тіркестер жасалына алатындай болуы керек. Мысалға, «процент» сөзінің
қазақшалану тарихына көңіл аударалық. Ол сөзді қазақшалау қажет деп
табылған кезде біреу оны –
саншама,
екінші біреу –
жүздеуік,
үшінші адам
–
пайыз
деп аталық деген үш түрлі ұсыныс айтылды.
Осылардың қайсысы толыққанды термин бола алады?
Мамандардың көпшілігі «осы сыңарлардың қайсысы «процент»
сөзінің мағынасын дәл бере алса, оған сол балама бола алады» деген талап
қойды да,
саншама
– санды шамалап білдіру,
жүздеуік
– санды жүз
санының мөлшерінде есептетіп шығару деген мағына береді. Ал
пайыз
сөзіне мұндай мағына жоқ. Сондықтан «процент» сөзіне
саншама
сөзі мен
жүздеуік
сөздерінің біреуі балама бола алады» деген қорытынды
шығарды.
Саншама, жүздеуік
сөздері өздерінің берер мағынасы жағынан
«процент» сөзінің мәніне жақын келетіндігі рас. Мұны тіл білімінде уәжді
(мотивті) сөзжасам деп атайды. Ал
пайыз
сөзі – уәжсіз (мотивсіз)
сөзжасам арқылы жасалған. Жаңа сөздердің уәж негізінде жасалуы –
сөзжасам теориясының бірінші ғана талабы. Оған (сөзжасамға) қойылатын
тағы бір талап бар. Ол – «жаңа сөз әрі қысқа, әрі нұсқа болсын» деген
талап.
«Қысқа» болсын деген талап, әрине, түсінікті. Өмірде үнемділікке,
ықшамдылыққа, не жетсін. Осы тұрғыдан
Достарыңызбен бөлісу: