Байынқол Қалиұлы



Pdf көрінісі
бет59/64
Дата15.11.2023
өлшемі1,2 Mb.
#124166
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Байынқол Қалиев

«50 де 50», 
2007, №7 (24), 23 ақпан, 4-б. 
 
143 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


СІЗ ТЕРМИН ДЕГЕННІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІЗ БЕ?! 
(Профессор Тәуекел Жаңақұлов мырзаға ашық хат) 
Мен бір мақаламда «терминнің не екенін білмей-ақ біраз адамдар 
термин жөнінде мақала жаза беретін болды» дегенді айтқан едім. Дулати 
атындағы Тараз мемлекеттік университетінің профессоры Тәуекел 
Жаңақұловтың «Терминдегі псевдопатриотизм туралы» деген мақаласы 
(«Ана тілі», 18 және 20 қазан, 2007 ж.) сол ойымды тағы да дәлелдей түсті.
Т.Жаңақұлов мырзаның мамандығының кім екендігін білмеймін, тіл 
туралы пікірлерінің үстіртін, таяз әрі жаңсақ екендіктеріне қарағанда оның 
әйтеуір қазақ тіл білімінің профессоры емес екендігі анық. Мейлі ғой, 
жазсын. Бірақ профессор деген атағы болған соң, нені жазса да біліп жазғаны 
жөн емес пе еді?! 
«Ана тілі» газетінің бақандай екі нөмерінің (№42, 43) толық 3 бетін алып 
жатқан көлемді мақаланың айтпақ ойы біреу-ақ. Ол – кеңестік дәуірде қазақ 
тіліне енген латын, грек, орыс терминдерін (сөздерін) қазақшаға аударуға 
болмайды. Оларды тілімізге тек сол күйінде алу керек. Ал кімде-кім әлгі 
терминдерді қазақшаға аудара қалса, ол – «псевдопатриот», «педант», 
«мемлекеттік тілге тежеу салушы», «мемлекеттік тіл қауіпсіздігіне тигізетін 
зияны орасан адам». Олар – «тілімізге зақым келтірушілер», «мемлекеттік 
тілдің қанат жаюына кедергі жасаушылар», «артық қыламын деп тыртық 
қылып жатқандар», «ғылым мен технологияның дамуын тежеушілер», 
«мемлекеттік тілдің дамуына бөлінген қаржыдан қарпып қалушылар» (бәрі 
де Т.Жаңақұловтың өз сөздері), - дей келіп, оған мысал ретінде 
лаборант, 
салют, душ, микрорайон, паспорт, процент, класс, абитурент, участок, 
архив, музей, пианино, стюардесса
т.б. сөздерінің қазақша баламаларын 
келтіреді.
Біріншіден, бұлар – терминдер емес; әдеттегі зат атаулары (қарапайым 
сөздер). Профессор мырзаның түсінігі бойынша, әйтеуір шет тілінің сөз 
болса болды, олардың бәрін ол кісі термин деп ұғады. Екіншіден, жоғарғы 
сөздердің қазақша баламалары – 
зертханашы, отшашу, себезгі, шағынаудан, 
төлқұжат, пайыз, сынып, талапкер, телім/учаске, мұрағат, мұражай, 
күйсандық, аспансерік, 
- дегендердің жоғарғы орысша сыңарлардан не 
кемшілігі бар? Бәрі де
144 


қазақ сөздері, бәрі де өзіндік мән-мағыналарға ие. 
Сөзді профессор мырзаның өзіне берелік: 
«Әлемдік тіл тарихында псевдопатриоттар терминдерді оңды-солды 
тәржімелеуге тырысады, бірақ әлемдік тілдік прогресті жақтаушылар 
ондайларға тосқауыл қойып, тілді оқшауланудан сақтап отырған» (№42, 6-б). 
Байқап отырған боларсыздар, Т.Жаңақұлов орысша терминдерді 
(Еуропа тілдерінен ауысқан сөздердің бәрі бізге орыс тілі арқылы 
келгендіктен мен оларды қысқартып, «орысша терминдер» деген бір-ақ 
атаумен атап отырмын – Б.Қ.) қазақшаға аударғандардың бәрін 
«псевдопатриоттар» деп, ал оларды аудармай, сол күйінде қолданғандарды - 
«әлемдік тілдік прогресті (Бұл тағы қандай прогрес? – Б.Қ.) жақтаушылар» 
деп атапты. «Әлемдік тілдік прогресті жақтаушылардың» ішінде өзім де 
бармын деп есептейтін болуы керек, ол өзін үндіеуропа терминдерін 
(сөздерін) қазақшаға аударушыларға «тосқауыл қойып, тілді (қазақ тілін) 
оқшаулаудан сақтап отырған» ұлт патриоты ретінде танытады.
Т.Жаңақұловтың ойлауынша, «терминдердің алғашқы табиғатына қол 
сұқпай, өзгертпей пайдалану керек» екен. Оларды қазақшаға аударсақ, біз 
«ұлт дамуының ең соңғы көшінен орын алады» екенбіз. Мақала иесінің 
логикасына сүйенсек, қазақ ұлтының дамуы, өркендеуі тек бір-ақ нәрсеге, 
атап айтқанда, бұған дейін орысша айтылып, орысша жазылып келген 
терминдерді қазақшаға аудармауға ғана байланысты екен. Егер оларды 
қазақшаға аударсақ, ұлтымыз дамымай қалады екен де, ал қазақшаға 
аудармасақ, дамып кететін көрінеміз. 
Одан ары қарай Т.Жаңақұлов: «Терминдерді қазақшаға аударсақ, 
түсініксіздік туады. Мемлекеттік тілдің мәртебесіне нұқсан келеді», - деп 
жазады (№42, 6). Айталық, «брокер» сөзін 
делдал
деп қазақшаға аудардық 
делік. Осы аудармадан кімге түсініксіздік туды? Орыс тілділерге ме, жоқ, 
қазақ тілділерге ме? 
Бұл сұраққа Т.Жаңақұловтың жауабы даяр. Оның ойынша, 
делдал 
деген 
аударманы орыстар мен «асфальтта туғандар» (Ол кісінің «асфальтта 
туғандар» дегенін өз ана тілін білмейтін қазақтар деп ұғыңыз – Б.Қ.) 
түсінбейді. 
Олай болса, Жаңақұлов мырза айтып отырған мемлекеттік тіл 
145 


орыс тілі ме, жоқ, қазақ тілі ме? Мемлекеттік тіл – орыс тілі емес, қазақ тілі 
болса, онда нұқсан осы екі тілдің қайсысына келіп тұр? Мемлекеттік тілдің 
мәртебесіне кімдер нұқсан келтіріп жүр? 
Біздің ойымызша, мемлекеттік тілдің мәртебесіне нұқсан келтіріп 
жүргендер – қазақ тілін (мемлекеттік тілді) білмейтін, 
делдал
деген сияқты 
аударма сөздерді қолданбайтын, түсінбейтін, Ресейден кіндігіміз ажырап 
кетеді деп қорқатын Т.Жаңақұлов сияқтылар. 
Профессор мырзаның айтуынша, Қазақстанда тұратын басқа этнос 
өкілдерінің мемлекеттік тілде сөйлеуге, оны үйренуге ынтасы бар екен. Бар 
бәле – терминдердің қазақшаланып жатқандығында көрінеді. Егер қазақ 
тілінің құрамында орысша терминдер көп болса, оны үйрену оңайлайды екен. 
Басқа этностар мен асфальтта туғандардың мемлекеттік тілді үйренбей 
жүргендігі – ондағы орыс сөздерінің азайып бара жатқандығында екен. 
Жаңақұлов мырза! Бір сәт ойланып көріңізші. «Орысша терминдері көп 
тілді үйрену оңай» болатын болса, қазақ тіліндегі сөздердің бәрін орысшаға 
айналдырып жіберсек қайтеді?! Сонда басқа ұлт өкілдері мен сіз айтқан 
«асфальтта туғандар» мемлекеттік тілді тіптен тез үйреніп алатын болады. 
Бұл ұсынысқа, әрине, сіздің қатты қуанатындығыңызды білеміз. Бірақ 
өзіңіз айтқандай, олай еткен жағдайда, яғни қазақ тілі сөздерінің бәрін 
үндіеуропа сөздерімен ауыстырып жіберген жағдайда басқа этнос өкілдері 
қазақ тілінің несін үйренеді?! 
Шынтуайтқа келгенде, сізге керегі қазақ тілінің түкке жарамай 
қалғандығы ғой деп ойлаймын. Олай болмаса, «терминдерді қазақшаға 
аударуға болмайды» деп көлгірсімей-ақ, бірден «қазақ тілін тастап, орыс 
тіліне көшейік» деп, ашығын жазуыңыз керек еді.
Осы жерде Жаңақұл мырза үшін бір мәліметті келтіре кетейін.
1967-68 жылдары қазақ тілінің он томдық түсіндірме сөздігін жасау 
қарсаңында ҚазССР Ғылым академиясының Тіл білімі институты қазақ 
тілінде қанша сөз қолданыста жүргендігін анықтау мақсатында Ауыл 
шаруашылығы министрлігінің жанындағы Есептеу орталығының «Минск-
32» деген машинасының көмегімен қазақша жазылған барлық мәтіндерді 
(көркем әдебиеттер, газет-жұрналдар, оқулықтар, ғылыми еңбектер т.б.) 
ықтимал теориясы әдісімен жазғызып, олардағы сөздерді есептетіп көрген 
еді.
146 


Білесіздер ме, сол кезеңде қазақ тілінде қанша сөз қолданылғандығын?
160 мың сөз қолданылыпты. Өкініштісі сол: 160 мың сөзден тұратын 
қазақ тілі лексикалық құрамының 60 мыңы ғана қазақша екен де, қалған 100 
мыңы орысша немесе орыс тілі арқылы келген үндіеуропа сөздері екен. 
Т.Жаңақұловтың «қазақшаға аударуға болмайды» деп, қызғыштай қорғап 
отырғаны – айтылуы да, жазылуы да орысша сол 100 мың сөз.
Сәл ғана ой жүгіртіп көрелікші. 100 мың сөз көп пе, 60 мың сөз көп пе? 
100 мың сөздің бәрі орысша болса, оның несі қазақ тілі, несі мемлекеттік 
тіл?! Т.Жаңақұлов болса осы жүз мың сөзді «өзгертпей, сол күйінде 
қолданайық» дейді.
Профессор мырзаның ойлау жүйесі де қызық. Ол кісі былай деп жазады: 
«Мақсат – мемлекеттік тілді басқа этностардың үйренуін жеңілдетуге 
тырысуымыз қажет. Ол үшін 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет