастау аталатын екі бастау бар: біріншісі 
Құлан  тауындағы  Құлан  асуының  жанындағы  Үлкен  Ақбастау 
екіншісі,  Ақбастау  (бұрынғы  Ясная  поляна)  ауылының  тӛменгі 
жағындағы  кіші  Ақбастау.    (Біз  екі  Ақбастауды  шатыстырмас 
үшін  шартты  түрде  әдейі  «үлкен»  және  «кіші»  Ақбастау  деп 
алдық). 
Үлкен Ақбастаудың орналасқан жері бұрынғы Шаңышқылы 
руының  ескі  жұрты  Бірлік  ауылынан  600  метр  жоғары  Құлан 
асуының оңтүстігінде. 
Үлкен  Ақбастаудың  батыс  жағы  биік  жарлауыт,  оңтүстігі 
мен  солтүстігін  үлкен  қыраттар  қоршаған  үлкен  қазаншұңқырда 
орналасқан.  Жартастардың  түбінен  екі  жерден  бұрқырап  үлкен 
бір арық су ағып шығады, судың кӛптігі сондай кешіп ӛткен атты 
адамның  үзеңгісіне  жетерліктей.  Ал  қазаншұңқырдың  ішіндегі 
гүрілдеген  дауыстан  құлақ  тұнады.  Суы  тіс  сындырардай  тастай 
суық.  
Ақбастауды  жергілікті  жұрт  «Әулие  бастау»  деп  те  атайды. 
Бұрын  осы  бастаудың  басына  Бірлік  ауылының  тұрғындары 
жиылып кӛктемде тасаттық (құдайы тамақ) беретін болған. 
Ақбастау  кезінде  тӛменгі  жағындағы  егінді  бау  –  бақшаны 
сол  сияқты  Бірлік  ауылын  суландырған.  Бастау  суы  Бірлік, 
Шақпақ  ауылдарының  ортасынан  ағып  ӛтіп  Шақпақ  ӛзеніне 
қосылады. 

117 
 
Бұлақтың Ақбастау аталуы оның ешқандай сындық сипатқа 
байланысты  емес,  ӛйткені  оның  тӛңірегінде  ақ  сынымен 
ерекшеленетін  белгі  жоқ,  оның  этимологиясы  «тұнық  бастау» 
мәніндегі гидронимдік атау. 
 
Ақсай 
Ақсай  топонимдері  Республикамыздың  және  Қырғызстан, 
Әзірбайжан,  Түркия  т.с.с.  ӛзге  республикалардың  аймағында  да 
кӛптеп кездесетін ӛзен, елдімекен, сай атаулары. 
Біздің  Жуалы  жерінде  Ақсай  аталатын  ӛзен  бар.  Бұл  ӛзен 
ауданымыздың  оңтүстік  шығысындағы  Талас  Алатауының 
баурайынан  басталып,  Теріс  ӛзеніне  барып  қосылады.  Ӛзеннің 
тау  баурайындағы  ағысының  арыны  ӛте  қатты.  Ақсай  ӛзенінің 
жағасында  осы  Жуалының  тӛл  перзенті  Бауыржан  Момышұлы 
балалық шағын ӛткізген. Ақсай ӛзені туралы ол былай жазады: 
                               Туған жерім Мыңбұлақ, арналы Ақсай. 
                                Ішсем суы татиды шекер - балдай. 
                                Қызғалдақ, қалың егіс, кӛк жоңышқа, 
                                Сенен артық жер шіркін ӛтер қандай. 
                                  
                                Кӛк орай шалғын кең ӛлкем жерің дәнді, 
                                Жазың салқын, жайлауың малға жайлы, 
                                Сағынып алыс жерден келгенімде, 
                                Кӛзім тойып кӛркіңе, мейірім қанды. 
 
 
(Бауыржан  Момышұлы.  Қанмен  жазылған  кітап.  Алматы: 
Қазақстан, 1991, 375 – 376 бет.) 
Түркия, Қырғыз, Әзірбайжан халықтарында «Ақсу» сӛзі сай 
тұлғалары  «чай»  түрінде  келеді  де  ол  «ӛзен»  (су)  мәнін  береді. 
(Еркебай  Қойшыбаев.  Қазақстанның  жер  –  су  аттары  сӛздігі. 
Алматы:  Мектеп,  1985,  34  –  35  бет).  Ал  «ақ»  сӛзі  тау 
жыныстарының  ақ  түстілігіне  байланысты  я  болмаса, 
К.К.Юдахин  айтқандай  «шалғынды  жота»  мәнінде  болуы 
мүмкін»  -  деп  кӛрсетеді.  (Юдахин  К.К.  Киргизско  –  русский 
словарь. Изд. Советская энциклопедия. Москва 1965, 226 стр.)  
Қорыта 
айтқанда 
Ақсай 
сӛзі 
«ақ» 
және 
«сай» 
компонентерінен құралған атау.                            

118 
 
Ақсай  ӛзенінің  тау  шатқалынан  ағып  шығар  жерінде  1970 
жылға  дейін  шағын  электростанция  аудан  тұтынушыларына  ток 
кӛзін беріп тұрған. 
 
Ақсақал сай 
Кіші 
Қаратаудың 
шығыс 
беткейіндегі 
Қарабастау 
елдімекенінен  8  шақырым  батысқа  қарай  орналасқан  шатқалды 
Ақсақал  сай  деп  атайды.  Бұл  жерде  бұрын  шағын  ауыл  болған. 
Шатқалдың ішінде түрлі жеміс – жидек ӛсімдіктері ӛседі.  
Шатқалдың  Ақсақал  сай  аталуы  сол  жерде  мекен  еткен 
кісінің есіміне байланысты қойылған антропонимге жатады.  
 
 Ақсу-Жабағылы 
 Талас  Алатауының  солтүстік  -  батыс  бӛлігін  алып  жатқан, 
Жуалы  және  Түлкібас  аудандарының  аумағында  орналасқан 
қорық  Ақсу  -  Жабағылы  аталады.  Ол  1926  жылы  құрылған,  жер 
аумағы  75,09  мың  гектарды  құрайды.  Ақсу  -  Жабағылы  қорығы 
ЮНЕСКО  -  ның  дүние  жүзілік  қорықтар  тізіміне  енген.  Жан  - 
жануарлар және ӛсімдіктер әлемі ӛте бай. 
Қорық  негізінен  Ақсу  және  Жабғылы  атты  екі  ӛзеннің 
аумағында  орналасқан.  Ӛзеннің  Ақсу  аталу  себебі  тереңдігі  500 
метрге дейін жететін аңғарлардағы су ақшыл жыныстарды жарып 
ӛтетіндіктен  су  ақшыл  түске  ие  болады.  Сондықтан  ӛзеннің 
орысша атауы «Белые воды» болып аталған.  
Ел  аузында  сақталған  аңыздарға  құлақ  түрсек,  Ақсу  - 
Жабағылының  аталуына  байланысты  екі  түрлі  аңыз  әңгіме 
айтылады.  
Бірінші  нұсқасы,  ертеде,  жаугершілік  заманда  тау 
аңғарларын  паналап  жаудан  тығылған  елден,  бір  жылдан  соң 
хабар  білмек  болып  шыққан  іздеушілердің  алдынан  жабағы 
кездесіпті, содан жердің аты «Жабағылы» аталыпты - десе, екінші 
нұсқасы  бұл  аймақ  «Жабағылы»  деген  байдың  жайлауы  екен  – 
дейді.  Сондықтан  жер  атауы  Жабағылы  болып  аталған  деп 
түсініктеме  береді  Ақсу  –  Жабағылы  қорығының  бұрынғы 
ғылыми қызметкері Бектұр Тӛлеуішұлы. 
Ал  шындығына  келгенде  Ақсу  -  Жабағылы  аталуы  Ақсу 

119 
 
және Жабағылы ӛзендерінің атымен байланысты екендігі  даусыз. 
Еркінбек 
Қойшыбаевтың 
Қазақстанның 
жер 

су 
атауларының  сӛздігі  кітабында,  Ақсу  –  Жабағылы  туралы 
тӛмендегідей  анықтама  береді:  «Ақсу  –  Жабағылы  бұл  қос 
тұлғалы атау: Ақсу және Жабағылы ӛзендерінің қосарланған түрі.  
Махмұд  Қашғари  Жабағы  этнонимі  жӛнінде  оны  «йабақұ» 
деп  кӛрсеткен.  ХІ  ғасырда  ӛмір  сүрген  кӛне  түркінің  йабақұ 
тайпасына  –  лы  қосымшасы  жалғану  арқылы  жасалған  – 
«жабағылы»  -  деп  кӛрсетеді.  (Қазақстанның  жер  –  су  аттары 
сӛздігі. Алматы: Мектеп, 1985, 100бет.)  
 
Ақтасты 
Ел  аузында  «Ақтасты»  немесе  «Ақтасты  әулие»  аталатын 
бұл тарихи жер қазіргі Рысбек батыр ауылының шығысында 2,5 – 
3  шақырымдай  жердегі  қыратта  орналасқан.  Ақтасты  әулие  деп 
аталатын  осы  жерде  ӛте  кӛнеден  келе  жатқан  ескі  қорым  бар. 
Бейіттердің  бастарына  арабша  жазулары  бар  тақталар 
орнатылған. 
Ақтастыдағы  атақты  тарихи  оқиға  туралы  Қазыбек  бек 
Тауасарұлы  «Түп – тұқияннан ӛзіме шейін» атты тарихи шежіре 
кітабында мол мәлімет береді.  
«1107  –  тауық  жылы  наурызда  ойраттар  мен  торғауыттарға 
қытайлар  шабуыл  жасап  енді  қалмақтардың  күші  екіге  бӛлінді. 
Біз  қалайда  еліміздің  қалың  ортасында  бүлік  салғандарды 
құртуды ойластырдық. 
Жолбарыс  хан  да  Тӛле  де  ордаға  кетті.  Орда  ол  кезде 
Қаратаудың  ығында  еді.  Ол  жер  бүгінде  Жолбарыс  қамалы 
аталады.  Сондықтан  хан  кеткен  соң,  13  мың  ұлы  жүз  қолына 
басшылық ету маған жүктелді. Біз Қаратауға – Екітұраның батыс 
жағына  орналастық.  Бұдан  әрі  Ақтасты  тӛңірегінде  қалмақтар 
жатыр»  -  делінген.  (Қазыбек  бек  Тауасарұлы.  Түп  –  тұқияннан 
ӛзме шейін. Алматы: Жалын, 1993,  236 бет). 
Ақтасты жері атақты Рысбек батырдың балалық шағы ӛткен 
жер.  Ол  туралы  «Сиқым  Рысбек  батыр»  және  «Тӛле  би  мен 
Қойгелді» кітапшаларында да жазылған. 

120 
 
1757  жылдың  жазында  Рысбек  батырдың  қолы  қалмақтарға 
тұтқиылдан  шабуыл  жасап  ордаларын  талқандап  Ақтастыда 
жауды шығынға ұшыратқаны туралы бізген ӛткен тарихымыздан 
белгілі.  Сол  соғыста  қаза  тапқан  қазақ  жауынгерлері  сол 
Ақтастыға  жерленген.  Бұл  жердің  «Ақтасты»  аталатын  себебі, 
ӛзінің  тіке  мағынасында  ақ  және  тас  компонентерінен  құралған 
атау. 
Ол  жерде  үйдің  орнындай  үйілген  ақ  тастар  бар,  атау  сол 
үйілген ақ тастарға байланысты қойылған.       
 
Алмалы 
Алмалы  -  Қошқарата  аймағының  солтүстік  батысындағы 
Боралдай  тауындағы  шатқалдың  аты.  Тау  шатқалының  ішінде 
қалың жыныс, жабайы алма, жабайы жүзім т.б. табиғи ӛсімдіктер 
кӛп ӛседі. 
Республикада  Алмалы  аталатын  атау  таулы  ӛңірлерде  кӛп 
кездеседі.  Қазақ  тілінің  үндестік  нормасына  сай:  Арқарлы, 
Аршалы, Бұғылы, Қарағайлы, Тобылғылы сынды атауларда «лы» 
қосымшасы  арқылы  пайда  болған  атаулар  тобына  Алмалы  да 
жатады. 
Шатқалдың  Алмалы аталуына ондағы ӛсетін қалың  жабайы 
алма негіз болған. 
 
Амансай 
Шақпақата 
елдімекенінің 
батысындағы 
екі 
таудың 
ортасындағы аңғар осылай аталады. Бұл жердің Амансай аталуы 
туралы  ел  аузында  екі  түрлі  аңыз  айтылады.  Бірінші  нұсқасы, 
жаугершілік  кезде жан сауғалаған шағын ауыл қалың жынысты 
осы  сайдың  түкпіріне  паналап  аман  қалыпты  делінеді.  Екінші 
нұсқасы  бойынша  бір  -  бірін  сүйген  қос  ғашық  қуғыннан  осы 
сайға жасырынып құтылған екен - деп айтылады. 
Бұл  екі  нұсқаның  қайсысы  ақиқат  болса  да,  әйтеуір  «аман 
қалыпты» деп аяқталады,  осы сӛз жердің Амансай аталуына негіз 
болғаны даусыз. 
  Ақын  Дәулетжан  Жамалбекұлы  ӛзінің  туып  ӛскен  мекені 
«Амансай-атамекенім»  атты  ӛлеңі  біздің  осы  пікірімізді  растай 
түседі. 

121 
 
…Сырын шертсе шежіре абыз дала, 
Бізге жеткен бір – екі аңыз ғана 
Жаугершілік заманда аман қапты, 
Жан сауғалап бір ауыл шағын ғана. 
 
Ӛтіпті қилы кезең, қатал заман, 
Жер тӛсін дүбірлетіп ат ойнаған 
Қос ғашық осы сайдан пана тауып, 
Қуғыннан құтылыпты атойлаған. 
 
Әйтеуір бір шындықтың басы анық-ты, 
Ақиқат, аңыз сырдан жиналыпты 
Адамзатқа амандық тілеген жер, 
Осылай Амансай деп аталыпты -  деп жырлайды. 
 
Аралтӛбе 
Жуалы  ауданының  солтүстік  шығысында  Билікӛлге  асатын 
асуға жақын маңдағы тӛбелер тізбегі «Арал тӛбе» - деп аталады.  
Аралтӛбенің  маңы  қара  топырақты  келеді.  Кӛктемде  егін 
сазды  болғандықтан  себілмейді,  тек  қана  күздік  себіледі.  Ол 
жерде  бұрын  үлкен  қырман  болған.  Аралтӛбені  ілгеріректе 
Шымырлар мекендеген.  
Физикалық  география  тұрғысынан  алғанда  қазақ  тілінде 
аралдың екі түрлі мәні бар, біріншісі су айдынының ортасындағы 
жер,  екіншісі  ӛзен  немесе  кӛл  аралықтарындағы  жер.  Аралтӛбе 
осы  сипаттаманың  екіншісіне  келеді,  яғни  жер  атауы  жан  – 
жағынан су мен сазды жер қоршап жатқандықтан осылай аталған. 
«Арал» және «тӛбе» деген сӛздерден құралған оронимдік атау.   
          
Арбатас 
Тянь - Шань тау жүйесінің солтүстік батысында орналасқан 
Кіші Қаратау жотасы Жамбыл облысының, соның ішінде Жуалы 
ауданының  шығысында,  оңтүстіктен  солтүстікке  қарай  созылып 
жатыр. 

122 
 
Осы  Кіші  Қаратау  жотасының  Қошқарата  аймағының 
тұсынан  Билікӛлге  қарай  немесе  керісінше  асып  түсетін  асуды 
жұрт «Арбатас асуы» деп атайды. 
Жуалы  аймағындағы  жұрт:  «Жотадан  –  ылдиға  Арбатас 
арқылы  асып  түстік»  -  деп  жиі  айтады.  Мұндағы  «жота»  дегені 
Кіші Қаратаудың «күнгей» жағы да, «ылди» дегені оның теріскей 
жағы.  
Осы  жотадан  асатын  Арбатас  асуының  ӛзі  екеу,  «Кіші 
Арбатас» және  «Үлкен  Арбатас» делінеді. Тік жартастау келетін 
«Кіші  Арбатас»  үлкен  Арбатастан  сәл  жоғарылау,  солтүстікке 
таман  орналасқан.  Үлкен  Арбатас  болса  Кіші  Арбатасқа 
қарағанда  жайбағыстау,  жұрт  кӛбіне  осы  асуды  пайдаланған, 
оның  ӛзінде  арбалардың  артқы  дӛңгелектерін  айналмайтындай 
етіп байлап тастайтын болған. 
Арбатас  асуындағы  жол  тек  қана  бір  кӛлік  сиятындай  ғана 
тар болып келеді. Оның екі қапталында үлкен – үлкен тастар бар. 
Ол тастардың нобайы жүк артқан арбаға келеді. 
Арбатас    атауы  жүк  артқан  арбаға  теңеу  ишаратымен 
қойылған атау. 
Бүгінде  Билікӛл  жаққа  қатынайтын  кӛлік  атаулы  Алматы  – 
Ташкент  автомобиль  жолымен  Күйік  асуы  арқылы  ӛткен  соң, 
Қаратау бағытындағы асфальт жолмен айналып жетеді.    
 
Арқарлы 
Боралдай  тауының  Қошқарата  аймағындағы  биік  асуы 
«Арқарлы»  -  деп  аталады.  Арқарлы  тауы  туралы  Бақтияр 
Әбілдаұлының 
«Сиқым 
Рысбек 
батыр», 
Е.Тұрысовтың 
«Темірлан»,  «Бәйдібек»  кітаптарында  жазылған.  Таудың 
«Арқарлы» аталу себебі ол арқар (жабайы тау қойы) мекендейтін 
тау деген мағынаны білдіретін этимология.  
Қошқарата  ӛңірінің  тӛл  перзенті,  ақын  Бауыржан  Үсенов 
Арқарлы тауы туралы былай деп жырлайды: 
                             Шыңдары кӛкке атылған белең алып, 
                             Арқарлы тау бар ма екен сенен алып? 
                             Туысы Қазығұрттың аты шыққан. 
                             Ғайыптан биігінде кеме қалып. 

123 
 
                             Шалғайдан сағындырып ел – аналық, 
                             Келемін бауырына мен оралып 
 
 
 (Бауыржан Үсенов Табиғат терезесі. Алматы: Балауса, 1992, 
20бет.) 
 
 Арыс ӛзені 
 Арыс  ӛзені  Оңтүстік  Қазақстанның  басты  ӛзендерінің  бірі 
саналғанмен  ол  Жуалы  жерінен  бастау  алады.  Атап  айтқанда, 
Жуалы  ауданының  Түлкібасы  ауданымен  (Оңт.  Қазақстан) 
шектесер 
жерінде 
ортағасырлық 
Абарадж 
(Мыңбұлақ) 
қаласының түбінен батысқа қарай аққан бұлақтардан Арыс ӛзені, 
шығысқа  қарай  кӛптеген  бастаулардың  басын  құрап  Шақпақ 
ӛзені бастау алады. Екіншіден Жуалы ауданының Оңтүстігіндегі 
Боралдай, Қошқарата ӛзендері де осы Арысқа барып қосылады.  
Ерте  кездерде  батысында  Сырдарияны,  шығысында  Кіші 
Қаратау  жотасын,  оңтүстігінде  Арыс  ӛзенінің  аңғарын, 
солтүстігінде  Арысқұм,  Арыс  кӛлі  арқылы  Ұлытау,  Кӛкшетау 
ӛңірлерінің  аралығын  ежелгі  сақтың  Арыс  (Арыстар,  Арсақтар) 
тайпасы мекендеген.  
«Арыс  тайпасының  негізгі  бӛлігі  б.д.д.  2  мың  жылдықта 
Еуропаға  қоныс  аударған.  Әйгілі  ғұлама  Анарис  (Анахарсис) 
б.д.д.  8  ғасырда  ӛзінің  ата-жұрты  Қазақ  Даласы  туралы 
«Аримаспалар  эпосын»  жазып  қалдырған.  Анарыс  туралы 
мағлұматтарды  Т.Жұртбаев  ӛзінің  «Дулыға»  1994ж.  тарихи 
шығармасында  да  Арыстар  (Аорстар)  Арыс  тайпасы  туралы 
кӛптеп кездеседі» - деп деректер келтіреді Ә.Байбатша. (Алматы: 
Санат, 2002, 64 бет.). 
Осы  еңбегінде  Арыс  тайпасының  Сарыарқа,  Жезқазғандағы 
тау  -  кен  ісін  менгергені,  Абайыл  кен  орнын  тапқаны  туралы 
құнды деректер келтірген. 
«Арыс»  сӛзі  –  түркі  тілінде  «ірі,  жойқын  тайпа»  -  ұғымын 
білдіреді. Бұл этнонимдік атау. 
Қорыта  айтқанда,  Арыс  ӛзенінің  атырабын  мекендеген 
қазіргі  Арыс  ӛзені,  Арыс  қаласы,  Арыс  кӛлі  т.с.с.  атаулар  осы 
тайпаның мекендеген атын қалдырған жер - сулар. 
 

124 
 
 Аса ӛзені  
Жуалы  жерінен  басталып  Талас  және  Жамбыл  аудандары 
арқылы  ағып  ӛтіп  Билікӛлге  құятын,  ұзындығы  105  шақырым 
болатын  ӛзен.  Оның  кішігірім  30-ға  жуық  саласы  бар.  Жуалы 
ауданының жерінде ол Шақпақ, Теріс, Ақсай, Кӛксай, Күркіреусу 
ӛзендері   қосылған   соң   Аса   ӛзені   аталады.  Асаның  әсіресе 
Күркіреусу  ӛзенімен  қосылған  тұсы  таулы  аңғамен  ӛтеді,  ағысы 
ӛте жылдам. 
Ӛте  ерте  кездегі  табиғаттағы  тектоникалық  ӛзгерістердің 
әсерінен  Қаратау  жоталарының  кӛтерілуі  үдей  түскені  белгілі. 
Бірақ, ӛзендер алғашқы бағытымен кӛтерілген жоталарды шайып, 
тілгілеп ӛзіне арна салып отырған. 
«Шамамен  350  мың  жылдың  ішінде  алғашында  ӛзендердің 
табаныныда жатқан беткейлердің қазіргі кезде 500 метрден астам 
«ӛскенін»  кӛреміз.  Теріс  ӛзені  де  аққан  бағытын    ӛзгертпей, 
жолындағы  Кіші  Қаратаудың  кӛтерілуінен  болған  кедергіні 
«қиып»  түскен.  Су  жарып  аққан  жота  Маймақ  бекетінің 
тӛңірегінде  Күркіреусу  ӛзенімен  қосылған  тұсында  кӛтеріліп, 
оның  биіктігі  300  метрден  асады»  -  деп  жазады  Әділхан 
Байбатша.  (  Қазақ  даласының  ежелгі  тарихы.  Алматы:  Санат, 
2002, 13 бет). 
Осы тұста ӛзен тау шатқалында күркіреген дыбыс шығарып 
аққандықтан ел оны «Күркіреусу» - деп атап кеткен. Ш.Айтматов 
«Жәмила» повесінде Күркіреусу ӛзенін, Маймақ пен Шекерді  тіл 
жеткісіз тамаша етіп суреттеген. 
Жамбыл  ауданының  жерінде  Аса  ӛзені  Ақкӛл  ауылының 
шығыс  жағынан  ағып  ӛтеді.  Ол  жерде  ортағасырда  салынған 
әйгілі  Айша  Бибі  кесенесі  орын  тепкен.  Ӛзеннің  «Аса»  деп 
аталуына байланысты ел аузында мынандай аңыз айтылады:  
Тараздың жас батыры Қараханға ғашық   болған  Айша сұлу 
сүйгеніне келе жатып осы ӛзеннің жағасына жетіп жуынып,  дем 
алмақшы  болады.  Осы  кезде  сәукеленің  ішіне  жасырылған  улы 
жылан Айшаны шағып ӛлтіреді. Қос ғашық арманына жете алмай 
арманда  кетеді,  яғни  қыз  әлгі  ӛзеннен  аса  алмай  кӛз  жұмады. 
Сондықтан  жұрт   ӛзенді  «Аса алмаған» кейін «Аса» атап кеткен 
дейді. 

125 
 
Бұл  әрине  аңыз  ал,  енді  Геродоттың  дерегі  бойынша  Қазақ  
Даласын  мекендеген  сақ  тайпасының  ең  үлкені    Асы  (Ассақтар) 
атымен байланысты екендігіне кӛз жіткіземіз. Асылар батысында 
Кіші  Қаратау  арқылы  шектесіп,  шығысында  Талас,  Шу,  Іле, 
Тарбағатай мен Алтай аралығына дейін мекендегені, негізгі ата 
мекені Жетісу болғандығын тарихтан білеміз. 
Тарихшы  У.Шалекенов,  Асылардың  Тұйық,  Жайсан, 
Шатырқұл  кен  орындарын  игергенін  жазса,  Ә.Марғұлан 
Асылардың Сарыарқадағы кӛптеген мәдени ескерткіштерін ашып 
берді. 
«Ассақтар, яғни Асы тайпасы б.д.д. 5  - 6 ғасырда құрылған 
Ұлы  жүз  одағының  бірі  болып  үйсін  мемлекетінің  құрамына 
енген.  Б.д.д.  2  ғасырда  грек-бактриялықтарды  тас-талқан  етіп 
жеңген үйсін мемлекетінің Асы, Арыс тайпаларынан жасақталған 
жауынгерлер  еді»  -  деп  жазады  Ю.Зуев.  (К  этнической  истории 
усуней / труды и АЭ АН Каз ССР, 8т, 1960г).  
Е.Қойшыбаев,  Қазақстанның  жер  –  су  атаулары  сӛздігі 
кітабында  «Аса»  сӛзіне  басқаша  анықтама  береді:  «Аса  кӛне 
түркі,  моңғол  тілдеріндегі  аша  –  ача  «айрық»  сӛзінің  баламасы. 
Ежелгі  дәуірде  Аша  түрінде  ӛмір    сүргендей.  Ӛйткені  бұрынғы 
Әулие  –  ата  уезінде  Аша  болысы  атты  әкімшілік  бӛлім  болғаны 
бар»  -  деп  жазады.  (Қазақстанның  жер  –  су  атаулары.  Алматы: 
Мектеп, 1985, 52 – 53 беттер.)  
  Біздің  пікірімізше,  «Аса»  -  ӛзенінің  атауы  осы  аймақты 
мекен  еткен  сақ  тайпасының  атымен  аталған.  Бүгінде  Жамбыл 
ауданының  орталығы,  теміржол  бекеті,  бірқатар  елдімекендер 
осы Аса тайпасымен аталады. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет