Баймаханова Г.Қ., Мухамеджанова Б. Б


Бекітуге арналған сұрақтар



Pdf көрінісі
бет30/51
Дата06.01.2022
өлшемі1,01 Mb.
#16139
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51
Байланысты:
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінен дәрістер жинағы.pdf.pdf

Бекітуге арналған сұрақтар 

1.  «Девиантты  мінез-құлықты»,  «Делинквентті  мінез-құлықты»  ұғымдарының    мәнін 

ашыңыз.   

2. Жасөспірімдердің ауытқушы мінез – құлқының себептері мен факторларын атаңыз. 

3. Қиын балалармен  қандай әдістер қолданылады? 



 

Дәріс №9 Дарынды балалармен жүргізілетін тәрбие жұмыстарының жүйесі 

Жоспары: 

1. «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдары 

2. Дарындылықтың диагностикасы. 

3. Дарынды балалармен жүргізілетін жұмыстардағы педагогикалық іс –  

әрекеттің қағидалары мен заңдылықтары 

Мақсаты: «Интеллект», «қабілеттілік», «дарындылық», «талант» ұғымдарының мәнін 

түсіндіре  отырып,    дарынды  балаларды  анықтау  жолдары  мен  дарындылықты  дамыту 

әдістері туралы білім жүйесін қалыптастыру.  

Глоссарий:  



Интеллект  -  ақпаратты  мақсатты  бағытта  қайта  өңдеуге,  реттеуге,  оқуға  қабілеттіліктің 

күрделі жүйелерінің танымдық іс-әрекеті 



Қабілеттіліктер  -  бір  немесе  бірнеше  іс-  әрекеттің  түрін  ойдағыдай  орындаудың  шарты 

болып табылатын жеке тұлғаның дара психологиялық қасиеті.  




45 

 

Нышан  -  қабілеттіліктер  дамуының    табиғи  алғышарттары.  Туа  біткен  анатомиялық-  

физиологиялық  ерекшелік,  нышандар  болып  табылады,  олар  қабілеттіліктер  дамуының 

негізіне жатады, қабілеттіліктердің өздері әруақытта да дамудың нәтижесі. 



Дарындылық  –  үлкен  нышаннан  туындайтын  қабілеттіліктің  түрі.  Дарындылық  адамның 

сәби кезінен байқалатын ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. 



Дарындылық – балаға білім беруде туа біткен алғырлық қасиеттің тәрбие жүйесіндегі әдіс –

тәсілдермен бірлесе келіп, жеке тұлғаны қалыптастыруда ықпал етуінің нәтижелік  көрінісі. 

Адамның  білуге  деген  ынта  –  ықласының  бала  бойында  туа  біткен  алғырлық  қасиетімен 

ұштасуын ақыл – ой қабілетінен байқауға болады. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет