Ең алдымен «халықаралық терминдер барлық тілде еш өзгеріссіз
алынады» деген ой дұрыс емес. Халықаралық терминдер деп
жүргендеріміз кімнің сөзі? Гректің сөзі ме, латынның сөзі ме? Жоқ,
ағылшын мен немістердің бірінікі ме? Егер грек пен латын сөздерінің бірі
десек, онда мысалға гректің
kinema
сөзін алалық. Бұл сөзді ағылшын,
француз, италяндықтар
kinema
деп айтады
және оны осылай жазады
(олардың бұлай атауы заңды – Б.Қ.). Ал орыстар мен немістер оны
кино
деп өзгертіп алған. Латынның
socialis
сөзін ағылшындар мен орыстар –
socialism,
француздар –
socialisme,
немістер –
sozialismus
деп
өзгертіп
қолданады. Француздың
passеport
сөзін ағылшындар –
passport,
орыстар –
паспорт,
немістер –
pass
деп, өздерінше өзгерістермен қабылдаған [6] т.б.
Бір топ тілдерге ортақтығына қарағанда,
kinema, socialism, passeport
сөздері – халықаралық терминдер.
Олай болса, жоғарыда аталған тілдер
бұл халықаралық терминдерді неге өзгеріссіз алмады?!
«Халықаралық терминдер тілімізде неғұрлым көп болса,
оқушылар
мен студенттерге шет тілін үйрету соғырлым оңай болады» деген екінші
пікір де мүлде қате. Егер халықаралық терминдерге шет тілін үйрету әдісі
тұрғысынан қарасақ, онда шет тілін оңай, жақсы үйретудің ең жеңіл жолы
– өз ана тіліңді мүлдем тастап, сол үйретпек болып отырған шет тіліне
біржолата көше салу (орыс тілін солай үйреніп жүрген жоқпыз ба!). Сонда
шет тілін үйрену оңай болмақ түгілі, тіпті оны үйренудің, үйретудің қажеті
де болмай қалады. Несін үйренесің, ол да
өзіңнің ана тілің болады да
шығады.
Достарыңызбен бөлісу: