Пәннің саясатын бір рет бұзған жағдайда білім алушы оқытушыдан ауызша түрде ескерту алады.
Пәннің саясатын қайталап бұзған жағдайда білім алушы кафедра меңгерушісінің атына түсініктеме береді.
Пәннің тәртіп саясатын жүйелі түрде бұзған жағдайда кафедра меңгерушісі деканатқа тиісті қызметтік жазба береді.
Студент сабаққа 15 минуттан артық кешіксе, студент "жб" электрондық журналына қойылады.
Тәжірибелік және зертханалық сабақтарда бақылау (тестілік бақылау, ауызша және жазбаша сұрау) жүргізу кезінде әртүрлі шпаргалкаларды пайдалану кезінде электрондық гаджеттер, шпаргалкалары бар білім алушыларға академиялық адалдық кодексіне сәйкес акт толтырылады.
Аралық бақылау жүргізу кезінде әртүрлі электрондық гаджеттерді, шпаргалкаларды пайдалану кезінде электрондық гаджеттер, шпаргалкалар алынады, акт толтырылады және тәртіптік шаралар білім алушылардың академиялық адалдық кодексіне сәйкес қолданылады
Әр орындалмаған тапсырма үшін студент"0" балл алады
Сабақта болмағаны үшін студент " жб " алады.
Барлық білім алушының өзіндік жұмыстары (БӨЖ, ағымдағы, аралық және қорытынды бақылау жұмыстары) антиплагиатқа тексеріледі. Плагиат анықталған кезде тәртіптік шаралар білім алушылардың академиялық адалдық кодексіне сәйкес қолданылады.
Сыбайлас жемқорлық фактілері анықталған жағдайда (студенттің пара, сыйлықтар және басқа да материалдық құндылықтарды беруі, сырттан қысым көрсетуі (ата-анасы, туыстары, әріптестері) оқытушы комплайнс-офицерге қызметтік жазба жазады.