Бұл жерде мен Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы
Мемлекеттік терминология комиссиясы бекіткен, кейіннен мемлекеттік
сыйлыққа ұсынылған, конкурстан жеңіп шыққан, 31 томнан тұратын
«Қазақша-орысша және орысша-қазақша терминологиялық сөздіктің»
әдебиет пен лингвистика саласына арналған 27-томы туралы сөз етпей-ақ
қояйын деп тұрмын. Бұл сөздік жөнінде бірнеше сыни мақала жарияланды.
Өзім де оған белсене айналысқан адамдардың бірімін. Бірақ, амал не, ерік
бізде ғана болмаған соң, қолдан келгені сол ғана болды.
Егер ол сөздікке бірауыз сөзбен баға берер болсам, егемендік
алғанымызға сол кездің өзінде-ақ 9 жыл өтседағы біз кеңестік жүйенің
сүрлеуінен шыға алмадық. Оның үстіне бас редакция төрағасының да,
сөздіктің ғылыми жетекшісінің де, редакция алқасының біраз мүшелерінің
де ауыздары бұрынғыша, яғни кеңестік оқымыстыларша қисайды.
Сөйтіп, сөздік басылып шықты. Ешкімнің ештеңесі кеткен жоқ. Тек
қазақ тіл білімі терминдерінің көпшілігі сол бұрынғы орысша қалпында
қала берді. Ал қазақшаланған терміндердің бразының сапасы қайта
қарастыруды қажет етеді. Мәселен, ол сөздікте «историческая» деген –
тарихи
деп, «историзм» деген –
тарихаят
сөздер
деп аударылыпты.
«Абзац деген термін бір жерде –
азат жол
(13 б), екінші жерде –
жаңа
жол
(52-б.) деп, екі рет берілген. «Языкознание» деген –
тіл білімі
,
«языковедение» –
тілтану
(125-б.), «лингвистическая» –
тілтанымдық
(127-б.) деп сараланыпты.
Тілтаным
деген терміннің өзі сөздікте жоқ.
Бұған дейінгі тәжірибемізде
тіл білімі
– лингвистика,
тілтаным
–
языкознание деп аударылып келген болатын. Аталған сөздікте жанасу да,
қабысу да «примыкания» термінінің баламасы ретінде берілген. Онда
үндестік
– «созвучие, гармония» деп, ал
үндесім
– сингармонизм» деп
аударылған.
Осылардың қайсысы дұрыс?
Бас қатыру дегеніміз – осы.
Рас, бұл сөздікте жөні дұрыс, жібі түзу біраз қазақша терміндердің
өмірге келгендігін жоққа шығара алмаймыз. Мәселен, ондағы
аталым
–
орфоэпия,
жазылым
– орфография,
Достарыңызбен бөлісу: