мәнін бере алмайды», - деп, сәуегейлік айтып,
алдыңғы пікірге қарсы
мақала жариялады. Соның салдарынан көпшілік қазір
нысан
деген сөзді
«объект» сөзінің баламасы ретінде қолданғанымен «субъект» сөзі сол
субъект
күйінде қалды. Міне, пікір сәйкессіздігінің, ала ауыздықтың
кесірі. Яғни терминдерімізде жүйе әр уақыт сақталына бермейді.
Жүйе бар жерде тілді үйрену де оңай, оны еске сақтау да оңай. Егер
«объектіні» -
нысан
(«нысана» емес) дегеннен кейін,
сол ұғыммен бірге
жүретін «субъект» ұғымын әлгі
нысан
сөзімен пішіндес
пысан
сөзімен
атағанда, біріншіден, оларды еске сақтау да, жаттау да оңай болар еді.
Екіншіден, бірі – қазақша, екіншісі – орысша болып жүрген жүйесіздіктен
құтылған болар едік. Үшіншіден, тіліміздегі жүз мың басқыншы
(варваризм) сөздер екі сөзге болса да кеміген болар еді.
«Ең қиын тіл – жүйесіз тіл, ең оңай тіл – жүйелі тіл» дейтін қағида,
міне, осындайдан туса керек.
Рас, қазақша жасалған терминдердің өз ішінде де жүйесіздік
болуы
мүмкін. Ол тілдің табиғатынан болған жүйесіздік емес, әлгі терминдерді
жасаушы мамандардың шалағайлығынан немес білімсіздігінен болған
жүйесіздік.
Шындығын айталық: біз – еліктегіш халықпыз. Жақсыға еліктесек,
жақсы ғой, әрине. Бірақ бұл жердегі әңгіме: жақсы ма, жаман ба, керек пе,
керек емес пе, оған қарап жатпай, әйтеуір өзгенікі болса болды, соған
еліктей беретіндігімізде болып отыр. Мысал келтірейін.
Бұрын
келісім
дейтін едік,
шарт
дейтін едік,
кеңес өкіметі тұсында
оны орыстың
договор
сөзімен алмастыра қойдық. Қазір оның орнына
латынның
контракт
сөзін қолданып жүрміз. Өзіміздің
бастық,
басқарушы, басқарма, төраға
деген сөздеріміз тұрғанда бұған дейін
орыстарға еліктеп, ол ұғымды
председатель, управляющий
сөздерімен
атайтын едік. Ал қазір бұл
сөздердің орнына ағылшынның
менеджмент
сөзін қолданатын болдық. Дәл осылар тәрізді өзіміздің
делдал
сөзіміз
алдымен орыстың «посреднигіне», содан кейін немістің «маклеріне»
кейіннен ағылшынның «брокеріне» ауысты. Бұл аз болғандай олармен
қазіргі кезде
дилер
сөзі (бұл да ағылшын сөз) қосқабаттасып, жарыса
қолданылып жүр.
95
Бұл терминдердің қайсысы жеңсе де әйтеуір қазақтың
делдал
сөзі
жеңбейтініне көзім жететін сияқты. Өйткені
бұл секілді терминдерді
көбірек қолданатындар «оқыған», «білімді» азаматтар ғой. Оларға ұлт, ұлт
тілі, халық намысы дегендер мәнді емес. Саудасы жүріп, сатушы мен
сатып алушылардың арасын жалғасытуршы адам табылса болды. Ол
дилер
ме,
маклер
ме,
брокер
ме – бәрібір, әйтеуір қазақтың «аузы сасық»
делдал
сөзі болмаса болғаны.
Кез келген тілдің сөздеріне, терминдеріне екі сипат (белгі) тән
екендігі бешенеден белгілі. Оның біріншісі – тұлғалық сипат, екіншісі –
мағыналық сипат. Тұлғалық сипат – ұлттық, ал мағыналық сипат
халықаралық (интернационалдық). Бұл не деген сөз?
Ұлттық сипат болып табылатын тұлғалық белгі дегеніміз – әрбір
сөздің сол ұлтқа тән сыртқы тұрпаты,
дыбыстық құрылымы, сөздегі
дыбыстардың тіркесімділік заңдылығы т.б.
Мысал үшін қазақтың
ұжым
сөзі мен осы сөздің баламасы болып
табылатын орыстың
коллектив
сөзін салыстырып көрелік.
Ұжым
сөзінің
дыбысталуына, ондағы дауысты-дауыссыз дыбыстардың тіркесімінде
қазақ халқына, қазақ тіліне тән сипаттар бар: сөздегі барлық дауыстылар –
жуан дауыстылар, онда жіңішке дауыстылар жоқ (үндестік заңы).
Ұжым
сөзіндегі дыбыстардың орналасуы да қазақ тілі үшін заңды.
Онда бір
дауысты, бір дауыссыз дыбыстар алмасып келген (Қазақ тілінің түбір
сөздерінде негізінен екі дауысты дыбыс немесе екі дауыссыз дыбыс қатар
тұрмайды). Ал
коллектив
сөзінде орыс халқына, орыс тіліне тән сипаттар
бар: «К» - жіңішке дыбыс, ол «О» жуан дыбысымен көрші тұр;
коллектив
сөзінде «лл», «кт» сияқты дауыссыз дыбыстар тіркесіп келген; сөз «в»
дыбысына аяқталған (қазақ тілінде сөз ешқашан
Достарыңызбен бөлісу: