Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет68/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   117
археологиялық 

ескерткіштері

Қимақ-қыпшақ 

бірлестігіне  кіргенге  дейінгі  және  сол  мемлекет  қҧрамында  болған  кездегі 

қыпшақтардың  ескерткіштері  нақты  анықталына  қойған  жоқ.  Дегенмен 

Шығыс  Қазақстан,  Солтҥстік  және  Батыс  Алтай  мен  Батыс  Сібірмен 

шектесіп  жатқан  ӛңірлердегі  осы  уақытқа  жататын  кӛптеген  ескерткіштер 

арасында қыпшақтардың да қабірлері бар екендігі айдан анық; алайда нақты  

дифференциялайтын  белгілердің  болмауы  қыпшақ  мәдени  кешенін  бӛліп 

кӛрсетуге шынайы мҥмкіндік бермей отыр. 

       Орталық  Азия  мен  Оңтҥстік  Сібірдегі  қыпшақтардың  археологиялық 

ескерткіштерін  бӛліп  кӛрсетудің  бір  жолы  шығысеуропалық  кӛшпенділер 

мәдениетінен, яғни қыпшақ-половцы нысандарынан ҧқсастықтарды іздестіру 

болып  табылады.  Алайда  шығысеуропалық  кӛшпенділер  ескерткіштерімен 

ҧқсастық,  жекелеген  сросткин  (қыпшақ?)  мәдениеті  белгілерінің  болуына 

қарамастан,  тек  оның  этнодифференциялдық  белгілерін  жалпылама  тҥрде 

ғана  сипаттайды.  Бҧл  сросткин  мәдениетімен  ӛте  жақын  кейбір  Оңтҥстік 

Орал маңындағы ескерткіштер кешеніне де қатысты.  

       Бір  айта  кететін  жайт,  қыпшақтар  қимақ-қыпшақ  этноәлеуметтік 

бірлестігінің  қҧрамында  болған  кезде,  жазба  деректемелерге  қарағанда 

біртҧтас  этносты  қҧрамаған,  олар  тоғыз  тайпадан  тҧрған.  Сондықтан  да 

олардың  арасында  тҥрлі  мәдени  дәстҥрлердің  болғандығын,  яғни  әркелкі 

жерлеу ғҧрпы мен сан алуан заттық кешендердің таралғандығын топшылауға 

болады. Сондай-ақ басқа этникалық топтар арасында да қыпшақтардың ӛмір 



 

287 


сҥргендігі  анық,  бҧл  да  ӛз  кезегінде  қыпшақтардың  археологиялық 

мәдениетін бӛліп кӛрсету мәселесін қиындата тҥседі. 

       Қыпшақтардың  қорымдары  мен  жекелеген  молалары  Жетісу  мен 

Орталық Қазақстаннан табылып, зерттелген. 

       Осындай қабірлердің бірі Тараз қаласы маңынан табылған. Диаметрі 9 м, 

биіктігі  0,4  м  ҥйінді  астынан  ҧзындығы  2,5  м,  ені  1,15  м  қабір  шҧңқыры 

аршылған.  Шҧңқыр  ҧзын  жағымен  солтҥстік-батыстан  оңтҥстік-шығысқа 

қарай бағытталған. Басы солтҥстік-батысқа бағытталған шалқасынан жатқан 

мҥрде  ағаш  табытқа  қойылған.  Табыт  шіріп  кеткен.  Бас  сҥйегінің  жанынан 

кҥміс  алқа  табылған,  иық  тҧсында  кҥміс  ыдыс  тҧрған.  Осы  жерден  мата 

қалдықтары,  қола  және  алтын  тіліктер  (пластиналар)  табылған.  Қола  тілікке 

гҥл  суреті  салынған.  Мата  кесігі  мен  тіліктер  бас  киімнің  қалдығы  сияқты. 

Белдіктен ортасында фантастикалық жануар бедерленген сегіз жапырақшалы 

сауыт  тҥріндегі  екі  ірі  қапсырмалар  сақталған.  Оған  осы  жерден  табылған 

темір айылбас та жатады. 

       Мҥрденің  оң  жағында  ағаш  қабығынан  жасалған  және  беткі  жағы  сҥйек 

жапсырмалармен әшекейленген қорамсақ жатқан. Қорамсақтан сапты жалпақ 

және ҧзынша-ромб тәріздес тҧрпаттағы жебе ҧштары шыққан. Мҥрденің сол 

жағында  айқыштамасы  тік  темір  қылыш  жатқан.  Ағаш  қынынан  шірік 

кесектері  мен  бҧғының  бір  тҥрі  бейнеленген  кҥміс  пластина  ғана  сақталған. 

Сол  жақ  аяғының  қасынан  сабы  сҥйек  бір  жҥзді  темір  пышақ  алынған. 

Аяғының  сҥйектерінде  сирақ  тҧсы  қола  жіппен  тігілген  ӛкшесіз  тері  етік 

қалдығы сақталған. 

       Мҥрденің  аяқ  жағында  ат  әбзелдерінің  (темір  ҥзеңгі,  сақиналы  сулық, 

тікбҧрышты  айылбастар,  т.б.)  қалдықтары  тҧрған.  Моладан  алынған  сиыр 

сҥйегі ақіреттік ас қалдығы болып табылады, ал ҥйіндіден қыш кӛзе алынған. 

Қабірден  алынған  екі  монета  ХІІІ  ғасыр  соңы  мен  ХІҤ  ғасырда  соғылған, 

бҧлар  қабір  мерзімін  нақты  дәлелдейді,  зерттеушілер  пікірінше  молаға  

қоғамда жоғары дәреже иемденген қыпшақ-жауынгері жерленген. 

       Орталық  Қазақстаннан  ХІV  ғасырға  жататын  екі  қабір  табылған.  Оның 

бірі  Нҧра  ӛзені  аңғарынан,  Қарағанды  қаласынан  батысқа  қарай  46  км 

жердегі  Жартас  қорымынан  зерттелген.  Обаның диаметрі  12  м,  биіктігі  1  м. 

Тікбҧрышты келген қабір шҧңқыры ҧзын жағы бойынша батыстан шығысқа 

қарай  бағытталған.  Оның  кӛлемі  2х1,5  м.  Шалқасынан  жатқызылған  мҥрде 

1,8  м  тереңдікке  қойылған.  Қабірдің  ҥсті  ағаш  қабықтарымен  жабылған. 

Шіріген қайың астынан ромб секілді ӛрнектері бар алтын сары тҥстес жібек 

мата қалдықтары табылған. 

       Адам қаңқасының жамбас сҥйегі мен сан сҥйектерінің тҧсынан тері (қой) 

шалбар  мен  тері  етік  қалдықтары  алынған.  Оң  жағында  бір  жҥзді  ҧшы  тік 

темір пышақ жатқан. Сол жақ бҥйірінде қабықтан жасалынған ҧзын қорамсақ 

орналасқан.  Қорамсақтың  ҧзындығы  60  см,  ені  12-15  см.  Қаусырына  сары 

тҥсті  жіп  тағылған.  Қорамсақ  жебе  ҧштарына  толы.  Қорамсақта  садақ  та 

болған.  Садақтың  тек  ағаш  бӛліктері  ғана  сақталған.  Қабірден  белбеудің 

темір тоғалары да шықты. 




 

288 


        Жерленген  адамның  аяқ  жағына  ат  әбзелдері  (жҥген-ноқта  мен  ер) 

қойылған.  Олардан  сақталынғандары  –  темір  бӛлігі  мен  ағаш  қалдықтары. 

Сопақша  темір  ҥзеңгінің  аяқ  салар  тҧсы  кең  және  оның  белдікке  арналған 

ілгегі бар, екі қҧрамалы ауыздықтардың қозғалмалы тілі бар. Моладан кҥміс 

тостаған  мен  ҥш  кҥміс  монета  салынған  тікбҧрышты  қапшық  шыққан, 

монеталар ХІV ғасырдың алғашқы жартысында соғылған. 

       Дәл  осындай  саймандар  жиынтығы  Екібастҧздан  солтҥстік-батысқа 

қарай орналасқан Тасмола-4 қорымындағы бір обадан алынған. Оба диаметрі 

14  м,  биіктігі  1,2  м.  Ҥйінді  астында,  оның  орталық  бӛлігінде  солтҥстіктен 

оңтҥстікке  бағытталған  тікбҧрышты  тҧрпаттағы  топырақ  шҧңқыр 

орналасқан.  Оның  ауданы  2,4х1,1  м,  тереңдігі  1,6  м.  Қабір  ҥсті  тҥпсіз 

«жәшік» тҥріндегі қҧрылыспен жабылған.  

       Моладағы  мҥрденің  басы  солтҥстікке  бағытталған.  Бас  сҥйегінің  сол 

жағында  сҧрақ  белгісі  тҥріндегі  кҥміс  сырға  жатқан.  Сол  алақаны  тҧсынан 

темір пышақ пен темір кресало алынған. Шҧңқырдың сол жақ қабырғасында 

қабықтан  дайындалған  қорамсақ  жатқан,  одан  алты  темір  ҧшты  жебелер 

шығып тҧрған. Қорамсақтың ҧзындығы 68 см, тӛменгі жағындағы ені 19 см, 

жоғарғы  жағындағы  ені  11  см.  Сыртқы  беті  геометриялық  ӛрнектері  бар 

кҥміс жапсырмалармен әшекейленген. Жебе ҧштары жалпақ, сапты; олардың 

бесеуі  кесіндісі  бойынша  ромб  пішінді,  ал  алтыншысы  тікбҧрышты  келген. 

Қорамсақ  жанынан  ішкі  сақиналары  қозғалмалы  (жылжымалы)  темір 

жҥгеннің  екі  бӛлігі  алынған.  Қаңқа  аяқтарының  арасында  табандығы  кең 

темір ҥзеңгі және белбеу тесігі жатқан. 

       Қабірден  екі  монета  табылған,  оның  бірі  мҥрденің  аузына  қойылса, 

екіншісі сол қолының жанына қойылған.   

       Алынған  материалдар  қыпшақ  жауынгері  қалай  киінгендігін  қалпына 

келтіруге мҥмкіндік береді.   



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет