Байганова А. М., Наурызова Н. К. Информатиканы оқыту әдістемесі (оқу құралы) Актобе, 2020


STEM технологиясын енгізу шарттары



Pdf көрінісі
бет45/92
Дата18.10.2022
өлшемі1,47 Mb.
#43818
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92
STEM технологиясын енгізу шарттары: 
1. Талантты балаларды іздеу, қолдау және сҥйемелдеудің тармақталған 
жҥйесін қҧру қажет.
2. Әрбір жалпы білім беретін мектепте дарынды балаларды анықтауға 
арналған шығармашылық ортаны дамыту қажет. Жоғары сынып 
оқушыларына бейіндік дайындық бағдарламаларын игеруге жағдай 
туғызатын сырттай оқу, кҥндізгі-сырттай оқу және қашықтықтан оқыту 
мектептерінде оқу мҥмкіндігін ҧсыну қажет.
3. Қалыптасқан талантты (дарынды) балаларды қолдау жҥйесін дамыту 
керек. Елдегі бірқатар университеттердің жанындағы физика-математикалық 
мектептер мен интернаттардың жҧмыс тәжірибесін таратқан жӛн.
4. Дарынды балалармен жҧмыс экономикалық тҧрғыда орынды болуы 
тиіс. Жан басына қаржыландыру нормативін білім беру мекемесінің ғана 
емес, оқушылардың ерекшеліктеріне сәйкес анықтаған жӛн. Оқушының 
жоғары нәтижеге жетуіне себепкер болған мҧғалім айтарлықтай 
ынталандыру тӛлемдерін алуы тиіс. 
5. Отандық ҧстаздықты моральдық және материалдық қолдауы жҥйесін 
енгізу қажет. Ал ең бастысы - ҧстаздық қызметке талантты жастарды тарту 
керек. 
Қазақстанда STEM-білім беру белсенді дамуда. Республика 
мектептеріне Білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға 
арналған мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде STEM-оқыту мәнмәтініндегі 
жаңартылған білім беру мазмҧны енгізілді. Жаңа білім беру саясатын жҥзеге 
асыру ҥшін оқу бағдарламаларына жаңа технологияларды, ғылыми 
инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-
элементтерін енгізу жоспарланды.


75 
Оқытудың жаңа пәнаралық және жобалық тәсілі енгізіледі. Ол 
оқушылардың зерттеу және ғылыми-технологиялық әлеуетін кҥшейтуге, сын 
тҧрғысынан 
ойлау, 
инновациялық 
және 
шығармашылық 
ойлау, 
проблемаларды шешу, коммуникация және топтық жҧмыс дағдыларын 
дамытуға ықпал етеді. Жаратылыстану-математикалық бағыт пәндері 
арасындағы «ортақ тақырыптар» саны артады. 2015-2016 оқу жылынан 
бастап бірінші сынып оқушылары жоғарғы сыныптарда жаратылыстану 
ғылымдарын оқуға негіз болып табылатын "Жаратылыстану" пәнін оқиды. 
Сонымен қатар, 2016-2017 оқу жылынан бастап барлық мектептерді АКТ-
мен, 
сандық 
білім 
беру 
ресурстарымен, 
Интернет 
желісінің 
қолжетімділігімен жабдықтауды бастау жоспарланған. Сонымен бірге 2019 
жылы жоғары сыныптарда жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер 
ағылшын тілінде оқытылатын болады, бҧл жаңа білімді тҥпнҧсқа тілінде 
оқып білуге және әлемдік ғылыми қоғамдастыққа кіруге ықпал ететін 
болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   92




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет