Байдалиев Д. Д



Pdf көрінісі
бет12/18
Дата22.12.2016
өлшемі2,09 Mb.
#135
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18

 Дарбаза 
 Жуалы  ауданының  солтүстік  –  шығыс  жағындағы  «Үлкен 
Бурыл»,  «Кіші Бурыл» - аталатын тау сілемдерінің солтүстігінде 
орналасқан шағын елдімекен «Дарбаза» - аталады. Бұрын бұл жер 
«№1 Ферма» аталып келген. Ол елдімекен Қарабастау ауылынан 
оңтүстік – шығысқа  қарай 7 шақырым жерде, жанында Дарбаза 
су қоймасы бар.   Қарабастау  ауылынан  оңтүстік  –  шығысқа  
қарай шыққан жол осы Дарбаза ауылына, онан әрі қарай Дарбаза 
шатқалына апарады. Елдімекеннің «Дарбаза» - аталуы негізінен 
осы  шатқалға  байланысты.  Бұл  шатқалдың  кіре  беріс  аузы  бір 
кӛлік сиятындай ӛте тар дарбазаға (қақпаға) ұқсайды. 
Кіре беріс шатқалдың екі қапталы жақпарлы жартас болып келеді 
де арй қарай ӛткен соң аңғар кеңейіп жоғары ӛрлеп кетеді. 
  Осы Дарбаза ауылына жақын жерде, Дарбаза су қоймасынан 
оңтүстікке  қарай  0,5  шақырым  жердегі  Ақсу  ӛзенінің  сол  жақ 
терассасында  мустье  заманының  шеберханасы  болғандығы 
туралы археологиялық айғақ бар. 
  Елдімекеннің, су қоймасының шатқалдың «Дарбаза» аталуы 
ӛзбек,  иран  тілдерінің  «дарбаза»  сӛзінің  баламасы  қақпа  сӛзінен 
шыққан.  Оңтүстік  қазақтарына  әсіресе  ӛзбек  халқынан  енген 
«дарбаза» сӛзі әлі күнге «қақпа» сӛзін алмастыра береді.                  
 
 Датқаның сазы 
 Күреңбел  елдімекенінен  батысқа  қарай  6  шақырымдай 
жердегі  Б.Момышұлы  –  Қошқарата    асфальт  жолының 
шығысында  «Датқаның  сазы»  -  аталатын  жалпақ  саз  бар.  Бұл 
жердің  «Датқаның  сазы»  -  аталу  себебі  сиқым  руынан  шыққан 
Рысбек батырдың тұңғыш ұлы Батырбек датқамен байланысты. 
Жуалы  жеріндегі  XIX  -  ғасырдағы    билік  тұтқасын  ұстаған 
ардақты  азаматтардың  бірі  Батырбек  датқа  болған.  Датқа  сӛзі 
ӛзбектердің  «дотһа»  деген  сӛзінен  шығады,  мағынасы  генерал 
дәрежесіндегі ел билеуші дегенді білдіреді. 
Бірқатар  тарихи  деректерде  және  ол  ел  аузында  сақталып 
қалған  естеліктерге  сүйенсек,  Батырбек  датқа  кезінде  Жуалы 
ауданының,  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түлкібас,  Сайрам 
аудандарының  аумағына  сондай-ақ  Шымкент  қаласының 

138 
 
тӛңірегіне  билік  жүргізген.  1863  жылы  Шоқан  Уәлихановпен 
кездесіп,  онымен  Оңтүстік  ӛңірді  отаршылырдан  азат  ету 
жӛнінде  пікірлескен  деген  де  деректер  бар.  (Ә.Жылқышиев 
«Дауылдан  кейінгі  жарық»  кітабы).  Халықтың  құрметіне 
бӛленген  датқаны  кезінде  Майлықожа,  Мәделі  ,  Шӛже  сынды 
ақындар  жырға  қосқан.  Ташкенттегі  мұрағаттан  табылған 
мәліметтерде  1874  жылы  Батырбек,  Қасымбек  датқалар 
Құнанбай,  Аңдамас  сынды  билер  ӛздері  қаржы  шығарып 
Меккеден үш қонақ үй салдырғаны туралы айтылады. 
1971 жылы  Жуалыдағы  (Бұрынғы  Чапаев  атындағы  колхоз) 
Күреңбел  ауылының  іргесіндегі  Датқа  сазының  маңынан  «Бұл 
ӛлке  қасиетті  адам  жерленген  қасиетті  ӛлке»  -  деп  Дінмұхамед 
Қонаевтың киіз үй тіктіріп түнеп шыққанын бүгінде осы ӛңірдегі 
екінің бірі біледі. 
Кешегі  Кеңестік  дәуірде    Батырбек  датқаның  күмбезі 
құлатылып,  жанындағы  мешіті  қиратылған  болатын,  оның  орны 
қазіргі  кезде  шағын  тӛбешік  болып  жатыр.  Батырбек  датқа 
туралы М.Қалдыбаев, Т.Талапұлылар кӛлемді еңбектер жазған. 
Қорыта айтқанда «Датқаның сазы» елдің елдігін танытып ӛз  
жерінің  жалпыға  ортақ  етіп  кӛрсеткен,  қайран  елі  үшін  «елім-
айлап» ӛткен, ел басқарып ел ақылшысына айналған тарихи тұлға 
Батырбек датқаға байланысты қойылған атау.          
 
Дӛңгелек саз 
Қазіргі  Шақпақ  ата  ауылдық  округіне  қарасты  Ынтымақ 
елдімекенінің  батыс  іргесіндегі  Қыстаубай  кӛлінен  солтүстікке 
қарай  тӛрт  шақырым  жердегі  теңге  жапырағы  мен  пішені 
ұйысқан,  аумағы  6  –  7  шаршы  шақырым  болатын  жасыл  мекен 
«Дӛңгелек  саз»  -  аталады.  Бұл  жердің  сазды  болатын  себебі 
Құлантаудың етегінен андыздап аққан бұлақтар мен Дӛңгелек саз 
ӛзінің айналасына қарағанда ойпаңдау жерге орналасқандығынан. 
Жерінің  сазды  болғандығынан  оның  тӛңірегінде  алқаптарда 
диқандар  егін  егу  жұмысын  кештеу,  мамыр  айының  басында 
жүргізеді. 
Осы  Дӛңгелек  саздың  «Байсейіт  құлаған»  деген  де  атауы 
болған екен. Бұл жердегі болған бір тарихи оқиға туралы жер мен 

139 
 
елдің  шежіресін  жетік  білетін  тарихшы  –  ұстаз  Райыс 
Дүйсебайұлының  пікірше,  ХХ  ғасырдың  соңында  Қоңыртӛбенің 
жанындағы  Кӛкшебұлақты  мекендейтін  Шегір  руы  мен  Құлан 
асуының  аузындағы  Шаңышқылы  (Қатаған)  руы  арасында 
барымта  мен  жер  дауына  қатысты  екі  елдің  арасындағы  жағдай 
ушығып  тұрған  кез  болса  керек.  Рулар  арасындағы  осындай  бір 
жанжал Дӛңгелек сазға байланысты болады. Екі жақ та бұл жерді 
ӛздерінікі  екендігіне  таласып  ақыр  аяғы  үлкен  дауға  айналады. 
Бітімге  келе  алмаған  екі  жақтың  жігіттері  соғысуға  тас  –  түйін 
бекініп Дӛңгелек саздың басына жиналады. Осы дүрбелеңді сезіп 
біліп, тӛсек тартып жатқан сексен жастағы Байсейіт есімді кӛпті 
кӛрген  әулие  кісі  мән  –  жайды  шоқпар,  сойыл  сайлап  жүрген 
жігіттерден сұрайды. 
Жігіттер: Ақсақал, екі жақтың жанжалы соғыссыз тынар түрі 
жоқ,  бір  сойқан  болайын  деп  тұр  –  дейді.  Сол  кезде  Байсейіт 
қария: 
-  Олай  болса  Дӛңгелек  сазға  мені  де  ала  барыңдар.  Дау  - 
жанжалдың қантӛгіссіз, адам шығынысыз шешілу жолын мен ӛз 
мойныма алайын – дейді. 
Сӛйтіп  Шегір  руының  жігіттері  Дӛңгелек  саздағы  ұрыс 
болатын  жерге  атқа  қондырып  Байсейіт  қарияны  да  жеткізеді. 
Асарын асап, жасарын жасап болған сырқат қария Дӛңгелек сазға 
жеткен  соң  алдын  –  ала  уәде  байланысқандай  екі  жақтың 
жасақтарының  кӛз  алдында  аттан  ауып  түсіп,  үзіліп  кетеді.  Сол 
кезде  Шегір  жақтың  жігіттері  «Бауырым  –  ай!»,  «Атам  –  ай!»  - 
деп  соғыс  жайын  ұмытып  Байсейітті  жоқтап  ӛздерімен  ӛздері 
болып  кетеді.  Шаңышқылының  жігіттері  қатты  сасады,  Шегір 
жағынан  болған  кісі  шығынына  ӛздерін  кінәлі  сезінеді. 
Шаңышқылдар жағы қарияға құн тӛлеп екі жақ соғыссыз бітімге 
келген екен. 
Дӛңгелек саз сол майсалы теңге жапырағы мен жасыл желегі 
жайқалған қалпын бүгін де сақтап қалған. Жергілікті жұрт жазғы 
маусымда  осы  жерден  тӛрт  түлік  малға  мая  –  мая  табиғи 
пішендеме  дайындайды.  Бұл  жердің  «Дӛңгелек  саз»  -аталуы 
алқапты алып жатқан саздың пішініне байланысты қойылған жер 
атауы.   

140 
 
 Еңке 
 Жуалы ауданындағы  Кӛсегенің кӛк жоны аталатын жердегі 
ӛзеннің  бойында  «Еңке»  -  аталатын  жер  бар.  Бұл  жер  ӛзен,  су, 
бұлақ атауы емес бұрынғы қоныс атауы. 
1870  жылдары  Оңтүстік  Қазақстан  аймағынан  осындағы 
Шымырлардың  жеріне  Қаңлы  руының  Еңке  атасынан  тараған 
ұрпағы  келіп  қоныс  тепкен.  Сӛйтіп  олар  Ұлы  Отан  соғысына 
дейін сол аймақты мекендеп тұрып қалған. 
Жер атауы осы Еңке қаңлының атымен байланысты «Еңке» 
аталған антротопоним.   
 
Жалпақ саз 
Шақпақата  ауылдық  округіне  қарасты  Шақпақ  ауылынан 
солтүстік  –  батысқа  қарай  2  шақырым  жерде  Қоңыртӛбенің 
солтүстік  –  шығыс  баурайындағы  жасыл  ӛлке  –  «Жалпақ  саз»  - 
аталады. Саздың кӛлемі 18 – 20 шаршы шақырымдай жерді алып 
жатыр.  Ол  солтүстік  жағы  Қызылдаламен,  ал  оңтүстігі 
Қоңыртӛбемен шектеседі.  
Жалпақ  саз  ӛткен  замандарда  сол  маңда  тұратын 
Шаңышқылы  руының  жаз  жайлауы  болған.  Бұл  жер  сазды 
болғандықтан ешуақытта егіншілік мақсатқа жыртылған емес. 
Тек  1975  жылы  тау  етегіндегі  бес  гектардай  бӛлігі  жыртылған 
кезде ол алқапты арам шӛп, тікен және қурай басып кеткен, сонан 
кейін ол қателік қайталанған жоқ.  
 
Жалпақ саз бұрынғы К.Маркс атындағы совхоздың (Қарасаз) 
ең    негізгі    малға    шӛп    дайындайтын    жері    болған.  Жер  атауы 
сырт 
кӛрінісіне  (жалпақтығына)  қарай  «Жалпақ  саз»  -  аталған.  Бұл 
атаудың  кӛне  дуплеті  «чалпақ»  немесе  «шалпақ»  түрлерінде 
келеді. 
 
Жетімтау 
Бұл  шағын  тау  Бӛкей  тауының  шығыс  жағындағы  кішкене 
бір сілемі. Кеңес елдімекенінің батыс тұсында 5 шақырым жерде 
орналасқан. Кӛлемі мен биіктігі жағынан онша үлкен емес, Бӛкей 
тауынан   оқшаулау    орналасқандықтан оны  жергілікті   жұрт 

141 
 
 «Жетімтау»  -  деп  атайды.  Жетімтау  аталу  себебі  таудың  оқшау, 
жеке  орналасқандығына  байланысты  қойылған  атау  болып 
табылады. 
Жетімтаудың  шығыс  жағындағы    қия  беткей  «Жидебай»    - 
деп аталады. Бұл жердің «Жидебай» - деп аталуына негіз болатын 
жиде  ағашы  мүлдем  ӛспейді.  Не  себептен  бұлай  аталатындығы 
туралы сұрастырғанмен ешқандай мәлімет ұшырастыра алмадық. 
Соған қарағанда бұл жердің атауы Жидебай есімді кісінің атымен 
байланысты ма? - деген жорамалға тоқтаймыз. 
 
  
Жетітӛбе 
Б.Момышұлы  -  Қошқарата  автомобиль  жолының  19  –  20  - 
шы шақырымының батыс жағында Құлан тауының етегіне дейін 
қаз - қатар орналасқан тӛбелер осылай «Жетітӛбе» - аталады. Бұл 
тӛбелердің саны негізінен тоғыз. Бірақ соның жетеуінің шоқтығы 
биік,  кӛзге  айқын  кӛрінеді.  Бұл  тӛбелер  табиғи  тӛбелер  емес, 
қолдан  үйіліп  жасалғандығы  айқын  байқалады,  биіктіктері  7  -  9 
метрдің  шамасында  да,  диеметрі  25  -  35  метрді  құрайды. 
Орналасуы  жағынан  бір  түзудің  бойында  болғандығына  қарай 
бұл  тӛбелер  жаугершілік  кезеңде  қорғаныс  үшін  қолдан  үйілген 
тӛбелер екендігін дәлелдейді.  
Осы  ауылдың  байырғы  тұрғыны  Әшен  Айманбетұлының 
айтуына  қарағанда,  бұл  тӛбелер  Құлан  тау  мен  Теріс  ӛзеніне 
дейін созылып жатқан жотаға жаудан қорғану үшін үйілген екен, 
мұның ұзын саны тоғыздан да кӛп - деп баяндайды. 
«Тӛле  би  мен  Қойгелді  батыр»  кітабында  Жетітӛбе  туралы 
қысқаша мынандай мәлімет берілген. 
«Шежіре  қарттардың  айтуы  бойынша  жоңғарлардың 
қарауыл  тӛбесі  Бӛкей  тауының  етегінде  болған.  Қалмақтар 
қарауыл  қарап,  жау  келгенде  түнде  от  жағып  белгі  беру  үшін 
үйген  жеті  тӛбе  әлі  күнге  дейін  тұр»  -  делінген.  (Бақтияр 
Әбілдаұлы  Тӛле  би  мен  Қойгелді  батыр.  Алматы:  Қазақстан, 
1992, 107 бет). 
Жетітӛбе орналасқан жота Ұлы Жуалы мен Орта Жуалының 
шекарасы,  бұл  арадан  табиғат  та  күрт  ӛзгеріске  ұшырайды. 
Жетітӛбе  атауына  байланысты  осы  кездегі  Кәріқорған 

142 
 
елдімекенінде осы аттас орта мектеп және шаруа қожалығы бар. 
 
 Жолбарысқамал 
 Қошқарата, Боралдай ӛзендері мен Ұзынбұлақтың қосылған 
жеріндегі  алапты  жұрт  «Үшқаспа»  -  деп  атайды.  Ілияс 
Есенберлиннің  Кӛшпенділер  тарихи  триологиясында,  бұл  жер  - 
Үшашы деп кӛрсетілген. Ұлы жүздің ханы Жолбарыс кезінде осы 
Қаратаудың ең құйқалы, қордалы жайлауын жайлаған. 
Жазушы  Еркінбек  Тұрысовтың  «Бәйдібек»  атты  кітабында: 
«Қаратау  атырабын  жаудан  тазартуды  армандаған  Тӛле  би, 
Жолбарыс  ханмен  бірге  ұлы  жүздің  орда  туын  Балабӛгеннің 
шығысындағы  Дегерез  биігіне  кӛшірген  еді.  Ұзынбұлақтың 
кӛкмайса  жотасында  атағы  күркіреген  қалмақтың  бас  батыры 
Ботхишар  жекпе  -  жекте  Ӛтеген  найзасынан    жайрап,  мүрдем 
кеткесін,  басынан  бағы  тайған  қалмақтар  тоз  -  тозы  шығып 
Қошқарата,  Үш  сүңгіні  ӛрлеп,  шығысқа  Қаратау  жонын  асып, 
қарасын  біржолата  батырды.  Сол  жасынды  жорықтардың 
елесіндей  келер  ұрпаққа  жер  сақтаған,  ел  сақтаған  белгісі  – 
Жолбарсықамал,  Садырқамал,  Байқамал  деген  аты  қалды 
артында». (Е. Тұрысов. Бәйдібек. 1998). 
Сиқым  Рысбек  батыр  кітабында  Б.Әбілдаұлы  мынандай 
мәлімет  келтіреді:  «Үшқаспа  жайлауын  Жолбарысхан  ӛлтірілген 
соң  жоңғарлардың  хантайшысы  Қалден  Сереннің  ӛзі  иемденген 
еді»  -  деп  жазады.  (Бақтияр  Әбілдаұлы.  Сиқым  Рысбек  батыр. 
Алматы: Мерей, 1994). 
Бұл  тарихи  мәліметтерді  қорыта  келе  Жуалы  ауданының 
Қошқарата ӛңіріндегі Жолбарысқамал атты жер Ұлы жүздің ханы 
Жолбарыстың  есімін  байланысты  қойылған  антротопонимдік 
атау деп білеміз. 
  
Жосалы 
 Жуалы  ауданының  Билікӛл  ауылының  солтүстігінде  10 
шақырым    шамасында  Тараз  -  Қаратау  автомобиль  жолының  оң 
жағында  орналасқан  қорған  тӛбелер  ертедегі  темір  дәуірінің 
ескерткіштері  болып  табылады.  Ол  қорған  тӛбелердің 
диаметрлері әртүрлі. Жосалы туралы дерек Жамбыл  облысының 

143 
 
энциклопедиясында  (265  бет)  келтірілген  бірақ,    онда  «Жасалы» 
деп кӛрсетілген. 
Бұл  тӛбеледің  Жосалы  аталуына  ол  жердің  қып  -  қызыл 
болып  жатқан  топырағы  мен  жоса  аталатын  шӛп  себеп  болған. 
Қазақтың тұрмысында «қан - жоса», «жосадай» - деген теңеу сӛз 
тіркестері  бар,  мағынасы    қан  түстес  қып  -  қызыл  дегенді 
білдіреді.  
Кӛнекӛз  қариялардың  айтуынша,  бұл  жерден  ертеректе  әр 
түрлі бұйымдарды, ағашты бояйтын жоса бояуы ӛндірілген. Сол 
себепті бұл жердің атауы «Жосалы» - деп аталған. 
Бұл  қорған  тӛбе  ескерткіштерді  А.Досымбаева  жетекшілік 
еткен  Ш.Уәлиханов  атындағы  Қазақстан  Ғылым  академиясының 
Тарих,  археология  және  этнологиясының  институтының 
экспедициясының отряды ашқан. 
 
Жұрынсай 
Билікӛл аймағындағы Кіші Қаратаудың шығыс беткейіндегі 
шатқалдардың бірі «Жұрынсай» - деп аталады. Оның орналасқан 
жері  Ленинский  путь  ауылының  жоғарғы  жағында  Тараз  – 
Қаратау  автомобиль  жолынан  батысқа  қарай  8  шақырым  жерде 
орналасқан.  
Жұрынсай  шатқалын  бұрын  Шымырлар  мен  Құттықтар 
мекендеген,  кейін  олар  Билікӛл  аймағындағы  Қарабастау, 
Ленинский путь, Майтӛбе елдімекендеріне қоныс аударған. 
Бұл  шатқалдың  «Жұрынсай»  -  аталу  себебі  сол  жерді 
мекендеген  Жұрын  атты  кісінің  есімімен  байланысты 
антротопоним.  
Бұл  сайдың  аңғарынан  мӛлдір,  таза  бұлақ  ағып  жатады,  су 
аңғары тастақ болғандықтан ол ешқашан лайланбайды. Бұлақтың 
екі  жағасында жеміс – жидек, тал – терек, алма басқа да жабайы 
ӛсімдіктер қалың ӛседі. 
1980  –  1995  жылдар  аралығында    Жұрынсайда  Жамбыл 
облысының  кәсіптік  –  техникалық  білім  беру  училищелерінің 
оқушыларына  арналған  демалыс  -  сауықтару  лагері  жұмыс 
істеген.  
                 

144 
 
Жыланды сай 
«Жыланды»  -  аталатын  терең  сай  Тәттібай  ауылының 
солтүстік  жағында,  Түрксіб  темір  жолының  үстінде.  Жыланды 
сай аталатын жерлер Қазақстан жерінде кӛптеп кездеседі, соның 
ішінде Жуалы ауданының жерінде де осы аттас бірнеше сай бар. 
Бұл  жердің  «Жыланды»  -  аталуының  себебі  бұрын  ордалы 
жыландар мекендеген. Соғыс жылдарында осы сайда шӛп шауып 
жүрген  әйелді  жылан  шағып  ӛлтірген  -  деп  еске  алады  сол 
маңдағы  Тәттібай  ауылының  тұрғындары.  Жыланы  кӛп 
болғандықтан «Жыланды» аталуы ономалық нормаға сияды.   
 
Жылбұлақ 
Билікӛл  ауылдық  округіне  қарасты  «Жылбұлақ»  -  аталатын 
шағын  елдімекен  Қарбастау  елдімекенінен  оңтүстік  шығысқа 
қарай  9  шақырым  жерде  орналасқан.  Бұрын  бұл  ауыл  «№2 
Ферма» аталатын. 
Ауыл маңындағы ойпаң жерге кӛктемдегі тау суы мен бұлақ 
сулары  кӛп  жиналады.  Сол  себепті  су  арнасынан  асып  Дарбаза 
ауылына қауіп тӛндірмес үшін арнайы канал салынған. 
Кӛктем  айларының  ӛзінде  сол  Билікӛл  аймағындағы 
бұлақтардың  жылы  болатын  ерекшелігі  бар,  балалар  шомылып 
балық аулай береді. 
Ауылдың және бұлақтың «Жылбұлақ» - аталуы қазақ тілінде 
«жылы  бұлақ»  тіркесі  айтыла  келе  жылы  сӛзінің  аяққы  дыбысы 
түсіп, жылбұлақ түрінде қалыптасып кеткен гидронимдік атау. 
  
Ирекасу 
«Ирекасу»  -  аталатын  асу  Тәттібай  ауылының  жоғарғы 
жағында  Алатаудың  Жуалыға  қараған  белінен  Кӛксалаға  асатын 
асуы.  Аты  айтып  тұрғандай  асудан  асатын  осы  жол  аңғарды 
бойлай ирек – ирек жоғары кӛтерілетін сүрлеу жол. Ирекасудың 
сұлабасы әлі күнге жақсы сақталып қалған. 
«Аңғармен  бойлап  жоғары  кӛтерілген  соң  жота  –  жотаны 
қиялап  аттан  түспей  –  ақ  Кӛксаладағы  Байдалы  атамыздың 
жайлауына талай асқанбыз»  - деп менің әкемнің әкесі Жамалбек 
атамыз айтып отырушы еді. 

145 
 
Сол ирек асумен 1932 – 1934 жылдарғы ашаршылыққа дейін 
жазда  жайлау  асып,  күзге  қарай  қайта  түсетін  жол  болған. 
Соғыстан  кейінгі  жылдары  бұрынғы  Кременевка  совхозының 
жылқыларын  Кӛксалаға  осы  Ирекасумен  айдап  барып,  айдап 
келіп  отырған.  Жазы  ӛте  салқын  әрі  шӛбі  шүйгін  болғандықтан 
жылқыларды  сол  Кӛксаланың  жайлауында  ұстаған.  Жердің  кӛк 
шалғынды болуына байланысты «Кӛксала» - аталған.  
 
  Кәріқорған 
 «Кәріқорған»  –  аудан  орталығы  Бауыржан  Момышұла 
ауылынан   солтүстік    батысқа   қарай   25   шақырым   жерде 
орналасқан. Ауыл Жетітӛбе ауылдық округіне қарасты, ол бұрын 
«Казанка» - аталып келген ал, 1993 жылдан кейін ӛзінің байырғы 
Кәріқорған атауын қайта иемденді. 
 Бұл  жердің  «Кәріқорған»  -  деп  аталуына  Құлан  тауының 
қойнауындағы кӛне қорған себеп болған. Орта ғасырларда тастан 
соғылған бұл ескі қорған Түркісіб аталатын алма бағының үстіңгі 
батыс жағында 4 шақырым жерде. 
 Кәріқорған  ауылынан  оңтүстік  батысқа  қарай  6  шақырым 
жерде  Х  –  ХІІ  ғасырларға  жататын  қарауыл  мұнарасы  болған 
және  сол  маңда  б.з.д  ІІ  –  б.з  ІІ  ғасырларына  жататын  обалар 
кездеседі. 
Қазіргі  кезде  сол  Кәріқорған  елдімекенінің  жанынан  ағып 
ӛтетін шағын ӛзеннің жағасынан кӛне дәуірдің мәдениетінен сыр 
шертетін  тұрмыстық  бұйымдар  әлі  де  табылып  жатады.  Жер 
атауы осы қорғанға байланысты қойылған. 
 
  Кеңбұлақ 
 Боралдай  тауынан  басталатын  Қошқарата  ӛзенінің  бір 
саласындағы  жалпақ  сайды  жұрт  «Кеңбұлақ»  -  деп  атайды.  Ол  
Талдыбұлақтың  солтүстік  жағында  орналасқан.  Ол  жер  1960 
жылдарға  дейін  Сиқым  руының  Есті  атасының  мекені  болған. 
1954  жылға  дейін  онда  жеті  жылдық  мектеп  және  Сталин 
атындағы колхоз болған.  
Жер  атауының  «Кеңбұлақ»  -  аталуы  ӛзен  саласының 
кеңдігіне байланысты;  «Кең»  және «бұлақ»  сӛздерінен құралған 
 гидронимдік  атау.                

146 
 
 Кӛксай 
 Ақсай  ӛзені  сияқты  Кӛксай  ӛзені  де  Талас  Алатауынан 
басталып  Теріс  ӛзеніне  барып  құяды.  Кӛксай  ӛзені  Жуалы 
жеріндегі  басты  ӛзендерінің  бірі.  Талас  Алатауының  биік 
шатқалынан басталғандықтан ӛзеннің ағысы қатты. Кӛксай ӛзені 
тӛменгі 
шаруашылықтың 
егінді 
алқаптарын 
суаруға 
пайдаланылады. 
 Ӛзеннің  «Кӛксай»  -  аталуына  тоқталатын  болсақ  «кӛк»  сӛзі 
түспен байланысты анықтауыш яғни, кӛк сол аңғардың «кӛгеріс, 
ну жынысты» - екендігін айқындап тұр. «Кӛк» және «сай» сӛздері 
қосылып Кӛксай атауын құрап тұр. 
 Жазушы  Шерхан  Мұртаза  ӛзінің  туған  ӛлкесінің  келбетін  
«Мылтықсыз  майдан»  атты  повесінде  Қаратаудың  Бурыл,  Теріс 
алабы  мен  Алатау  баурайындағы  Ақсай,  Кӛксай  ӛзендерін 
тамаша етіп суреттеген. 
 
 Кӛсегеннің кӛк жоны 
 Күні  бүгінге  дейін  кӛнекӛз  қариялар  Бурно  -  Октябрь  елді 
мекенінің  оңтүстігінен  басталып  Бақаты,  Аралтӛбе  арқылы 
Шаянға дейін созылып жатқан қырат үстіндегі жонды «Кӛсегенің 
кӛк  жоны»  -  деп  атайды.    Бақатыдан  басталып  оңтүстіктен 
солтүстікке  қарай  шағын  бұлақ  ағып  шығады  да  Теріске 
қосылады.  
  Бұл  ӛңірдің  табиғаты  ӛте  кӛркем,  жылдың  кӛктем,  күз,  жаз 
айларында  да  бұлақтың  екі  жағасы  кӛк  майса  болып  жатады, 
малға ӛте қолайлы. 
  Ескілікті  кісілердің  аузында  кӛп  айтылатын  Кӛсегенің  кӛк 
жоны  туралы  жазушы  Әбіш  Кекілбайұлының  Үркер  романында 
да  Әбілқайыр  ханның  Кіші  жүздің  қалың  қолын  бастап  Сары 
Арқаның  сары  белінен  жаудан  қалған  ата  тау  Қаратауға 
келгендігі туралы былай жазады: 
  «Суыт  жүрісті  Кіші  жүз  қолы  жапырық  таудың  аласарып, 
болдыртқан  кӛрттің  мүжілген  жамбасындай  боп  сілемденіп 
біткен  күн  батыс  құйрығына  ілікті.  Сонау  Жәнібек,  Керей 
заманынан бермен қарай талай шайқасты кӛріп, талай боздақтың 
басын жұтқан аран шатқал сілтідей тынып тұр екен... 

147 
 
  Әбілқайыр,  Бӛкенбай,  Есет,  Батыр  тұра  қалып  ойға  батты. 
Жау  Балқаш  беттен  келе  жатса  Қаратаудың  теріскей  бетінде 
отырған  Орта  жүз  бен  Ұлы  жүз  ауылдарын  жапырып  ӛтпей, 
сонау  Қошқар  ата  жақ  тұмсықтан  айналып  Түркістанға  беттей 
қоймас.  Әскерінің  бір  парасын  әлгі  айтқан  Қошқар  ата  жағымен 
Арыс  бойлатып  күнгей  аттандырар  да  қалған  жағына  Кӛсегенің 
кӛк  жоны  арқылы  кеп  Баба  –  Ата,  Шолаққорған,  Созақты 
шаптырып, Торлан мен Сұғындық арқылы құбылаға ӛткізіп алуға 
асығар...» (245 бет) 
Әбілқайырдың  қолымен  бірге  келе  жатқан  үш  жүздің 
аузында  аты  жүрген  атақты  Мәті  бидің  ұлы  Тайлан  батырдың 
Кӛсегенің  кӛк  жонында  отырған  ӛз  ауылына  асығуын  былай 
суреттеген: 
«Иә, оның есіл – дерті – сонау Кӛсегенің кӛк жонына шығар 
жердегі  оңаша  бұлақ  басында  отырған  ӛз  ауылына  жету, 
жетпістен  ӛтіп  сексенге  аяқ  басқан  кәрі  әкесін  кӛру,  енді  –  енді 
тәй – тәй басып жүре бастаған ұлын кӛру, жалғыз кӛк ала атпен 
жүрсе де қалған қазақты кӛрмегендей, ӛзін қалап келген қазақтың 
асқан  байы  Садыр  Жомарттың  әлпештеп  баққан  жалғыз  қызы 
Пәтшәйімді  кӛру.  Әбілқайыр  ат  үстінде  құс  болып  ұшып  кетуге 
амал  таба  алмай,  зорға  шыдап  келе  жатқан  Тайланды  кӛріп  аяп 
кетті».  (Ә.Кекілбайұлы.  Үркер,  «Сӛздік  –  Словарь»,  Алматы  – 
1999, 247 – 248б).  
 
Еркебай  Қойшыбаевтың  Кӛсегенің  кӛк  жонына  берген 
анықтамасы тӛмендегідей: «Кӛсеге сӛзінің кӛнедегі «шымылдық» 
немесе  «қоршау»  мәндері  семантикалық  та,  логикалық  та 
жағынан  кӛптеген  қазіргі  түркі  тілдерінде  сақталып  келеді. 
Этимологиясы:  «қоршаулы  кӛктің  жоны»  мағынаны  береді» 
(Қазақстанның  жер  –  су  атаулары.  Алматы:  Мектеп,  1985,  136 
бет.)  
Қариялардың  айтуынша  бұрын  бұл  жерден  Шаянға  ӛтетін 
жол  болған  дейді.  Соған  қарағанда    орта  ғасырлық  Теріс 
жағасындағы  Баркубе  қалашығынан  осы  Кӛсегенің  кӛк  жоны 
арқылы  Жібек  жолының  қосымша  тармағы  ӛткен  сияқты. 
Сондықтан  бұл  жол  «Кӛсегеннің    кӛк  жоны»  -  аталады  деп 
пайымдаймыз.  

148 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет