Мұның себебі – біріншіден, фразеологизмдер де әдеттегі сөздер сияқты
өз алдарына жеке тілдік бірлік бола алады, екіншіден, фразеологизмдер де
жеке сөздер сияқты зат есімді фразеолгизмдер, сын есімді фразеологизмдер,
етістікті фразеологизмдер т.б. болып, сөз таптарына бөлінеді. Мыс.:
қас пен
көздің арасында
– үстеу,
төбе шашы тік тұрды
– етістік т.б.
Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды: Фразеологизм сөйлемнің
ортасында тұрса, яғни оның оң жағында да сол жағында басқа сөздер келсе,
ол оралып тұрғандық емес. «Оралу» үшін фразеологизм екі жақты
байланысқа түсіп, бір бүтін тілдік бірлік құрауы шарт. Тілімізде кездесетін
фразеологизмдердің бәрі тек біржақты ғана байланысады. Яғни олар не
өзінің алдындағы, не соңындағы тілдік бірліктермен (сөздермен) мағыналық,
лексика-грамматикалық қарым-қатынасқа түседі. Ендіше, мұндай құбылысты
фразеологиялық оралым деп емес, фразеологизмнің мәтіндегі орны немесе
фразеологизмнің
қоршаған
ортасы
(фразеологическое
окружение),
ағылшынша айтсақ – дестрибуциясы деп атаған жөн.
Достарыңызбен бөлісу: