Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет36/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64
автомат, бакалавр
... деген сияқтылардың 
бәрі орыс сөздері емес. Олардың біразы латын, грек тілдерінің, 
кейбіреулері ағылшын, француз, неміс тілдерінің сөздері. Қалай болған 
күнде де, бұл сөздер – орыс тілінің заңдылығына сай азды-көпті 
өзгерістерге түсіп барып қабылданған сөздер.
Біз «халықаралық терминдер» деп аталынып жүрген бұл сияқты 
сөздердің қазақ тіліне енуіне қарсы емеспіз. Енсін. Бірақ біз ондай 
сөздердің орыс тіліндегідей қазақ тілінің заңдылықтарына бағынып барып 
енгенін қалаймыз. Дәлірек айтсақ, жоғарыдағы сөздердің 
абтамат, әктіп, 
бақалабыр, кәбіл, көнүс, мәгістір, іспектр, сипыр 
түрінде қабылданғанын 
жөн көреміз. 
88 


«Ағылшындар «Париж» деп жазып, «Лондон» деп оқиды ғой. Біз де 
тіліміз үйреніп кеткен орыс сөздерін (орыс тілі арқылы енген сөздерді) сол 
күйінде жаза берелік. Ал олардың айтылуын өзгертіп жатсақ, ешкім ұрса 
қоймас», - дейтін ғалымдарымыз да табылып жүр.
Бұлай ойлау, «оқу өтіп кеткендіктен» басқа ешнәрсе емес. Өйткені 
жазылу (орфография) мен айтылу (орфоэпия) – бір-бірімен тығыз 
байланысты, әрі олар ажырамас бірлікте алып қарастырылатын нәрселер. 
Сондықтан болар, ғылыми ортада: «Ең оңай, ең жеңіл тіл – сол тіл, егер 
оның айтылуы мен жазылуы бір-біріне сай келіп жатса» дейтін қағида 
баяғыда-ақ мойындалған. Бұлай болған жағдайда, шындығында да, ондай 
тілді оқыту да, үйрету де, оңай болған болар еді. Тіпті мұндайда тіл 
білімінің орфография, орфоэпия деп аталатын тарауларын оқытудың 
қажеті де болмай қалады.
Ең дұрысы – басқа тілден алмақшы болған сөздерді (терминдерді) өз 
тіліміздің заңдылықтарына бағындырып барып алу. Басқаша айтсақ, 
оларды қазақ тілінің дыбыстық заңдылығына сай түрлі өзгерістерге түсіріп 
барып, тілімізге ендіру. Бұлай ететін, яғни шет тілінен кірген сөздерді өз 
тіліміздің заңдылығына бағындырып барып алуды теориялық қағида деп 
білетін бір біздер ғана емеспіз. Өзін-өзі сыйлайтын, өзін басқа 
халықтармен тең дәрежеде ұстайтын, «өз тіліміз, өз мәдениетіміз бар, жеке 
халықпыз» деп есептейтін басқа халықтардың бәрі де солай істейді.
Осы ойымыздың дұрыстығына дәлел ретінде орыс тіліндегі 
верстак, 
верстать, напильник, пилить 
сөздерін келтіруге болады. Бұл сөздердің 
неміс тіліндегі 
Werkstatt
және 
Nadfil
сөздерінен жасалынғандығын орыс 
ғалымдарының өздері ешкімнен жасырмай-ақ айтып та, жазып та жүр [3: 
117].
Орыс тілінен тағы бір мысал келтірейін. Гректің 
konos
деген сөзін 
орыстар өз тілінің заңдылығына сәйкестендіріп, 
конус
деп аздаған өзгеріс 
жасап алды. Біз болсақ орыстың 
конус
сөзін қазақ тілінің заңдылығына сай 
өзгертіп, 
көнүс
немесе 
көніс
деп алудың орнына, оны орыс тілінде қалай 
айтылып, қалай жазылып жүрсе, ешбір өзгеріссіз 
конус
деп айтып, 
конус 
деп жазып жүрміз. Неге?!
Мүмкін кейбіреулер қазақ тіл біліміне зорлықпен қалыптастырылған 
жалған ережесымақты қайталап: «
Конус
деген
89 


грек сөзі. Ол – халықаралық (интернационалдық) термин. Халықаралық 
терминдерді өзгертуге болмайды», - дейтін шығар.
Солай-ақ болсын делік. Ендеше, халықаралық сөз болып табылатын 
гректің 
konos
сөзін орыстар неге 
конос
демей, 
конус
деп өзгертіп алды?! 
Әлде олар бұл ережені білмей ме?! Білсе, қазақ тіліне тараған жоғарыдағы 
«заңдылық» орыс тіліне таралмай ма?! Таралатын болса, орыстарға 
керексіз болып шыққан бұл «заңдылық» («халықаралық сөздерді өзгертуге 
болмайды» деген заңдылық) қазақ тілі үшін неге осыншалықты құнды, 
осыншалықты мәнді, мағыналы болып шыға келді?!
Мәселенің бәрі осы «шыға келгендікте» жатыр (Бұл - өз алдына бөлек 
сөз етілетін, өте үлкен, әрі күрделі мәселе – Б.Қ.). 
Кейбір тілші ғалымдарымыздың пікіріне ден қойсақ. «Орыс тіліндегі 
біраз сөздердің екі түрлі мағынасы болады екен. Оның бір мағынасы 
жалпыхалықтық мәнде жиі қолданылады да, екінші мағынасы терминдік 
мәнде жиі қолданылады. Мұндай жағдайда әлгі сөздің жалпыхалықтық 
мағынасын қазақшаға аударып, ал терминдік мағынасын аудармай, сол 
орыс тіліндегі қалпында алғанымыз жөн», - дейді (4: 281).
Егер бұл ойды дұрыс деп тапсақ, орыс тіліндегі 
функция
сөзінің 
жалпыхалықтық (термин емес) мағынасын – «қызмет» деп, ал оның 
терминдік екінші мағынасын – «функция» деп алуымыз керек сияқты.
Бұл пікірмен де келісе қою қиын. Өйткені, біріншіден, әр мағынаға 
жеке-жеке балама (сөз) іздесек, сөз (термин) мағыналарын белгілеуге 
тіліміздің сөздік қоры жетпей қалуы мүмкін. Екіншіден, дүние жүзіндегі 
тіл атаулының бәріне тән көп мағыналық дегенді жоққа шығарған 
боламыз.
Бұларды былай қоя тұрғанда, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет