Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б


Педагогикалық консилиум –



Pdf көрінісі
бет28/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#16139
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51
Педагогикалық консилиум – оқушылардың үлгерімі мен тәртібін тереңірек қарастыратын, 

оларды оқыту мен тәрбиелеуде байқалған кемшіліктерді жоюға дұрыс жол табу мақсатында 

өткізілетін мұғалімдердің кеңесі.  

Әдебиеттер: 

1.  Ақажанова А.Т. Девиантология Оқу құралы.Алматы:Заң әдебиеті, 2008.-114б. 

2.  Ақажанова  А.Т.,  Садырова  А.  Девиантты  мінез-құлықтың    кейбір  теориялық 

сипаттамалары.Ізденіс.— Алматы, 2007. 

3.  Әбенбаев С.Ш.  Тәрбие теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы. Алматы: Дарын, 2004.  

4.  Змановская  Е.В.  Девиантология  (Психология  отклоняющего  поведения)  Учебное 

пособие для студ.высш.завед. – 2-е изд. М.:  –М.: 2004, - 288 с. 

5.  Сластенин В.А. Методика воспитательной работы. – учебное пособие, Москва, 2008. 

6.  Воспитательная  работа  с    «проблемными»  учащимися.  Планирование  Мониторинг 

развитие учащихся. Разработки занятий с педагогами и родителями – М.: Изд.: Учитель, 

2007.   


 

Жеке  оқушымен  жұмыстағы  мақсат  -  оның  тұлғалық  дамуына  педагогикалық 

тұрғыдан  жағдай  жасауды,  оның  жеке  басының  жан-жақты  қалыптасуын  және  күш  - 

жігерінің  артуын  қамтамасыз  ету  соған  орай,  оқушымен  жеке  жұмыстың  мәні  -  оның 

тұлғасын  әлеуметтендіру,  оның  өзінің  жетіліуі  мен  өзін-өзі  тәрбиелеуге  деген  қажетсінуін 

тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай, ұйымдастырылған тәрбие жұмысының 

әртүрлі  формалары  немесе  әдістерін  таңдауға  ғана  байланысты  болмайды,  керісінше,  оған 

өзін қатыстырумен жемісті болмақ. 

«Қиын  оқушы»,  «Тәрбиесі  қиын  бала»  ұғымдары  өте  кең.  Бұл  ұғымдар  ғылымға  30 

жылдары  А.С.  Макаренко,  В.Н.  Сорока-  Росинскийдің  еңбектерінде  орын  тапқан. 

Педагогикалық тәрбиесі қиын балалар – бұл оқуға, еңбекке, қоғамдық өмірге ықыласы жоқ 

балалар.  Олар  дөрекі,  әдепсіз,  барлық  әдеттерге  еліктеуге  бейім  келеді.  «Егер  бала  бұзақы 

бола  бастаса,  онда  бұған  бала  кінәлі  емес,  педагогикалық  әдістер  кінәлі»,    -  деп                      

А.С. Макаренко айтқан. 

 Қиын  балалар  –  тұлғалық  дамуында  керінеу  ауытқулары  бар  екенін  көрсететін 

балалар  санаты.  Әдетте,  балаларды  бұл  санатқа  қосқанда  олардың  оқу  –  тәрбие  үдерісінің  

дұрыс өтуіне кедергі болатын даралық- психологиялық ерекшеліктерінің  сыртқы көріністері 

негізге  алынады.  Қазіргі  әдебиеттерде  «Қиын  балалар»  деп,    әдетте,  мінез  –  құлықтары 

жалпы қабылданған нормалардан көп ауытқитын және дұрыс тәрбиелеуге кедергі жасайтын 

балалар  аталады.  Қиын  тәрбиеленушілік  –  баланың  тәлімдік  әсерге  ұғынықты  немесе 

ұғынықсыз түрдегі қарсылығы. Қиын тәрбиеленушілік тәрбиешінің, ата  – ананың жаңылыс 



41 

 

әрекетінен,  баланың  жүйке  және  әлеуметтік  даму  кемшілігінен  және  т.б.  сипаттарынан 



туындап,  оқу  бағдарламасын  игеруге,  әлеуметтік  рөлін  орындауға  және  әлеуметтік 

бейімделуге кедергі келтіреді. 

Ауытқыған  мінез-құлық  табиғаты  әртүрлі.  Мінез-құлықтағы  бұзылулар  тұлғаның 

ерекшеліктерімен тығыз байланыста қарастырылады. 

А.Г.  Абрумова,  Л.Я.  Жезлова  девиантты  мінез-құлық  түрлерінің  әлеуметтік 

психологиялық  тәсілге  негізделген  тұжырымын  ұсынады.  Олар  балалар  мен 

жасөспірімдердегі девиантты мінез-құлықтың негізгі төрт түрін бөліп көрсетеді: 

1. 


Тәртіпке қарсы мінез-құлық;  

2. 


Антиәлеуметтік (қоғамға қарсы);  

3. 


Делинквентті (құқыққа қайшы келетін);  

4. 


Аутоагрессивті мінез-құлық  

Девиантты  мінез-құлықты  тәртіпке  қарсы  түріне  оқу-тәрбиелеу  мекемелерінде 

қалыптасқан  режим  мен  тәртіпті  бұзу  жатады.  Мысалы:  сабақтан  күнделікті  қалу,  оқу 

тапсырмаларын орындаудан бас тарту және т.б. 

Антиәлеуметтік  мінез-құлыққа  мінез-құлықтың  көпшілік  мақұлдаған  өнегелі 

нормаларын  мойындамау  мен  орындамауға  байланысты  қылықтарды,  оқу  мен  еңбек 

әрекеттерінен  бас  тартуды,  кезбелікті,  ерте  жастан  жыныстық  қатынасқа  түсуді,  сексуалды 

ұстамсыздықты, ішімдік ішу, нашақорлық, улы заттарды қолдануды жатызуға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет