процесіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы маңызды буын. Жоспардың қызметі –
педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру, педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз
ету, ондағы белгіленген тәрбие шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі: Оқу құралы.-Алматы: Дарын, 2004.
2. Воспитание детей в школе: Новые подходы и технологии /Под ред. Щурковой Н.Е.-М.,
1998. Губашева С., Отарбай А. Тәрбие жұмысының әдістемесі. Оқулық. – Астана, 2011.
әрекет те болмайды. Сондықтан, мақсат тәрбие жұмысының принципін, мазмұны мен
формалары және әдістерін анықтайды. Сол үшін де мектеп мұғалімдері қандай да мақсатты
анықтап, белгілеуде, оның дұрыс белгіленуіне жауап береді. Тәрбие жұмысында дұрыс
қойылмаған мақсат, оның жұмысында келеңсіз жағдайлардың туындауына себепкер болады.
25
Олай болса, тәрбие жұмысының нәтижелі болуы, көбінесе ондағы мақсаттың нақтылығына
байланысты бағаланады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын жоспарлау барысында әр түрлі мақсаттар
белгіленеді: жақын қашықтықта, орта қашықтықта және алыс қашықтықта болып келеді.
Оны анықтауда оқушылар мен ата – аналарды тартады. Мәселе, тек мақсатты қоюда емес,
мақсатты анықтауда. Мұндай жағдайда,
а) мақсатты ұсыну және оны негіздеуді;
б) оны жүзеге асырудың жолын қарастыруды;
в) қол жеткізетін нәтижені алдын – ала жобалау бірінші кезекте ескерілуі қажет.
Мұғалімдер мен оқушылардың өзара әрекетінің сипаты, сонымен бірге мақсаттың
қаншалықты дәрежеде атқарылуына, проблемалық жағдаяттың туындауына да байланысты.
Негізгісі, мақсатты анықтау барысында оған қатысушы әрбір жақ өздерінің болашақтағы
әрекеттерінің мәнін жақсы әрі айқын түсінулері шарт.
Сынып жетекшісінің мақсат қоюшылық қызметі негізінен 4 кезеңнен тұрады:
1. Педагогикалық процесті алдын – ала болжау.
2. Өткен оқу жылы қорытындысының нәтижесіне талдау жасау.
3. Тәрбиенің мүмкіндіктерін жобалау.
4. Мақсатты анықтауда пән мұғалімдері мен оқушылар және ата – аналардың өзара
бірлескен әрекетін ұйымдастыру.
Тәрбие жұмысын ұйымдастыруда анықталып отырған мақсаттың нәтижелі болуын
қамтамасыз ету үшін сыныптағы және мектеп көлеміндегі педагогикалық үдерістің нақты
жағдайын, оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін, олардың өткен оқу жылындағы
әрекеттерінің нәтижесін, осы бағытта үш бұрыштың бірлескен іс – қимылдарында
жинақтаған тәжірибесін зерттеп тану қажет.
Оқушылардың тәрбие жұмысының мақсатын анықтап, белгілеу жұмысына тікелей
қатысуы, олардың өздеріне өткен оқу жылындағы әрекеттерін зерделеп, дұрыс
көзқарастарын орнықтыруға және болашақтағы әрекеттеріне саналы түрде қатынас жасауға
мүмкіндік туғызады. Мұндай жағдай сынып жетекшісіне педагогикалық құралдарын дұрыс
таңдауға септігін тигізеді.
Тәрбие жұмысының мақсатын анықтау барысында, оның педагогикалық міндеттері де
анықталады. Оны жобалау негізінен мынадай кезең арқылы жүзеге асады:
1. Тәрбиенің жалпы мақсаты қандай болып белгіленді.
2. Сынып ұжымы мен мектеп және тұрғылықты жердің қандай өзіндік ерекшеліктері
бар.
3. Мектеп немесе сынып жағдайында өткен оқу жылында қандай міндеттер
қарастырылды және олардың нәтижесі қалай болды.
4. Сынып ұжымының әрекеті қандай міндеттерге айрықша жауап берді.
5. Қойылып отырған мақсатты жүзеге асырудың педагогикалық мүмкіндіктері қандай.
6. Сынып ұжымының жақын қашықтықтағы міндеттерді шешуге даярлық дәрежесі
қандай.
Міне, осындай мәселелерге дұрыс жауап берген жағдайда ғана оның нәтижесі айқын,
әрі орындалатын болады. Оқушылар да қойылып отырған мақсатты дұрыс қабылдап, оған
өздерінің жауапкершілік сезімдерін ұлғайтады. Нәтижесінде, тәрбие жұмысын жоспарлауды
өз дәрежесінде атқаруға оң ықпал етеді.
Жоспарлау – бұл сынып жетекшісінің негізгі іс – әрекетінің бір бөлігі, педагогикалық
және сынып ұжымының оқу – тәрбие үдерісіндегі әрекеттерін нәтижелі ұйымдастырудағы
маңызды буын. Тәрбие жқмысының моделі, бағыты, білім мекемелерінің негізгі жоспарына
сай құрылады. Жоспардың қызметі – педагогикалық ықпалды жүйеге келтіру,
педагогикалық талаптарды орындауды қамтамасыз ету, ондағы белгіленген тәрбие
шараларының бірізділігі мен басқару тиімділігін қамтамасыз етуді көздейді. Жоспарлау –
мақсатқа жетудің бірден – бір негізгі жолы.
26
Е.В.Бондаревскаяның
тұжырымдамасы
бойынша
оқушыларды
тәрбиелеуде
мектептердің алдында төмендегідей маңызды міндеттер қойылады:
- Жастардың философиялық ғылыми дүниетанымын дамыту, қоғамдағы әлеуметтік –
экономикалық түбірлі өзгерістер жағдайында өмірдің мәнін түсінуге көмектесу, өмірге
қарым – қатынасын қалыптастыру;
- Жалпы адамзаттық мәдени байлық мұраны пайдалана білуге баулу;
- Әрбір баланың табиғи (қабілет) нышанын дамытып, шығармашылық қабілеттерін
жетілдіру;
- Жалпы адамзаттық адамгершілік нормаларын қалыптастыру (мейірімділік, өзара
түсінуші, қайырымдылық, шыдамдылық);
- Өз-өзіне баға беруге, басқаруға, сыйлауға, ішкі дүние еркіндігіне тәрбиелеу;
- Заңды құрметтеуге, ұжымдық өмір нормаларына, азаматтық және әлеуметтік
жауапкершілікке тәрбиелеу;
- Өмірдің жоғары бағалылығы ретінде еңбекке, қарым – қатынасқа тәрбиелеу,
шығармашылық еңбекке қажеттілікті дамыту, іскерлік қарым – қатынасқа, адамгершілікке
тәрбиелеу.
- Салауатты өмір салтына тәрбиелеу, бақытты өмір сүріп, жақсы отбасы басшысы
болуға баулу.
О.С.Газман кез келген педагог тәрбиешінің 3 типтік міндетін көрсетеді.
Достарыңызбен бөлісу: