Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет44/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

Терминологиялық Хабаршы, 
Астана 2002. №2, 24-27 бб. 
ҚАЗАҚША ТЕРМИН ЖАСАУ МЕН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ 
БАҚ-тың РӨЛІ 
Тілдің заман талабымен бірге аттап, бірге адымдап отыратын саласы 
оның терминологиясы. Қазақ терминологиясы – өзекті мәселелердің бірі. 
Ұлт терминдерін жасау, оның теориялық және практикалық мәселелері, 
шетел терминдерін аудару-аудармау ісі, терминдердің уәжділігі мен 
түсініктілігі, терминге қатысты тілдік, ұлттық, әлеуметтік, ғылыми 
мүдделер, терминдерге қойылатын талаптар, терминдер арқылы тіліміздің 
баюы, даму жолдары – бәрі-бәрі түбегейлі шешуді талап етеді. 
Бұл мақалада біз бір-ақ мәселеге, атап айтқанда қазақша термин жасау 
ісіне ғана баса көңіл аудармақпыз. Өйткені термин жасау – бірінші кезекте, 
шығармашылық іс, екінші кезекте ол ғылыми мәселе. Сондықтан да 
ғылыми терминдерге «қолдануға қолайлы, түсінуге жеңіл, уәжді, жүйелі 
болуы шарт» деген талап қойылады. Сонда ғана терминдер халық түсіне 
алатын, халық игілігіне жарайтын тілдік бірліктер болып табылады. Ондай 
терминдер халқымыздың рухани байлығын молайтады, тілімізді байытады.
Терминдердің ең басты қызметі – ғылыми ұғымды білдіру, сол 
арқылы ғылымды дамыту дейтін болсақ, бұған дейін бізге түсіндіріліп 
келгеніндей, термин – мамандарға, ғалымдарға ғана қажетті шартты таңба 
емес, ол – халықтың ақыл-ойы, санасы, ұлттық рухани 
109 


қазынасы. Ендеше, терминдер шетел сөздерін қабылдай салу арқылы емес, 
халық тілі негізінде жасалуға тиісті.
Осы жерде біздің қазақша терминдер деген мен қазақ терминдері 
дегендердің айырмашылықтары бар екендіктерін ескерте кеткіміз келеді. 
Қазақ терминдері деп – бұған дейін және қазіргі күндері қолданылып 
жүрген орысшасы бар, ағылшыншасы бар, қазақшасы бар – барлық 
терминдердің жиынтығын айтамыз. Ал қазақша терминдер дегеніміз – 
солардың ішіндегі тек қазақша жасалғандары ғана. Төмендегі әңгіме осы 
соңғы топ төңірегінде болмақшы.
Несін жасырамыз, кеңестік саясаттың салдарынан одақтық
республикалық терминком құрылып, терминдерді одақ бойынша 
стандарттау орталығы (институт) ұйымдастырылып, ұлт тілінде термин 
жасауға тиым алынған кездер болды. «Қазақ тілінде ғылыми ұғымдарды 
білдіретін сөздер жоқ», «ғылыми ұғымдарды латын, грек сөздерімен беру 
керек», «оларды аударуға болмайды» деген жалған қағидасымақтар 
ұсынылады. Мұндай пікірлерді билеушілер ғана айтса түсінікті ғой. Ең 
жаманы оған өзіміздің ішімізден шыққан «оқығандар» қосылып, «қазақ 
сөздері термин жасауға жарамайды», «халықаралық терминдерді аударуға 
болмайды», «термин аударылса, оның түсінігі, мағынасы бұрмаланады», 
«термин шетел сөздері болса, халықтардың жақындасуы тездейді» деп 
ұрандатты. Соның нәтижесінде тіліміздегі терминдердің 70-80 пайызы 
шетел сөздері болып шыға келді.
Егер цифрмен айтар болсақ, тіліміздегі шетел терминдерінің саны жүз 
мың сөз екен. Бұл жүз мың сөз, сөз жоқ, тіліміздің құрылымы мен 
ерекшелігіне қайшы келіп, сөздік қорымызды шұбарлады. Терминдердің 
көбі көпшілікке түсініксіз болып, ғылым халықтан алыстатылды. Оның 
бірден-бір себебі – қазақ тілінде термин жасау ісінің ұлттық негізінде қол 
үзгендігі еді.
Терминдер – «ғылыми ұғымның атауы» деген қағида негізінен дұрыс. 
Бірақ бұл – тар шеңбердегі ұғым. Термин ғылыми ұғымның атауы болумен 
бірге, ол ұлттық сананың, ұлттық ойдың нәтижесі болуға тиісті. Сөйтіп, 
оның қоғамның ішкі-сыртқы сұранысын, рухани талаптарын, мұқтажын 
толық қанағаттандырғаны абзал. Ол үшін, тағы да қайталап айтамыз, 
термин ұлт тілінің негізінде жасалуы керек. 
110 


Қазақша термин жасау үшін не керек? 
Қазақша термин жасау үшін бір-ақ нәрсе керек. Ол – қазақ тілін 
дамытуға, жетілдіруге деген ақ ниет пен шынайы намыс қана. Ниет пен 
намыс болса, бәрі де болады. Біз зардап шексек, сол ниет пен намыстың 
жоқтығынан ғана залал көріп жүрміз.
Қазақша термин жасау үшін, біріншіден, «мынау халықаралық 
термин, оны аударуға қазақшалауға болмайды» деген теріс пиғылды 
доғару керек. Ондай заң еш жерде жазылмаған. Оны шығарып жүргендер – 
белгілі бір себептермен қазақша термин жасағысы, жасатқысы келмей 
жүргендер ғана. Екіншіден, «халықаралық терминдер әбден қалыптасып 
кеткен, қалыптасқан терминдерді бұзбай-ақ қоялық» деген көлгірсіген 
сөзге тиым салған жөн. Күшпен, зорлықпен қалыптастырылған 
терминдерді күшпен, зорлықпен ғана жоюға болады. Үшіншіден, «уақыты 
болсын», «толғағы жетсін», «пісуі келсін» деп ырғалып-жырғалып 
жүргенді қойып, қазақша термин жасауға үлкеніміз бар, кішіміз бар, 
қызметкерлеріміз бар, қызметкер еместеріміз ба – бәріміздің бірден бел 
шешіп кірісіп кеткеніміз абзал.
Мен басқа бір мақаламда «француздың 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет