Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет60/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   117
          Қоғамдық  құрылыс.  Б.з.б.  I-мьңжылдықтың  басы  алғашқы  рулық  қатынастар 

ыдырап,  жаңа  әлеуметтік  кҧрылымның  қалыптасу  ҥрдісінің  жедел  жҥруімен 

сипатталынады. 

   Қоғамдық  кҧрылыс  кҧрылымын  схемалык  тҧрғыдан  былайша  елестетуге 

болады:  шағын  туыс  отбасылар  тобы  (патронимия)  –  кӛшпелі  қауым  —  тайпа  –  

тайпалар одағы – мемлекет.  

       Бҧл тҧрғыдан алғанда, Бесшатыр корымы мәдени және ежелгі сәулет ӛнерінің 

ескерткіші ретінде ғана емес, сонымен қатар мҥлік теңсіздігінің ескерткіші ретінде 

де  ғылыми  назар  тудыртады.  Жетісу  атырабында  «патша  обалары»  деп 

аталатындардың кӛп болуы бҧл жерде б.з.б. VII-IV ғасырларда мал ӛсіруші сақтар 

арасында мҥлік теңсіздігінің айқын анықталғанын кӛрсетеді. 

   Мҧндай  ескерткіштер  қоғамның  әрбір  мҥшесінің  моласының  ҥстіне 

тҧрғызыла  бермейді,  олар  адамдардың  шағын  тобының  (элитаның)  еншісіне 

айналған. Мындаған шағын ҥйінділермен салыстырғанда ҥлкен обалар санының аз 

болуы қоғамның бӛлінгенін даусыз тҥрде дәлелдейді. 

    Б.з.б.  V-IV  ғасырлардың  ӛзінде-ақ  жетісулық  сақтар  қоғамдық  дамудың 

неғҧрлым жоғары сатысында тҧрды. Оларда мемлекет болған еді. 

   Б.з.б. ІХ-V ғасырларда Қазақстанда Бесшатыр,  Есік,  Жетітӛбе, Шілікті  мен 

Ҧйғарақ  сияқты  тас  пен  топырақтан  ҥйілген  алып  обалардың,  ал  егінші-

малшы  сақтар аймағында  сәулеттік  шешімі  бойынша  кҥрделі  шикі  кірпіштен 

салынған  Тҥгіскен  кесенесі  мен  Шірік-Рабат  некропольдерінің  (Арал  маңы) 

пайда  болуы  бекерден-бекер  емес  еді.  Қазба  жҥмыстары  олардың  сақ 

қоғамының  жоғары  дәрежелі  адамдарының  сағаналары  екенін  дәлелдеп  берді. 

Обалы  ҥйінділердің  ауқымдары  адамның  белгілі  бір  әлеуметтік  дәрежеге 

жатуына  сай  белгіленген.  Сақ  обаларын  осылайша  тҥсіндіріп  бағалаудың 

дҧрыстығына  олардың  біреулерін  (патшалық)  қазған  кезде  лақыттардан  кӛп 

материалдық  қазыналардын  табылуы,  Есік  обасында  болғанындай,  киім-кешек 

пен  қарудың  байлығы,  басқаларында  (қатардағыларында)  мҧндай  заттардың 

болмауы да дәлелдей тҥседі. 

  Есіктегі  жерлеуге  жҧмсалған  тҥрлі  бҧйымдар  –  қоғамның  жоғары  дәрежелі 

тҧлғасының  байлығы  мен  билігінің  ӛлшемі.  Лауазымды  адамдарды  сақтардың 

ӛздері  қалай  атағаны  белгісіз,  бірақ  Бесшатыр  мен  Есік  обаларында 

жерленгендерді патшалар деп атауға болады. 



 

256 


    Иерархиялық  сатының  биік  тҧғырында  –  патша  мен  ханша,  шонжарлар  мен 

«ақсҥйек»  адамдар,  салт  атты  жауынгерлер,  тӛменгі  сатысында  тәуелді  адамдар, 

қҧлдар, қызметшілер, жаяу жауынгерлер орналасқан.  

   Сақтарда  мҥлікке  қарай  қоғамның  топтарға  бӛлінуі  еуропалық  скифтерге 

ҧқсас  болды.  Соңғыларында,  антикалық  жазба  деректеріне  қарағанда,  арнайы 

патша  некрополь-бейіттерінде  ҥлкен  обалар  болған.  Мҧндай  жағдай  Батыс 

Қазақстандағы Қырық-Оба,  Тҧңғыш  секілді  обалары бар савромат  және  сармат 

қоғамына да тән болды.     

       Ӛлген патшаларға алтын киім киіндіріліп, мҥрдесі кең лакытқа қойылған, 

ал  олардың  ҥстіне  зәулім  архитектуралык  ескерткіш  –  алып  оба  тҧрғызылған. 

Қоғамның  басқа  мҥшелерін  жерлеу  ғҧрпы  иерархиялық  басқыш  сатыларының 

тӛмендеуіне қарай оңайлатылып отырған. 

     Ғҧрыптық  іс-әрекеттердегі  патшаның  жеке  басының  дәріптелуінде  саяси 

астар  жатты,  ол  жерлеу  ғҧрпының  рәсімдерін  сақ  патшалары  әулетінің 

бҧлжымастығын идеологиялык жағынан негіздеу максатымен бҧқараға діни ықпал 

жасау  ретінде  пайдаланған.  Жарқыраған  киім  патшаның  тҧлғасын  асқақтатып, 

оны  кҥн  бейнелі  кҧдай  дәрежесіне  кӛтерген.  Бас  киіміндегі  зооморфтық 

бейнелердің  діни-идеологиялық  мазмҧны  осы  қорытындыны  растайды.  Есік 

жауынгері бас киімінің маңдай жағындағы канатты және мҥйізді пырақ бейнесіне 

кҥрделі  символика  негіз  етіліп,  сақтардың  діни  дҥниетанымының  қағидалары 

бейнеленген. 

      Есік  олжаларының  қарастырылып  отырған  проблема  ҥшін  маңызы  жазу 

ескерткішінің — жазбасы бар кҥміс тостағанның табылуына байланысты арта тҥседі. 

Кез  келген  қоғамда  жазудың  болу  фактісі  әлеуметтік-экономикалык  ҧйым 

дамуының  жоғарғы  деңгейін  білдіреді.  Мемлекеттік  қҧрылым  ҥлгісіндегі 

қоғамдық  қҧрылыс  тҥрі  осындай  орган  болуы  мҥмкін.  Мемлекет  пен  жазудың 

пайда болу ҥрдістері ӛзара байланысты болған еді. Усунь, кангюй, хуннулар ендігі 

жерде  жеткілікті  дәрежеде  дамыған  мемлекеттілік  қалыптастырды.  Оларда 

әлеуметтік 

дифференциация, 

патша 

билігі, 


бюрократиялық 

аппарат, 

дипломатиялық практика белгілері толығымен кездеседі. 

     Мәдениет пен өнер. Ерте кӛшпенділер кезеңіндегі Қазақстан тайпаларының 

мәдениеті  мен  ӛнері  дамудың  біршама  жоғары  сатысына  жетті.  Темір 

металлургиясы, кӛшпелі және жартылай кӛшпелі мал шаруашылығы материалдық 

және  рухани  мәдениет  тҥрлерін  тҥбірімен  ӛзгертті.  Еуразияның  мал  ӛсіретін 

тайпаларының  ӛз  негізінде  біртҧтас  экономикалык  базисі,  экономикалық  және 

мәдени  байланыстары  Оңтҥстік  Сібір,  Алтай,  Қазақстан  аумағын,  Еділ  бойын, 

Солтҥстік Қара теңіз ӛңірін мекендеген тайпалар мен халықтардың – сақ, сармат, 

скиф, усунь, кангюй, хуннудың кӛптеген ҧқсастығы бар мәдениетін ӛмірге әкелді.  

   Ғылымда  кӛшпенділердің  тҧрмыс  салты  мен  тҧрғын  жайы  туралы  деректер 

кӛп  емес.  Кейінгі  қола  дәуірінде  кӛшіп-қону  тҧрмыс  салтына  лайықты,  тігіліп-

жығылатын  киіз  ҥй  келіп  шықты.  Аңызға  айналған  аргиппейлерді сипаттай  келіп, 

Геродот  былай  деп  жазды:  «Олардың  әрқайсысы  ағаштың  астында  ӛмір  сҥреді. 

Қыста  ағаш  кез  келген  сәтте  тығыз  ақ  киізбен  жабылады,  ал  жазда  жабусыз 

қалдырылады».  Кӛшпелі  тҧрғын  жайдың  бҧдан  кейінгі  эволюциясы  барысында 



 

257 


киіз  ҥйдің  қҧрылымы  кемелдене  тҥсті,  бірақ  оны  жасаудың  принципі  қола 

дәуірінде-ақ белгілі болған еді. 

     Геродот  пен  Гиппократтың  хабарлайтынындай,  мал  ӛсіретін  тайпалардың 

кӛш-қоңды  тҧрғын  ҥйлерімен  бірге,  кӛшпелілер  мен  жартылай  кӛшпелілерде 

барынша  кеңінен  тараған  тӛрт  және  алты  доңғалақты  арбаларға  орнатылған  киіз 

ҥйлер  де  болды.  Қазақстан  аумағының  оңтҥстік,  шығыс  және  солтҥстік 

аудандарында  тҧрақты  тҧрғын  ҥйлер:  оңтҥстікте  -  шикі  кірпіштен,  солтҥстікте 

және шығыста – бӛренелерден салынған ҥйлер болғаны мәлім. Сырдария мен Арал 

маңындағы,  Жетісудағы  сақтарда  фортификациясы,  баспаналары  дамыған 

қоныстар  мен  қалалар  пайда  бола  бастайды.  Усуньдер  мен  кангюйлер  дәуірінде 

қала мәдениеті толығымен қалыптасады. 

    Сақтардың  киім,  бас  киім  және  аяқ  киім  ҥлгісі  туралы  мәліметтер  бар. 

Мәселен, Геродот сақтар топтарының бірі жайында олардың тығыз киізден тігілген 

шошақ  бӛрік,  кафтан  киетінін,  тҥземдік  садақ  асынғандығын,  қысқа 

семсерлер  мен  айбалта  ҧстағандығын  хабарлайды.  Персепольдегі  Ксеркс 

сарайының  бедеріндегі  және  Пасаргадтағы  Дарий  мазарындағы  бейнелер 

сақтардың  киімі  туралы  айқын  тҥсінік  береді.  Оларда  бейнеленген  сақтар  биік 

шошақ  бӛрік,  денемен  дене,  тізесіне  дейін  жететін  бешпент  киген,  белбеу 

буынған, тар шалбар және ӛкшесіз аяқ киім киген; белбеудің оң жағына канжар, 

ал сол жағына садақ ілінген. 

       Археологиялык олжалар осы тҥсініктерді қуаттап, толықтыра тҥседі. Б.з.б. VI-

V ғасырлардағы Орта Азия тҧрғындарының Әмудария кӛмбесінен табылған алтын 

және  пластина  табақшаларында  бейнеленген  киім-кешек  пен  аяқ  киім  иран 

бедерлеріне  жақын,  бірақ  бас  киімінің  шошақ  тӛбесі  мҧнда  тӛмен  қайырылған. 

Тараздан  табылған  сақтың  қола  мҥсінінде  тік  жағалы  қысқа  бешпент,  қырлы 

дулыға  киген  адам  бейнеленген;  Жетісудан  табылған  алтын  тоғалардан 

жалбағайлы шекпен киген салт атты бедерленген. 

   Есік обасынан табылған олжа ақсҥйек сақтың сән-салтанат киімін, бас киімін, 

аяқ  киімін,  ҥстіне  тағатын  сәндік  заттарының  қалай  орналасатынын  қалпына 

келтірудің ілуде бір кездесетін мҥмкіндігін береді.  

   Тоң болып қатып жататындықтан Таулы Алтайдағы сақ обаларында неше тҥрлі 

киімдер: тігіс-тігісіне қызыл жҥн бау жҥргізіліп әшекейленген ак мата кӛйлектер, 

ақ  талдырма  киізден  және  бҧлғын  терісінен  тігілген  бешпент,  жалбағайлы  киіз 

кҥртешелер,  ерлер  мен  әйелдердің  киіз  ҧйықтары,  әйелдердің  тар  жеңі 

кестеленген бешпенттері мен қысқа қонышының ойығы бар шегірен етігі, бҧлғын 

терісінен тігілген балалар мен әйелдердің кеудешелері және т. б. сақталған. 

    Жетіасардағы  қазба  жҧмыстары  сақталған  мата  қалдықтары,  белдік, 

әшекейлер  мен  тоғалар  негізінде  кангюй  ер  адамы  мен  әйел  адамының 

киімдерін қалпына келтіруге мол мҥмкіндік берді. 

   Діни нанымдары мен ғұрыптары. Жерлеу  материалдарына  карағанда,  ата-баба 

аруағына, отбасылық-рулық әулиелер мен желеп-жебеушілерге сыйыну ғҧрыптары 

болған.  Бҧл  ғҧрыптардың  шығуы  ӛлген  тумаларының  мәңгі  жасайтынына, 

ӛлгендер ӛзінің рулық қауымының салттары, ҥйреншікті ғҧрыптары мен ережелері 

бойынша ӛмір сҥре беретін о дҥние бар деген сенімге негізделген. Осыдан келіп 

ӛлген адаммен бірге оның беделі мен қауымдағы алатын орнына лайық мҥліктің 



 

258 


кӛмілуі,  қауымның  жеріндегі  ру  зиратында  атқарылатын  әрбір  тайпаға  немесе 

тайпалар тобына тән кҥрделі жерлеу ғҧрпы шыққан. Малшыларда бҧл ең алдымен 

қыстау  маңы  болды.  Ӛлгендердің  бәрі  әдетте  жылдың  қай  мезгілінде  болса  да, 

шалғай жерден болса да осы жерге жеткізілді.  

   Сақ  пен  усунь  тайпаларының  жерлеу  ғҧрпы  алдындағы  уақыттың 

ғҧрыптарынан  едәуір  ерекше болды.  Егер  қола  дәуірі ҥшін  тас қоршаулар мен  тас 

жәшіктерге  жерлеу  тән  болса,  сақтар  мекендеген  аудандардың  бәрінде  обалы 

қорымдар  болып,  адамдар  кӛбіне  сопақша  етіліп  қазылған  қабірлерге  жерленді. 

Лақыттап және ақымдап жерлеудің жаңа тҥрлері шықты.  

    Жерлеу  ғҧрыптарының  салттарында  да  бірсыпыра  айырмашылықтар  орын 

алып, олар шағын және уақытша сипатта болған. Мәселен, Оңтҥстік Орал сырты 

мен  Батыс  Қазакстанның  савроматтары  ӛлген  тайпаластарын  бетін  ағашпен 

жапқан тар немесе кең тік бҧрышты шҧнкырларға кӛмген. Осы аумақтағы кейбір 

тайпаларда  шаршы  және  шеңбер  тҥріндегі  кабірлерге  жерлейтін  болды,  ҧзын 

қабырғаларының  жақтауынан  шығарылған  кертпешелері  немесе  ойықтары  бар 

кабірлер ҧшырасады. 

    Арал  маңы  сақтарында  тҥбін  айнала  шамалап  орлаған,  жерден  ойып  нар 

жасаған  және  тҥбінің  бҧрыш-бҧрышына  не  оны  айналдыра  орнатылған 

діңгектердің  орны  бар  ӛзінше  бір  ҥлгідегі  кабірлер  кездеседі.  Жетісуда  және 

Алтайда  ауқатты  адамдар  сол  кездегі  жердің  бетіне  салынған  не  жерді  қазып 

орнатқан  ҥлкен  ағаш  қималарға  қойылатын  болған.  Бҧл  аудандарға  карапайым 

адамдарды бір қабірге бірнешеуін жерлеу немесе аса терең қазылмаган қабірлерге 

бірінен  кейін  бірін  жерлеу  ғҧрпы  да  тән.  Орталық  Қазақстанда  жалпақ  тақта 

тастармен жабылып, жерден қазылатын сопақша жерлеу тҧрақты дағдыға айналды, 

нақ  осында  тас  кешенді  обалар  тҥріндегі  мола  қҧрылыстардың  ерекше  ҥлгісі  де 

болған. Тайпалардың жерлеу ғҧрпындағы айырмашылықтар оларда біртҧтас жҥйелі 

діни  ҧғымдардың  болмағандығын  кӛрсетеді.  Кангюйлерде  оба  астындағы 

катакомбаларда,  бҥйірлі  молаларда,  жер  бетіндегі  және  жер  астындағы 

сағаналарда,  қолдан  балшықпен  платформа  жасалған  молаларда  жерлеу 

кеңінен орын алды.  

    Қазақстанның мал ӛсіруші тайпаларының отқа, жылқыға, кҥнге және  басқа 

аспан  шырақтарына  табынумен  байланысты  ғҧрыптары  да  болған.  Антик 

деректемелері  мен  кӛне  ирандық  деректемелер  бірқатар  сақ  тайпаларының 

сыйынатын  басты  қҧдайы  Кҥн  болғанын  анық  кӛрсетеді,  онымен  аспан  отының 

бейнесі тығыз байланысты болған. Орталық Қазақстан мен басқа аудандардың сақ 

қабірлерінде Кҥн-қҧдайға қҧрбандыққа жылқы шалу дағдысы талай рет анықталды, 

әр  тҥрлі  нҧсқалары:  аттың  ӛлігі  мен  оның  тҧлыбын  кӛму,  аттың  басы  мен 

аяқтарының терісін кӛму, ат әбзелдерін немесе олардың жекелеген бӛлшектерін 

кӛму нҧсқалары да мәлім. 

Бәрінен  тазартатын  киелі  кҥш  деп  біліп,  отқа  табыну  Кҥнге  табынудан  келіп 

шыққан.  Ол  Еуразияның  мал  ӛсіретін  кӛптеген  тайпаларында  кеңінен  таралған. 

Батыс  Қазақстандағы  ағаштан  жасалған  мола  ҥстіндегі  қҧрылыстарды  ӛртеу 

ғҧрыптары  зҧлым  рухтарды  жолатпайтын  оттың  тазарткыш  кҥшіне  сенумен 

байланысты.  Арал  маңы  сақтары  сияқты,  Елек  пен  Жайық  савроматтарының 

қабірлерінен  де  қызыл  бояу  –  от  пен  Кҥннің  символы  жиі  ҧшырасады.  Қола 



 

259 


(Жетісу)  және  тас  (Арал  ӛңірі,  Орталық  Қазақстан,  Оңтҥстік  Орал  сырты) 

қҧрбандық  мехраптарының  кӛптеп  табылуы  кҥнге,  отқа  және  ҥйдегі  ошаққа 

сыйынумен байланысты. 

    Діни  нанымдарында  ӛлген  адамға  екі  тҥрлі  қарау  айқын  аңғарылады:  бір 

жағынан,  оны  кҧрметтеп,  оған  сыйынатын  болса,  екінші  жағынан  тайпаластарға 

ӛлген кісінің жаны қайтып келіп кіреді деп қорқатын болған. Соңғы жағдайда отқа 

табыну, сірә, ӛзінше бір сақтану қызметін атқарған болса керек. Нақ осы мақсатпен 

жерлеу  ғҧрпы  атқарылған  кезде  обаларды  айнала  ондаған  жерге  от  жағылатын 

болған,  мәселен,  Орталық  Қазақстандағы  Қараоба  және  Жетісудағы  Бесшатыр 

қорымдарында осылай істелген. 

   Анимизм, тотемизм және магия сияқты алғашқы ең ежелгі діни ҧғымдар да 

сақталды.  Қабірлерден  әдейі  сындырылған  бҧйымдардың  жиі  кездесетінін 

ғалымдар  анимизмен,  заттардың  жаны  болады  деген  сенімнен  деп  тҥсіндіреді. 

Тайпалас адамдар ӛлген кісінің қаруын, айнасын және басқа да меншікті заттарын 

әдейі  сындырғанда,  ӛлген  адамның  жанымен  бірге  ӛліктер  еліне  жететін 

заттардың жанын азат етуге кӛмектестік деп сенген. 

   Тотемизмнің және магияның сарқыншақтары әр тҥрлі тҧмарларда, тылсымдар 

мен бойтҧмарларда  сақталған.  Рудың  немесе  тайпаның  қайсыбір  мифтік  хайуан 

тегінен  шығуы  туралы  ҧғым  жануарлардың  металдан  жасалған  мҥсіндерінде 

бейнеленген.  Шайқастарда  желеп-жебейді  деп  онымен  қару,  жауға  мінетін  атты 

сақтасын  деп  жҥгенді  безендірген.  Сақтарға  жақсы  таныс  жабайы  андар 

бейнесіндегі киелі хайуандар туралы олардың шапшаңдығын, ептілігін және кӛбіне 

киелі кҥшін мадақтайтын аңыздар шығарылған. 

  Бейнелеу өнері. Сақ  заманы  тайпаларының  мәдени  шығармашылығының  ең 

жарқын керіністері арасында қодданбалы ӛнер ерекше орын алады. Оның басты 

қҧрауышы  б.з.б.  VIIІ-VI  ғасырларда  қалыптасып,  Сібірдің,  Қазақстанның,  Орта 

Азияның  және  Оңтҥстік  Еуропаның  тайпалары  арасында  тараған  аң  стилі  деп 

аталатын ӛнер болды. 

        Алғашында  Скифияда,  ал  кейіннен  Сібірде  де  бастапқы  табылған  орны 

бойынша  бҧл  бейнелеу  шығармашылығы  шартты  тҥрде  скифтік-сібірлік  аң  стилі 

деп  аталады.  Оның  негізгі  тақырыбы  андарды,  хайуандарды  және  аңыздағы 

зооморфтық  ғажайыптарды  бейнелеу  болды.Мазмҧны  жағынан  мифо-логиялык, 

тҥрі  жағынан  реалистік  аң  стилі  ӛнері  сәндік  сипатта  колданылды.  Бейнелеу 

әдістерінің  кӛбі  қазандар  мен  қҧрбандық  ыдыстарын,  семсер,  қанжар,  қорамсақ, 

айбалта,  жҥген,  айна  секілді  заттарды,  киімді,  тулардың  сабын  әшекейлеу  ҥшін 

пайдаланылды. 

    Ертедегі  шеберлер  кӛп  жағдайда  заттардың  пайдалылығын  бейнелеуді 

мазмҧндылығымен  жақсы  ҥйлестіріп  отырды,  осының  нәтижесінде  олардың 

жасаған  кӛптеген  бҧйымдары  дҥние  жҥзіндегі  ең  тандаулы  ҥлгілерден  қалысқан 

жоқ.  Ертедегі  суретшілердің  шығармашылығы  ӛздерінің  айналасындағы 

жануарлар дҥниесінің нақты бейнелеріне етене жақын болды. Сақ шеберлері арқар 

мен  таутекенің,  жолбарыс  пен  қабанның,  марал  мен  тҥйенің,  дала  қыраны  мен 

киіктің,  қасқыр  мен  қоянның,  жылқы  мен  бҧланның  ӛздеріне  жақсы  таныс 

бейнелерін сомдай білген. Андарды бейнелеуде әр тҥрлі материалдар қолданылды. 

Бізге  дейін  жеткен  бҧйымдардың  кӛбі  қола  мен  алтыннан  жасалған,  сҥйектен, 



 

260 


мҥйізден,  темірден,  киізден  жасалған  андардың  бейнелері  де  кездеседі. 

Ағаштан, теріден, киізден ойып жасалған аңдардың бедерлері де мәлім. 

Аң  стиліндегі  ӛнерді  шартты  тҥрде  ҥш  кезеңге:  кӛне  заманғы  кезеңге,  ӛрлеу 

мен  қҧлдырау  кезеңдеріне  бӛлуге  болады.  Б.з.б.  VIII—VII  ғасырлар  ҥшін 

аңдарды  бір  орында  тҧрған  қалпында  жеке  немесе  ішінара  бейнелеу  тән  болып 

келеді.  Таутекенің,  арқардың  мҥсіндері,  басын  кетеріп  жатқан  қабанның  немесе 

тҧрған жыртқыштың, аяғын бҥккен немесе тҧяғының ҧшымен тҧрған бҧғылардың 

бедерлеп  салынған  суреттері  кӛп  кездеседі.  Қос  шеңберлі  тҧғырда  тҧрған  екі 

текенің қҧйма қола мҥсіні назар аударарлық: текелер біршама схемалы тҥрде, бейне 

бір секіруге оңтайланған кейпінде, бастары тҧқырта бейнеленген, ал бедерлі ҥлкен 

мҥйіздері арқаларына тиіп тҧр. 

   Жетісудан табылған екі қола мҥсінде мҥйіздері айнытпай тҥсірілген текелердің 

басы  реалистік  тҧрғыда  кӛрсетілген;  мҥсіндер  ҧзын  конус  тәріздес  тӛлкелерге 

орнатылған.  Алдыңғы  қола  қҧю  ӛнерінің  тағы  бір  ҥлгісі  —  Солтҥстік 

Қазақстаннан  табылған,  басын  жоғары  кетерген  және  мҥйіздері  бірнеше  рет 

бҧралған  арқардың  іші  қуыс  мҥсіні,  ол  соғыс  қаруы  –  балға-шотқа  (Бурабай) 

салынған.  Шілікті  обасынан  (Шығыс  Қазақстан)  табылған  заттардың  арасында 

ҥлкен  мҥйіздерін  арқасына  кайыра  жатқан  бҧғы  кейпінде  шебер  жасалған  алтын 

бҧйымдар,  қабандардың  ойып  жасалған  шағын  мҥсіндері  ерекше  кӛзге  тҥседі. 

Қола  пышақтарды  жыртқыштардың  басын  салып  немесе  тҧтас  мҥсіндерін  салып 

әдемілеу, ал жҥген тоғаларына аттың басын немесе ат тҧяғының таңбасын салып 

әшекейлеу сол кездегі кӛп тараған әдіс болған еді. 

     Алдыңғы  кезеңнің  ӛнеріне  жануарлардың  қимыл-қозғалысының  болмауы 

тән,  олар  ең  жақсы  дегенде,  мысалы,  Шіліктіден  табылған  бҥркіттің  алтын 

мҥсіндері  сияқты,  басы  сәл  бҧрылып  бейнеленеді.  Бейне  бір  қҧрсақта  жатқандай 

кейіпте  орала  бҥктетіліп  жатқан  жануарлардың  бейнесі  кеңінен  тараған  сюжет 

болып  табылады.  Бҧл  кейіптес  бейнелердің  ең  ертедегі  ҥлгілері  Еуразия 

далаларының шығыс аудандарынан табылған.  

        Б.з.б.  VI-IV  ғасырларда  Еуразия  далаларында  аң  стиліндегі  ӛнер 

стилистикалық  жағынан  ӛзгерістерге  ҧшырады.  Бір  орында  тҧрған  кҥйінде 

бейнеленген  жануарлар  бейнелерінің  орнына  қҧрылымы  кҥрделі,  серпінділікке 

толы  сюжеттер  шығады.  Мҥсіндік  бейнелер  азайып,  қозғалыс  ҥстіндегі  андардың 

бедерлі  бейнелері,  аңдардың  шайқасып  жатқан,  жыртқыштардың  шабуыл  жасап 

жатқан  кӛріністері  бар  композициялар  кӛбірек  кездеседі.  Атыла  ҧмтылған 

козғалыс мҥсіндердің «бҧратылуы» тәсілімен беріледі, бҧл жағдайда аңның жарты 

денесі  қарама-қарсы  жағына  бҥктетіле  салынады.  Бейненің  қозғалыста  екендігін 

керсетудің басқа да техникалык әдістері: қисық сызықтар жҥйесі, жануарлардың 

дене  мҥшелерін  бҧрамалар,  шырмауықтар,  орамалар,  ҥш  бҧрыштар,  жақшалар 

және т. б. тҥріндегі арнайы белгілермен беру әдістері қолданылады.  

  Есік  обасынан  табылған  сақ  қанжарының  жҧқа  алтын  қаптырмаларында 

жатқан  кҥйінде  бейнеленген  андардын  ширатылуы  орындау  шеберлігі  жӛнінен 

бірегей  дҥние.  Ақинақ  жҥзінің  екі  жағына  алтын  каптырмалар  кӛмкерілген; 

олардың  бірінде  жҧқа  бедермен  он  екі,  екіншісінде  –  тоғыз  бейне  бар.  Олардың 

арасында жыланның, тҥлкінін, қасқырдың, арқардың, киіктің, таутекенің, коянның 




 

261 


шағын  мҥсіндері  кездеседі,  олардың  барлығы  ерте  кезең  ӛнеріне  тән  кейіпте 

аяқтарын бҥгіп жатқан кҥйінде берілген. 

   Б.з.б.  III-II  ғасырларда  аң  стиліндегі  ӛнер  біртіндеп  кҧлдырай  бастайды.  Аң 

стилі  ою-ӛрнекке  айналады.  Оның  орнына  тҥрлі-тҥсті  тастармен  кӛз  салып 

безендіру  техникасы  және  басқа  да  әшекейлеу  тәсілдері  қолданылатын 

полихромдық  деп  аталатын  стиль  келеді,  қолданбалы  ӛнер  туындылары  пайда 

болып,  оларда  жануарлар  дҥниесінің  бейнелері  схемаға  айналып,  полихромдық 

бай  ӛрнекпен  араласып  кетеді.  Бҧл  ӛнер  дайын  кҥйінде  сырттан,  бір  жақтан 

әкелінген жок, ол сақ ӛнерінің қойнауынан шыққан. Ою-ӛрнектік полихромияның 

кейбір  әдістері  б.з.б.  VII-VI  ғасырларда-ақ  жетіле  бастады.  Мәселен,  тҥрлі-тҥсті 

тастан  кӛз  салу, бедерлеу  (алтын  тҥйіршіктерін  дәнекерлеп бекіту),  тоспа  эмаль 

(жекелеген  ҧяларды  арнайы  қҧрамдағы  заттармен  толтырып  қҧю)  Шілікті, 

Жалаулы  және  басқа  ескерткіштерден  белгілі.  Б.з.б.  V-IV  ғасырлардағы 

полихромдық  ӛнер  туындыларының  Қазақстанның,  Орта  Азия  мен  Сібірдің  бҥкіл 

аумағынан  ондаған  ҥлгілері  табылды.  Бәлкім,  нақ  осы  ҥш  аймақта  б.з.б.  I-

мыңжылдықтың  аяғында  сақтар  ӛнеріндегі  аң  стилін  ығыстырған  полихромдық 

ӛнердің қуатты ошағының негізі калыптасқан да болуы мҥмкін.  

    Аң  стилінің  шығуы  жӛнінде  тарихи  әдебиетте  екі  негізгі  кӛзқарас  бар. 

Бірінші болжамды жақтаушылар скиф-сақ тайпалары бҧл ӛнерді Алдыңғы Азиядан 

қабылдаған деп санайды, Еуразияда оның пайда болу мерзімін б.з.б. VII ғасырдың 

70-жылдарында скиф тайпаларының Кіші Азияға басып кіруімен байланыстырады. 

Мидиялықтармен этникалык жағынан туыстық пен мәдени жақындық скиф-сақтар 

арасында  кӛне  шығыс  ӛнерінің  кейбір  ҥлгілерінің  тез  тарауына  себепші  болды, 

кейін  бҧл  ҥлгілерді  скифтер  мен  сақтар  ӛздерінің  талғамдары мен  қажеттеріне 

бейімдеп  алды.  Одан  әрі,  шамамен,  б.з.б.  V  ғасырдан  бастап  еуропалык  және 

азиялық  ӛнердің  даму  жолдары  тҥбегейлі  ажырайды,  ғалымдардың  пікірі 

бойынша,  мҧның  ӛзі  Қара  теңіз  жағалауындағы  скифтерге  кӛне  Грекия 

ықпалының  кҥшеюінен  болған,  ал  сақтардың  мәдениеті  мен  ӛнеріне  Алдыңғы 

Азияның Ахеменид ӛнері тікелей ықпал жасады. 

    Екінші пікірді жақтаушылар аң стилі  ӛнерінің қалыптасуына  Алдынғы  Азия 

мәдениетінің  ықпалы  болғанын  теріске  шығармайды.  Бҧл  ықпал  б.з.б.  VI 

ғасырдың  соңынан  бастап,  Ахеменид  уақытында  ерекше  кҥшті  болды  делінеді. 

Нақ осы кезенде сақ ӛнерінде оған бҧрын тән болмаған арыстанның, жарты денелі 

арыстан  самҧрықтың бейнелері, негізгі  мҥсіні  қасиетті  ағаш не қҧдайдың мҥсіні 

болып  табылатын  геральдикалық  композициялар,  гҥлдер  немесе  тҧтас  алғанда 

лотос  тҥйнегі  тҥріндегі  ӛсімдік  тектес  ою-ӛрнектер  пайда  болады.  Алайда,  аң 

стиліндегі ӛнердің шығуын бҧл зерттеушілер жергілікті ортамен байланыстырады 

да, оның тууын соңғы қола дәуіріне жатқызады. 

    Аң стилі ӛнерінің мазмҧнын анықтаумен байланысты мәселелер әлі де болса 

айқын  емес.  Оның  діни  наным  сипатында  болуы  ықтимал.  Скиф-сақ  ӛнерінің 

мазмҧнына  кіретін  хайуандар  бейнелері  нақты  этникалык  және  тайпалық 

топтардың тотемдік арғы тегін бейнелеген. Сонымен бірге аң стилі ӛнері мазмҧны 

жағынан  мифологиялық  ӛнер  болған  еді.  Бҧл  ӛнер  аңдар  таласының  кӛптеген 

сюжеттерінде шиеленіскен тартысқа толы рулық және тайпааралық кҥресті, ерлік 

даңкы мен жаулап алушылықтың қатыгездігін бейнеледі. 



 

262 


    Сақтардың қолданбалы ӛнерінің маңызды тҥрі ою-ӛрнек болды, ол аң стилі 

ӛнерімен қатар, онымен ӛзара байланыста дамыды.  

   Сақ заманындағы ою-ӛрнектің бірнеше тҥрін: геометриялық, ӛсімдік тектес, 

зооморфтық,  символдық  тҥрлерін  бӛліп  кӛрсетуге  болады.  Сақтардың 

металдан,  киізден  жасалған  бірқатар  бҧйымдарында  және  керамикасында 

сақталған геометриялық ою-ӛрнек ӛзінің бастамасын андронов тайпаларының 

ӛнерінен  алады.  Ол  сақ бҧйымдарында ҥш  бҧрыштар,  шеңберлер, ромбылар, 

шаршылар,  шыршалы,  меандрлық  және  шеңбер  бӛліктері  тектес  ою-ӛрнек 

тҥрінде болып келеді.  

   Ежелгі  усуньдердің  зергерлік  ӛнерін  Алматы  маңында  орналасқан 

Қарғалыдан  табылған  алтын  бҧйымдар  мейлінше  жарқын  тҥрде  сипаттайды. 

Табылған  олжалар  арасында  қос  ӛркешті  тҥйе  мҥсіндері  бейнеленген  екі 

сақина,  тау  ешкілерінің  ондаған  мҥсіндері,  адамды  тістеп  тҧрған  тышқан 

бейнеленген  сырға,  кӛптеген  тоғалар  кездеседі.  Барлық  бҧйымдар  алтыннан 

жасалған және оларға асыл тастар орнатылған.  

   Қарғалы  тәтісі  (диадемасы)  ерекше  қызығушылық  туғызады.  Ол  жӛнінде 

жоғарыда толымды сипаттама берілген.  

   Арал-Каспий ӛңіріндегі кӛшпенділер ӛнеріне монументтік тас мҥсіндер тән 

болып  келеді.  Олардың  жҥзден  астам  мҥсіндерінің  басым  бӛлігі  Ҥстірт  пен 

Маңғыстаудағы ғибадатханалардан табылған. Бҧл мҥсіндер әктастан жасалған, 

онда  жауынгер  ер  адамның  фигурасы  бедерленген:  оң  қолы  тӛмен  тҥсірілген, 

сол қолы білек  тҧсында қайырылған  және қарнына жабыстырылған. Сонымен 

қатар мҥсіндердің кӛлемдері 0,9 м-ден 3,8 м-ге дейінгі аралықты қамтиды. 

   Аталған  ескерткіштердің  ерекше  қҧндылығы  антропологиялық  тип 

(моңғолоидтық  араласқан  еуропоидтық)  пен  киім-кешекті  (бешпент,  белдік, 

етік, т.б.) дәл беруінде. Сондай-ақ бедерленген адамның қару-жарағы (қанжар, 

қорамсақ, т.б.), таққан әшекейлері (сырға, т.б.) де аса шеберлікпен бедерленген. 

Мҧндай  заттар  сарматтар  мен  сақтар  мекендеген  солтҥстік  аудандардағы 

қабірлерден молынан ҧшырасқан. 

   Кангюй  тайпаларының  ӛнері  де  сақтардың,  усуньдердің  қолданбалы  ӛнері 

сияқты  ӛте  тартымды.  Олар  тіптен  сан  алуан.  Кангюйлерге  тиесілі  әрбір 

археологиялық  мәдениеттердің  (отырар-қаратау,  қауыншы,  жетіасар)  ӛзіндік 

ерекшеліктері, қайталанбас туындылары бар. Солардың арасынан ҧстағышына 

қой, елік, жыртқыш аңдар бейнелері  тҥсірілген қыш  ыдыстар да ерекше  кӛзге 

тҥседі.  Қой  мҥсіні,  ӛгіз  мҥйізі  тҥрінде  жасалынған  ғҧрыптық  ошақ  тҧғырлары 

да кӛз тартады. Ҥй ғибадатханаларынан алынған пҧт – кҥмістен дайындалған ер 

адамның  мҥсіні  де  кеңінен  белгілі.  Айта  кету  керек,  ежелгі  ӛнер  байырғы 

тайпалардың  діни  тҥсініктерімен  тығыз  байланысты  және  оны  тек  діни 

кӛзқарастар аясында ғана талдауға болады. Әрбір жасалған ӛнер туындысынан 

сол кездегі шебердің, қоғамның тыныс-тіршілікке, қоршаған орта мен тылсым-

дҥниеге деген таным-тҥсініктері нақты байқалады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет