ҚОРЫТЫНДЫ
Медицинада физикалык әдістемелер бұрыннан
бері колданылып келе жа-
тыр. Баяғы заман кезінде де емдеу максатында адам денесінін кейбір бөлік-
терін сынау кезінде салкындату немесе қыздыру аркылы жүргізілген.
Көптеген ғалымдар, дәрігерлер және физиологтар, өздерінің кәсіптік және
өмірлік істерінде физикалық мәселелерді жан-жақты карастырған. Кейбір ұлы
ғалымдардың жұмыстарын үлгі ретінде атап өтелік.
Юнг Томас
(1773—1829) — бірнеше университет бітірген, онда медици
на оқып үйренген, кейінен физикаға қызығушылығы арткан.
Көздің акко-
модациясын өзгерісімен түсіндірген, бірінші рет жарык интерференциясын
түсіндірді, «интерференция» терминін енгізді, түрлі-түсті көру теориясын да-
мытты, адам денесінің деформациясын зерттеді.
Пуазейль Жан Луии Марк (\
799—1869) — француз физигі және физиолог.
Жұқа цилиндрлі түтікшелердегі сұйыктықтың ағысын және ішкі үйкелісін
зерттеді, кан кысымын өлшеу үшін ең алғаш сынапты манометрді кол-
данды.
Майер Юлиус Роберт
(1814—1878) — неміс дәрігері. Кеме дәрігері ретінде
жүмыс істеп, матростардың веналыққанның түсі тропикте және солтүстік бел-
деуде әртүрлі болатындығын аныктады. Бұл оған кабылдаған тағам мен жылу-
дың бөлінуі арасында байланыс бар екендігін және жылу мен жұмыс бір-біріне
түрленетінін (айналатынын) аныктады. Майер энергияның сақталу заңы мен
түрленуін бірінші аныктаған ғалымдар катарына жатады.
Гельмгольц Герман Людвиг Фердинанд
(1821—1894) — неміс дәрігері. Фи
зиолог және физик. Энергияның сақталу заңын математика түрінде негіздеді,
оның жалпылама негізін түсіндірді, химиялык үдерістердің
термодинамика-
лык теориясын күрды, физиологиялык акустикада және физикалык кору са-
ласында үлкен жетістіктерге жетті, жүйке козуы таралуының жылдамдығын
бірінші рет өлшеді.
Дарсонваль Жак Арсен
(1851 — 1940) — француз, физик жэне физиолог.
Медицинада электрді
колдану мәселесімен айналысты, электрофизиоте-
рапияның негізін калаушы. Физикалык жетістіктерін медицинада колда
ну әлі де жалғасын табуда. Оның XX жүзжылдыктың кейбір мысалынан
келтірейік: электромагниты толкындардың алынуы — микротолкынды
терапия, радиоактивтіліктің ашылуы — рентгенді диагностика, рентгенді
терапия, радиоактивтіліктің ашылуы — радиодиагностикасы жэне радио
терапия, лазердің пайда болуы — лазерлі терапия
жэне лазерлі хирургия
жэне т.б.
Окулықтан көріп отырғанымыздай, физиканың кезкелген саласы медици-
налык колданыс тапкан механикалык техника түгелімен физикалык үдерістер
мен зандылыктарға сүйенген екен.
Міне, сондыктан физика-математикалык және биофизикалык білім жоға-
ры медициналыкбілімнің маңызды элементі болып табылады, ол адам ағзасын
жан-жакты зерттеуде маңызды рөл аткарады. Бұл медицинаны накты ғылым
ретінде дамытуда үлкен мәні бар екенін көрсетеді.
Окулыктын окырманы XX ғ. дәрігері ретінде накты ғылымдардың түсінік-
терін колданады, тәжірибеде компьютерді
және медициналык техниканы
кеңінен пайдаланады.