Ф 11-19 Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна 7М1530 Информатика мамандығының магистранттарына арналған «жоо-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы»



бет1/11
Дата13.01.2023
өлшемі221,95 Kb.
#61243
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
361815 (1)


Ф.7.11-19


Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна
7М1530 - Информатика мамандығының магистранттарына арналған «ЖОО-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы» пәнінен өзіндік жұмыстарды орындауға

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ



Шымкент, 2022
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН УНИВЕРСИТЕТІ

Информатика кафедрасы


Бейсенова Гульбахрам Исмаиловна

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ

«ЖОО-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы» пәнінен өзіндік жұмыстарға арналған

7М1530 - Информатика мамандығының магистранттарына арналған


Оқу түрі: күндізгі бөлім

Шымкент, 2022


ОӘЖ 681.3.016

Бейсенова Г.И. «ЖОО-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы» пәнінен өзіндік жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау. –Шымкент: ОҚУ, 2022. – __б.

Әдістемелік нұсқау «ЖОО-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы» пәнінің бағдарламасына сәйкес жазылған және өзіндік тапсырмаларды орындауға қажетті материалдармен қамтамасыз етілген.
Әдістемелік нұсқауда «ЖОО-да информатика педагогының әдістемелік дайындығы» курсы бойынша бағдарламалау негізімен, ұғымдарымен, компоненттерімен танысады. Болашақ информатика мұғалімінің кәсіби даярлығының ағымдағы жай-күйін талдап, оны оқытуға қойылатын қазіргі талаптарды айқындау, апараттандыру және бұқаралық коммуникация жағдайында білім беру үдерісінің жаһандануының инновациялық моделі ретінде халықаралық білім беру кластерлерінің мүмкіндіктерін ажырата білу, білім берудің халықаралық кластерлік моделіне негізделген болашақ информатика мұғалімін оқытуды жетілдіру қажеттігі қарастырылған. Әдістемелік нұсқау 7М1530 - Информатика мамандығының магистранттарына арналған.
Пікір жазғандар: Жайдақбаева Л,Қ. –п.ғ.к., М.Әуезов атындағы ОҚМУ-нің
«информатика» кафедрасының доценті.

«Информатика» кафедрасының мәжілісінде қаралып, баспаға ұсынылған.


Хаттама №_1_ «_31__» ____08_______2022 ж.

Жаратылыстану ғылымдары және педагогикасы жоғары мектебінің оқытудың инновациялық технологиялары мен әдістемелік қамтамасыз ету әдістемелік комитетімен бекітуге ұсынған


Хаттама №_1_ «_31__» ____08_______2022 ж.


М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде бекітілді.
Хаттама №__ «___» ___________2022 ж.

© Бейсенова Г.И., 2022


© М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті, 2022


Мазмұны

№ 1 өзіндік жұмыс. Сызықтық алгоритмдер........................................................5


№ 2-3 өзіндік жұмыстар. Тармақты алгоритмдер................................................6
№ 4 өзіндік жұмыс. Циклдік алгоритмдер............................................................8
№ 5-6 өзіндік жұмыстар. Жиымдарды өңдеу.....................................................13
№ 7-8 өзіндік жұмыстар. Тұтынушы функциясын пайдалану.......................15
№ 9-10 өзіндік жұмыстар. Сөз тіркестерін өңдеу.............................................17
№ 11-12 өзіндік жұмыстар. Файлдарды өңдеу...................................................19
№ 13-14 өзіндік жұмыстар. Графикалық режимде жұмыс істеу.....................20
№ 15 өзіндік жұмыс. Мәліметтер құрылымын өңдейтін есептерді программалау .......................................................................................................22

1 өзіндік жұмыс. Сызықтық алгоритмдер


Тапсырмаларды орындау үшін әдістемелік нұсқаулар


Сызықтық құрылымды алгоритм немесе қарапайым сызықтық алгоритм іс-әрекеттердің орындалу ретіне қарай тізбектеле орналасқан блоктардан тұрады. Амалдардың бұлай бірінен соң бірі реттеліп орындалу тәртібін табиғи атқарылу дейді.
Мысалы, y = a+b формуласы бойынша есептеу тіктөртбұрыш арқылы кескінделетін есептеу блогы (3-блок) арқылы өрнектеледі. Ал нәтижені қағазға басу үшін көпбұрышты құжат алу блогын (4-блок) пайдаланып, оның ішіне нәтиженің атауларын жазамыз.

#include


#include
main(){
{
int a,b,y;
clrscr();
printf(“a, b =”);
scanf(“%i%i”,&a,&b);
y = a + b;
printf(“y = %i”, y);
getch(); }

Жоғарыда көрсетілген y=a+b формуласымен есептеу үшін a және b-ның сандық мәндерін ЭЕМ-ге енгізіп (2-блок), содан кейін қосу амалын орындап, ақырында y-ті экранға (қағазға) басып шығарып, жұмысты тоқтатамыз. Осы алгоритмнің схемасы 1.1-суретте көрсетілген, ал оның жанында Си тіліндегі программасы жазылған. Программа мәтінін құру жолдарын келесі тарауларда қарастырамыз.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет