Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғам



Pdf көрінісі
бет36/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117
Қола дәуіріндегі шаруашылық, мәдениет және қоғам 

 

       Мал  шаруашылығы  мен  егіншіліктің  дамуы.  Қола  дәуірінің  ерте 

кезеңіндегі  қоныстардан  жинастырылып  алынған  сҥйек  материалдары 

Қазақстан  аумағындағы  адам  баласы  айналысқан  маңызды  іс  ҥй  маңындағы 

бақташылық  болғандығын  айтуға  мҥмкіндік  береді.  Мал  табынында  бҧл 

кезде ірі қара басым болды. 

        Ҥй  маңындағы  бақташы  мал  шаруашылығынан  біртіндеп  жайлауға  ӛту 

ҥрдісі  де  кӛп  ҧзамай  басталып  кетті.  Жайлаулық  мал  шаруашылығында 

малшылар  бір  жайылымнан  екіншісіне  кӛшіп  отырды.  Бҧл  кезде  табын 

арасында ҧсақ мал (қой, ешкі) мен жылқының ҥлесі ҧлғая бастады.  

        Дамыған  қола  дәуірінде  жылқы  сҥйрететін  кҥш  ретінде  пайдаланылды 

және  салт  мінілді.  Кӛлік  қҧралы  ретінде  жылқыны  пайдалану  далалы 

аймақтар мен биіктаулы жайылымдарды игеруге мҥмкіндік берді. 

       Ежелгі  мал  шаруашылығы  экстенсивті  тҥрде  болды.  Жайылымдар 

ауданын  игеру  мен  кеңейту,  тебінге  (қыста  қар  астынан  жем-шӛп  алу  мен 

алыс  жерлерге  жету)  шыдамды  жылқы,  қой  тҥрлерін  ӛсіру  мал  санының 

артуына  алып  келді.  Қола  дәуірінің  соңғы  кезеңінде  Қазақстанның  далалы 

аудандарында  мал  шаруашылығы  негізгі  шаруашылық  саласына  айналды 

және кӛшпелі мал шаруашылығына жақын тҧрпат (пішін) иемденеді. 

        Мал шаруашылығмен бірге неолит дәуірнен бастап Қазақстан аумағында 

егіншілік те дами бастайды. Қола дәуіріндегі тайпалар шаруашылығында мал 

шаруашылығы  мен  егіншілік  бірін-бірі  толықтырып  тҧрды  және  де  ӛзара 

тығыз байланыста болды. 

        Ерте қола дәуіріне жататын қоныстардан тастан және бҧғының мҥйізінен 

жасалған  кетпендер  (шоттар)  табылған.  Тастан  дәнді  ҥгуге  арналған 

дәнҥккіш,  ҥккіш,  келсап,  келі  секілді  қҧралдар  жасалды.  Астықты  жинау 

кезінде  бастапқыда  қола  пышақтар,  кейінгі  қола  дәуірінде  тҥрлі  типті  қола 

және  мыс  орақтар  айдаланылса  керек.  Шағалалы  қонысынан  қола  шалғы 

табылған. 

        Мейлінше  жетілдірілген  қҧралдардың  пайда  болуы  дәнді  дақылдарды 

ӛсіру ауданын да арттырды. Егін алқаптарында, негізінен, бидай, қара бидай, 

тары ӛсірілді. Қоныстарды қазған кезде қҧмыралардан тары ботқаның кҥйген 

қалдықтары  шыққан.  Солтҥстік  Қазақстандағы  Алексеев  қонысына  жақын 

жотаның  ҥстіндегі  ғҧрыптық  шҧңқырлардан  қҧдайларға  қҧрбандыққа 

берілген  бидай  сабағы  мен  дәні  аршып  алынған.  Шығыс  Қазақстандағы 



 

143 


Малокрасноярка  қонысынан  табылған  қол  орақ  жҥзінде  дәнді-дақылдарды 

ӛңдеген іздер сақталған. 

         Қазылған  барлық  қоныстардан  дәнҥккіштер,  дәнді  ҧнтақтап  ҧнға 

айналдырға  арналған  тік  бҧрышты  және  дӛңгелек  келсаптар  шыққан. 

Орақпен  егін  орды,  сондай-ақ  малға  жем-шӛп  даярлады.  Қоймалар  мен 

қоныстарда  олардың  кӛп  болуы  егіншілік  ауқымы  мен  маңызын  кӛрсетеді. 

Жер тас кетпендермен қопсытылып, ӛңделді. 

        Тау-кен  ісі,  металлургия.  Мал  шаруашылығы  мен  егіншілікпен  қатар 

тҥрлі кентастарды алу, тас пен сҥйек ӛңдеу де маңызға ие болды. Қазақстан 

аумағы мыс, қалайы мен алтын сынды пайдалы қазбалар бай екендігі белгілі. 

Мыс  (Жезқазған,  Зыряновск,  Қаршыға,  Жалтыр,Ащылы,  Кҥшікбай),  қалайы 

(Атасу  таулары,  Қалба  мен  Нарым  жоталары)  мен  алтын  (Степняк, 

Қазаншҧңқыр,  Балажал,  Ақжал,  Дайбай,  Майқапшағай,  Ақабек)  кен-

орындары  бҧл  аумақтың  кӛне  металлургиялық  орталықтардың  бірі 

болғандығын  айғақтайды.  Ежелгі  замандарда  мысты  тотықтанған 

кентастарды алу мен балқыту ісі кең қанат жайды.  

      Бҧл  уақытта  ежелгі  кеншілер  қҧрамында  мыс  пен  қалайысы  мол 

тотықтанған  кентастарды  (малахит,  азурит,  кассетерит)  ӛндірді.  Қопсыма 

кентастар  ӛндірілді,  борпылдақ  кентастар  тастан  жасалған  тоқпақшалар  мен 

балғалармен қарапайым «қайлалау» әдісі арқылы алынды. Тығыз кентастарға 

«отпен уату» әдісі қолданылды, ӛзек ҥстіне немесе қуысқа от жағылды да, тас 

әбден  қызған  кезде  оған  су  қҧйып,  жарылуын  қамтамасыз  етті,  содан  кейін 

балға және қайламен жҧмыс істеді. Қҧрамында металы бар жыныстарды тері 

қап арқылы сыртқа шығарды. 

      Онымен  қатар  кентас  денесінің  астын  ҥңгіді,  содан  кейін  балға  арқылы 

кентастың  ең  тәуір  кесектерін  опырып  алды.  Терең  қазылғанда  тӛбесі 

басылып  қалмау  ҥшін  ағаш  тіреулер  орнатты.  Алайда  шахталар  талай  рет 

қҧлап,  кен  қазушыларды  басып  қалды.  Ҥңгімелерден  адам  қаңқасы  мен 

олардың жанындағы шірімей сақталып  қалған ішінде кентас бар тері қаптар 

ежелгі  кен  орындарын  зерттеу  кезінде  ҧшырасқан.  Шахта  жанындағы  суда 

бос жыныстарды ажырату ҥшін алынған кентас жуылды және уатылды. Ҧсақ 

етіп  уатылған  кентасты  қонысқа  апарды  да,  ондағы  арнайы  қорыту 

пештерінде  балқытты.  Мҧндай  пеш  қалдықтары  андроновтықтардың  Атасу, 

Суықбҧлақ,  Қанай  ауылы  маңындағы  қоныстарын  қазған  кезде  табылған. 

Қазіргі  уақытта  кӛне  металлургиялық  орталықтары  бар  бірнеше  қоныстар 

(Талдысай, т.б.) белгілі болып отыр. 

        Пеш  жанынан  кҥл,  мыс  қҧймалары  аршып  алынған.  Қҧрал  жасау  ҥшін 

қорыту  процесінде  мысқа  қалайы  қосылды  да,  металл  қажет  қалыпқа 

жеткізілді. Ежелгі кеншілер қалайы кӛлеміне қарай қола омырылғыш, немесе 

керісінше, неғҧрлым жҧмсақ және иілгіш болатындығын білді.     



       Қазақстан  аумағында  қола  дәуірінде  ӛндірілген  кен  кӛздерінің  ауқымы 

халықты  шикізатпен  қамтамасыз  етіп  қана  қоймағандығын,  сонымен  қатар 

металдың бір бӛлігі дайындама және бҧйым тҥрінде айырбасқа тҥскендігін де 

кӛрсетеді. 




 

144 


        Қазақстан  тау-кен-металлургия  облысын  (ТКМО)  археолог  Е.Н.Черных 

Еуразия  тау-кен-металлургиялық  облыстары  жҥйесінде  алғаш  рет  бӛліп 

кӛрсеткен. Ол бҥкіл Орталық Қазақстанды және Солтҥстік Қазақстанның бір 

бӛлігін  қамтиды,  және  де  Қазақ  ҧсақ  шоқыларын,  немесе  Сарыарқаны,  яғни 

солтҥстікте  Батыс  Сібір  жазығынан  оңтҥстікте  Балқаш  кӛліне  дейінгі 

аймақты,  батыста  Торғай  ойпаты  мен  шығыста  Алтай  мен  Тарбағатай  тау 

тарамдарына шейінгі жерлерді алып жатыр.  

        Осы  кең  байтақ  ауданда  мыс  пен  полиметалдың  ондаған  кен  орындары 

ҧшырасады.  Олардың  барлығы,  тҥгелдей  ежелгі  замандардан  бері  ӛндіріліп 

келеді. 


        1946  жылы  Ә.Х.Марғҧлан  жетекшілігімен  Орталық  және  Солтҥстік 

Қазақстанның археологиялық ескерткіштері, соның ішінде ежелгі тау-кен ісі 

мен  металлургия  нысандары  жоспарлы  тҥрде  зерттеліне  бастады.  Ол 

Н.В.Валукинский, 

С.С.Черников, 

М.Қ.Қадырбаев, 

Ж.Қ.Қҧрманқҧлов, 

Э.Ф.Кузнецова, 

С.У.Жауымбаев, 

С.А.Берденов 

есімдерімен 

тығыз 


байланысты.  Одан  бергі  жарты  ғасырдан  астам  уақыт  ішінде  кӛне  кен 

орындары  кӛптеп  зерттелінді,  бірегей  конструкциялы  мыс  қорытатын 

агрегаттары бар жиырмадан астам қоныстар қазылды. 

       Орталық және Солтҥстік Қазақстан  аумағындағы ежелгі тау-кен ӛндірісі 

жайлы  қомақты  мағлҧматтар  алынды.  Қазақстан  ТКМО-ның  кендері  жайлы 

мәліметтер  жасалды.  Кен  алынған  уақыттар  мен  ӛндірілген  кеннің  ауқымы 

анықталды.  Қола  дәуіріндегі  қазақстандық  ТКМО-ның  орны  нақтыланды. 

Кен  ӛндіру  әдіс-тәсілдері,  пайдаланылған  қҧрал-жабдықтар,  саймандар 

жайлы сӛз ӛрбіді. 

        Қазақстан  ТКМО  шеңберінде  жекелеген  орталықтар  бӛлінген.  Мҧндай 

орталықтар  саны  алтау.  Олар:  Кӛкшетау,  Баянауыл,  Успенск-Қарқаралы, 

Жезқазған-Ҧлытау, Балқаш. 

        Көкшетау  орталығы  Қазақ  ҧсақ  шоқыларының  солтҥстік-батыс  тау 

тарамдарындағы  Кӛкшетау  қыратын  қамтиды.  Мҧндағы  жер  қойнаулары  ірі 

кен орындары болмаса да, сан алуан пайдалы қазбаларға, соның ішінде мыс 

пен қалайыға толы.  

        Зерттеушілер  Имантау  карьерінің  ҥйінділерінде  48  мың  тонна,  ал 

Алтынқазғанда  12-15  мың  тонна  мыс  кентастары  болғандығын  есептеп 

шығарған. 

        Осы  аумақ  шеңберінде  мыс  ӛндіру  ісінің  іздері  Боровое,  Шалқар, 

Шағалалы,  Сарғары,  қоныстарынан,  Имантау  кӛлі  жанынан  анықталған. 

Аталған  қоныстардың  материалдары  кейінгі  қола  дәуірінің  соңғы  кезеңіне 

жатады. 

        Бірақ  кӛкшетаулық  кен  орындарынан  алынған  кентастар  тек  аталған 

пунктерге  ғана  тҥскен  жоқ,  ол  одан  ары  петропавлдық  Есіл  ӛңіріндегі 

қоныстарға дейін таралса керек. Имантау кен орны солтҥстікке қарай 120-130 

км  жерде  орналасқан  Петровка-2,  Новоникольское-1  қоныстары  секілді 

орындар  ҥшін  осы  аймақтағы  бірден-бір  кен  кӛзі  болғандығы  анық. 

Кӛкшетау ТКМО-н б.з.б. ХҤІІ-ХҤ ғасырларға жатқызуға болады.  

       Баянауыл орталығы Баянауыл тауларының айналасында орналасқан.  




 

145 


       Айтылып  отырған  ауданның  ең  ірі  нысаны  Бозшакӛл  мысты-порфирлі 

кен  орны  болып  табылады.  Ӛз  қоры  бойынша  ол  Қазақстандағы  Жезқазған 

мен  Қоңыраттан  кейін  ҥшінші  орынды  иемденеді  деп  саналады. 

Геологтардың  айтуына  қарағанда,  Бозшакӛлде  кен  ӛндірудің  ісінің  ежелгі 

іздері  кӛптеп  байқалады.  Одан  басқа  кӛне  кәсіпкершілік  нысандарының 

қатарына  Ескіжҧрт  (Спасское),  Тезекбайсор,  Анненское,  Александровское, 

Сарыадыр,  Қазанауызды  жатқызуға  болады.  Олардың  әрбірінде  бҧрынғы 

кездегі  игеру  жҧмыстарының  іздері  сақталған,  бірақ  дәл  уақытын  анықтау 

әзірге мҥмкін болмай отыр. 

      Баянауыл  ТКМО-ндағы  кен  орынды  игерудің  басталғандығын  жанама 

тҥрде болса да айғақтайтын қола дәуірінің зерттелген жалғыз ескерткіші кӛне 

металлургтердің қонысы Тағыбайбҧлақ болып табылады. Қоныс кейінгі қола 

дәуірімен мерзімделінеді. 

       Успенск-Қарқаралы  орталығы  Сарыарқаның  қақ  ортасында,  батыста 

Сарысу  ӛзенінен  шығыста  Шыңғыс  тауларының  ең  шеткі  тарамдарына 

дейінгі  ҧсақ  шоқылардың  ең  биік  бӛлігін  алып  жатыр.  Успенск-Қарқаралы 

орталығындағы ең ежелгі кен орындары қатарына жататыны – Успенск. Онда 

Қ.И.Сатпаевтың  есептеуінше,  ежелгі  замандарда  200000  тонна  кентас 

алынған. Успенск кен орнындағы тотыққан кентастардағы мыс ҥлесі 16%. 

      Ал  Ольгинское-Алмалы  және  Алмалы-Ақбиік  кен  орындарын  қамтитын 

Алмалы  кентас  алқабынан  тереңдігі  8-10  м-ге  жететін  18  және  17  кӛне  кен 

шығарылған орындар анықталған. 

      Бесшоқы  полиметалл  кен  орнынан  алғаш  рет  кҥміс,  мыс  және  қорғасын 

кентастары бар ежелгі ҥйінділер табылған. 

      Успенск-Қарқаралы  ТКМО-ндағы  маңызды  кӛне  кен  орындарының 

қатарына  ӛткен  ғасырдың  орта  тҧсында  ашылған  Қызылтас  тауындағы 

Самомбет  пен  Берқара  полиметалл  кен  орындарын  жатқызуға  болады.  Олар 

басқаларына  қарағанда  Қазақстан  қола  дәуірі  ескерткіштеріндегі  металдан 

жасалған  жарқын  бҧйымдар  сериясы  белгілі  болған  Қарқаралы  қоныстары 

мен Кент қонысына жақын орналасқан.  

       Қарағанды қаласынан шығысқа қарай 70 км жерде Алтынтӛбе ежелгі кен 

орны  бар.  Кен  орны  ауданынан  бай  металл  жабдық-саймандары  бар  қола 

дәуірінің  жерлеу  орындары  анықталған.  Қоспа-бӛлшектерге  қарағанда 

табылған  бҧйымдардың  химиялық  қҧрамы  кен  орнынан  алынған  кентастар 

қҧрамына  ҧқсас.  Бҧйымдар  мен  кентастар  қҧрамы  ӛте  бірегей  екендігі 

анықталды, сол себепті зерттеушілер оларды мыстың жеке химиялық тобына 

бӛлді.  Оған  қорғасын  мен  висмуттың  мол  қҧрамда  болуы,  кҥшәла  мен 

сҥрменің аздығы, никельдің тӛмен болуы мен алтынның жоқтығы тән. 

       Успенск-Қарқаралы  ТКМО  аумағынан  мыс  пен  қола  балқытқан  ӛндіріс 

орталықтары  кӛптеп  табылып,  зерттелген.  Металлургиялық  ӛндіріс  іздері 

Энтузиаст,  Усть-Кенетай,  Сораңғы,  Зеленая  Балка,  Жосалы,  Қомыттың-

Қарашоқысы,  Қарқаралы-1-2,  Упаис,  Мырзашоқы,  Суықбҧлақ,  Ақ-кезең, 

Шортандыбҧлақ,  Бҧғылы-1,  т.б.  қоныстардан  байқалған.  Олардың  кӛпшілігі 

кейінгі қола дәуірінің ақырғы кезіне жатады. 




 

146 


       Жезқазған-Ұлытау орталығы Қазақстан ТКМО-ң батысында орналасқан. 

Оның  аумағына  Ҧлытау,  Арғанаты  таулары  мен  оларға  шығыстан  қосылып 

жатқан  ҧсақ  шоқы  массивтері  кіреді.  Дәл  осы  жерде,  дәлірек  айтқанда 

Ҧлытау тауларынан оңтҥстік-шығысқа қарай 60-70 км жерде әлемдегі ірі мыс 

кен орны Жезқазған орналасқан. Оның кенді алқабының ауданы 100 шаршы 

км  шамасында.  Жезқазған  кен  орнынан  кентас  алу  қола  дәуірінен  бастап 

кейінгі орта ғасырларға дейін жалғасқандығы анықталған. Осы уақыттардың 

ішінде  Жезқазған  қойнауынан  миллион  тоннадан  астам  кентас  алынған, 

ондағы мыс 10 мың тоннадан кем емес.  

      Петро  қыратындағы  кен  алынған  орын  ең  ежелгі  уақытқа  жататындығы 

анықталған. 

       Жезқазған  қойнауынан  алынған  кентастарды  қорыту  сол  жерде  жҥзеге 

асқан.  Оның  телімдерінен  қола  дәуірінің  кӛптеген  қоныстары  анықталған, 

олардың  арасындағы  ең  ірілері  –  Кресто-Воздвиженское  (Кресто), 

Милықҧдық,  Айнакӛл,  Сорқҧдық,  Златоуст.  Жезқазған  тӛңірегінендегі 

Тасқҧдықтан,  Ақшиден,  Қҧлманнан  да  кентастар  алынып,  ӛңделген. 

Қоныстардың материалдары (қыш қҧмыра, тастан жасалған еңбек қҧралдары, 

т.б.)  ежелгі  кен  орындарынан  алынған  материалдармен  ҧқсас,  және  де 

олардың арасында байланыс болғандығына ешқандай шҥбә жоқ. 

        Металлургиялық  ӛндірістің  қалдықтары  Ҧлытаудағы  ӛзімен  аттас 

қоныстан  да  алынған.  Мҧнда  кентастар  мен  кҥл-қалдықтан  (шлак)  басқа 

ежелгі металлургтардың ҧсақ және  ірі  қҧмтастардан жасалған балға, келсап, 

ҥгіткіш секілді еңбек қҧралдары да кӛптеп табылған. 

       Ҧлытау  қонысынан  5-10  км  жерде  қҧрамында  қалайы  бар  шашыранды 

тобы  анықталған.  Бҧл  топқа  Нӛгербекдарасы,  Қызылтасдарасы  мен 

Айбасдарасы  кіреді.  Олардағы  каситерит  қҧрамы  мейлінше  жоғары  –  1000-

2000 г/м (куб). 

        Мҧнда қола дәуірінің Талдысай қонысы зерттеліп жатыр. Оның алғашқы 

нәтижелері  қоныстағы  металлургиялық  ӛндіріс  қалдықтарын  анықтап  отыр. 

Қазба барысында металл қорытатын пеш орындары, шеберхана бӛліктері, сан 

алуан еңбек қҧралдары алынған.  

       Солтүстік  Бетпақдала  орталығы  Бетпақдала  шӛлінің  солтҥстік  бӛлігі 

мен Қазақ ҧсақ шоқысының оңтҥстік-батыс шетін қамтиды.  

       Солтҥстік  Бетпақдала  ТКМО-ның  негізгі  кен  базасына  Кенқазған, 

Ефимовское  мен  Мыйқайнар  кіреді.  Кенқазған  карьері  бҥгінгі  кҥні 

Қазақстандағы  сақталып  қалған  ежелгі  кен  орындарының  бірі  болып 

табылады.  Оның  ӛлшемдерін  қазіргі  уақыттардағы  ӛндірістермен 

салыстыруға болады: карьердің ҧзындығы 500 м-ге, ені 80-100 м-ге, тереңдігі 

5-10  м-ге  дейін  жетеді.  Ежелгі  тау-кен  ісінің  кӛлемі  570000  м  кубқа 

жеткендігі есептелген. Жалпы алғанда, одан 300000 м куб кентас алынған, ол 

шамамен 80000 тонна мысқа тең.  

        Аталған ҥш орыннан кен кӛздерін  алып,  ӛңдеудің басталған кезі кейінгі 

қола дәуіріне жатуы әбден ықтимал. 

       Жоғарыда  аталған  ҥш  кен  орнынан  алынған  кентас  қоныстан  солтҥстік-

шығысқа  қарай  100  км  жердегі  Атасу  ықшам  ауданына  қорыту  ҥшін 



 

147 


жіберілген деп есептелінеді. Бҧл ықшам аудандағы қоныстар қатарына  кеуіп 

кеткен  Атасу  ӛзенінің  орта  ағысындағы  Атасу-1,  Мыржық,  Атасу-2  (Ақ-

Мҧстафа)  мен  Ақмая  секілді  ескерткіштер  кіреді.  Олар  басқа 

ескерткіштерден мыс қорыту ӛндірісі бойынша дараланады.  

       Атасу қоныстарынан оңтҥстікке қарай 120 км жердегі және Кенқазғаннан 

оңтҥстік-шығысқа  қарай  100  км  орналасқан  Оңтҥстік  Болаттау  кен  орны  да 

қызығушылық  туғызады.  Ерте  кездері  Оңтҥстік  Болаттаудан  кен 

ӛндірілгендігін  табылған  тау-кен  ісінің  тас  қҧралдары  да  растайды,  олар 

карьер шетінде және тҥбінде кӛптеп шашылып жатыр. Бҧлар негізінен тҥрлі 

кӛлемдегі балғалар, қайлалар, кен уатқыштар еді. 

      Балқаш  орталығы  Солтҥстік  Балқаш  тӛңірегін  қамтиды.  Мҧнда  ӛз 

кӛлемділігі  бойынша  Қоңырат  пен  Саяқ  секілді  кен  орындары  белгілі.  Олар 

ӛз қоры бойынша Қазақстандағы  ірі мысты-кенді  орындар болып  табылады. 

Қоңырат  кен  орны  Балқаш  қаласынан  солтҥстікке  қарай  17  км  жерде.  Мыс 

тау деген атпен Қоңырат жергілікті  халыққа ежелгі уақыттан белгілі  болды. 

Тек шығарылған ҥйінділерінде ғана 225 мың тонна тотыққан мыс кентастары 

болғандығы анықталған. 

        Шамамен  Қоңыраттан  шығысқа  қарай  200  км  жерде  кен  орындарының 

Саяқ  тобы  (Саяқ-1-5,  Тастау,  Молдыбай,  Берқара  желі,  Орталық  Жамбас) 

орналасқан. 

        Саяқ  тобына  енетін  кен  орындарында  ежелгі  қазылған  кен  кӛздері 

бірнеше жҥзге  жетеді. Қазылған жердің орындары жайылып кеткен шҧңқыр 

сияқты  немесе  кен  денелерімен  бірге  90-100  м-ге  созылған  тар  саңылау 

секілді карьерлер болып табылады. Алынған кентас осы жерде балқытылды. 

Айналадағы  тӛбешіктердің  барлығынан  металлургиялық  қалдық  кҥл  кӛптеп 

кездеседі.  Әлбетте,  ежелгі  замандарда  бҧл  жердің  табиғаты  ӛзгеше 

болғандығы  анық,  ал  оның  шӛлге  айналуы  кӛне  металлургтер  қызметінің 

әсерінен де болған сыңайы бар. 

       Отын туралы сӛз қозғаған кезде Саяқтан оңтҥстікке қарай 100 км жерден 

геологтар  тапқан  қызықты  олжа  туралы  баяндап  кетуге  болады.  Мҧнда 

Қаратал ӛзеннің тӛменгі ағысындағы қалың тоғай арасынан металлургиялық 

қалдық  кҥлдер  мен  тотыққан  мыс  кентастарының  кесектері  табылған. 

Қҧрамы  бойынша  олар  саяқтық  кентастарға  қатты  ҧқсас.  Сірә,  Саяқ 

кентастары,  сонымен  қатар  басқа  да  шӛлді  аймақтардағы  кен  орындарынан 

алынған  кентастар  басқа  да  алыс  ӛңірлерге  тасымалданған  сияқты.  Оның 

себебі,  ежелгі  металлургтарға  кентасты  қорыту  ҥшін  жеткілікті  дәрежеде  су 

мен  отын  қажет  еді.  Демек,  Қаратал  ағаштары  Саяқта  кентас  балқытқан 

ежелгі металлургтар ҥшін отын кӛзі болған сияқты. Қалай болғанда да, оған 

жақын отын кӛзі жуық маңнан байқала қоймайды. 

        Сӛйтіп,  Қазақстан  ТКМО-дағы  кен  орындарын  пайдалана  бастау, 

жоғарыдағы  мәліметтерге  қарағанда  кемінде  б.з.б.  ХҤІІ-ХҤ  ғасырларда 

басталған  сияқты.  Бҧл  хронологиялық  шектің  әлі  де  келешектегі  ғылыми 

ізденістер нәтижесінде кӛнелене тҥсетіндігі анық. 

       Қазіргі  уақыттарда  геологтар  кен  кӛздерінің  қорын,  соның  ішінде 

ӛңделгендерінің  санын  асқан  дәлдікпен  есептеп  шығарған.  Қазақстан 



 

148 


металлогениясы бойынша ірі мамандардың бірі академик Г.Н.Щерба барлық 

мәліметтерді  мҧқият  талдаудан  ӛткізе  келіп,  кең  тҥрде  ӛндірістік  қазба 

жҧмыстары  басталған  ХІХ  ғасыр  ортасына  дейін  кен  орындарынан  кем 

дегенде 450 мың тонна мыс алынған деп есептеп шығарған.  Егер балқытуға 

қҧрамында  орта  есеппен  шамамен  5%  кентас  алынған  десек,  онда  алынған 

кентастың  жалпы  кӛлемі  10  млн.  тоннаны  қҧрайды.    Кенді  Алтайда, 

Мҧғалжар,  Шығыс  Қазақстан  мен  Жетісудағы  ірі  кен  орындарын  есепке 

алмағанда,  Орталық  және  Солтҥстік  Қазақстан  кен  орындарына  алынған 

кентастың  80%,  яғни  8  млн.  тоннадан  астам  ӛнім  тиесілі  болған.  Бҧл  сан 

Қазақстан  ТКМО-ндағы  жекелеген  кен  орындарының  мәліметтеріне  сәйкес 

келеді. 

       Үй  кәсіпшілігі.  Мал  шаруашылығы  тек  қана  тағам  ӛнімдерін  ғана  емес, 

сонымен қатар киім мен аяқ-киім дайындау ҥшін де шикізат берді. 

       Қола  дәуіріндегі  тоқымашылықтың  болғандығын  қарапайым  тоқыма 

станогының  гҥрзі  тастары,  яғни  сҥйектен,  тастан  және  саз  балшықтан 

жасалған  ҧршықтың  басы  секілді  олжалар  да  растайды.  Бҧйымдар  биязы 

жҥнді қой мен ешкінің тҥбітінен тоқылды. 

       Қола  дәуірінің  тайпалары  жабайы  конопля,  зығыр  мен  қалақайдан 

ӛсімдік  жіптерін  дайындады.  Олардан  шаруашылыққа  қажетті  арқан  есті, 

балық аулайтын тор жасады. 

       Қабірлерден  табылған  аяқ-киім  қалдықтарына  қарағанда,  ол  теріден 

жасалды,  ӛкшесі  болмады,  тарамыс  жіптермен  тоқылды  және  де  толарсақ 

тҧсынан баумен байланды. 

       Ерлер  мен  әйел  адамдар  қҧлақты  жауып  тҧратын  жҥннен  және  теріден 

тоқылған бас киім киді. Ҥстіңгі киім де жҥн маталардан дайындалды. Ол екі 

жағына  бірдей  қаусырмалы  болды  немесе  жоғарғы  бӛлігінде  кесінді 

қалдырылып, сол жағынан бір тҥймемен тҥймеленді. 

       Әйелдердің  киімдері  кӛйлектен,  бас  киімнен  және  тері  аяқ-киімнен 

тҧрды.  Әдетте,  жҥн  матадан  тоқылған  кӛйлек  тізеден  біршама  тҥсіп  тҧрған 

еді. Жеңі ҧзын болды. Олардың қайырмасына қола моншақтар тізілді. Юбка 

белінен  бастап  алдыңғы  жағынан  ақ  пасталы  моншақтармен  кӛмкерілді. 

Маталар қанық қызыл, кӛкшіл қызыл бояумен тҥстелді. 

        Қабірлерден  табылған  кӛптеген  әшекей  заттарға  қарағанда  әйелдер 

қҧлақтарына  жалпақ  алтынмен  қапталған  сырға  мен  сақина  таққан, 

мойындарына  гривна  немесе  қола  моншақтар,  қолдарына  білезік  пен  жҥзік 

тағып жҥрген. Киімнің мойын тҧсына айналдырыла шыныдан жасалған ҧсақ 

моншақтар  тағылды,  кӛкірек  тҧсына  дӛңгелек  қапсырмалар  жапсырылды. 

Кейде ӛрнектелген табан, дӛңгелек және ромб тҥріндегі қосымшалар, белбеу 

қҧрсаушасы кеңінен  таралды. Әшекей  және қорғайтын зат ретінде ерлер де, 

әйелдер  де  ҧлутастар,  жыртқыш  аңдар  мен  ҥй  жануарларының  азу  тістерін 

тағып жҥрді.  

       Қоныс  тҧрғындарының  тіршілігінде  қыш  қҧмыра  жасау  маңызды  орын 

алды.  Оладың  барлығы  шаруашылық  пен  тҧрмыста  қолдану  ҥшін  жасалды. 

Қола дәуіріндегі қҧмырашылардың басым бӛлігі әйелдер болған еді. 




 

149 


        Ыдыстар  қолдан  жапсырылып  дайындалды.  Ыдыстардың  кӛпшілігі 

(қабырғасы тік немесе аздап шығыңқы банка тәрізді) жіпті (ленталы) техника 

бойынша жасалды. Ыдысты  қалыпқа салу әдісі де болды,  мҧндай  қалыптың 

рӛлін  ішіне  сулы  қҧм  толтырылған  жҥн  матадан  жасалған  қап  атқарды. 

Жалтыратылғаннан  кейін  ыдыс  беті  тегіс  те  тығыз  кҥйге  енді,  ал 

кҥйдірілгеннен  кейін  сҧйықтықты  жақсы  сақтайтын  қасиетке  ие  болды. 

Ыдыстар,  әдетте,  ӛрнектелді.  Әшекей-ою  алдын-ала  кӛз  мӛлшерімен-ақ 

кҥйдірілгенге  дейінгі  ылғалды  немесе  аздап  кепкен  саз  балшыққа  тҥсірілді. 

Ыдыстарды  кҥйдіру  ашық  отта  жҥзеге  асқан  болуы  керек.  Кептіру  кезінде 

ыдыстардың  жарылып  кетпеуі  ҥшін  саз  балшық  майсыздандырылды,  оған 

ҧнтақталған кварц, қабыршақ, қҧм, кейде шамот қосылды. 

       Қола  дәуіріндегі  тайпалардың  кӛркемдік  талғамы  мен  мәдениеті  туралы 

әшекейлер мен ӛнер туындыларынан да байқауға болады. Ӛте сирек болса да, 

«аң»  стилінде  жасалған  заттар  да  кездеседі.  Олардың  арасында  сҥйектен 

жасалған жануарлардың бастары да бар. 

       Ер  адамның  басы  бедерленген  Нҧра  ӛзені  жағалауынан  табылған  тас 

келсап  та  мамандардың  қызығушылығын  тудырып  отыр.  Сонымен  қатар 

осыған ҧқсас ӛнер туындылары басқа ӛңірлерден де ҧшырасқан.  

      Қола  дәуірінің  тайпалары  ҥнемі  жетілдіріліп  отырған  қару-жарақ  та 

жасады.  Қару-жарақ  қҧрамында  ағашқа  отырғызылған  тӛлкелі  және  ҧшы 

жапырақ секілді пішінді ҧшы қоладан жасалған жебелер болды. Қоян-қолтық 

ҧрыста ҧшы қоладан жасалған найза, шоқпар, балта (айбалта) қоладанылды. 

Кейбір жауынгерлер сҥйек немесе ағаш сапқа кигізілген қола қанжар ҧстады. 

Қола  дәуірінің  кейінгі  кезеңінде  саңырауқҧлақ  басы  тәрізді  және  айқышқа 

келіңкірейтін тҥгелдей қоладан жасалған қанжарлар пайда бола бастайды. 

        Қоғам.  Отбасы  қауымы  ӛндіруші  ҧжым  болды,  ал  ҧжымдық  еңбекте 

меншік  ортақ  болған  еді.  Уақыт  ӛте  келе,  әсіресе  кейінгі  қола  дәуірінде 

кҥшейген  жекелеген  отбасылар  ӛзімен-ӛзі  болуға  ҧмтылды,  мҧның  ӛзі 

отбасылық меншіктің шығуына алып келді. 

       Қола  дәуірінің  ерте  және  орта  кезеңінде,  тайпааралық  қатығыстардың 

кҥшейген  кезінде  қоныстарды  қоршап  тҧрған  ор  мен  жал  ҥйінділері  пайда 

болады.  Қорымдардан  табылған  қоладан  және  сҥйектен  жасалған  жебе 

ҧштары да тайпааралық қақтығыстардың болғандығын айғақтайды.  

       Қола  дәуірінің  соңғы  кезеңінде  рулардың  ыдырауы  мен  одан  жекелеген  

отбасылардың  шаруашылығының  бӛлініп  шығуы  нәтижесінде  баспана  да 

ӛзгереді.  Баспаналар  далда  арқылы  дербес  отбасыларға  арналған  жабық 

секцияларға бӛлінеді. 

        Мҥліктік  теңсіздік  шыққандығын  қорымдардан  алынған  материалдар 

баяндайды.  Қола  дәуіріндегі  қорымдардан  қатардағы  қауым  мҥшелерінің 

кедей қабірлерімен бірге аса бай қабірлер де кездеседі. 

       Кент қонысы, беғазы-дәндібай мәдениетінің кесенелері, шеттен әкелінген 

заттардың  пайда  болуы  ақсҥйектердің  бӛлінгендігін  кӛрсетеді,  ал  бҧл  ӛз 

кезегінде  қоғамда  саяси  ҥрдістің  басталғандығын,  байырғы  мемлекеттік 

бірлестіктердің қалыптаса бастағандығын дәлелдейді. 




 

150 


        Дін,  культ  және  өнер.  Қола  дәуірі  тайпаларының  ӛмірі  мен  жақсы 

тҧрмысы табиғатқа тәуелді болды, сондықтан да адам оған табынды. Әрине, 

ең  алдымен  кҥнге,  отқа,  жануарлар  мен  ӛсімдіктер  әлеміне  табынған 

болатын.  Кҥн  қҧдай  нышанын  жан-жаққа  шашырап  тҧрған  кҥн  сәулесі 

тҥрінде  берілген  әшекейлік  тоға-жапсырмалардан,  ыдыстардағы  меандр 

ӛрнектерінен кӛруге болады. 

        Қола  дәуірі  тайпаларында  отқа  табыну  культы  орын  алды,  мҧны  осы 

дәуірде  кеңінен  таралған  мҥрдені  ӛртеу  ғҧрпынан  кӛруге  болады.  Ӛртелген 

сҥйек  қалдықтары  қола  дәуірінің  тҥрлі  кезеңдеріндегі  жерлеу  орындарынан 

кездеседі.  От,  ежелгі  адамдардың  тҥсінігінше,  мҥрдені  зҧлымдықтан 

(сҧрқиялықтан)  тазалады  және  ӛлген  адамды  жындардан  қорғады.  Қола 

дәуірі  тайпаларында  ата-баба  әруақтарының  культы  мен  о  дҥниедегі  ӛмірге 

сенім болды.  

       Қола  дәуірінде  қҧрбандық  шалу  ғҧрпы  келіп  шығады.  Қҧрбандық 

шалатын арнайы орындар қоныстардың жанында орналасты.  

       Кҥнге,  отқа,  айға,  жҧлдызға,  сонымен  қатар  қорғаушы-әруақтарға 

қҧрбандық шалынды. 

       Адам  ой-танымының  дамуы  оның  ӛзі  мен  табиғат  туралы  тҥсінігін 

кҥрделендірді, діни кӛзқарастарының қалыптасуына жағдай жасады. 

        Қола дәуіріндегі діни тҥсініктер мен культтар, ежелгі адамдардың ӛнері 

туралы  маңызды  ақпаратты  жартас  суреттері  –  петроглифтер  береді. 

Олардың  шоғарлануы  рудан  тайпаға  дейінгі  қоғамдық  бірлестіктер 

пайдаланған тҥрлі деңгейдегі ғибадатханаларды білдіретіндігі анықталған. 

      Петроглифтерде адамның әлем қҧрылымы туралы тҥсінігі жарқын кӛрініс 

тапқан.  Кӛптеген  сюжеттер  мифтермен  тікелей  байланысты,  сондықтан  да 

қазіргі  заман  адамына  оны  тҥсін  қою  қиын.  Қҧйрығынан  асылған,  аң 

терілерін жамылған адамдардың, кҥн басты қҧдайлардың және тҥрлі жабайы 

хайуанаттардың  кӛптеген  бейнелері  кездескен.  Жартастарда  қолын  жоғары 

кӛтерген  немесе  жекпе-жекке  шығуға  даярланып  тҧрған  кейіптегі  екі  ер 

адамның бейнелері жиі ҧшырасады. Андроновтықтардың жартасқа салынған 

сурет  ӛнері  ежелгі  адамның  Әлем  қҧрылысы  жайындағы  мәжусилік  (пҧтқа 

табынушылық) тҥсініктермен тікелей байланысты болды. 

       Мҧндай  бейнелердің  мифологиялық  сипаты  ең  алдымен  бӛлшектерді 

тым  асыра  суреттеу  бойынша  анықталынады.  Қазба  материалдары,  және  де 

петроглифтер  бойынша  шынайы  ҧрыстарда  қола  балта,  найза  мен  садақ 

негізгі  қару-жарақ  тҥрлері  болғанымен  суреттерде  соңында  тас  шары  бар 

ҥлкен  кҥрзілер  (шоқпарлар)  кӛрсетілген.  Мифологиялық  сюжеттерде  басты 

кейіпкер  пайдаланған  қару-жарақтың  архаикалық  немесе  ирреалды  сипаты 

әрдайым  кӛрсетіліп  отырады.  Әдетте  тек  қару-жарақ  қана  емес,  кейіпкердің 

ер  адамдық  кҥші  де  айқын  кӛзге  тҥсерлік  тҥрде  беріледі.  Қаһарманның 

жоғарғы  әлеуметтік  топтағы  арбалы  жауынгерлер  қатарына  кіретіндігін 

білдіретін асылып тҧрған қҧйрық суреті де жиі кездеседі. 

       «Арқа тҧстарын» бір-біріне беріп, зҧлымдық кҥштерімен соғысып жатқан 

немесе  бірігіп  қандай  бір  қҧбыжықпен  алысып  жатқан  екі  кейіпкерді 

суреттеген  сюжет  ӛте  кең  таралған.  Кӛптеген  зерттеушілер  мҧндай 



 

151 


кӛріністерді  ежелгі  заманда  таралған  ағайынды-егіздер  культымен 

байланыстырады.  

      Қола  дәуірінде  кең  таралған  басқа  тағы  бір  маңызды  сюжет  арба  болып 

табылады. Оларды ежелгі адамдардың тҥсінігінше тек бахадҥрлер ғана емес, 

арбамен  қҧдайлар  да  жҥрген,  және  де  ең  алдымен  Кҥннің  ӛзі  арбаны 

пайдаланған.  Кейде  арбалар  қарапайым  тҥрде  бедерленді,  дегенмен  әрбір 

терте, доңғалақ, белағаш, т.б. бӛлшегі мҧқият суреттелгендері де ҧшырасады. 

      Қҧрбандық  шалу,  би  билеу,  ғҧрыптық  жекпе-жек,  аң  терісін  жамылу 

секілді ғҧрыптық жосын-жоралғы мен салт-дәстҥр бейнеленген кӛріністер де 

ерекше  қызығушылық  оятады.  Мҧндай  сюжеттер  әдетте  ғибадатхананың 

орталық  бӛлігінде,  ғҧрыптық  іс-әрекеттер  атқарылуы  мҥмкін  жазық 

алаңқайлар алдында орналасады. 

       Орталық  Азия  ғибадатханаларында  немесе  мінәжат  орындарында 

ғҧрыптық  жекпе-жек  суреттері  жиі  кездеседі.  Жетісуда  айбалтамен  жекпе-

жекке  шығу  кӛрінісі  Таңбалы,  Қҧлжабасы,  Қарақыр  секілді  барлық  ірі 

ғибадатханаларда  ҧшырасады.  Қарақыр  суреттерінде  тек  жекпе-жек  қана 

емес, сонымен қатар жеңімпазға арналаған сый да берілген сияқты. Айталық, 

айқасып  жатқан  екі  адам  суреті  жанында  екі  аттың  шылбыр  ҧстап  тҧрған 

адам  бейнеленген.  Сюжеттердің  бҧлайша  сәйкес  келуі  бірнеше  жерлерден 

ҧшырасып  отырады.  Бәлкім,  мҧндай  кҥрделі  сынақтан  кейін  адамдар 

айрықша  қҧқық  иемденген  арбалы-жауынгерлер  тобына  ӛткен  де  шығар. 

Кӛріністе бедерленген аттар мҧндай жағдайда соғыс арбасына арналды.  

       Жартас  суреттерінде  қару-жараққа  қатысты  басқа  да  ғҧрыптық  іс-

әрекеттер  де  кездеседі.  Таңбалы  мен  Қҧлжабасыдан  айбалта  ҧстап  билеп 

жҥрген  адамдар  ҧшырасатындығы  белгілі.  Мҧндай  би  кезінде  билеуші адам 

бірден  кӛршісіне  қарай  қисайған,  егер  ол  одан  секіріп  кетпесе,  онда  оған 

балта  тиген.  Осындай  ғҧрыптарды  одан  кейінгі  уақыттарда  ежелгі  авторлар 

сипаттап жазып кеткен. 

        Ӛңірдегі  Қҧлжабасы  мен  басқа  ғибадатханаларда  бейбіт  би  билеп 

жҥргендер бейнесі, қару-жарақсыз адамдардың, кейде кебенек кигендердің де 

суреттері  бар.  Мҧндай  билер  мен  ғҧрыптар  ең  алдымен  қҧнарлылық 

культына  арналған.  Хайуанаттар  терісін  жамылған,  маска  мен  костюмдер 

киген  адамдар  ежелгілердің  тҥсінігінше  жер  асты  кҥштерімен  және 

әруақтармен  байланыстырылды.  Кебенек  кигендердің  биі  жабайы  аңдар 

әруақтары,  жер  асты  кҥштері  секілді  тҥнек  пен  зҧлымдыққа  қарсы 

қайырымдылықтың кҥресін бейнеледі.  

        Ҥйлесімділік  пен  хаос  арасындағы  кҥрес  жартас  суреттерінде  адам  мен 

алыптар  арқылы  бедерленген.  Алып,  дәу  немесе  жын  әрдайым  стихиялық 

кҥш, оларды қаһарман жеңуі керек немесе билігін мойындатуы тиіс. 

       Мифологиядағы  немесе  шынайы  тарихты  бейнелейтін  маңызды 

қҧбылыстарды сипаттайтын кӛптеген кӛріністер сан алуан таңбалармен бірге 

қосақталынып  жҥреді.  Әсіресе  «кӛз  секілді»  таңбалар  жиі  ҧшырасады. 

Мҧндай  таңбалар  кҥйме  мен  арбаны  қарапайым  етіп  кӛрсетуден  шығуы  да 

мҥмкін.  «Кӛз  секілді»  таңбаның  мәні  қозғалыс,  кеңістік  не  болмас  уақыт 




 

152 


бойынша  орын  ауыстыру,  яғни  тірі  адамдардың  қҧдайлар  аспаны  мен  жер 

астындағы әруақтар әлемі арасындағы байланыс. 

       Петроглифтерде әлі зерттеушілерге  тҥсініксіз  таңба-белгілер кӛп, олар  – 

тор, баспана жоспары, ирек сызықтар, т.б. Доңғалақты бейнелеген таңбаның 

мәні  белгілі,  ол  дәстҥрлі  тҥрде  Әлемді,  Дҥниені,  уақыттың  жҥрісін 

бейнелейді.  

       Ғибадатханалардағы  ежелгі  суреттердің  маңызды  қабаты  ӛгіз,  жылқы, 

тау  теке,  жабайы  аңдарды  қҧрайды.  Шӛппен  қоректенетін  аңдарды  аулау 

кӛрінісі жиі кездеседі. 

       Қҧнарлылық  символы  болған  жыланның  (тау  теке  де)  бейнесі  де  жиі 

ҧшырасады.  Жылан  тек  қҧнарлылық  қана  емес,  сонымен  қатар  даналықтың, 

мәңгілік  ӛмірдің,  қҧпия  сақтаудың  және  де  ӛлімнің  символы  болды.  Жылан 

әруақтар мен ӛлілердің жер асты әлемінде, жер бетіндегі адамдар әлемінде де 

ӛмір  сҥре  беретіндіктен,  ежелгі  адамдар  оны  екі  әлемді  байланыстырушы 

кҥш ретінде қабылдады. Жыланның қабығын шешіп қалдырып кетуі мәңгілік 

ӛмір  мен  оның  даналығы  туралы  мифтердің  келіп  шығуына  алып  келді. 

Сондай-ақ, жыланның шағып алуы ӛлім әкелді, яғни адамды ол жер бетінен 

жер астындағы әлемге апарды. Тау теке мен жыланның біріккен суреті мҥйізі 

жылан  секілді  ешкі  бейнесінде  кездеседі.  Мҧндай  бейнелер  Орталық 

Азиядағы  ғибадатханалардан,  соның  ішінде  Саймалы-Таштан  (Қырғызстан) 

белгілі болған, бірақ олар Қҧлжабасы мен Қарақыр тауларынан да табылған. 

       «Кҥн  басты»  қҧдайлардың  бейнесі  сирек  кездескенімен,  олар  ӛте 

маңызды туынды ретінде саналады. Олар ірі ғибадатханаларда және міндетті 

тҥрде  орталық  бӛлікте  ҧшырасады.  Бәрінен  кӛп  кездескен  жері  –  Таңбалы, 

Ешкіӛлмес, Қҧлжабасы таулары, Қарақыр ғибадатханасы.  

       Антропоморфты  қҧдайлардың  бейнесі  қола  дәуіріндегі  адамдардың  діни 

тҥсініктері  ӛзгеріске  ҧшырай  бастағандығын  айғақтайды.  Шаруашылық  пен 

жеке  меншіктің  дамуы  әлеуметтік  топтардың,  ӛзіндік  иерархияның,  адам 

қоғамындағы  бағыныштылықтың  қалыптасуына  алып  келді.  Осыған  ҧқсас 

иерархия  жоғарғы  кҥштер  арасында  да  болмай  қоймайтын  еді.  Жоғарғы 

кҥштердің тӛменгі қабатына мифтік қаһармандарды, әруақтарды, алыптарды, 

ал ортаңғы қабатына қасиетті хайуанаттарды, жоғарғысына – антропоморфты 

қҧдайларды жатқызуға болатын сияқты. Мҧндай ӛзіндік Әлем  «қабаттарын» 

бедерлеген  кӛріністер  Таңбалыдан  анықталған,  және  де  орталық  бӛлікте 

орналасқан.  

       Қасиетті  жануарлар арасынан ең алдымен ӛгіздің бейнесін ерекше бӛліп 

кӛрсетуге  болады.  Ӛгіз  бейнесін  қасиеттендіру  шаруашылықтағы  бҧл 

жануардың  маңызына,  алғашқы  ата-баба  мен  рудың  қорғаушысы  болған 

ӛгізге қатысты тотемдік тҥсініктердің сақталуына байланысты болған еді. 

        Келесі  бір  қасиетті  жануар  ешкі  (тау  теке)  болды.  Бҧл  жануар 

қҧнарлылық  символы  болған  еді.  Қҧнарлылық  әруақтары  ешкі  терісін  киді. 

Қҧлжабасы  тауларынан  садақпен  жабайы  ешкіні  атып  тҧрған  мҥйізді  ешкі 

маскасын киген адам суреті табылған. Таңбалыдан ешкі терісін жамылғандар 

бейнесі  кездескендігі  белгілі.  Жетісу  ғибадатханаларында  жабайы  ешкіні 

аулап жатқан садақшылар суреттері кеңінен таралған. 



 

153 


       Жетісу  мен  Оңтҥстік  Қазақстан  петроглифтерінде  қос  ӛркешті  тҥйе 

бейнесі маңызды орын алады.  Бҧл жануар далалық тайпалар ӛмірінде ҥлкен 

рӛл  атқарды,  ӛйткені  дала  мен  шӛл  арқылы  алыс  қашықтықтарға  кӛшуге 

мҥмкіншілік  берді.  Нәтижесінде  қола  дәуірінде  тҥйе  культы  қалыптасты. 

Тҥйелердің  бейнелері  ең  кӛп  кездескен  Қаратау  жотасы  болып  табылады. 

Ондағы 


Арпа-Ӛзен 

ғибадатханасындағы 

жартастарда 

айналасында 

жануарлардың  ҧсақ  суреттері  бар  кӛлемі  1,5-2  м  тҥйе  бейнелері  қашап 

салынған.  

       Егіншіліктің  дамуы  нәтижесінде  Кҥн  культы  ерекше  маңызға  ие  бола 

бастайды.  Осыған  байланысты  антропоморфты  фигуралардағы  жоғарғы 

қҧдайлардың  басы  сәулесін  шашып  тҧрған  дӛңгелек  кҥн  пішінінде  берілуі 

кездейсоқтық емес. 

        Қару-жарақ  ҧстанған  жауынгерлер  мен  арбалы  сарбаздардың  сан  тҥрлі 

кескіндері  жауынгерлік  культтың  қалыптаса  бастағандығын  кӛрсетеді. 

Арбаны  жҥргізіп  отырған  және  жалғыз  ӛзі  соғысып  жатқан  жайынгер 

уақытының  негізгі  бӛлігін  әскери  іске  машықтануға  арнауы  тиіс,  сондықтан 

да  арбалы  сарбаздар  шаруашылық  қызметтерден  босатылды  да,  кәсіпқой 

жауынгерге  айналды.  Шаруашылық  қызметтерден  босатылудан  басқа 

жауынгерлер  соғыс  олжасының  бір  бӛлігін  алу,  әскери  кеңестерге  қатысу 

сияқты ӛзге де артықшылықтар иемденсе керек.  

       Қҧрбандық  шалу  культы,  ең  алдымен  ӛгізді  қҧрбандыққа  шалу,  сірә, 

қҧнарлылықпен қамтамасыз ету және әлемдік тепе-теңдікті сақтап тҧру ҥшін 

жасалған 

сияқты. 


Ӛгізді 

қҧрбандыққа 

шалу 

культы 


Таңбалы 

ғибадатханасында  ӛте  айқын  берілген.    Кӛріністердің  бірінде  қозғалмай 

тҧрған  ӛгізді  балтамен  басынан  ҧрып  тҧрған  адам  бейнеленген.  Адамның 

арқа тҧсында солярлық таңба кӛрсетілген, бҧл болып жатқан іс-әрекеттердің 

культтық  мәнін  кӛрсетеді.  Оның  жанындағы  кӛрші  жартасқа  буаз  сиыр 

(ішіндегі  бҧзауы  да)  қашап  салынған,  ал  одан  ары  ӛгіз  ҥстінде  тҧрған 

қҧнарлылық жоғарғы қҧдайы суреттелген. 

       Ғибадатханалардың  мыңжылдықтар  бойы  қызмет  етуін  былайша 

тҥсіндіруге  болады:  қола  дәуірінде  қалыптасқан  негізгі  культтар  ӛз  мән-

мағынасын келесі дәуірлерде, тіпті дамыған орта ғасырларға дейін де жойған 

жоқ.  Ертедегі  таным-тҥсінік  ҧшқындары  аздап  ӛзгеріске  ҧшырағанымен 

халық жадында ҧзақ уақытқа дейін сақталып келді. 




 

154 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет