Байланысу ақпараты: Оқытушылардың мағлұматтары


«Клиникаға дейінгі зерттеулер негіздері». 2 Бөлім. «Қозғалыстар» модулінің мақсаты



бет6/48
Дата02.12.2023
өлшемі285,09 Kb.
#131894
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48
Байланысты:
Редакциясы 1-emirsaba.org

«Клиникаға дейінгі зерттеулер негіздері». 2 Бөлім. «Қозғалыстар» модулінің мақсаты: Модулді оқып-білген соң студент тірек-қимыл жүйесінің морфофизиологиялық, ұлпаларындағы зат алмасу және реттелу ерекшеліктерін, тұқым қуалайтын ауруларының генетикалық механизмдері туралы білімдерін қолдана алуға қабілетті болады.
Модульдің қысқаша сипаттамасы: Модульдік пән сүйектердің қанменқамтамасыз етілуін және иннервациясын, кеуде және қол-аяқдың буындары мен бұлшықеттерінің анатомиялық құрылысын жас және жеке ерекшеліктерін ескеріп, бұлшықет жиырылуының механизмі мен реттелуін, даму заңдылықтарын, жасушалардың және жасушааралық заттың тіршілік әрекетінің құрылымы, әсіресе дәнекер, сүйек, бұлшықет тіндерінің, тері және тірек-қимыл аппаратының тұқым қуалайтын ауруларының клиникалық белгілерінің көрінуінің генетикалық механизмдерінің, оларды диагностикалау және алдын алу әдістерін оқытады.
Модулді оқып-білген соң бітіруші биомедициналық ғылымдар (әр түрлі жастағы тірек-қимыл аппаратының анатомиялық, гистологиялық құрылысы, қозғалыстың биохимиялық процестері мен физиологиялық механизмдері, тұқым қуалайтын патологиялар) бойынша алған білімдерін қолданып, сапалы емдеуді қамтамасыз ету үшін медициналық қызметпен айналысуға; анағұрлым кең тараған ауруларды диагностикалау кезеңдерінде зертханалық, функционалдық және генетикалық зерттеу әдістерінің нәтижелерін интерпретациялауға қабілетті болады.


Білім беру нәтижелері:
ON1 Науқастарға бағытталған сапалы емдеуді қамтамасыз етуде клиникалық және биомедициналық ғылымдардың білімдерін қолдана отырып, медициналық қызметпен айналыса алады.
ON2 Жалпы ауруларды диагностикалау және емдеу сатыларындағы клиникалық, зертханалық және функционалды зерттеу әдістерінің нәтижелерін түсіндіре алады.
Пәнді оқу аяқталғаннан кейін сіз құзіретті боласыз:
1) сипаттауда:
- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің микропрепараттарын микроскопиялық және ультрамикроскопиялық деңгейде;
- энергия алмасуының сатыларын, дәнекер, сүйек және бұлшық ет тіндерінің химиялық құрамы мен олардағы метаболизм ерекшеліктерін;
- дені сау адамның әр түрлі жас кезеңдеріндегі тірек-қимыл жүйесі органдарының физиологиялық функцияларының қалыптасуының негізгі механизмдерін;
- тірек-қимыл жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларын, миопатияларды және ақыл-ой мен дене дамуының кемістігі синдромдарын диагностикалау әдістерін;
2) анықтауда және атауда:
-кеуденің, бастың және қол-аяқтың ірі буындарының анатомиялық структураларын;
-бастың, мойынның, кеуденің және қол-аяқтың бұлшық еттерін;
-науқастардағы тұқым қуалау типін, генотиптерін;
3) дағдыларды демонстрациялауда:
- ірі буындардың, бұлшық еттің ірі буындарының анатомиялық структуралары туралы белгілі мәліметтерді жинақтауды және клиникалық зерттеулердің кейбір элементтерін қолдана отырып, негізделген қорытындылар жасауды;
- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің құрамындағы әртүрлі тіндердің жасушалары мен жасуша аралық заттарын жарық микроскобының көмегімен анықтауды;
- физиологиялық құрылғылармен жұмысты;
- дәрігерлік практикада OMIM (Online Mendelian Inheritance in Man) тұқым қуалайтын аурулар базасымен жұмысты;
4) нәтижелерді (мәліметтерді) интерпретациялауда:
- тірек-қимыл жүйесі мүшелерінің құрылысын микроскопиялық, ультрамикроскопиялық деңгейдегі зерттеу нәтижелерін;
- индикаторлық ферменттердің активтілігі және дәнекер, сүйек, бұлшық ет тіндерінің метаболизміндегі басқа да биохимиялық көрсеткіштері туралы зертханалық мәліметтерді;
- жас ерекшеліктерін ескеріп, тірек-қимыл жүйесі органдарын физиологиялық зерттеу;
- тірек-қимыл жүйесінің тұқым қуалайтын ауруларының, миопатиялардың және ақыл-ой мен дене дамуының кемістігі синдромдарының шежіресін, науқас баланың туу қаупін есептеу, тұқым қуалау түрін анықтау нәтижелерін интерпретациялауға;
5)заманауи әдебиеттің мәліметтерін талдауда;
6)оқытылатын пәннің контексінде логикалық анализдің, аргументтелген тілдің, командада жұмыс істеудің, кәсіби терминологияны меңгеру, тиімді ауызша және жазбаша дағдыларды көрсете аласыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет