Байжанова А. Н. «Фотограмметрия және қашықтан аймақтау» пәні бойынша практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқау Шымкент, 2021


Практикалық сабақ 14. Жерлерді инвентаризациялау



бет16/22
Дата04.03.2023
өлшемі0,72 Mb.
#71549
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22
Байланысты:
Фотограм практика

Практикалық сабақ 14. Жерлерді инвентаризациялау


1. Жерлерді инвентаризациялау жұмыстары
1.1 Бұзылған жерлерді инвентаризациялау
2. Жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау
3.Бақылау сұрағы


1. Жерлерді инвентаризациялаудың төмендегідей жұмыстары жүргізіледі:
- жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау;
- бұзылған жерлерді инвентаризациялау;
- су көздерінің қазіргі жағдайымен пайдалануын инвентаризациялау;
- елді мекен жерлерін инвентаризациялау және корректировкалау.
Инвентаризациялау жұмыстары жерлерді мемлекеттік есепке алу мәліметтері және жерлердің сипаты мен сапасы жайында деректерді негізге ала отырып жүргізеді.
Инвентаризациялау жұмысы үшін негізгі болып пландық картограмманың материалдар, соңғы түсіру және дешифрлеу нәтижелері саналады және олар мынадай масштабтарды болады:
1. далалық және құрғақ далалық зоналар үшін және таулы аймақтар үшін 1:10000-1:25000;
2. шөлді және шөлді далалық аймақ үшін 1:25000-1:50000;
3. жерлердің техногенді бұзылуы ірі масштабтағы картографиялық негіз бойынша жасалады. Кешенді инвентаризациялау жұмыстары мынадай мақсаттарда жасалады:
1. Жер қорының барлық санаттарында және ашық алқаптарда жерлерінде сандық есепке алу және сапалық жағдайын бағалау;
2. Елді мекен пункті жерлерінің ауданын анықтау;
3. Орман, су қоры жерлерінің және босалқы жер қорының ауданын анықтау;
4. Басқа да жер пайдаланушылардың жерлерінің ауданын анықтау
5. Әртүрлі кері әсерлердің нәтижесімен бұзылған жерлердің санын, сипатын анықтау.



    1. Бұзылған жерлерді инвентаризациялау

Топырақтың беткі қабатының әртүрлі антропогендік әсерлерден пайдалы қазбалардың орнын табу, геологиялық іздестіру, зерттеу, құрылыс және басқа да жұмыстардың әсерінен бұзылған жерлерде кешенді инвентаризациялық жұмыстар жүргізіледі.
Инвентаризация мақсаты- іс жүзіндегі жер пайдалану шегіндегі бұзылған жерлердің ауданын анықтау және сапалық жағдайын көрсету болып табылады.
Инвентаризациялауға жататындар: барлық санаттағы жер пайдаланушылармен мемлекеттегі босалқы жерлер, тұрақты, уақытша және ұзақ мерзімді пайдаланымдағы жерлер, топырақтың беткі қабатындағы техногенді бұзылулардың барлық түрлері, сызықтық ғимараттардың құрылысы кезіндегі жер қазбалары, карьерлер, мұнай және газ кен орындарындағы бұзылған және ластанған жерлер.
Іс жүзіндегі жүргізілген зерттеулердің мәліметтері бойынша әр инвентаризациялық объект бойынша мына жұмыстар жүргізіледі:
- пландық-картографиялық материалдарда көрсету арқылы бұзылған жерлердің ауданын белгілеу;
- қайта қалпына келтіру мақсаттары үшін бұзылған жерлерді типтерімен классификациясына қарай бөлу;
- технологиялық құжаттамаларды аэрофототүсіріс материалдарымен топырақтық, геоботаникалық, гидрогеологиялық және басқа да зерттеу материалдарын негізге ала отырып, бұзылған жерлердің сипаттамасын құру;
- қайта қалпына келтіруден кейін бұзылған жерлерді пайдалану бойынша ұсыныстар берілді.
Дайындық кезеңінде жер пайдалану пландары тау, құрылыс және басқа да бұзылған жер учаскелерінің пландары мен материалдары жинақталады.
· пландық-картографиялық материалдары 1:2000, 1:5000, 1:10000 масштабта болуы керек.
· бұзылған жерлерді далалық зерттеу процесінде пландық картографиялық материалдарда әрбір учаскелерге рим цифрімен нөмір беріледі.
· бұзылған жерлердің типтері белгіленеді (карьер, қазынды).Олар араб цифрлерімен белгіленеді.
· бұзылған жерлер типінің шегінде әр контурдың іс жүзіндегі жағдайы анықталады.Әр контур а,б,в болып белгіленеді.
· егер де учаске шегінде бұзылуы бойынша типтері бірдей бірнеше контурлар кездесіп жатса, онда оларды кезекті көшірмелермен белгілейді I,Iа.
· әр контур шегінде жер учаскесінің пайдалануынан бұзылуына дейінгі және қайта қалпына келтіруден кейінгі пайдалану мақсаты белгіленеді.
· инвентаризациялау бойынша дайындық және далалық жұмыстарды орындаудан кейін жер пайдалану бойынша бұзылған жердің есепке алу ведомосі құрастырылады.
Ылғалдандыру сипаты бойынша бұзылған жерлерді топтау гидрологиялық және гидрогеологиялық зерттеу мәліметтері негізінде жүргізіледі.Контур бойынша ведомостің мәліметтері негізінде жер пайдалану бойынша бұзылған жерлерді инвентаризациялау есепке алу ведомосі құрастырылады:
- бұзылған жерлердің типтерінің контурлары бойынша жалпы ауданы;
- эксплуатацияда орналасқан жерлердің ауданы;
- қайта қалпына келтіруден кейінгі пайдаланымдағы жердің ауданы.
Инвентаризациялау мәліметтері бойынша, бұзылған жер учаскелерінің типтері бойынша жерлерді кешенді инвентаризациялау картасы құрастырылады.Пландық-картографиялық материалдарда жерлерді есепке алу мәліметтері графикалық түрде көрсетіледі. Инвентаризациялауға барлық алқаптағы жерлер жатады:
-суарылатын және суарылмайтын егістік;
-түбегейлі жақсарту;
-көпжылдық екпе ағаштар және бақтар;
-суарылатын және суарылмайтын тың жерлер;
-құрғатылған, суармалы, жақсартылған шабындық;
-жайылымдар;
-коллективті бақтар және бақшалар;
-аула маңындағы жерлер;
-ауыл шаруашылығына жатпайтын алқаптар.Оларға жататындар: жыралар, ормандар, батпақтар, бұталар, орман екпе ағаштары.Сонымен қатар құрылыс, кешендер, жолдар астындағы жерлер.
Кешенді далалық зерттеу нәтижелері бойынша мынадай материалдар алынады:
· ситуациясы толық түсірген жер пайдалану планы мен жерлерді инвентаризациялау деректері;
· ауыл шаруашылық алқаптарын, бұзылған жерлерді, су көздерінің жағдайымен пайдалануын елді мекен пунктінің жерлерін есепке алу инвентаризациялық ведомосі.
· Әрбір инвентаризациялық жұмыстар түрлерін қысқаша түсініктеме.

  1. Жер иелену және жер пайдалану жерлерін инвентаризациялау

Жер пайдаланушылардың жерлерін инвентаризациялауға барлық жерлер жатады.Соның ішінде:заңды актпен бекітіп жер пайдалануға құқық беретін жерлер, ұзақ және қысқа мерзімді пайдаланудағы жерлер,өндірістік мұнай өндіруші кәсіпорындардың пайдаланымындағы жерлер және іс жүзіндегі пайдаланымдағы жерлер жатады.Жер пайдаланушылардың жерлерін сандық және сапалық есепке алу үшін дайындық кезеңде мына материалдар мен құжаттар жиналады:
-жер пайдалануға құқық беретін мемлекеттік актілер және жер бөліп берудің басқа да құжаттары;
-жер бетіндегі және аэрофототүсіріс пландары;
-топырақтың, мелиоративтік, геоботаникалық және басқа да үлестіру материалдары;
-ІШЖО және ШАЖО материалдары;
-мемлекеттік және қоғамдық қажеттілігіндегі жерлердің пландары.
Графикалық материалдар және сол аймақтың қазіргі жағдайы туралы, пайдалануы туралы қысқаша анықтама беріледі.
Жерлерді кешендіинвентаризациялау жүргізіліп жатқан аумақтарда елді мекендер кездессе, олардың жерлерін зерттеп түгендек керек.Елді мекен жерлерінің құрамына құрылыс, жалпы пайдалудағы өнеркәсіп, көлік, байланыс, аула маңындағы учаскелер және т.б. алқаптар кіреді.
Жерді инвентаризациялау алдында дайындық және далалық жұмыстары жүргізіледі .Мұнда жерлерді есепке алу материалдары жинақталады. Елді мекен пункттерді құру және пландық жобалары зерттеледі және бағаланады.ІШЖО жобаның материалдары зерттеледі.Сондай-ақ елді мекендердің болашақта даму жайында деректер аула маңындағы пайдаланған жерлері жайында мәліметтер пландық картографиялық материалдары зерттеліп бағаланады.
Далалық зерттеуде елді мекен жерлерінің шекаралары белгіленеді және сол елді мекеннің нақты аудандары дәлелденеді.Соның ішінде бау-бақша, аула жерлері жатқызылады.Бұл мәліметтер жер шаруашылық орналастыру пландарымен жерді есепке алу деректерімен салыстырылып дәлелденеді. Қажет болған жағдайда пландық-картографиялық материалдарға түзетулер енгізіледі. Инвентаризация нәтижелері жерге орналастыру ізденістер актілерінде көрсетіледі және далалық түзетуді есепке ала отырып сызбаға түсіреді. Сызбада келесі мәліметтер көрсетіледі:
- қазіргі және жобаланатын шекаралар;
- қазіргі алқаптар;
- қоғамдық бау-бақшалар және басқа учаскелер;
- инженерлік коммуникациялар;
- малдарды жаю үшін жайылым учаскелері;
- жерлерді тиімді пайдалану бойынша жобаланған шаралар
Құрылыс салынған аумақтарда сызба 1:2000, 1:5000 масштабта, ал оларға жанасып жатқан жерлер 1:10000, 1:50000 масштабта орындалады.


Бақылау сұрақтары:
1. Жерлерді кешенді инвентаризациялаудың мақсаттары.
2. Кешенді инвентаризациялау жұмыстарының мақсаттары қандай?
3. Кешенді инвентаризациялау жұмыстары қандай жерлерге жүргізіледі?
4. Инвентаризациялау жұмыстары үшін пайдаланатын пландық-картографиялық материалдар қандай масштабта болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет