9 Жуалы ауданындағы жаңа заманның тарихи
ескерткіштері
Жуалы
ауданында жоңғар шапқыншылығы кезінде
қаһармандық пен батырлықтың ерен үлгісін кӛрсеткен
батырларға арналған екі ескерткіш бар. Оның бірі Есім ханның
тұсындағы атамекен жерін қорғаған Садыбай және Байтана
батырларға қойылған ескерткіш кесенесі, екіншісі сиқым руынан
шыққан Шінетұлы Рысбекке қойылған ескерткіш.
Рысбек батыр ескеркіші
Жоңғар шапқыншылығынан Атамекен жерін азат ету
жолында ерен ерлік кӛрсеткен Сиқым руының батыры Рысбек
Шінетұлыға арналған ескерткіш. Жуалы ауданының орталығы
Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік – шығысында
Алматы – Ташкент автомобиль жолынан 220 метр жерде
орналасқан.
Рысбек батыр ескерткіші екі баспалдағы бар тұғырға
орнатылғандай әсер береді. Бетоннан құйылған мүсіннің биіктігі
2,6 метр. Қаратаудың кӛк мраморымен қапталған. Ескерткіш
тұғырының биіктігі 2 метр.
Рысбек батыр ескерткіші батырдың туғанына 250 жыл
толуына байланысты 1991 жылы қазан айында ұрпақтары
орнатқан.
Батыр ескерткішінің авторы сәулетші З. Тасбеков.
Садыбай – Байтана ескерткіш кесенесі
Есім ханның тұсында қазақ жерін жоңғар басқыншыларынан
қорғауда шейіт болған Садыбай мен Байтана батырларға
арналған ескерткіш.
Садыбай – Байтана ескерткіш кесенесі Жуалы ауданының
орталығы Бауыржан Момышұлы ауылының солтүстік –
шығысында, Алматы – Ташкент автомобиль жолынан 250 метр
43
жерде орналасқан.
Ескерткіш кесененің биіктігі 6 метр, ал кӛлемі 8 шаршы
метр. Ақ селикат кірпіштен ӛрілген, тӛрт бұрышы мұнара
тәріздес болып келген де тӛбесіне күмбез орнатылған. Кесененің
алдындағы алаңға қуғын – сүргін, ашаршылық, Ұлы Отан соғысы
және тылдағы қайтыс болғандарға арналған мрамор тақталар
орнатылған.
Ескерткіш 1993 жылы 24 қазанда ашылды. Бұл кесене
ескерткішті батыр бабаларының ерлік - ӛнегесін қадір тұтқан
Садыбай мен Байтананың бүгінгі ұрпақтары тұрғызған.
Бауыржан Момышұлының мұражайы мен ескерткіші
Батыр жерлесіміз – Кеңес Одағының батыры, Екінші
дүниежүзілік соғыстың даңқты қаһарманы, полковник Бауыржан
Момышұлының мұражайы мен ескерткіші аудан орталығының
оңтүстігінде, Қайрат елдімекенінің аймағында, Мыңбұлақ орта
мекетбінің шығыс жағында орналасқан.
Мұражай 1995 жылы 5 мамыр күні батырдың 85 жылдығына
орай салтанатты түрде ашылды. Мұражай алдына Бауыржан
Момышұлының
бюсті
орнатылған.
(Бұрын
ол
бюст
Кременевский (Шақпақата) совхозының әкімшілік үйінің
алдында болатын) Батыр ескерткішінің тұғыры екі баспалдақ
мрамор текпішектен тұрады. Ескерткіштің тұғырымен қоса
есептегенде биіктігі 3,5 метр болады. Батыр мұражайының
композициясы ашылған кітап пен ортасынан жоғары шығып
тұрған жазу қаламсабын бейнелейді.
Мұражайдың ішінде Бауыржан Момышұлының Екінші
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлігін баяндайтын мол
мәліметтер жинақталған. Батырдың пайдаланған жеке заттары,
әскери құралдары, жазған еңбектері, Бауыржан туралы басқа
авторлардың кітаптары т.б. заттар қойылған.
Мұражайдың басқа бӛлігінде батырдың майдан кӛрінісі
туралы кӛптеген суреттері мен хаттары, Куба сапары, Жуалылық
батыр жауынгерлер туралы кӛптеген деректі құжаттар орын
алған.
Мұражай алдындағы алаңда сәнді гүлзарлар жасалып,
гүлдер егілген. Бауыржан Момышұлы мұражайының жобасын
44
сәулетші Т.Жылыбаев жасаған.
Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған тарихи
ескерткіштер Жуалы ауданында 10 шақты елдімекендердің
орталықтарында орнатылған. Ол ескерткіштердің композициясы
әртүрлі, ал негізгі мақсаты болашақ ұрпақты ерлік дәстүрге,
отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады.
1.
Бауыржан
Момышұлы
ауылындағы
Жауынгер
жерлестерге арналған ескерткіш. Бұл тарихи ескерткіш аудан
орталығы Бауыржан Момышұлы ауылының орталығында,
әкімшілік ғимаратының жанына орнатылған. Ескерткіш
мемориалдың тұғырымен қоса есептегендегі биіктігі 5 метр.
Алдына мәңгілік алау орнатылған.
Жауынгер Жуалылық жерлестерімізге арналған бұл тарихи
ескерткіш тӛрт бұрышты мрамор тасынан тұрғызылып ең
тӛбесіне жұлдыз орнатылған. Бұл ескерткіш те жеңіс күнінде,
басқа да салтанатты жағдайларда, сол сияқты жаңадан отау
құрған жас жұбайлар гүл шоқтарын қойып, тағзым етіп жатады.
2. Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған
ескерткіш. Қарасаз ауылының орталығындағы мәдениет үйінің
алдына орнатылған. Бұл ескерткіштің алдындағы тақтаға соғыста
опат болған Қарасаз елдімекенінің жауынгерлерінің аты – жӛні
жазылған.
3. Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған
ескерткіш. Жаңаталап ауылындағы мәдениет үйінің алдына
орнатылған. Бұл тарихи ескерткіш соғыстан баласын күткен ана
бейнесінде жасалған, биіктігі тұғырмен есептегенде 3 метр.
Ескетркіштің жанына орнатылған мрамор тақтатасқа сол
елдімекеннің Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің
есісмдері қашалып жазылған.
4. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлер
мемориалы. Қошқарата елдімекенінің орталығына орнатылған.
Бұл тарихи ескерткіш 1978 жылы қойылды. Ескерткіштің биіктігі
тұғырмен қоса есептегенде 4,5 метр. Онда соғыстан ұлын күткен
ана образы бейнеленген. Ескерткіштің артқы жанындағы мрамор
қабырғаға Қошқарата аймағынан соғысқа кетіп оралмаған
45
жауынгерлердің аты – жӛні қашалып жазылған.
Бұл тарихи ескерткіш бұрынғы ХХІІ партсъезд колхозының
тӛрағасы, ХХІІІ - съезд делегаты болған Жұрынбай Медетовтың
басшылығымен салынды.
5. Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған тағы
бір тарихи мемориал ескерткіш Шақпақата ауылдық округіне
қарасты Ынтымақ ауылындағы мектеп ауласына орнатылған.
Мемориал 2006 жылы 9 мамыр - Жеңіс күніне орай ашылды.
Оның тұғырымен қоса есептегендегі биіктігі 4,5 метр болады,
композициясы үш бӛлек гранит тастан тұрады.
Бірінші биік гранит тақтаға осы Ынтымақ ауылынан Ұлы
Отан соғысында қайтыс болғандардың тізімі жазылған. Екінші
орташа гранит тақтада Ұлы Отан соғысына қатынасып, кейін
бейбіт кезде қайтыс болғандардың аты – жӛні кӛрсетілген.
Үшінші одан аласалау тақтаға тылдағы майдан үшін еңбек етіп
жүріп қайтыс болғандардың тізімі қашап жазылған.
Бұл Ынтымақ ауылындағы мектеп ауласына орнатылған бұл
тарихи ескерткіш жастарды отаншылдыққа, ерлікке тәрбиелейтін
бірден – бір қасиетті орын болып табылады. Ескерткіш Ынтымақ
ауылының тұрғындарының қаржысына салынған.
6. Ұлы Отан соғысында құрбан болған жауынгерлерге
арналған ескерткіш. Қарасаз ауылдық округіне қарасты
Ақбастау ауылында да бар. Ескерткіш Ақбастау ауылындағы
Б.Майлин атындағы орта мектептің алдына орнатылған.
Ескерткіш қабырғасындағы мрамор тақтаға Ақбастау ауылының
Ұлы Отан соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аты – жӛні
жазылған. Ескерткіш 2005 жылы ашылды, ол ауыл
тұрғындарының қаржысына салынды.
7. Ұлы Отан соғысы құрбандарына арналған ескерткіш
мемориал. Қызыл арық ауылдық округіне қарасты Теріс
ауылындағы әкімшілік ғимаратының алдына орнатылған. Онда
автомат ұстаған жауынгер бейнеленген. Тұғырмен есептегенде
ескерткіш мемориалдың биіктігі 4 метр болады. Ескерткіш
алдындағы мрамор тақтада осы елдімекеннен аттанып, Ұлы Отан
соғысында опат болған жауынгерлердің аты – жӛні қашалып
жазылған.
46
Осы жоғарыдағы кӛрсетілген патриоттық рухтағы Ұлы Отан
соғысының құрбандарына қойылған ескерткіш Тасбастау және
Қарбастау елдімекендерінде де бар.
Депортацияланған поляк халқының ӛкілдеріне арналған
ескерткіш
Бұл ескерткіш Шақпақата ауылдық округіне қарасты
Шақпақ станциясындағы теміржол маңындағы тоғайдың ішінде.
Ескерткіштің пішіні, биіктігі 3,5 метр. Ескерткіштің алдыңғы
бетінде осы Жуалы жеріне келіп қайтыс болған депортацияланған
поляктардың аты – жӛні жазылған.
Бұл ескерткіштің осы Жуалы жеріндегі Шақпақ станциясына
орнатылу
себебі,
1940
жылдың
желтоқсан
айында
депортацияланған поляктар эшолоннан осы станцияда түсірілген.
Сонда жол - жӛнекей поезда қайтыс болғандарды алғаш осы
жерге жерлепті.
Ескерткішті 2002 жылдың маусым айында поляктар
тұрғызды. Жыл сайын бұл ескерткіштің басына сонау алыстағы
поляк жерінен сол депортацияның құрбаны болғандардың
ұрпақтары, жақындары келіп еске алып, гүл шоқтарын қойып
тұрады.
Біздің тарихымыз – Атамекен туған жеріміздің тӛл шежіресі,
оны келер ұрпақтың санасына сіңіру бүгінгі күннің басты талабы.
Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау, қорғау және оны
қолдануға игі бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі
Қазақстанның алдында тұрған маңызды міндеттермен қатар
мәдени мұрамызды дамыту мәселесі туралы Үндеуімен тығыз
байланысты.
Осыған байланысты «Мәдени мұра» атты мемлекеттік
бағдарлама да жасалды.
Қазіргі
кезде
археологиялық
деректер
негізінде
Қазақстанның
ежелгі
және
ортағасырлардағы
тарихы
жинақталуда. Мұндай археологиялық зерттеу жұмыстары Жуалы
жерінде де жүргізе бастады.
47
Жуалы ӛңіріндегі тарихи – мәдени ескерткіштер
48
ІІ Жуалы жерін қорғаған батырлар, тарихи тұлғалар
49
Зерттеліп, жазылған тарих кітабы жоқ халық болуы
мүмкін, ал тарихсыз халық болуы мүмкін емес. Демек ол,
тарихсыз халық жоқ, ал халықсыз тарих жоқ деген сӛз.
Егемендік тізгінін ӛз қолына алған қазақ елінде ұлттық сана
- сезімнің оянуы әсіресе соңғы кезде айқын байқалуда.
Отаршылдық, сондай - ақ империялық әміршіл жүйе кезіндегі
тарихымыздың қақпағы қайта ашылып, қазақ елі ӛзінің тарихи
тамырларын ыждағатпен қайта тірілте бастады. Соның
нәтижесінде айбарлы хандарымыз, дана билеріміз, ел қорғаны
болған
батырларымыз,
жоталы
жырауларымыз
ұлттық
тарихымыздан ӛз орнын алды.
Мың ӛліп, мың тірілген қазақ елінің тарихы ерлікпен,
батырлықпен, қаһармандықпен жазылғаны даусыз. «Ӛсер ел
тарихын таспен жазады, ӛшер ел тарихын жаспен жазады» -дейді
дана халқымыз. Әрине, осынау кең байтақ қазақ жерін найзаның
ұшымен, білектің күшімен қорғап қалып, бізге мұра етіп
қалдырған батыр ата - бабаларымыз екені даусыз. Олардың
арасында есімдері алты алашқа, бүкіл қазақ еліне, ең бергісі ұлан
байтақ бір аймаққа белгілі, жауға қарсы күресте ұйытқы болған
батыр бабаларымыздың ӛнегелі істерін жұртшылыққа жеткізу,
оларға тарих тӛрінен орын беру қазіргі ұрпақ парызы.
Айбынды
батырларымыздың
әруағы,
ұлтжандылық
касиеттері, ӛнегелері жас ұрпақтың Отансүйгіштік сезімін оятуға,
ой - ӛрісін кеңейтуге ықпал ететіні сӛзсіз. Жан алысып, жан
беріскен небір қантӛгіс шайқастарда қаймықпай қол бастаған
батыр бабаларымыздың ұлағатты ӛмірінен тәрбие алып, оларды
қастерлей білуіміз қажет.
Біз қазақ деген, тіріден дана тапппасақ та ӛліні әулие тұтқан,
тіріге қыймаған қадір мен қасиетті әруақтардан іздейтін жұртпыз.
Қазақстанның басқа аймақтары сияқты Жуалы ӛңірінің де
Қойгелді, Қарабатыр, Рысбек, Жомарт, Сеңкібай, Құлан, Ақпан,
Байтана, Садыбай, Шоқан т.с.с. басқа да қазақ елінің тәуелсіздігі
мен оның жерінің тұтастығын жанкештілікпен қорғаған
батырларының болғандығы тарихтан мәлім. Олардың есімдері
тек қана аудан, облыс кӛлемінде ғана белгілі болып қалмай,
50
бүкіл елімізге таныстырылып дәріптелуі тиіс.
Ӛз заманында, одан бергі ондаған жүздеген жылдар,
ғасырларда қазақ елі мен жерін күңіренген қасірет пен
қаһармандықтың мәңгілік ізі қалған осынау Жуалы ӛлкесі де
талай тарихи оқиғаларды бастан кешірген. Оған ұрпағын жалғап
қалған ел, ұлы кӛштің ізін сақтап қалған Жуалы жері куә. Сол
замандар сырын тыңдап, дүние тәлімін тануды мұрат тұтқан
ӛрелі ұрпаққа, мың жардан хабар беріп, мұраға қалған ата
тарихымыздың мәңгі бақилық ұлы тарихы жатыр. Енді сол
тарихқа кезек берсек.
XVIII ғасырдағы ауызекі тарихи дәстүр түрлерінің бірі - сол
кездегі әйгілі жыраулар айтқан қазақ толғаулары болып табылады.
Бұл жырлар мен толғаулар қазіргі тарих ғылымына кең кӛлемде
деректемелер береді. Мысалы: Ш.Уалихановтың «Абылай
туралы
жыр»,
Кӛкбай
жазған
«Сабалақ»,
Олжабай
Нұралыұлының «Сабалақ - Абылай хан» дастандары, батырлар
жыры циклындағы «Бӛгенбай батыр», «Ер Жәнібек», «Қабанбай
батыр», «Тӛле би мен Қойгелді батыр» жырлары тарихи
оқиғалардан мәлімет береді. Оған дәлел Бұхар жыраудың
«Қабанбай батыр» дастанына сүйенсек, мыңдықтан жасақ құрған
ұзын саны 29 сарбаздың, батырлардың рулары мен есімдері
аталады. Олар: 1.Қара керей Қабанбай, 2.Қанжығалы Бӛгенбай,
3.Кӛк жарлы кӛкжал Барақ, 4.Шаңышқылы Бердіқожа, 5.Керей
Жанатай, 6.Тоғас Қосай, 7.Тума Шағалақ, 8.Мұрын Боранбай,
9.Үйсін Саршуаш, 10.Қыпшақ Есім хан, 11.Қыржы Бостан,
12.Тарақты Баймұрат, 13.Тоқпақ Қосабай, 14.Матай батыр,
15.Шынқожа, 16.Шойбек Сеңкібай, 17.Қаңлы Құлан, 18.Сіргелі
Елшібек, 19.Қаратай, 20.Ысты Тӛлек, 21.Сиқым Шінетұлы
Рысбек, 22.Ботбай Сәмен, 23.Шымыр Қойгелді, 24.Қоңырат
Тӛлебай, Болат. 25.Рамадан Алшынбай, 26.Қарақалпақ
Құлашбек, 27.Жаныс Ӛтеген, 28.Шапырашты Наурызбай
батырларды білеміз. Бұл қазақ мыңдықтарын басқарған
батырлардың есімдері рулық, жүздік деңгейден асып, жалпы
ұлттық межеге кӛтерілгенін аңғарамыз. Олардың даңқы бір ғана
Аңырақай шайқасында емес, басқыншы жаудан қазақ жерін
толық азат еткенше есімдері ұлы далаға аңыз болып, ұранға
51
айналған.
XVII ғасырдың 80 - жылдарынан бастап жоңғар тайшылары
Жетісудағы, Шу мен Талас ӛзендері бойындағы казақ
қоныстарын қолда ұстап тұрғанымен нақты билік етуге қол
жеткізе алған жоқ еді. 1699 жылы жасаған жоңғар
шапқыншылығының жорығына Жетісу ғана емес Шу мен Талас
ӛзендерінің алқабындағы қазақтар тойтарыс берді. Оған Тәуке
ханның мықты билігі ықпал етті. Жоңғарлармен қақтығыстарға
қазақ жасақтары жауап ретінде 1702 - 1703 жылдары Жоңғария
мен Еділ қалмақтарына шабуыл ұйымдастырды. 1708 жылы қазақ
жасақтары жоңғарлардың қайта басып кіруіне тойтарыс берді.
1709 - 1712 жылдарғы соғыста екі жақ та алма кезек табыстарға
жетіп отырды.
Сарыарқаның аумағындағы Қарақұм деген жерде 1710
жылдың күзінде үш жүздін билері мен батырларының басын
қосқан құрылтай ӛтті. Онда Жоңғар хандығына бірігіп тойтарыс
беру мәселесі қаралғандығы тарихтан белгілі. Қарақұмдағы халық
құрылтайына қатысқан түрлі ӛкілдердің пікірлері бір жерден
шықпай соңы дауға ұласты. Осы кезде ақсақалдар алдына шыққан
Бӛгенбай батыр жейдесін жыртып жіберіп, кеудесін жалаңаштап:
«Таланған кӛштің, тұтқындалған бала - шағаның бейшара
бақылаушысы болып отырман. Жаудан кек аламыз, ӛлсек, қару
ұстап ӛлеміз! Қыпшақ даласының сарбаздарының жалтарған кезі
болды ма?! Мен қолымды жау қанына малғанда, сақалымды
қырау шалған жоқ болатын! Жаудың зұлымдығына шыдап отыра
алман! - деген сӛзінен кейін құрылтайға қатысушылардың
барлығы Бӛгенбайдың ұранынан айнымауға ант берген еді. (Қазақ
тарихы 3Т. Алматы: Атамұра, 2002, 214б)
Тарихшы Н.М.Маев: «Қарақұмдағы халық құрылтайында
әйгілі батыр Бӛгенбай ӛз отандастарын бірсыпыра уақытқа
жігерлендіре білді, сӛйтіп оларды бастап, қалмақтарды
талқандады» деп кӛрсетті. (Очерки истории киргизского народа с
1732 по 1868 год СПб,1873, 41б). Сол жерде Бӛгенбай батыр
қазақтардың жетекшісі болып сайланып хан билігі
Әбілқайырға берілген еді.
1713 жылы жоңғар жасақтары шабуыл қимылдарын
52
жаңадан
ӛрістетті,
1717
жылы
соғыс
қимылдарының
шоғырланған жері Аягӛз ӛзенінің бойы болды. 1718 жылдың
кӛктемінде жоңғарлар Жетісудан Арыс, Бӛген, Шаян ӛзендері
бойына жорық жасап Түркістанға бет алды. Қазақ халықтарының
бытыраңқылығын пайдаланып жоңғар билеушілері 1723 жылы ӛз
әскерлерін Қазақстан жеріне аттандырды. Жетісу мен Ертіс
ӛңірінің қазақтары бірінші болып жау табанына түсті. Ол жылдар
халық жадында - қасіреті жылдар ретінде сақталып, «Ақтабан
шұбыранды, Алқакӛл сұлама» деп аталды; 1723 жылы наурыз
айының соңында, жоңғарлар ірі - ірі жеті топпен қозғалып, 70
мыңнан асатын қалың қолмен шабуыл жасады. Қыс жұтынан
әбден қажыған қазақ қауымдары күшті қарсылық кӛрсете
алмады. Қаратауда, Арыс ӛзені алабында жоңғарлар ойран
салды. Қазақ рулары Сырдария жаққа қашып, бас сауғалады.
Сол кездегі жоңғарлар мен қазақ иеліктерінің арасындағы шекара
Ұлытау, Балқаш кӛлі мен Шу, Талас ӛзендері арасындағы ӛңір
болды.
1723 - 1725 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан
қырғыздар, ӛзбектер, қарақалпақтар да кӛп зардап шекті.
Сӛйтіп, халықтың қырып - жойылуына жол бермеу үшін,
енді сұлтандар мен рубасыларынан үмітін үзген халық ӛзін - ӛзі
құтқаруға кірісті. 1723 жылғы жеңіліс қазақ халқының еркі мен
рухын жасыта алмады. 1724 жылдың ӛзінде – ақ қазақтар
Әбілқайырдың басшылығымен алғашқы жеңістерге жетті, ал 1725
жылы басқыншыларға алғаш рет тойтарыс берілді.
Жоңғарлардың қазақ жерінің Отырар, Шымкент, Түркістан,
Сайрам аймағынан қуып шығу кезінде қазақ жасақтары
қаһармандық пен жанқиярлық ерліктер кӛрсете білді.
Қаратаудағы Теректі алқабында Боралдай саласы бойында,
Садырқамал деген жерде (Бұл аталғандар Жуалы ауданының
Қошқарата аймағындағы жерлер) қалмақтардың қолын
Үлкентұра тауына қуып тығып, тас талқан етті. 1725 жылы
Шұбаркӛл аймағында Шақшақұлы Жәнібектің басшылығымен
жоңғарларға күйрете соққы берілді. 1726 жылы Ордабасыда
басқыншы жауға бүкілхалықтық тойтарыс беруді ұйымдастыру
туралы құрылтай болды. Онда Әбілқайыр қазақ жасағының
53
қолбасшысы болып сайланды.
Қазақ қоғамының жігерленген рухы Ордабасыдағы
құрылтай соң жалпыға бірдей бірлікке қол жеткізді. Отан
соғысында күрт бетбұрыс жасады. Сырдарияның тӛменгі ағысы,
Арыс ӛзенінің аңғары, Қаратау сілемдері, Талас ӛзенінің бойы,
Мұғалжар тауларының бір бӛлігі жаудан азат етілді. Бұланты
шайқасы қазақ жасақтарының жеңіске деген зор ерлік жігерін
кӛрсетті. Онан соң Аңырақай шайқасындағы қазақтардың ірі
жеңісі шешуші роль атқарды. Ұрыс қимылдары болған 200
шақырымдай жерді алып жатқан алқаптағы бұл соғысты ғасыр
шайқасы деп атауға болады.
Қаратаудың, Ұлытаудың, Сарыарқа мен Жетісу жерлерін
азат ету оқиғалары халықтың тарихи жадында мәңгілікке
жазылды. Жуалы жеріндегі Ақтасты, Шаңлақты және одан тыс
Бұланты, Аңырақай шайқастары қазақ халқының тарихи
қаһармандық символына айналды.
Тартысты тарихи оқиғаларға толы ХVIII ғасырдың 40 шы
жылдары қазақ - ойрат текетіресінің, кескілескен кезеңінен,
ымырасыз екі тұлғаның (1745 жылы Қалдан Сереннің, 1748
жылы Әбілқайырдың) ӛлуімен аяқталды. Соған байланысты
ойрат хандығында билік үшін күрес басталып, қазақ хандығында
хан билігінің әлсіреу кезеңі туып, Қазақстанды орыс -
казактардың ашық әскери отарлауы үшін негізін ұлғайтты.
Ұзаққа созылған жоңғар - қазақ соғысының ең соңғы
кезеңі қазақ халқының жадында «шаңды жорық» деген атпен
қалды.
XVII ғасырдың орта шенінде Еділде пайда болған Қалмақ
хандығы бір жарым ғасыр бойы жаулық саясат жүргізді, XVIII
ғасырдың ортасында Жоңғарияны Цин империясы біржола
талқандадады.
Осы
кезде
халықтың
санасында
туған
Жоңғариясына қайта оралу туралы арман ұялап, ақырында 1771
жылы ұлы кӛш басталып кетті. Жол - жӛнекей қалмақтар үлкен
қырғынға ұшырады, жеңісті шайқастардың ӛзі де қазақ халқына
сансыз кӛп қасірет әкелді. Онан кейін XVIII ғасырдың 80 ші
жылдары - XIX ғасырдың басы Оңтүстік Қазақстанның қазақтары
Ташкент иелігінің құрамында болды, Ал XIX ғасырдың 10 - 20
54
жылдары Қоқан мен Хиуа хандықтарына қарсы Оңтүстік
қазақтарының азаттық күрестері жүргізілді.
Қоқандықтар үстемдік еткен дәуірді шартты түрде екі
кезеңге бӛлуге болады. Біріншісі жаулап алудың басталуынан
1810 - 1840 жылдардың басына дейінгі уақытты қамтиды,
екінші кезең 1865 жылғы саяси - әлеуметтік дағдарыс кезеңіне
аяқ басуымен басталып Ташкентті орыс әскерлерінің алуымен,
осы аймақтың Ресей империясының билігіне кӛшуімен
аяқталады.
Қазақтар қоқандықтарға карсы жиі - жиі кӛтеріліске шығып
отырды, алайда іс - қимылдарының үйлесімсіздігі, бірлік
болмауы,
мылтық
және
артиллериямен
қаруланған
қоқандықтардың, әскери басымдықтарынан кӛтерілістердің
сәтсіздікке ұшырауына себеп болды.
Содан кейінгі кезеңде, яғни XIX ғасырдың, екінші
ширегінде Қазақстанда Ресей әкімшілік саяси жүйесінің
енгізілуіне байланысты 1820 - 1840 жылдар аралығында
қазақтардың отаршылдық үстемдікке қарсы ұлт - азаттық күресі
жүргізілді. Тарихтан белгілі Саржан сұлтан бастаған 1825 - 1836
жылғы, Исатай мен Махамбет бастаған 1836 - 1838 жылғы,
Кенесары Қасымұлы бастаған 1837 - 1847 жылдарғы халық
азаттық кӛтерілістері осының айғағы.
Онан кейінгі XIX ғасырдың 1850 - 1860 жылдардағы
Оңтүстік Қазақстанды Ресей империясының жаулап алуы сияқты
оқиғалар оған қатынасушы тұлғалармен бірге қазақ тарихының
беттеріне жазылды.
Достарыңызбен бөлісу: |