Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Жетісу археологиялық ескерткіштері



Pdf көрінісі
бет33/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117
Жетісу археологиялық ескерткіштері 

 

        Жетісу жеріндегі қола дәуірі ҧзақ жылдар бойы нақты зерттеліне қойған 

жоқ.  Мҧны  ескерткіштердің  жҥйелі  тҥрде  зерттелмеуімен  тҥсіндіруге 

болады.  Әйтсе  де  қолдағы  мағлҧматтар  қола  дәуірінде  Жетісу  жері  де  ірі 

мәдени  ошақтардың  бірі  болғандығын  дәлелдеп  отыр.  Әсіресе  соңғы  20 

жылдай  уақыттан  бері  атқарылған  далалық  ізденістер  мҧнда  бірнеше 

археологиялық мәдениеттердің орнын анықтауға мҥмкіндік берген болатын. 

        Кейбір  тҧжырымдар  бойынша  б.з.б.  ХҤ  ғасырдан  бастап  андроновтық 

тайпалар  оңтҥстікке  қарай  жылжи  бастады.  Дегенмен  бҧл  кездерде  орын 




 

127 


алған  дала  тҧрғындарының  миграциясы  туралы  ғалымдар  арасында біркелкі 

байлам  жоқ.  Кейбір  мамандар  осы  уақыттарда  халық  саны  артты,  олардың 

оңтҥстікке  және  оңтҥстік-шығысқа  жылжуы  жайылым  жерлердің 

жетіспеушілігінен 

туындады 

деп 


есептейді. 

Басқа 


зерттеушілер 

андроновтықтардың  қоныс  аударуының  негізгі  себебін  б.з.б.  ІІ-мыңжылдық 

ортасындағы  қҧрғақшылықпен  байланыстырады.  Табиғатта  орын  алған 

ӛзгерістер  андроновтықтарды  Жетісудан  жаңа  жайылымдар  іздестіруге 

мәжбҥрледі. Бҧл кезеңде жылқыны кӛлік ретінде мініп жҥру кеңінен таралған 

болатын, мҧның ӛзі алысқа қарай миграция жасауға да мол мҥмкіндік берген. 

Дегенмен,  бҧл  кӛзқарас  археологиялық  материалдар  бойынша  нақтылана 

қоймаған,  себебі  кӛпшілік  мамандардың  пікірінше:  жылқыны  мініп  жҥру 

кеңінен  таралған  уақыт  андроновтықтардың  қоныс  аударуынан  кейін  орын 

алған.  Расын  айтқанда,  табиғаттағы  ӛзгерістер,  халық  санының  артуы  және 

жаңа  жерлерді  игеру  андронов  тайпаларының  Жетісуға  қоныс  аударуына 

себепкер болған деуге болады. 

       Жоңғар 

Алатауындағы  тау  алдында,  Іле  Алатауының  шығыс 

бӛктерлерінде  және  Кҥнгей  Алатауында  сібірлік  андронов  мәдениетінің 

дәстҥрі  анық  байқалады.  Қорымдардан  алынған  әйел  адамның  әшекейлері 

арасынан  кең  ауызды  сырғалар  кӛптеп  кездеседі,  жерлеу  ғҧрпында  мҥрдені 

ӛртеу  салты  басымдық  танытады.  Десе  де  бірқатар  ескерткіштердің  ӛзіндік 

ӛзгешеліктері байқалады. Мысалы, Кӛлсайдан және Шелек ӛзенінің жоғарғы 

ағысындағы  Ҧзынбҧлақ,  Алғабас  қорымдарынан  ағаштан  жасалған  жерлеу 

камералары  кездеседі.  Ал  Жетісудың  оңтҥстік-батысында  мҧндай  белгілер 

сиректеу ҧшырасады. 

       Жетісудың  батыс  бӛлігінде  андроновтықтар  б.з.б.  ІІ  мыңжылдық 

ортасында пайда болса керек, ӛйткені Тамғалы шатқалындағы, Аңырақай мен 

Кіндіктас 

тауларындағы 

ең 

ежелгі 


ескерткіштер 

осы 


уақытпен 

мерзімделінеді.  Шамамен  осы  кездері  қоныстанушылардың  бір  бӛлігі  Кӛксу 

ӛзенінің аңғарына жылжыды, бірақ Жоңғар Алатауындағы тау алды жазығын 

қоныстанудың мерзімі б.з.б. ХІІ-Х ғасырларды қамтиды. 

         Б.з.б.  ХІ-Х  ғасырларда  Тҥрген,  Асы,  Шелек,  Кеген  ӛзендерінің 

аңғарларындағы биік таулы жайылымдар игерілді.  

       Кейінгі  қола  дәуірінде  Кӛксу  ӛзеніндегі  Талапты,  қазіргі  Алматы 

қаласының  аумағындағы  Тереңқара,  Баянжҥрек  тауларындағы  Тасбас 

қоныстарында  адам  баласы  тіршілік  етіп  жатты.  Олардан  басқа  кӛптеген 

ескерткіштердің  материалдары  Жетісу  жеріндегі  қола  дәуірі  жайлы  мол 

мәлімет береді. 

       Сӛйтіп,  Жетісу  аумағын  қола  дәуірі  тайпаларының  игеруі  бірнеше  жҥз 

жылдықтарға, соның ішінде б.з.б. VІІІ ғасырға дейін созылды. 

       Жетісу аумағынан қола дәуірінің қорым, қоныс және жартас суреттерінен 

тҧратын  кӛптеген  ескерткіштер  ашылған.  Жетісудың  оңтҥстік-батыс 

бӛлігінде  қорымдар  Қҧлжабасы  мен  Шу-Іле  тауларының  жоталары 

аралығында;  Ой-Жайлауда  және  Аңырақай  тауларында  орналасты. 

Жетісудың  солтҥстік-шығыс  ескерткіштері  Кӛксу  ӛзені  аңғары  мен  Жоңғар 

Алатауындағы  биіктаулы  ҥстірттен,  Баянжҥрек  тауларынан,  Кӛлсай  мен 



 

128 


Шелек  ӛзендері  алабынан  табылған.  Ал  Жетісудың  орталығындағы 

ескерткіштер  Алматы  маңындағы  Майбҧлақтан,  Ақсай  ауылы  жанынан, 

Алматы қаласының аумағынан және де биік  таулы аудандардан, Асы, Саты, 

Кеген ӛзендері алабтарынан ашылған. 

        Алғашқыда  андроновтықтар  даланың  шағын  ӛзендері  жағалауын 

қоныстанды.  Жетісудағы  қоныстар  баспаналар  мен  шаруашылық 

қҧрылыстардан  тҧрады.  Б.з.б.  ХІІ-Х  ғасырларда  халық  тау  алды  аймақтарға 

жылжыды. Б.з.б. ІІ-І мыңжылдық шегінде Іленің сыртындағы Алатау, Кҥнгей 

Алатау  мен  Жоңғар  Алатауы  игерілді.  Бірнеше  ондаған  баспаналардан 

тҧратын  қоныстар  пайда  бола  бастайды.  Солардың  бірі  –  Мҧздыбҧлақ. 

Қҧрылыс  салу  техникалық  тәсілдері  де  бҧл  кездері  тҥрлене  тҥседі.  Егер 

алғашқы  кездері  андроновтықтар  жартылай  жертӛле  тҥріндегі  баспаналар 

тҧрғызса,  кейінгі  қола  дәуірі  кезеңінде  баспаналарды  тау  баурайларын 

пайдалана  отырып  тҧрғызды,  яғни  жартас  жыныстарын  табиғи  қабырға 

ретінде  қолданды.  Қоныстар  жылы  әрі  қысты  кҥні  температура  мейлінше 

жоғары оңтҥстік баурайларда орналасты. 

        Жетісу  жерінде  Орталық  Қазақстанға  тән  малға  арналған  шаруашылық 

қҧрылысы  мен  жататын  орны  қатар  тҧрғызылған  баспаналар  ӛте  сирек 

ҧшырасады.  Мҧнда  тас  плиталарынан  тҧрғызылған  қҧрылыстар  да  жоқтың 

қасы.  Дӛңгелек  және  тікбҧрышты  пішіндегі  жартылай  жертӛлелер  бҧл 

ӛңірдегі кең  таралған баспана еді. Кей  жағдайларда бағана шҧңқырларының 

орналасуы, бӛренелер мен қамыстардың қалдығы бойынша баспана шатыры 

екі  қҧламалы  (двухскатный)  болған  деп  анықтауға  болады.  Ҥлкен  ҥйлерде 

кейде  тӛрт  қҧламалы  шатырлар  кездеседі.  Кӛптеген  баспаналарда  біртіндеп 

ҥйдің ішіне тҥсетін дәліз болды. 

        Әдетте,  бҥйірінен  жерге  қазылып  қойылған  тас  плиталардан  соғылған 

ошақ ҥйдің ортасында орналасты, оның кҥлін қырнап алуға арналған ойығы 

болған  еді.  Кейбір  қоныстардан  саз  балшықтан  жасалған  сопақша  пішінді 

ошақтар ҧшырасқан. Бір бӛлмеден тҧратын баспаналарда кейде екі-ҥш ошақ 

орны  кездеседі,  мҧның  ӛзі  баспана  әлденеше  рет  қайта  жабдықталып 

отырғандығын аңартады. 

      Ендігі кезекте археологтар тауып, зерттеген кейбір қоныстарға сипаттама 

жасап кетелік. 

       Асы  қонысы.  Асы  ӛзенінің  жағалауында,  теңіз  деңгейінен  2400  м  биік 

жерде  орналасқан.  Қонысты  А.Н.Марьяшев  зерттеген.  Қазбаға  дейін  жер 

ҥстінен  қоныс  аумағын  қоршап  тҧрған  қаз-қатар  тізілген  тас  қаландылары 

анықталған. Қазба барысында ҥлкен бір баспананың ҥш қабырғасының негізі 

аршылған. Баспана қабырғасының қалыңдығы 0,5 м-дей болған. Бҧл баспана 

жерге 1,2-1,3 м кіріп тҧрған, қабырғалары таспен қаланған жартылай жертӛле 

іспеттес. Кеспелтекпен кӛтерілген шатыры екі қҧламалы болса керек. Шатыр 

тіреулік  ағаш  бағаналарға  тірелген.  Саз  балшықпен  сыланған  еденнен  де 

осындай  бағаналардан  қалған  шҧқыр  іздері  анықталған.  Ҥй  далдамен 

(қалқамен) бӛлінген бірнеше бӛлек жайлардан тҧрды. 

        Баспанадан  табылған  қыш  қҧмыра  оны  кейінгі  қола  дәуіріне  жатқызуға 

мҥмкіндік  береді.  Жануарлардың  сҥйектеріне  жасалған  радикӛміртекті 



 

129 


талдау  ескерткішті  бҧдан  3040  жыл  бҧрын  игерілгендігін  кӛрсетеді,  яғни ол 

бҧл ескеткіштің жас мӛлшерін б.з.б. ХІ ғасырға жатқызады.  

        Қоныстан ірі қара мен қойдың сҥйегі кӛп шыққан, есесіне жылқы сҥйегі 

ӛте аз.  

       Қоныстың  орналасқан  жері  бҧдан  3  мың  жылдай  уақыт  бҧрын 

андроновтықтар  Жетісудың  биік  таулы  жайылымдарын  игергендігін 

дәлелдейді.  

       Талапты  қонысы.  Аталмыш  қоныс  Кӛксу  ӛзенінің  биік  жағалауында, 

теңіз  деңгейінен  800  м  биіктікте,  Ешкіӛлмес    жотасының  тӛменгі  жағында 

орналасқан. Оны А.Н.Марьяшев пен А.А.горячев зерттеген.  

       Кӛксу  алабы  ежелден  ӛмір  сҥруге  қолайлы  аймақ  болды.  Мҧнда  қыс 

далаға  қарағанда  жылы  болды,  ӛйткені  тау  жотасы  аңғарды  солтҥстіктен 

келетін  суық  желдерден  қорғады,  сондай-ақ  таудың  оңтҥстік  беткейлерінде 

қар бола қойған жоқ, мҧның ӛзі қыста малдың жайылуына біршама қолайлы 

жағдай туғызды. Ӛзен жайылмасын тоғай алып жатты. 

        Ӛзеннің  оң  жағалауынан  зерттеушілер  15  км-ге  дейін  созылып  жатқан 

жерден  кӛптеген  кӛне  қоныстар,  қорымдар  мен  ғибадатханалар  тапқан.  Бҧл 

ӛңір  б.з.б.  ІІ-мыңжылдық  соңғы  ширегінде  адамзат  тығыз  қоныстанған 

экологиялық аймақ болды. 

        Қонысты қазуға дейін оның ҥстінен тікбҧрышты тҧрпаттағы (пішіндегі) 

тас  қаландылары  анықталған,  дәнҥккіш  пен  тас  келсап  сынықтары 

жинастырылған. Қоныстың негізгі бӛлігін ӛзен суы шайып кеткен. Қоныстың 

сақталған бӛлігінен бірнеше тастан қаланған жертӛлелер мен кӛлемі 16х18 м, 

жерге  табаны  1  м-дей  кіріп  тҧрған  бір  «ҥлкен»  ҥй  орны  аршылған.  Оның 

кірер  есігі  «Г»  пішіндес.  Баспананың  ортасында  ауданы  2,4х2,2  м,  тас 

плиталары бҥйірінен қаланған, кҥлі тола ошақ орналасқан. Ошақтан шығысқа 

қарай шҧңқырлар орны анықталған. Шҧңқырлардың бірі таспен қаланған, ол 

алдын  ала-ақ  сақтау  қоймасы  деп  мамандар  тарапынан  анықталған.  Екінші 

шҧңқыр  мал  сҥйектеріне,  сынған  ыдыс  қалдықтарына  толы,  ол  қоқыс 

салатын орын деп белгіленген.  

        Баспана  еденінен  қайрақ,  пышақ  тәрізді  тас  тілік,  тас  пышақ,  жонғы, 

кетпен,  ыдыс  қақпағы,  ҧршықбас  секілді  тҧрмыстық  заттар  алынған. 

Баспанаға шығыстан кірер ауыздағы қабырғадан жасалған шағын қуыстан екі 

бҥтін  қҧмыра  табылған.  Бҧл  ыдыстардың  кішісі  ҥлкен  қҧмыраға  салынған. 

Қҧмыраларға  салынған  заттар  ҥйді  бәле-жаладан  қорғауға  арналса  керек. 

Талапты  қонысында  адамдар  ҧзақ  уақыт  ӛмір  сҥрді  (б.з.б.  ІІ  мыңжылдық 

соңы  мен  б.з.б.  І  мыңжылдық  бас  кезі),  ал  оның  тҧрғындары  мал 

шаруашылығымен  және  егіншілікпен  айналысып,  кешенді  шаруашылық 

жҥргізді. Тҥз тағыларын да аулады. 

        Тҧрғындары  негізінен  қой  ӛсірді,  олардың  ҥлес  салмағы  75%,  ӛсірілген 

сиырлар 20%, жылқы 5%.  

        Ой-жайлау  қорымы.  А.Н.Марьяшев  зерттеген  бҧл  қорым  Кіндіктас 

тауларындағы  ҥстіртте  орналасқан  ең  ҥлкен  ескерткіштердің  бірі.  Ол  жыра 

шетінде  орналасқан,  2500  шаршы  м  жерді  алып  жатыр  және  де  шаршы, 

трапеция  пішінді  тас  қоршаулардан  тҧрады.  Қоршау  ішінде  бҥйірінен 



 

130 


қойылған  тас  плиталарынан  тҧратын  жәшіктер  орналасты.  Олардың  беті 

жалпақ плиталармен жабылды. Жәшік ішінде ересек адам жерленді. Осындай 

ҥш  моладан  адамдардың  қосарланып  жерленгендігі  анықталған.  Бір-бірімен 

жапсарласқан  жәшіктер  конструкциясы  да  ҧшырасады.  Жас  балалар  шағын 

жәшіктерге және қабір шҧңқырларына жерленді. Қайтыс болған адамдардың 

денесі бҥгіліп, басы батысқа қаратылды. 

      Мҥрдені  ӛртеу  ғҧрпы  да  кездеседі.  Мҧндай  жағдайда  ӛртенген  сҥйектер 

мен кҥл секілді мҥрде қалдықтары молаға қойылды. 

      Осыған 

ҧқсас 


конструкциялар 

мен 


қабірге 

қойылған 

заттар 

Қарақҧдықтан,  Таңбалыдан,  Қҧлжабасы,  Аңырақай  мен  Қордай  тауларынан 

да кездеседі.  

       Жетісудағы 

кеңінен 

танымал 


ескерткіштердің 

бірі 


кезінде 

А.Г.Максимова  зерттеген  Қарақұдық  қорымы  болып  табылады.  Ол  Шу-Іле 

тауларының  солтҥстік-шығыс  беткейлерінде  орналасқан.  Қорымдағы  тас 

плиталарымен  жабылған  жәшіктерге  балалар  мен  жасӛспірімдер  жерленген. 

Ересек  адамдар  тас  плиталармен  жалпағынан  қаланған  және  беті  жабылған 

цистада  жерленген.  Дӛңгелек,  сопақ  және  тікбҧрышты  келген  қоршауларда 

балалардың,  ересек  адамдардың  кейбір  жәшіктері  орналасқан.  Сҥйек 

қаңқаларының  аяқ-қолы  бҥгілген,  бастары  батысқа,  солтҥстік-батысқа 

бағытталған.  Балалар  қабірінің  (кейбірі  тас  плиталармен  жабылған)  бас 

жағында  бір-бірден  ою-ӛрнексіз  саз  балшықтан  жасалған  ыдыс  қойылған. 

Ересек  адамдардың  қабірінен  ҥлкен  ыдыстардың  сынықтары,  қола 

моншақтар  мен  сыртқы  жағынан  ілмек  секілді  ҧстағышы  бар  қола  айналар 

табылған. 

        Жетісудың  шығыс  ӛңіріндегі  таулы  аудандарда  басқаша  жерлеу  ғҧрпы 

мен ӛзгеше конструкциялар кеңінен таралған болатын. Шелек ӛзені алабында 

тас  плиталарынан  тҧратын  тікбҧрышты  ҥлкен  қоршаулар  анықталған. 

Мҧндағы қоршаудың ортасында, тереңдігі 2 м-ге жететін шҧңқырда бірнеше 

тянь-шаньдық  шыршадан  тҧратын  ағаш  қҧрылысы  орналасқан.  Осындай 

жәшіктерден  міндетті  тҥрде  кремация  ғҧрпы  бойынша  жерленген  бірнеше 

адам  қалдықтары,  қыш  қҧмыра  мен  қола  әшекейлері  кездеседі.  Мҧндай 

типтегі  қорымдар  Кӛлсайдан,  Алғабас,  Ҧзынбҧлақ,  Жылысай  ауылдары 

маңынандағы қорымдардан зерттелінген. 

        Алматы  қаласы  аумағында  ескерткіштер.  Іле  Алатауының  тау  алды 

аймағында  орналасқан  Алматы  қаласын  бірқатар  тау  ӛзендері  кесіп  ӛтеді. 

Ертеден-ақ  бҧл  жерлер  адам  баласының  тіршілігіне  қолайлы  ӛңір  ретінде 

белгілі. Тау алды аймағы қоныстан 2 кҥндік жол жҥрумен-ақ малды тез арада 

тауға немесе далалы аймақтарға жаюға  мҥмкіндік берді. Мҧнда егіншілік  те 

дамыды.  Орман,  тас    және  саз балшықтың  мол  болуы  қоныс  қҧрылыстарын 

салуды  жеңілдетті  және  тез  арада  баспана  тҧрғызуға  мҥмкіндік  берді, 

нәтижесінде  Алматы  аумағын  б.з.б.  ІІ-мыңжылдықта  андроновтықтар 

қоныстанды.  

        Ӛңірдегі  және  қала  аумағындағы  археологиялық  ескерткіштер  ӛкінішке 

орай қазіргі замандағы қҧрылыстарға байланысты қатты қираған. 



 

131 


        Бірақ  Алматы  қаласы  аумағындағы  қойма-олжалар  (кӛмбелер)  мен 

бірнеше  сақталып  қалған  қоныстар  тҧрғындар  тыныс-тіршілігі  жайлы 

қызықты  ақпараттар  легін  берді.  Алматының  тҥрлі  аудандарынан  қҧрылыс 

жҧмыстары кезінде қола дәуірінің кездейсоқ олжалары кӛптеп табылған. Аса  

қызығушылық  туғызатындары  «Каменский»  мен  «Тҥрксіб»  қоймалары. 

Алғашқысы «Каменское плато», кейінгісі «Тҥрксіб» санаториялары маңынан 

табылған  болатын.  Біріншісі  1  м  тереңдіктен,  екіншісі  3  м  тереңдіктен 

анықталған.  Бҧл  қоймалардан  қола  дәуіріне  жататын  тҧрмыстық-

шаруашылық  заттар  (қашау,  қыш  қҧмыра,  балта,  найза  ҧшы,  пышақ,  орақ, 

келсап, т.б.) заттар алынған. 

       Қоймалардың ең ерте кезге жататын уақыты – б.з.б. ХІV-ХІІ ғасырлар, ал 

кейінгілері б.з.б. ХІІ-Х ғасырларға жатады. 

       Тереңқара қонысы. Алматы қаласының солтҥстік шетінде орналасқан бҧл 

қоныс  зерттеуші  Ф.П.Григорьевтің  пікірінше  уақытша  және  маусымдық 

болған.  Оның  тҧрғындары  дӛңгелек,  аздап  жерге  еніп  тҧрған  баспаналарда 

ӛмір  сҥрді.  Жҥргізілген  қазба  жҧмыстары  қоныс  тҧрғындары  мал  ӛсірумен 

және егіншілікпен айналысып, кешенді шаруашылық жҥргізгендігін анықтап 

берді.  Соның  ішінде  мал  шаруашылығы  басымдық  танытқандығы 

анықталды. Мҧны маусымдық баспаналардың салынуынан да кӛруге болады. 

Қоныстан  ернеуі  мен  мойын  тҧсында  ою-ӛрнегі  бар  қыш  қҧмыра,  дәнҥккіш 

пен  тас  келсап  табылан.  Ыдыстың  бір  бӛлігі  шарықта  дайындалған. 

Ҥшбҧрыш  тҥрінде  қызыл  бояумен  тҥсірілген  кӛркем  суреттері  бар  ыдыстар 

да  ҧшырасады.  Мҧндай  кӛркем  суретті  қыш  қҧмыралардың  ҧшырасуы,  сол 

кездің  ӛзінде-ақ  жергілікті  тҧрғындар  Орта  Азиямен,  соның  ішінде  осы 

техника  орталықтарының  бірі  болған  Ферғанамен  тығыз  байланыс 

орнатқандығын кӛрсетеді. Қоныс б.з.б. ІХ-VІІІ ғасырлармен мерзімделінеді. 

       Бұтақты-1  қонысы.  Алматы  қаласының  оңтҥстік-шығыс  шетінде, 

Кӛктӛбе  тауларының  баурайларында  орналасқан  бҧл  қонысты  А.А.Горячев 

басқарған отряд зерттеген. 

       Қоныс  Жарбҧлақ  (Казачка)  ӛзенінің  жарлы  оң  жағалауындағы  биік 

жотада орналасқан. Ескерткіш аумағы  ӛзеннің  оң жағалауындағы ҧзындығы 

1,5-2 км, ені 1 км-дей тегіс террасаны алып жатыр. Археологиялық кешеннің 

негізгі  бӛлігі  қазіргі  уақыттардағы  қҧрылыстар  әсерінен  қираған,  оның  тек 

батыс бӛлігі ғана аздап сақталып қалған. 

         Археологиялық  зерттеулер  нәтижесінде  сақталып  қалған  осы  телімнен 

бірнеше  баспана  орны  анықталған.  Олардың  арасынан  шаршы  тҥріндегі, 

ауданы  120  шаршы  метрге  жуық  жартылай  жертӛле  аршылған.  Оның 

оңтҥстік-шығыс  бӛлігіндебіртіндеп  еденге  тҥсетін  пандус  тҥрінде  кірер  есік 

болған.  Қҧрылысты  салу  ҥшін  алдымен  тереңдігі  1,2  м  қазаншҧңқыр 

қазылған. 

Қазаншҧңқыр 

қабырғасын 

айналдыра 

бағана-тіреуіштер 

орнатылған.  Баспана  қабырғасы  жіңішке  бӛренелермен  және  кесінді 

ағаштармен  тҧрғызылып,  іші-сырты  қызғыш  келген  жоса  қосылған  саз 

балшықпен сыланған. Орталық бӛліктегі ошақтың айналасынан тӛрт ірі ағаш 

бӛренелер орны анықталған, олар шатыр конструкциясындағы тіреулер болса 

керек.  Шатыры  тӛрт  қҧймалы,  онда  тҥтін  шығатын  тесіктің  де  болуы 



 

132 


ықтимал.  Тіреу  бағаналарының  барлығы  таспен  бекітілген.  Баспана 

қҧрылысына  тяньшаньдық  шырша  пайдаланылған.  Баспананы  аршу 

барысында тҧрмыста және шаруашылықта қолданылған заттар (қыш қҧмыра, 

келсап, дәнҥккіш, болас, қайрақтас, сҥйектен жасалған бойтҧмар, тескіштер, 

т.б.),  мал  сҥйектері (қой,  жылқы),  қола  бҧйымдар  (ине,  тескіш,  сақина,  т.б.) 

алынған.  Қыш  қҧмыралар  жасалуына  және  сипатына  қарағанда  Орталық 

Қазақстанның  алакӛл  мәдениетінің  ыдыстарына  ҧқсас  болып  келеді,  бірақ 

жекелеген  пішіндер  мен  ою-ӛрнектер  Шығыс  Қазақстандағы  федоровтық 

кешендерге де келіңкірейді. Радиокӛміртекті талдау мәліметтері ескерткіштің 

б.з.б.  ХІІ-ХІ  ғасырларда  қирғандығын  нақты  кӛрсетіп  берді.  Егер  қола 

дәуірінде ескерткіштер ҧзақ уақыт пайдаланылғандығын ескерсек, онда оның 

қалыптасуы  б.з.б.  ХІV-ХІІІ  ғасырларда  орын  алғандығын  жорамалдауға 

болады. 

        Жетісу  жеріндегі  жарқын  ескерткіштердің  бірі  жартас  суреттері  болып 

табылады.  Тасқа  қашап  салынған  мҧндай  суреттер  сол  кездері  ӛмір  сҥрген 

адамдардың  дҥниетанымы,  жосын-жоралғылары  мен  шаруашылығы  жайлы 

молынан  хабар  береді.  Андронов  тайпаларының  кеңінен  танымал  болған 

мҧндай  «ашық  аспан  астындағы  ғибадатханалары»  Таңбалыдан,  Ешкіӛлмес, 

Қҧлжабасы және Баянжҥрек тауларынан табылған.  

        Таңбалы  ғибадатханасы  Алматы  қаласынан  солтҥстік-батысқа  қарай 

170  км  жерде  орналасқан.  Ондағы  қола  дәуіріне  жататын  петроглифтер 

шатқалдың  тӛменгі  бӛлігінде  шоғырланған,  тас  плиталарына,  ірі  жартас 

блоктарына  және  де  баруға  болатын  қолайлы  жерлерге  салынған.  Бҧл 

ескерткішті, 

А.Г.Максимова, 

А.Н.Марьяшев, 

А.С.Ермолаева, 

A.Рогожинский, т.б. зерттеген. 

        Таңбалыдағы ғибадатхана  (мінәжат орнында) орталығындағы жартастар 

ӛзіндік  амфитеатрды  қҧрайды.  Сірә,  осы  жерде  кҥн  мен  қҧнарлылық 

культтарына  байланысты  жосын-жоралғылар  атқарылған  болса  керек.  Қҧз 

жартастардың жоғарғы ярустарының бірінде басы кҥн шуағын шашып тҧрған 

фигура  бедерленген.  Тӛменде  айнала  қол  ҧстасып  әндетіп  билеп  жҥрген 

адамдар  бейнеленген.  Олардың  арасында  қару-жарақ  ҧстаған,  бас  киім 

немесе  маска  киген  адамдардың,  босанып  жатқан  әйелдің  бейнелері  секілді 

тҥрлі  топтарды  бақылауға  болатындықтан,  орталық  кӛріністе  қола  дәуірінің 

адамдары  пайымдаған  әлемнің  қҧрылымы,  ҥйлесімділігі  бейнеленген  деуге 

болады.  «Кҥн  басты»  кейіпкерлердің  жоғарыда  орналасуы  жоғарғы  әлем 

туралы  тҥсінікті  білдірген,  ал  одан  тӛменде  қасиетті  аңдар  мен  адамдар 

бедерленген.  Таңбалыдан  кҥн  басты  қҧдайлардың  барлығы  25  бейнесі 

табылған, олардың басым бӛлігі б.з.б. ХІV-ХІ ғасырлармен мерзімделінеді. 

       Бҧл  жерден  қҧрбандыққа  шалынған  немесе  шалынып  жатқан  ӛгіздің 

бірнеше айқын кӛріністері белгілі болған. 

       Қола  дәуіріндегі  басқа  да  қызықты  ескерткіштердің  бірі  Ешкіөлмес 

тауларындағы  Кӛксу  ӛзені  алабындағы  петроглифтер  шоғыры  болып 

табылады. Ескерткішті А.Н.Марьяшев, А.А.Горячев, С.А.Потапов зерттеген. 

Ешкіӛлмес  петроглифтері  15  шатқалда  орналасқан  және  де  батыстан 

шығысқа  қарай  10  км-ге  созылып  жатыр.  Бҧл  жерден  тҥрлі  тарихи-мәдени 




 

133 


дәуірлерге  жататын  суреттерді  кездестіруге  болады,  олардың  ең  ежелгілері 

қола  дәуіріне  жатады.  Петроглифтердің  сюжеттері  де  әр  алуан:  соғыс 

сахнасы,  арбалардың  суреттері  (100-ден  астам),  адамдардың  алыптармен 

кҥресі, босанып жатқан әйел, «кҥн басты» кейіпкерлер, аңшылық сәттері, мал 

айдау,  жекелеген  тҥз  тағылары,  т.б.  Кейбір  суреттер  жҧқа  бедер  арқылы 

тҥсірілген. 

        Құлжабасы  тауларындағы  петроглифтер  шоғыры  да  қызықты.  Оның 

қызықты  болатын  себебі,  мҧнда  1  метрден  асатын  ӛгіздердің  суреттері 

кездеседі.  Бҧл  б.з.б.  ІІ-мыңжылдық  ортасында  осы  хайуанаттың  культы 

кеңінен  таралғандығын  дәлелдейді.  Жабайы  жылқылар  ҥйірі  бейнеленген 

кӛріністер де ҧшырасады. 

       Сонымен,  Жетісу  жерінің  тҥрлі  табиғи  аймақтарында  кездесетін 

ескерткіштерді қазу қола дәуірінде адам баласы ӛңірдің табиғи жағдайларына 

бейімделе  бастағандығын  қарастыруға  мҥмкіндік  береді.  Шығыс  аймақтарға 

қарағанда  батыс  ӛңірлер  ертерек  игерілгендігі  анықталған.  Ол  кезде  далалы 

ӛңірдегі шағын ӛзен жайылмалары игерілді. Одан соң тайпалардың бір бӛлігі 

Шу-Іле  тауларына,  Аңырақайға,  Хантауға  жылжыды.  Хантау  тауынан  3-4 

шаршы км аумақты алып жатқан бірнеше ірі қорымдар анықталған. Таңбалы, 

Қҧлжабасы,  Ой-жайлау  қорымдарынан  алынған  жерлеу  инвентары  Орталық 

Қазақстан материалдарына жақын. 

       Қоршаулар  мен  жерлеу  камералары  қҧрылысы,  керамикалық  ыдыстары 

және  қоладан  жасалған  әшекейлердің  (спираль  тәрізді  әшекейі  бар  білезік 

пен  моншақтар)  ҧқсастығы  да  байқалады.  Қыш  қҧмыраларға  жасалған 

ғылыми  талдау  Жетісудағы  жаңа  жерлерге  федоров  және  де  алакӛл 

мәдениеттерінің  дәстҥрлерін  алып  келген  тайпалар  қоныстанды  деп 

қорытынды жасауға мҥкіндік беріп отыр. 

       Шығыс аудандар, әсіресе биік таулы аймақтар батыс ӛңірлерге қарағанда 

кейінірек, яғни б.з.б. ХІІ-Х ғасырларда игерілді. Мҧнда федоров мәдениетінің 

дәстҥрі басымдық танытады.  Сонымен  қатар  Іленің  сыртындағы  Алатаудың 

шығыс бӛлігінен ағаш конструкцияларында ҧжымдық жерлеуі, мҥрдені ӛртеу 

ғҧрпы бар Қазақстан ҥшін жаңа ескерткіштер типі пайда бола бастайды. Олар 

андроновтықтардың  биік  таулы  жайлауларға  жылжуын  және  де  б.з.б.  ІІ-

мыңжылдық соңына қарай кӛшпелі мал шаруашылығының бастапқы  кездегі 

қалыптасуын зерделеуге мҥмкіндік береді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет