Баймухамбетова к м. «Педагогика және тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі»



бет4/6
Дата15.11.2023
өлшемі45,09 Kb.
#123251
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
БӨЖ және ОБӨЖ әдістемелік нұсқауы

4. Топтық жоба – қойылған мәселені талдау бойынша студенттің кең және терең қызығушылығын көрсетіп, танытуы.
5. Эссе – студенттің жіберілген тақырыптар бойынша өз бетінше мазмұндамасын жеткізуі(жазбаша)
6. Шығарма – аудиториялық шектеулі уақыт жағдайында зерттеліп отырған тақырып немесе тақырып циклы бойынша өзіндік, жазбаша шығармашылық материал. СӨЖ жазбаша нысанда, тақырыпты ашып, негіздеп жазу түрінде тапсырылады және студент тарапынан қорғалады, бұл жайында тапсырма бөлімінде айтылған.
СӨЖ тақырыптары төменде белгіленген тақырыптардың алғашқы үшеуі жетінші аптаға дейін оқытушының офис уақыттарында тапсырылады, ал кейінгі екеуі, яғни 4-5 тақырыптар он үшіні аптаға дейін тапсырылады. Кешіктірілген жұмыстар қабылданбайды. Силлабуста көрсетілген мерзімнен кейін даярланған СӨЖ қаралмайды.
1. Реферат. Студентте бір тақырыпты таңдау құқығы бар, осы тақырып бойынша ол материалдарды жинап, қорғау үшін реферат әзірлеу тиіс. Рефераттардың қорғалуы оқытушымен тағайындалған мерзімде өткізіледі (сабақ кестесіне сәйкес). Рефераттарды дайындау және рәсімдеу бойынша нұсқаулар Рефератты жазғанда осындай жағдайларға назар аударылады: Реферат ғылыми әдебиеттерде, сондай-ақ басқа ақпарат көздерінде (интернет, газеттер мен журналдар және т.б.) белгілі өзекті тақырып бойынша жарияланған концепциялардың айқындалуы болып табылады. Рефератта ешқандай жаңалықтың элементтері болуға тиісті емес, бұл жерде бірнеше қайнар көздерінде көрініс тапқан берілген тақырыптағы негізгі идеяларды сауатты айтып беру және оларды әр түрлі көзқарастар бойынша топтастыру жеткілікті болып табылады. Рефераттың көлемі 5-тен кем емес және 15 баспа беттен артық емес болады. Рефератты Word 6,0 немесе 7,0 (Windows'2000) редакторы пішінде теру керек, бет үлгісі – А4; қаріп (шрифт) түрі – Times New Roman (KZ Times New Roman), қаріп (шрифт) өлшемі – 14. Мәтінде артық, тақырыптан басқа жаққа алып кететін, керегі жоқ мәліметтер болмау тиіс. Реферат мазмұнының берілген тақырыпқа сәйкестілігі бағалаудың маңызды критериі болып саналады. Сондықтан рефераттың бас мақсаты ақпарат көздерін толық пайдаланып, авторлардың пікірлерін дұрыс түсіну және жұмыста оларды өзгертпей көрсете білу. Рефераттың құрылымы қойылған міндеттемелерге байланысты. Реферат титулдық беттен басталады. Одан кейін мазмұны көрсетіледі. Мазмұны рефераттың жоспары болып табылады, бұл жерде әр бөлімнің қасында тиісті беттердің нөмірі көрсетіледі. Рефераттың мәтіні үш бөлімге бөлінеді, яғни кіріспе, негізгі бөлім және қорытынды. Кіріспеде тақырыптың өзектілігі негізделеді, сонымен бірге негізгі мәселелер, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, пайдаланған қайнар көздері сипатталады. Жұмыстың негізгі бөлімі реферат логикалық қатарының басты элементі болып табылады. Ол бірнеше тараудан немесе біртұтас мәтіннен тұрады. Негізгі бөлімде кезегімен, тараулар арасындағы логикалық байланыстың сақталынуымен кіріспеде қойылған мәселесі сипатталады, осы сұрақ бойынша алуан пікірлер көрсетіледі, авторлық көзқарасы негізделеді. Қажет болған жағдайда рефераттың мәтіні суреттер, кестелер мен сызбалармен толықтырылады. Жұмыстың қорытындысында зерттеу жұмысының теориялық мәселелеріне қатысты басты-басты қол жеткен тұжырымдары көрініс табады. Рефераттын соңында библиографиялық тізімі яғни пайдаланылған әдебиеттер мен басқа қайнар көздерінен тізімі көрсетіледі. Рефераттың рәсімделенуі де жұмыстың маңызды аспектісі болып табылады, себебі рефераттың дұрыс рәсімделгені қорытынды бағаға ықпал етеді. Өзекті, қызықты жазылған рефераттың құнтсыз рәсімделуі бағаны төмендетуге негіз бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет