Практикалық сабақ 15. Аэротүсірілімдердің дешифрларын ашып оқу
1.Аэрофотосурет
1.1Спектрзоналық аэрофотосуреттерді алу
2.Аэрофотосурет өзгертудің әдістері
1. Аэрофотосурет - ұшақтан немесе басқа ұшатын аппараттан алынған жергілікті жердің суретке түсірілген бейнесі. Геометриялық жағынан Аэрофотосурет орталық (немесе басқа) проекциялы болып саналады, оның проекциялау ортасы аэрофотоаппарат объективінің артқы торап нүктесі болады. Аэрофототүсіріс түріне, аэрофототүсіріс жүргізілген аэрофотоаппараттың типіне және Аэрофотосуреттерді келесі өндеуге байланысты аэрофотосуреттердің мынадай атаулары қарасрастырылады.[1]
горизонталь аэрофотосурет - аэрофотоаппаратгьгң оптикалық өсінің бұлжымайтын тік жағдайында алынған аэрофосурет. Жазық және еңістігі жоқ жергілікті жер жағдайында горизонталь аэрофотосурет масштабы барлық аудан бойынша тұрақты.
түрлі түсті аэрофотосурет - жергілікті жер табиғи жағдайына жақын түспен бейнеленген аэрофотосурет. Қара-ақ аэрофотосуреттермен салыстырғанда, түрлі түстіде қосымша бажайлаулық белгі — түс пайда болады. Түрлі түсті аэрофотосуретте өсімдік жамылғысы, өзендер, батпақтар, елді мекендер және жергілікті жердің басқа да объекгілері жеңіл, толық және анық бажайланады. Түрлі түсті аэрофотосуретті алу үшін арнайы үш қабатты фотографиялық материалдарды пайдаланады.
спектрзоналық аэрофотосурет - түрлі түсті аэрофотосурет; онда жергілікті жердің объектілері өздеріне тән табиғи емес, бірінен-бірі күрт өзгеше шартты, мысалы, ал кызыл және көгілдір, қызыл және көк түстерде бейнеленеді. Осының нәтижесінде әр түрлі объектілер бір-бірінен өздерінің бояуымен анық ерекшеленеді. Спектрзоналық аэрофотосуреттер бүкпеленіп қалған объектілерді, ағаш түрлерін, топырақ типтерін және тағы да басқалары жеңіл табуға мүмкіндік береді.
1.1 Спектрзоналық аэрофотосуреттерді алу үшін жергілікті жердегі объектілердің кереғарлығы ең көп спектрлік зоналарды суретке түсіруге мүмкіндік беретін, көбінесе екі қабатты арнайы фотографиялық материалдар пайдаланылады.
топографиялық аэрофотосурет - топографиялық аэрофотоаппаратпен алынған аэрофотосурет. Топографиялық аэрофотосурет шешу қабілеті көп (ортасында, шамамен, 40 лин/мм) және бейнені салудың жоғары долдігімен ерекшеленеді. Топографиялық аэрофотосуреттерде координаталық таңбалар және координаталык нүкге, аэрофотоаппараттың фокустық қашықтық шамасы, деңгей, суреттің деформациясын ескеруге мүмкіндік беретін бақылау торының қиылысы немесе таңбалары, суретке түсіру күні, сурет нөмірі және аэрофотосуреттерді фотограметриялық өңдеу кезінде маңызы бар баска да мәліметтер тіркеледі.
Панорамалық аэрофотосурет - панорамалық аэрофотоаппаратпен алынған аэрофотосурет. Геометриялық қасиеттері бойынша перспективалық сурет болып саналады, оның орта бөлігіндегі масштабы пландыққа жақын және бейне горизонтқа жақындаған сайын ұсақтай түседі. Ұшу сызығына көлденең панорамалық аэрофотосуреттің мөлшері сканирлеу бұрышы шамасына және аэрофотоаппараттың фокустық қашықтығына байланысты болады. Картографиялау үшін панорамалық аэрофотосурет пайдаланылмайды.
Саңылаулы аэрофотосурет - саңылаулы аэрофотоаппаратпен алынған аэрофотосурет; ол кассетаның сыйымдылығына байланысты ұзындығы 60 м немесе 120 м тұтас болып саналады (жеке кадрларға бөлінбеген). Геометриялық қасиеттері бойынша саңылаулы аэрофотосурет пландық аэрофотосуреттерге жақын. Картографиялау мақсатында пайдаланылмайды.
ортогональдық аэрофотосурет (ортофотосурет) — жергілікті жердің ортогональдық проекциядағы суретке түсірілген бейнесі. Ол саңылаулы фототрансформаторда, ортофотопроекторда немесе саңылау арқылы проекциялауға арналған құрылғымен жабдықталған басқа фотограмметриялық аспаптарда дифференциалдық өзгеру жолымен алынады.
өзгертілген аэрофотосурет - өзгерту арқылы горизонтальға келтірілген пландық немесе перспективалық аэрофотосурет.
аэрофотосуреттердің өзара беттесуі[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Екі аэрофотосуреттің белгілі бір жергілікті жерді бейнелейтін жапсарлас бөліктері. Маршруттағы жапсарлас аэрофотосуреттердің беттесуі бойлық беттесу деп, ал көрші маршрутпен беттесуін көлденең беттесу деп атайды. Беттесулердің шамасы аэрофотосуреттердің түсірілу мақсатына, өңцеу өдістеріне және жердің бедеріне байланысты анықталады.
Aэрофотосурет өзгерту[өңдеу | қайнарын өңдеу]
Пландық немесе перспективалы аэрофотосуреттерді горизонтальдыққа өзгерту. Өзгерту процесіне, сондай-ақ аэрофотосуреттерді берілген масштабқа келтіру және жергілікті жер бедері ссбеп болған бүрмалануды азайту енеді.
2. Aэрофотосурет өзгертудің мынадай әдістері бар.
Фотохимиялық әдіс. Мұнда Aэрофотосурет өзгерту төрт тірек нүктелері бойынша фототрансформаторда орындалады. Тірек нүктелері бар планшетті экранға жайғастырып, оған аэрофотосуретті проекциялайды. Өзгертудің мәні экран мен негативті немесе экран мен объсктивті айналдырып, экранға проекцияланған аэрофотосуреттің сәйкес нүктелерімен планшеттегі тірек нүктелерінің беттесу жағдайына жету болады. Осындай жағдайға жетіп, проекцияланган бейнені фотоқағазға белгілейді де, өзгертілген аэрофотосуретті алады. Егер жер төбелі болса, онда тірек нүктелерінің орындарына жер бедері үшін түзетулер енгізіледі. Өзгертілген аэрофотосуреттерден фотоплан жасалады.
Талдау әдісі - фототриангуляция торабын құрғанда көп қолданылады. Бұл одіспен барлық аэрофотосурет өзгертілмейді, тек қана торапқа кіретін нүктелер өзгертіледі. Осы нүктелердің координаталары көлбеу аэрофотосуреттерде өлшенеді, содан соң аэрофотосуреттер горизонталь болған жағдайдағы координаталары көлбеу және горизонталь аэрофотосуреттер арасындағы тәуелділік формулалары арқылы есептеледі.
Оптикалық - графикалық әдіс. Бұл әдісте Aэрофотосурет өзгерту фотомеханикалық әдістегі сияқты трансформаторда жасалады, бірақ экранға проекцияланған негативтегі бейнені фотоқағазға белгілемей, планшетке жасалатын картаның шартты белгілерімен сызады.
3.Бақылау сұрағы
1. Аэрофотосурет дегеніміз не
2. Спектрзоналық аэрофотосуреттерді алу үшін нелер пайдаланылады
3. Саңылаулы аэрофотосурет дегенді қалай түсінесін
4. Aэрофотосурет өзгертудің әдістерін ата
Достарыңызбен бөлісу: |