Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет57/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117
Сармат ескерткіштері 

 

         Б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырлардағы  Прохоров  мәдениеті.  Б.з.б.  ІV  ғасырда 

антикалық  авторлар  жазған  Оңтҥстік  Орал  мен  Каспий  маңында  сармат 

тайпалары тіршілік етті. Олар мыңдаған жылдар бойы осында ӛмір сҥріп әрі 

осында  келген  тайпалармен  біте  қайнаса  отырып,  бірқатар  археологиялық 

мәдениеттер  қалдырды.  Оның  алғашқысы  «прохоров  мәдениеті»  б.з.б.  VІ-V 

ғасырлар  шебінде  скиф,  массагет  және  савромат  секілді  басты  ҥш 

этномәдени  қҧрауыш  (компонент)  негізінде  қалыптасып,  дами  бастады. 

Қазба  материалдары  бҧл  этникалық  топтардың  бір  мезгілде  емес,  бірінен 

кейін  бірін  алмастыра  отырып  б.з.б.  VІ  ғасырдан  бастап  ене  бастағандығын 

нақты аңғартады. 




 

243 


        Оңтҥстік  Орал  археологиясында  екінші  кезең  ескерткіштері  жерлеу 

қҧрылыстары,  қыш  ыдыстар,  қару-жарақ  және  де  ӛзге  бҧйымдар  негізінде 

жіктелінеді.  Әдетте  олар  б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырлармен  мерзімделінеді  де,  ерте 

сармат  мәдениеті  немесе  прохоров  мәдениеті  (Н.С.Рыков,  И.В.Синицын, 

К.Ф.Смирнов,  М.Г.Мошкова)  деп  аталынады.  Кейде  бҧл  хронологиялық 

кезеңді ерте темірден сармат мәдениетіне «ӛтетін» кезең деп те атайды.  

       Б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырлар  ескерткіштерін  М.Г.Мошкова  зерттеді  де,  олардың 

кезеңдестірілуін жасады. 

       Б.з.б.  ІV-ІІ  ғасырларға  жататын  далалы  Орал  маңындағы  сармат 

ескерткіштеріне шҧңқыр мен қаңқалардың оңтҥстік бағыты тән. 

       Ерте 

прохоров  кезеңінде  солтҥстіктен  оңтҥстікке  бағытталған 

тікбҧрышты  шҧңқырлары  қабір  шҧңқырының  негізгі  тҥрі  бол  бастайды. 

Жерленген  адамдардың  басы  оңтҥстікке  қаратылған.  Ҧжымдық  қабірлер  де 

кездеседі. Олардың ерекшелігі  – ер адамның да, әйел адамның да мҥрделері 

қатар жата береді, кейде жас бала қаңқасы аяқ жаққа орналасады. 

      Прохоров  ескерткіштерінен  алынатын  қҧрал-саймандар  біркелкі:  қолдан 

істелінген  керамика;  ыдыстардың  тҥбі  дӛңгелек,  кейде  тҥбі  қалыңдау, 

кӛлемдері аса ҥлкен емес; ыдыс формасы шар тҥрінде, мойын тҧсы тар, ою-

ӛрнегі  сирек,  кейде  ол  денесінің  жоғарғы  жағынан  тӛмен  қарай  тҥсірілген 

сызықтар қатарынан да тҧрады. Дӛңгелек немесе қалыңдау тҥпті, сағасы кең 

тҥтіндеткіш  (курильница)  те  жиі  кездеседі.  Б.з.б.  ІІ  ғасырда  жалтыратылған 

ыдыстар пайда бола бастайды.  

       Прохоров  мәдениетіне  тән  обалар:  Шалқар-3  қорымындағы  №6,  13 

обалар, Барбастау-5 қорымындағы №23 оба; Факел қорымындағы №1 обаның 

2-қабірі. 

        Шалқар-3  қорымындағы  №6  обаның  диаметрі  23  м,  биіктігі  1,1  м, 

ондағы  ілкідегі  жер  бетінен  бірі  тікбҧрышты,  келесісі  сопақша  қабір  дағы 

табылған. Біріншісінің (орталық) ҧзындығы 2 м, ені 1,4 м; екіншісінің (батыс) 

ҧзындығы  1,8  м,  ені  1,5  м,  солтҥстіктен  оңтҥстікке  қарай  бағытталған. 

Шҧңқырды толық тазалағаннан кейін біріншісі ҧзындығы 3,8 м бҧрыс сопақ 

тҥріндегі  тҧрпатқа  енді.  Екінші  шҧңқыр  сопақ  тҧрпатын  сақтап  қалды,  тек 

ҧзындығы ӛзгеріп 3,5 м-ге жетті, ені 3 м болды. Бірінші шҧңқыр тереңдігі 2,3 

м,  ал  екінші  шҧңқыр  тереңдігі  2,1  м.  Алғашқы  шҧңқырдағы  мҥрде 

шалқасынан  созыла  жатқызылған,  қолдары  денесіне  жабыстырылған,  басы 

оңтҥстікке бағытталған, ал қаңқасының ӛзі қамыс тӛсенішке қойылған. Қабір 

қҧрал-саймандарынан  оң  қолының  саусақтары  жанына  қойылған  ҧзындығы 

40  см  темір  қанжар  шыққан.  Сабында  орақ  секілді  ҧштығы  мен  кӛбелек 

тҥріндегі  айқыштамасы  (балдағы)  бар.  Ақинақ  ағаш  қынға  салынған.  Оң 

қолының  саусақтары  қасынан  куб  тҧрпатты  ирек  ою-ӛрнегі  бар  ҥш  тас 

моншақ  пен  дӛңгелек  қалыптамада  жасалған  қола  әшекей  алынған.  Сол 

қолының саусақтарының қасынан ҧңғылы, ҥш қалақты қола жебе ҧштарының 

жиынтығы мен темір пышақ жатқан. Қаңқаның кеуде тҧсындағы сҥйектерден 

темір айылбас, ал аяқ жағынан қой сҥйектері мен қайрақ тастармен бірге екі 

пышақ алынған. 



 

244 


        №2  шҧңқырдан  басы  оңтҥстікке  бағытталған,  ҧзынынан  (шалқасынан) 

созыла жатқызылған екі әйелдің мҥрдесі табылған. Батыс жақтағы қаңқаның 

оң және сол қолдарынан ирек ӛрнекті шаршы және дӛңгелек тҧрпаттағы тас 

моншақтардан  дайындалған  білезіктер  алынған.  Қаңқаның  сол  жағында  ҥш 

қырлы және ҥш  қалақты қола жебе ҧштары салынған (бҧрын) тері қорамсақ 

жатқан.  Шҧңқыр  қабырғасы  маңынан  ішінде  тері  кесектері  бар  спираль 

тҥріндегі  қола  әшекей  табылған.  Оң  жақ  жамбасының  тҧсынан  сынған  қола 

айна,  ал  сол  жақ  жамбасынан  сәндік  қыш  ыдыс  алынған.  Мойын  сҥйектері 

ҥстінен  лазурит,  сердолик,  тас  және  пастадан  жасалған  моншақтар,  қҧлақ 

қабыршағының орнынан қос спираль  тҥріндегі алтынмен қапталған екі  қола 

сырға аршып алынған. Бас сҥйегінің артқы жағында мойыны биік, денесі шар 

тәрізді  керамикалық  ыдыс  тҧрған.  Шығыс  қаңқаның  сол  қолынан  тастан 

дайындалған  білезік  пен  ҥш  қалақты  және  ҥш  қырлы  ҧңғылы  жебе  ҧштары 

алынған.  Мойын  сҥйектерінде  моншақтардан  жасалған  алқа,  бас  сҥйегінің 

қасынан  негізі қола  сымнан  істелінген  екі алтын  сырға  табылған.  Бас  сҥйек 

қасында керамикалық ыдыс тҧрған. 

       Шҧңқырдың  оңтҥстік  қабырғасынан  тоқылған  боқша  қалдықтары 

аршылған, оның ішінде сапты қола айнаның бӛлігі, сәнденуге арналған сҥйек 

таяқша, бор кесегі, жоса жатты. 

       Сайып  келгенде,  прохоров  мәдениеті  ерте  темір  дәуіріндегі  ірі 

археологиялық  мәдениеттердің  бірі  болып  табылады.  Археологиялық 

материалдар  арқылы  бірқатар  топтардың  Орта  Азияға,  т.б.  ӛңірлерге  қарай 

жылжуын  байқауға  болады.  Сонымен  қатар  Орал  ӛңірінде  бҧрын  белгісіз 

болған  ғҧрыптар  мен  заттай  мәдениет  те  байқалады.  Мәселен,  тас  жәшікті 

пайдалану да орын алады (Жаман-Қарғалы-1, Мешітсай). Бҧлардың генезисі 

шығыста екендігі анық. Қазақстанның батыс ӛңірінде б.з.б. ІІІ-ғасырға қарай 

тҧрғындар  саны  біршама  азайып  қалады,  дегенмен  олардың  қалдықтары 

Орал,  Елек,  т.б.  ӛзендердің  бойындағы  ескерткіштерден  толымды  тҥрде 

кӛрінеді.  Б.з.б.  ІІІ-І  ғасырларға  жататын  ескерткіштердің  алдыңғы  кездерге 

қарағанда  ӛте  мол  болуы  осы  пікірді  қуаттайды  әрі  осы  кезеңде  прохоров 

мәдениетінің мейлінше гҥлденген кезі болғандығын дәлелдейді.  

       Батыс  ӛңірлердегі  ҥздіксіз  мәдени  даму  сан  ғасырлар  бойы  ӛз 

жалғастығын тауып отырды. Мҧның ерте темір дәуіріндегі және одан кейінгі 

замандардағы  барлық  археологиялық  мәдениеттерге  қатысы  бар.  Прохоров 

мәдениетінің  соңына  қарай  оның  тҧрғындарының  этникалық  келбеті 

кҥрделене  тҥскенімен,  жерлеу  қҧрылысы,  ғҧрпы  мен  заттық  мәдениетінің 

ықпалы келесі археологиялық мәдениеттерде ішінара болса да сақталынды.  

       Суслов  мәдениеті  (б.з.б.  І  ғасыр  –  б.з.  І  ғасыры).  Аталмыш  мәдениет 

Шығыс  Еуропа  аумағындағы  далаларды  алып  жатты.  Мәдениеттің  негізгі 

ескерткіштері молалар болды. Ортаңғы сармат уақытындағы молалар б.з.б. І 

ғасыр  мен  б.з.  І-ғасыры  аралығын  қамтиды.  Бҧл  ең  мардымсыз  зерттелген 

кезең болып табылады. 

      Суслов  мәдениетінің  шығу  тегі  ғылымда  аз  қарастырылмағанымен,  әлі 

толыққанды  шешімін  таба  қойған  жоқ.  Бірқатар  авторлар  (Б.Н.Граков,  т.б.) 

оны  автохтондық  мәдениет  деген  пікір  айтады.  Кейбір  зерттеушілер 



 

245 


(М.Г.Мошкова) оның ӛзегі сыртқы Дон бойында қалыптасты десе, басқалары 

(А.С.Скрипкин,  И.В.Сергацков)  бҧл  мәдениеттің  қайнар-бастаулары  Орта 

Азия  мен  онымен  іргелес  аймақтар  болған  (аландар  ықпалы)  деп  есептейді. 

Қалай  болғанда  да,  суслов  мәдениеті  алдыңғы  (прохоров)  және  кейінгі 

(шипов) мәдениеттер сияқты кӛп қҧрауышты болғандығы анық.          

       Осы  уақытқа  жататын  обалардың  материалдары  аталған  тайпалардың 

мәдениеті  одан  ары  дамығандығын  дәлелдейді.  Әдетте  кӛшпенділер  ӛз 

туыстарын  диаметрі  8-20  м,  биіктігі  0,2-1,0  м  обаларға  жерледі.  Обалардан 

кейде  от  қалдықтары  да  байқалады.  Ҧзын  тікбҧрышты  пішінді  мола 

шҧңқырлары  кеңінен  таралды.  Мола  шҧңқыры  мен  мҥрделердің  бҧл  кездегі 

оңтҥстік  бағыты  сақталынды,  ол  аздап  оңтҥстік-шығысқа  және  оңтҥстік-

батысқа ауытқыды да. 

        Қабір  қҧрылыстарының  негізгі  тҥрі  тар,  тікбҧрышты,  бҧрыштары  сопақ 

кҥйінде  дӛңгеленген  мола  шҧңқырлары  болды,  олар  кейде  батыс 

қабырғасынан  ҥңгіп  те  қазылды.  Шҧңқыр  беті  бӛренемен,  сырықпен 

жабылды, ҥстіне бҧтақтар тӛселді.  

       Тар  да,  ҥңгіп  қазылған  молалардың  бағыты  оңтҥстік,  оңтҥстік-батыс 

және  оңтҥстік-шығыс  болды.  Бҧл  кезеңдегі  Орал  маңындағы  далалы 

аймақтарда  тіршілік  еткен  ежелгі  тайпалардың  тарихи  дамуында  жаңа 

қарқын  (серпін)  пайда  болады,  мҧны  б.з.б.  І  ғасыр  мен  б.з.  І  ғасыры 

аралығында жаңадан пайда болған қабір қҧрылыстары да айғақтайды, ендігі 

жерде бҧрынғы ерте кезеңдерде белгісіз болған диагональ қабірлер қазылды. 

Жасалынған  шаршы  тҥріндегі  мола  шҧңқырлардың  ауданы  аса  ҥлкен  емес, 

ол  1,8х2  м  шамасында  болды;  әрбір  шеті  әлем  тараптарына  бағытталды,  ал 

олардағы мҥрде міндетті тҥрде шаршыға диагональ кҥйінде қойылды. Мҥрде 

ағаш  қабығынан,  қамыстан  жасалынған  тӛсеніш  ҥстіне  жайғастырылды. 

Кейде қабірдің тҥбіне тақтайшалардан  немесе бір қатар бӛренелерден табыт 

секілді қондырма жасалды (Барбастау-1 қорымы, №2 оба; Барбастау-3, №4-5 

обалар).  Шаршы  шҧңқырдың  кейде  ағаш  жабындысы  болды  немесе  ол 

белгісіз  бір  ағаш  конструкциясынан  тҧрды.  Қабір  шҧңқыры  кӛп  жағдайда 

әлем  тараптарына,  ал  мҥрденің  басы  оңтҥстік-батысқа  немесе  оңтҥстік-

шығысқа бағытталды. Мҥрдесі диагональ қойылған шҧңқырлар да кездеседі. 

Шҧңқыр  бҧрыштары  әлем  тарапына  бағытталған  кезде,  мҥрденің  басы 

оңтҥстікке  қаратылды,  кейде  аяқ-қолдары  бҥгілді.  Мҥрденің  жанына 

қойылған  қабір  қҧрал-саймандары  кӛп  әрі  сан  алуан:  міндетті  тҥрде  қару-

жарақ, тҥбі қалың әрі иық тҧсы ирек сызықтармен ӛрнектелген шар пішінді 

ыдыстар кездесіп отыырады. 

        Бҧл кезеңдегі жерлеу қҧрылысының жаңа тҥрі катакомба болды. 

        Балалардың  қабірінен  ыдыс,  моншақ,  әшекейлер,  кейде  асықтар 

алынады.  Ер  адамдардың  жанына  қару-жарақ  қойылады:  семсер,  қанжар 

және  жебе  ҧштары.  Бҧл  кезеңде  қойылатын  негізгі  қару  тҥрі  ҧштығы 

дӛңгелек  және  айқыштамасы  тік  семсерлер  болған  еді,  олардың  әдетте 

ҧзындығы 50-60 см-ден асқан жоқ. Прохоров мәдениетінде кеңінен таралған 

ҧзындығы 70 см-ден асатын семсерлер  бҧл ӛңірден табылған семсерлер мен 

қанжарлардың тек 5% -ын ғана қҧрайды. Семсерлер мен қанжарлардың сабы 



 

246 


әдетте  қызыл  тҥспен  боялған  ағашпен  қапталды.  Темір  жебе  ҧштары  ҥш 

қалақты,  бҧлар  б.з.б.  І-ғасырға  қарай  ҧңғылы  қола  жебелерді  ығыстырып 

шығара  бастайды.  Біздің  заманымыздың  шебіндегі  молалардан  алынатын 

әдеттегі  олжалар  қоладан,  темірден,  тіпті  кейде  кҥмістен  және  алтыннан 

дайындалған айылбастар болған еді. Олар белдікті, жҥгенді қаусырып тҧрды, 

белбеуге  тағылған  қанжарды,  пышақты,  қайрақ  тастарды  және  тағы  басқа 

заттарды  ҧстап  тҧруға  арналған  бӛліктерді  қапсырып  тҧрды.  Әдетте 

айылбастар  дӛңгелек  және  сегіз  саны  секілді  болып  дайындалды.  Әйел 

адамдардың  қабірінен  алынған  қҧрал-саймандар  сан  алуан.  Әшекейлерден 

шыны  және  тас  моншақтар,  сырғалар,  алқалар,  металдан  және  ірі 

моншақтардан  дайындалған  білезіктер  (сирек  ҧшырасады),  сақиналар  мен 

сәндік  заттар  –  айна,  сҥйек  қасық  кездеседі.  Әйел  адамдардың  қабірінен 

саздан жасалған тҥтіндеткіштер де ҧшырасады. Ҥлкен тҥтіндеткіштерден иіс 

шығаратын  заттар  мол  салынғандықтан  оттың  іздері  анық  байқалады.  Бір 

молада  ҥлкен  және  кішкентай  тҥтіндеткіштердің  кездесу  тек  суслов 

мәдениетіне тән деуге болады. 

        Ендігі кезекте б.з.б. І ғасыры мен б.з. І ғасыры аралығындағы уақытпен 

мерзімделінген нақты ескерткіштерге тоқталып кетелік. 

        Барбастау-1 қорымы, №2 оба ҥйіндісінің диаметрі 16 м, биіктігі 0,55 м. 

Ҥйіндіден  0,3  м  тереңдіктен  басы  оңтҥстік-батысқа  бағытталған  жас  бала 

қабірі  ҥңгіп  тҥсірілген.  Қаңқаның  аяқ  жағында  қой  сҥйектері,  бас  сҥйегінің 

қасынан  жанышталған  сармат  типіндегі  мойыны  қысқа,  ернеуі  қайырылған 

алмҧрт  тәрізді  пішіндегі  қҧмыра  бӛлшектері  алынған.  Обаны  аршығаннан 

кейін  оның  орталық  бӛлігінен  әлем  тараптарына  бағытталған  шаршы 

тҥріндегі  ауданы  1,4х1,4  м  мола  шҧңқыры  анықталынады.  Шҧңқыр  ағаш 

тақтай жабындысымен бекітілген. Оңтҥстік, батыс және шығыс қабырғалары 

негіздемесі бойынша биіктігі 0,18 м ағаш тақтаймен, ал солтҥстік қабырғасы 

ағаш қабығымен қапталған.  Шҧңқыр диагоналы бойынша  1,2 м тереңдіктегі 

қамыс  тӛсеніштен  әйел  адамның  қаңқасы  аршылған,  оның  басы  оңтҥстік-

батысқа бағытталған, денесі арқасымен қойылған (шалқасынан жатқан),  қол 

сҥйектері  денесін  бойлай  орналасқан.  Шҧңқырдың  солтҥстік-шығыс 

бҧрышында  банка  тҧрпатты  қыш  ыдыс  тҧрған.  Оң  қолының  білек 

сҥйектерінен  шыны  массадан  дайындалған  линза  пішінді  моншақтар 

табылған. Оң қол саусақтарының қасынан жанышталған  тҥбі жалпақ, қалың 

қыш  ыдыс  бӛліктері  анықталған.  Қасынан  шіріп  кеткен  ағаш  ҥстелше 

(ҧзындығы  18  см,  шеті  қаусарылған)  қалдықтары  аршып  алынған. 

Ҥстелшенің аяқтары ӛте қысқа – 1,5 см, диаметрі 3 см-ге жуық. Сол қолының 

саусақтары маңынан биіктігі 3,5 см алебастр ҧршықбас шыққан. Шҧңқырдың 

солтҥстік-батыс  бҧрышынан  қой  сҥйектері  мен  ағаш  сапты  темір  пышақ 

бӛлігі алынған. Пышақ жҥзінің ҧзындығы – 5,5 см. Қасынан ҧзындығы 14 см 

сҥйек қасық табылған. 

        Солтҥстік-батыс  бҧрыштан  дӛңгелек  (доңғалақ)  қалдықтары  –  кҥпшек 

(ступица), кегей немесе сым шабақ (спица), шеңбер шыққан.  

        Бҧл  кезеңнің  маңызды  ерекшелігі  Батыс  Қазақстан  тайпаларының 

Солтҥстік Қара теңіз маңындағы тайпалармен байланысының кҥшеюі болып 



 

247 


табылады.  Мҧны  қола  тҥйреуіш  пен  керамика,  миниатюралы  амфора, 

алебастр ыдыс, сәндік қҧралдардың сан алуан тҥрлері де айғақтайды. 

        Шипов  мәдениеті  (б.з.  ІІ-VІ  ғасырлары).  Аталмыш  археологиялық 

мәдениетті  зерттеуге  әр  кездері  Б.Н.Граков,  К.Ф.Смирнов,  А.Х.Пшеничнюк, 

М.Г.Мошкова, А.С.Скрипкин, С.Ю.Гуцалов, т.б. археологтар мол ҥлес қосты.  

Бҧл  мәдениет  б.з.  ІІ-ІV  ғасырларында  Еуразияны  бірнеше  рет  дҥр 

сілкіндірген  «Халықтардың  ҧлы  қоныс  аударуы»  кезеңімен  тығыз 

байланысты.  Қазақстан  мен  далалы  Орал  маңы  осы  кездері  хунну  (ғҧн) 

мәдени  ықпалына  тҥседі.  Бҧл  кӛшпенді  тайпалар  шығыстан  батысқа  қарай 

жылжыған  кезде  мәдениет  пен  этникалық  тарихқа  да  жаңа  леп  әкелген 

болатын. Мҧнда археологиялық материалдар кӛрсеткендей, жергілікті сармат 

және  алан  тайпаларының  ықпалымен  жаңа  ғҧрыптар  қалыптасты.  Осы 

кезеңмен  кӛне  тайпалар  физикалық  кейпінде  моңғолоидтық  элементтердің 

таралуы да байланысты болған еді. 

        Сыртқы  ықпалдардың  әсерінен  осы  кездері  жерлеу  ғҧрпы  да  ӛзгереді. 

Егер жҥзжылдықтарға созылған жерлеу ғҧрыпында азап батысқа не шығысқа 

қарай  ауытқыған  оңтҥстік  бағыт  ҥстем  болса,  біздің  заманымыздың  бас 

кезінде,  ІІ-ІV  ғасырларда  солтҥстік  немесе  солтҥстік-батыс  бағыт  ҥстемдік 

қҧра бастайды. 

       Кӛшпелілердің  мҥрделері  оба  астына  қойылды.  Кӛп  жағдайда  обалар 

топырақтан  тҧрғызылды.  Олардың  орташа  диаметрі  8-20  м,  негізгі  бӛлігінің 

диаметрі  8-15  м  болды.  Биіктігі  0,15-1,0  м  аралығында.  Оңтҥстік  Орал 

маңындағы  қорымдардан  (Лебедевка,  Магнитный,  Атпа,  Басшилі)  батыстан 

шығысқа  қарай  бағытталған  ҧзын  ҥйінділер,  яғни  екі  ҧшында  оба  тәрізді 

ҥйіндісі  бар  (гантель  секілді)  ескерткіштер  де  анықталған.  Сонымен  қатар 

жерлеу  ескерткіштерінің  жаңа  тҥрі  –  оңтҥстік  жақтан  кіретін  есігі  бар 

тікбҧрышты  және  шаршы  тҥріндегі  топырақ  сағаналар  жасалынды.  Бҧл 

сағанлардың  орталық  бӛлігінде  немесе  оңтҥстік-батыс  бҧрышына  кейінгі 

сармат стандарттары бойынша мҥрделер жерленген.  

       Біршама  таралғандарының  қатарына  тар  ҥңіме  шҧңқыр,  топырақ 

қабатынан  қазылған  тар  шҧңқыр  және  кең  шҧңқырлар  да  жатады  деуге 

болады. 


       Молалардың басым бӛлігінде бір адам жерленді, одан кӛбірек адам саны 

ӛте сирек ҧшырасады. Молаға кҥкірт пен шақпақ тас жаңқаларын қою ғҧрпы 

да кеңінен таралды. Мал сҥйегін қою алдыңғы дәуірлерге қарағанда біршама 

азая тҥседі.  

       Мҥрде  жанына  қыш  ыдыстарын  қою  бҧрынғыдай  сақталынады.  Кең 

таралған  ӛрнек  –  кертпе  тҥсіру  мен  мойын  тҧсын  сызу.  Ою-ӛрнек  салудың 

жаңа  тҥрі  қалыптасады,  ендігі  жерде  дӛңгелек  және  аздап  шығыңқы 

жапсырмалар  симметриялы  тҥрде  орналасады.  Оңтҥстік  Орал  маңындағы 

қолдан  жапсырылған  ыдыстардың  денесі  жҧмыртқа  тәрізді,  ӛзі  биік,  әдетте 

иық  тҧсы  бірден  айқын,  мойыны  қайырылып  немесе  тік  болып  келеді. 

Сонымен  қатар  керамика  жиынтығына  қазандық  секілді  кӛзелер  жаңадан 

келіп  қосылды.  Қҧмыралар  батыстық  ҥлгіде  жасалынды.  Саптыаяқтар  мен 

қҧмыралардың ҧстағыштарына зооморфтық бейне тҥсірілді.   



 

248 


       Қаңқалардағы  деформацияланған  сҥйектер  де  бҧл  кезеңде  жиі  табылған 

болатын (Мамай қорымы, №2, 4, 5, 7, 8; Барбастау-3 қорымы, №3, 14 обалар, 

т.б.).  Кейінгі  сармат  қабірлерінен  алынған  қҧрал-саймандар  сарматтық 

ескерткіштерден  алынған  заттардан  ӛзгешерек.  Ерекшелік  осы  жоғарыда 

айтылған  керамикадан  да  қатты  байқалады.  Айта  кететін  бір  жайт,  ендігі 

жерде  ыдыстар  қарая  жалтыратылды,  ал  қҧмыра  секілді  ыдыстарда  ернеуі 

мен шар тәрізді денесінің жоғарғы бӛлігін  жалғастырып тҧрған Г-тәрізді  тік 

ҧстағыштар жасалды. Қазандық тәрізді ыдыстар пайда бола бастады.  

       Кейінгі  сарматтардың  қабірлерінен  Қара  теңіздің  солтҥстік  ӛңірлерінен 

әкелінген  ыдыстар  да  кездеседі.  Бҧлар  қызыл  балшықтан  дайындалған 

шҥмекті қҧмыралар мен миниатюралы амфоралар еді. 

        Шығыста  ӛндірілген,  жетіасар  мәдениетіне  тән  ыдыстар  да  ҧшырасады. 

Қара  теңіздің  солтҥстік  жағалауларынан  әкелінген  шаршы,  ромб  және 

сопақша  пішіндегі  қалқаншалы  тҥйреуіштер  кейінгі  сарматтар  қабірінен 

кездесетін  әдетті  жағдай  еді.  Алайда  қыш  қҧмыраларда  хорезмдік  дәстҥр 

кеңінен байқалып қалады.  

        Ер  адамдардың  қабірінен  әдетте  қару-жарақ  пен  еңбек  қҧралдары 

алынады.  Қару-жарақтар  алдыңғы  уақыттардағыдан  ӛзгеше.  Айталық, 

семсерлердің  ҧзындығы  1  м-ге  дейін  жетті.  Олардың  барлығы  екі  жҥзді. 

Найза  ӛте  сирек  кездеседі.  Жебе  ҧштары  алынатын  қабірлер  саны  да  азая 

тҥскен.  Ал  жебе  ҧшы  мол  салынған  қорамсақтардың  кездесуі  ӛте  сирек, 

тіптен жоқтың қасы. Молалардан 3-15 дана жебе ҧштары алынады. Сірә, ғҧн 

типіндегі  кҥрделі  садақтың  шығуынан  болар,  олардың  барлығының  кӛлемі 

ҧлғая бастаған.  

       Ат  әбзелдері  алынатын  қабірлердің  де  саны  арта  тҥседі.  Біздің 

заманымыздың  бірінші  ғасырынан  бастап,  әсіресе  ІІ-ІІІ  ғасырларда  атты 

әскерлердің  қабірінен  қамшылар  кӛптеп  шыға  бастайды.  Бізге  жеткен 

бӛліктері  кӛбіне  металл  бӛлшектері  мен  ағаш  сабының  бӛліктері  ғана. 

Лебедев  қорымындағы  кейінгі  сармат  уақытына  жататын  обалардан  балта, 

ожау, т.б. тҧрмыстық заттар алынған. 

       Әйел  адамдардың  қабірінен  алынатын  әшекейлер,  еңбек  қҧралдары  мен 

сәндік  заттар,  бойтҧмарлар  да  ерекше  танытады.  Әсіресе  кішкентай  қола 

айна-алқалар  (диаметрі  4,5-5  см)  кӛп,  сонымен  қатар  тҥйреуіштер  мен  тҥрлі 

тастан  дайындалған  (сердолик,  янтарь,  тау  хрусталі,  халцедон,  т.б.) 

моншақтар, сырғалар мен жҥзіктер,  тҥтіндеткіштер, металл қоңыраулар, т.б. 

заттар  алынады.  Полихромдық  стильде  жасалынған  әшекейлер  кӛптеп 

табылған.         

       Сипатталған қабір қҧрал-саймандары кейінгі сарматтар батыс пен шығыс 

арасындағы  саудада  белсенді  тҥрде  делдалдық  жасағандағын  толық 

айғақтайды. Келесі кезекте нақты қабірлерге тоқталып ӛтелік... 

       Мамай-1  қорымындағы  №12  оба  мола  алаңқайының  орта  тҧсында 

орналасқан, оның диаметрі 4 м, биіктігі 0,2 м. 

       Қабір  шҧңқырының  ҧзындығы  2,2  м,  ені  1  м,  тереңдігі  0,8  м;  оңтҥстік-

батыстан  солтҥстік-шығысқа  қарай  бағытталған.  0,7  м  тереңдіктен,  батыс 

қабырғаның астынан ҥңгіп қазылған қуыс анықталған, оның ҧзындығы 2,2 м, 



 

249 


батыс  қабырғасындағы  тереңдігі  0,8  м,  биіктігі  0,8  м.  Қуыстан  ер  адамның 

қаңқасы  табылған,  ол  шалқасынан  жатқызылған,  басы  солтҥстік-шығысқа 

қаратылған,  қолдарының  сҥйектері  денесінің  қасында,  аяқ  сҥйектері 

шҧқырды бойлай орналасқан.  

       Шҧңқырдың  солтҥстік  шетінде  қҧмыра-кіреңке  пішінді  қыш  ыдыс 

тҧрған, оның биконусты денесі аздап созылыңқы, ҧзын мойыны біршама тік 

болып  келген.  Денесінің  жоғарғы  бӛлігі  мен  мойынының  ортаңғы  бӛлігіне 

зооморф  бейнелі  ілгек  тәрізді  ҧстағыш  жасалынған,  ҧстағыштағы  шағын 

ҥшбҧрыш тҥріндегі шығыңқы кертпешіктер қасқырдың немесе иттің қҧлағын 

еске  тҥсіреді.  Қаңқаның  оң  жағында  ҧзындығы  60  см,  жҥзінің  ені  4  см-ге 

дейін жететін семсер жатқан. Екі жҥзі қиылған жерінде линзаға ҧқсас, оның 

жоғарғы  шетінде  ҧзындығы  7  см,  айқыштамасы  (балдағы)  жоқ  сабының 

бӛлігі сақталған. 

       Шипов мәдениеті бірнеше этномәдени негізде ӛрбіп, отандық археология 

тарихнамасында ӛз орнын қалдырды деуге болады. Кейінгі сармат мәдениеті 

хунну мәдениетімен немесе ғҧн мәдениетімен тығыз байланыста дамыды.  

     ІІ-ІV  ғасырларда  Арал-Каспий  ӛңірі  ғҧн  бірлестігі  қалыптасқан  негізгі 

ӛлке болса керек.        

      Сӛйтіп, І-мыңжылдық алғашқы жартысында Қазақстанның батыс ӛңірлері 

ғҧн-сармат  тайпаларының  жарқын  мәдениетін  сақтаған  ірі  аудандардың  бірі 

болып  қалды.  Заттай  және  рухани  мәдениет  дәстҥрлі  тҥрде  жалғаса  берді. 

Мҧндағы бірқатар тайпалардың басым бӛлігі батысқа қарай жылжығанымен, 

жер-жерлерде  олардың  топтары,  бӛліктері  қалып  отырды,  уақыт  ӛте  келе 

бҧлар басқа халықтармен кірігіп кетті.                                                     





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет