Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б



Pdf көрінісі
бет2/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#16139
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен дәрістер жинағы.pdf.pdf

 

 

 

 

 

 

 

 


 

Алғы сөз 



 

«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» курсынан  дәрістер жинағы «Білім» 

тобы  мамандықтарына    ұсынылған.    Қазіргі  білім  беру  кеңістігінің  стратегиялық  мақсатын 

шешу мұғалімнің тәрбиелік  іс–әрекеттегі құзыреттілігіне байланысты. Сондықтан болашақ 

маманның  тәрбие  технологиясын,  тәрбие  жұмыстарының  әр  түрлі  бағыттарын 

ұйымдастырудың әдістері мен формаларын меңгеруі басты міндеті болып табылады. 

                                               

Кіріспе  

Қазіргі  білім  беру  мекемелерінде  ұрпақ  тәрбиелеудің  міндеттерін  тәрбиелік  жүйенің 

жаңа  моделін  дайындаудан,  жеке  тұлғаның  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар 

негізінде  қалыптасуы  мен  дамуы  және  оның  кәсіби  жетілуі  үшін  қажетті  жағдайлар 

жасаудан;  баланың ана тілін, ұлттық салт - дәстүрлерді   сақтауынан, тәрбиелену, білім  алу 

және  жан-жақты  қалыптасу,  ақпараттану,  денсаулығын  нығайту  сияқты  құқықтарын  іске 

асырудан көрінеді.  

Қазақстан 

Республикасының 

Президенті 

Н.Назарбаевтың 

«Әлеуметтік 

– 

экономикалық  жаңғырту  –  Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  2012  жылғы                     



27  қаңтардағы  Қазақстан  халқына  Жолдауында  адами  капиталдың  сапалы  дамуына  баса 

назар  аударылып,  оқыту  процесіне  қазіргі  заман  талабына  сай  технологиялар  мен 

әдістемелерді  енгізу,  педагогтар  сапасын  көтеру,  оқушылардың  функционалдық 

сауаттылығын дамыту және тәрбие мәселесін күшейту бағыттары нақты қарастырылды. 

Ел  ертеңінің  сәулеленіп,  Қазақстанның  тәуелсіздік  тұғырында  нық  орнауы  да  оның 

болашағын  сомдайтын  бүгінгі  жас  өркен    -  ертеңгі  біртуар  тұлғаны  тәрбиелеу  негізінің 

мықты болуында.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет