77
ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҦМЫСТАР
Практикалық жҧмыс №1.
Информатика негіздерін оқытуды ҧйымдастыру
Жоспары:
1. Мектептің информатика
кабинеті
2. Информатиканы
оқытудың тҥрлері мен әдістері. Оқытудың
ҧйымдастыру тҥрлерінің жҥйесі
Әдістемелік нұсқау
Информатика кабинеті – бҧл оқыту
есептегіш техника кешенімен
(ОЕТК),
интерактивті
тақтамен,
оқу-кӛрнекі
қҧралдармен,
оқу
жабдықтарымен, жиһазбен, ҧйымдастырушылық техникамен, сонымен қатар,
информатика курсы бойынша теориялық, практикалық және сыныптан тыс
факультативтік
сабақтарды, басқа да білім беру пәндерін ақпараттық
технологиялардың кӛмегімен ӛткізуге жабдықталған заманауи білім беру
мекемесінің оқу-тәрбиелік бӛлімшесі.
Информатика кабинеті мына міндеттерді орындауға арналған:
оқушылардың заманауи есептегіш техниканың қҧрылысы,
қызметі
және пайдалану саласы туралы білімдерін қалыптастыру;
ЭЕМ-нің кӛмегімен есептерді шешу ептіліктері мен дағдыларын
қалыптастыру, заманауи ЭЕМ-ді бағдарламалық
қамсыздандыруды
және ақпараттық ресурстармен жҧмыс жасауға пайдалану;
оқушыларды есептегіш техниканың ӛндірісте, жобалауқҧрастыру
ҧйымдарында, ғылыми мекемелерде, оқу ҥрдісінде
және басқаруда
қолданылуымен таныстыру;
оқу мекемесіндегі оқу-тәрбиелеу ҥрдісін ҧйымдастыру және оқыту
әдістерін жетілдіру
Информатика кабинетінде ӛтетін сабақ табысты болуы ҥшін оқу-тәрбиелік
ҥрдістің арнайы шарттарын қҧру қажет, олардың қҧрамына ӛзара
байланысқан қҧрамдас
компоненттер кіреді, атап айтқанда:
материалдық (сабақ ӛтетін орын; мҧғалім мен оқушының жҧмыс орны;
оқу-кӛрнекі қҧралдар және оқу жабдықтары; оқытудың техникалық
қҧралдары);
гигиеналық (санитариялық шарттар;
температуралық, жарықтық және
ауа режімі);
эстетикалық (кабинеттің безендірілуі);
эргономикалық;
қауіпсіздік техникасы.
Достарыңызбен бөлісу: