Байжанова А. Н. «Фотограмметрия және қашықтан аймақтау» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021



бет14/22
Дата04.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#71549
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Байланысты:
Фотограм практика

, ,,,,,,,, ,,,,


М

Бақылау сұрақтары:


1. Жердің кішірейтілген моделі?
2. Жер бетінің жоғарғы құнарлы қабаты.
3. Жер қай уақыттарда қалыптасқан?
4. 1669-1670 жылдары Пикардың методының арқасында не анықталды?
Практикалық сабақ 12. Жерге орналастырушының автоматтандырылған жұмыс орны

Автоматтандырылған жұмыс орны - ол, маманның ақпараттық және есептеуіш қажеттіліктерін жедел қанағаттандыруын қамтамасыз ететін және оның жұмыс орнында орналасқан құрылғылық және программалық құралдар комплексі.


Автоматтандырылған жұмыс:
1) жұмыс істеуші адамның компьютерлік желі қызметіне араласуын үйымдастыратын қосымша аспаптармен жабдықталған автоматтандырылған жұмыс орны;
2) техникалық құралдардың тиісті кешенімен жарақтандырылған және тиісті программалық, ақпараттық жасақтамамен жабдықталған дара жұмыс орны. Құрамына жұмыс істеуші адамның есептеу желісі қызметіне араласуын ұйымдастыратын қосымша аспаптар кіреді.
Басқаруды әрбір объектісі үшін оларға сәйкес келетін АЖО-ны қарастыру керек. Бірақ кез-келген АЖО-ны құру ұстанымдары жалпы болу керек:
— Жүйелік;
— Икемділік;
— Тұрақтылық;

  • Нәтижелілік.

Жүйелілік.
Автоматтандырылған жұмыс орны құрылымы функционалды белгіленуі бойынша анықталатын жүйе ретінде қарастырайық.
Икемділік.
Барлық жүйелердің құру модульдігімен олардың элементтерінің үлгі қалыптылығы арқасында мүкін болатын қайта құрушылыққа негізделген жүйе.
Тұрақтылық.
Оның ұстанамы АЖО жүйесі негізгі қызметінің ауытқушы ішкі және сыртқы факторлардың әсеріне қарамастан күштілігіне сүйенеді. Бұл оның бөлек бөліктеріндегі ол қылықтар дұрысталған болу керек, ал жүйе жұмыс істеушілігі тез арада қайта қалыптасуы керек деген сөз.
Нәтижелік.
Аавтоматтандырылған жұмыс орны нәтижелілігін жүйені құру мен пайдалану шығындарына таратылған жоғарыда көрсетілген ұстанымдардың тарату деңгейінің интегралдық көрсеткіші ретінде қарастыруы керек.
Автоматтандырылған жұмыс орны белгілі бір сипаттамаларға ие. Олардың ішінде:
- пайдаланушы үшін бағдарламалық қамтамасыз ету жиынтығы, ақпараттық және техникалық құралдар бар;
- компьютерлік технология тікелей пайдаланушы жұмыс орнында орналасады;
- белгілі бір қызмет саласына автоматтандырылған деректерді өңдеу процестерін үнемі жетілдіру мүмкіндігі бар;
- деректерді өңдеуді пайдаланушы жүзеге асырады;
- басқару міндеттерін жобалау процесінде де, олардың шешімдерінде де компьютермен бірге өзара әрекеттесудің интерактивті режимінің болуы.
Автоматтандырылған жұмыс орны осындай сипаттамаларға байланысты белгілі бір сыныпқа тағайындалуы мүмкін:
- қолданылу саласы бойынша (ғылыми қызметте, жобалауда, өндірісте және технологиялық процестерде және ұйымдастырушылық басқаруда;
- пайдаланылатын компьютерлік техниканың түрі бойынша;
- жұмыс режиміне байланысты (желі, топ немесе жеке);
- пайдаланушылардың біліктілігіне (кәсіби немесе кәсiби емес) қатысты.

Жер орналастырудың автоматтырылған ақпараттық жүйесін қалыптастыру


Жерге орналастырудың автоматтандырылған ақпараттық жүйесін құрудың негізгі мақсаты жер ресурстарын басқарудың барлық ауқымын жоғары өнімді компьютерлік технологиясын пайдаланып, жерге орналастыруды жүргізудің түбегейлі, жаңа тәсілдері мен түрлеріне көшу болып табылады.
Жер ресурстарын басқаруды қамтамасыз ететін міндеттірді тиімді, уақытты және сапалы түрде жүзеге асыру үшін жер кадастры жерді үйлестіру, жер мониторингі, топографиялық- геодезиялық, топырақтық, геоботоникалық, гидрогеологиялық және басқа ізденістер бойынша көп көлемде ақпаратты тез іздеу мен пайдалануда көптеген қосымша мақсаттарды шешуі қажет. Осы ақпаратты іздеу, сақтау және пайдалану қазіргі есептеуіш және телекомуникациялық желісіз мүмкін емес. Сондықтан республикамызда қазірде белсенді түрде қалыптасып жатқан жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі өзегі болып келетін жер ресурстарын басқарудың бірыңғай ақпаратты- есептеуіш жүйесін құру керек.

Бақылау сұрақтары:



  1. АЖО-ны құру ұстанымдары?

  2. Автоматтандырылған жұмыс орны сипаттамасына байланысты қандай сыныптарға тағайындалады?

  3. Жерге орналастырудың автоматтырылған ақпараттық жүйесін қалыптастырудың мақсаты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет