Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Ортағасырлық кӛшпенділер шаруашылығы



Pdf көрінісі
бет71/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117
Ортағасырлық кӛшпенділер шаруашылығы 

 

       Ежелгі  тҥркі  (тҥрік),  тҥргеш,  оғыз,  қарлҧқ  және  кимек  (қимақ),  қыпшақ, 

қазақтардың  кӛпшілігінің  басты  кәсібі  кӛшпелі  мал  шаруашылығы  болды. 

Кӛшпелілер  маусымдық  жайылымдардың  бірінен  соң  біріне  ауысып,  ҧзақ 

уақыт  кӛшіп  жҥрді.  Ӛзендердің  белгілі  ӛткелдерінен,  қолайлы  тау 

асуларынан  ӛтіп,  суы  мол,  шӛбі  қалың  жайлауларға  жететін  ғасырлар  бойы 

қалыптасқан  кӛші-қон  жолдары  болды.  Жайылымдарды  дҧрыс  пайдалану 

ҥшін жылдың қай кезінде қай жерде шӛптің қалың болатынын білу керек еді. 

Бҧрыннан  келе  жатқан  кӛшу  жолдарының  бағыты  бір  ҥлкен  экономикалық 

немесе саяси жағдайлар болғанда ғана ӛзгерді. 

       Қимақтардың  (кимектердің)  кейбір  топтары  қыста  Жайық  пен  Жемнің 

арасын  қыстап,  жазда  Ертіс  жағасын  жайлап  жҥрді.  Оғыздардың  бір  бӛлігі 

Сырдарияның  тӛменгі  бойын  қыстап,  жайлауға  Каспий  маңындағы  далаға 

кӛшетін  болды.  Әл-Бируни  оғыздардың  қара  кҥзде  Хорезм  шекараларына 

таяу  кӛшіп  келетінін  жазады  және  олардың  енді  бір  топтарының  кимектер 

елінде Манқҧр кӛліне таяу жерде (Ҧлытау баурайы) кӛшіп жҥретінін айтады. 

        Оғыздарда  ҧлан-байтақ  даламен  алыс  жерлерге  қоныс  аударып  жҥретін 

кӛшпелілерге тән кішкене жолым ҥйлер қондырылған арбалар болған. 

        Орта  ғасыр  авторлары  тҥргеш,  кимек,  оғыздар  мен  қарлҧқтар  жылқы, 

қой, ешкі, сиыр, ӛгіз, тҥйе ӛсіргенін айтады. 

        Олардың  шаруашылығында  қой  ӛсіру  аса  маңызды  рӛл  атқарды. 

Дереккӛздерінің  бірінде  «Ӛсімдік  майының орнына  мал  майын  пайдаланды, 

тоң  майды  шам  етіп жағады»  деп  кӛрсетілген.  Оғыздар  елінен  Хорасан  мен 

Мауераннахрға  жеткізілетін  қой  еті  ол  кезде  ең  жақсы  ет  саналды.  Ибн  әл-

Факих тҥрік қойлары «ӛте ірі келеді, батпандай қҧйрықтары жер сызады» деп 

жазады.  Сірә,  қаракӛл  қойлары  да  ӛсірілген  болса  керек.  Мысалы,  Ибн 

Хаукәл  Тҥркістанда  әдемі  елтірілер  алынатын  қойлар  бар  деп  жазады. 

Әсіресе  қара,  қызыл  және  қоңыр-қызыл  қозылардың  елтірісі  ерекше 

бағаланған. 

        Кӛшпелі  шаруашылықта  жылқы  ӛсірудің  ерекше  маңызы  болды. 

Жылқының  жҥрдектігі,  тӛзімділігі  арқасында  ғана  алыста  жатқан 

жайылымдар  игеріліп  отырды.  Жылқы  соғысқа,  аң  аулауға  пайдаланылды. 

әл-Жахиздің  сӛзімен  айтқанда,  «тҥрік  жерден  гӛрі  ат  ҥстінде  кӛп  отырады». 

Ибн  Фадлан  мен  Гардизи  X  ғасырда  оғыздар  мен  кимектердің  жер 




 

295 


кайыстырған  калың  жылқы  ӛсіргенін  жазады.  Тҥрік  жылқысы  жергілікті 

табиғат  жағдайына  және  жыл  бойы  аяғынан  жайылуға  жақсы  бейімделген, 

етті  де,  сҥтті  де  болды.  Кӛшпелі  тҥрік  тайпалары  сиыр  еті  мен  қой  етінен 

жылқы етін артық кӛрді, ал биенің сҥтінен қымыз ашытты. 

       Жылқының  екі  тҥрі  –  аласа,  басы  ҥлкен,  мойны  қыска  әрі  жуан  келетін 

тҥрі  және  басы  кішірек,  тірсегі  жіңішке  салт  мінілетін  тҧрықты  тҧқымы 

ӛсірілді.  Тамим  ибн  Бахр  кимектер  патшасы  мен  оның  әскері  аттарының 

«тҧяқтары жҧқа келеді» дегенде, сірә, бәйге аттарын айтқан болуы керек. 

        Кӛшпелі  оғыздар  мен  қарлҧқтар  тҥйе  де  ӛсірген;  оларға  қарағанда 

кимектерде  тҥйе  азырақ  болған.  Деректемелерге  қарағанда,  оғыздар  айыр 

ӛркешті  ірі  тҥйе  есірген.  Осындай  тҥйелерге  мініп  саяхат  жасаған  Ибн 

Фадлан оларды тҥрік тҥйесі деп атайды.  

       Кейбір  деректемелерде  қарлҧқтардың,  оғыздар  мен  кимектердің  сиыр 

ӛсіргендігі айтылады. Сірә, ірі қараны негізінен алғанда жартылай отырықшы 

елдер ҧстаған болса керек, әйтсе де кӛшпелілер ӛгізді жегуге пайдаланған. 

      Ет  пен  сҥт  тамақ  болған,  ал  жҥннен  киіз  басылып,  киім,  кілем  тоқылған 

және  басқа  бҧйымдар  жасалған.  Мал  ӛнімдері  ішкі  қажеттерді 

қанағаттандыру  ҥшін  ғана  емес,  сонымен  қатар  кӛршілес  егін  салатын 

аудандарға сату ҥшін де ӛндірілген. 

        Тҥргеш,  оғыз,  қимақ  және  қарлҧқтардың  кҥнкӛріс  кәсіптерінің  бірі  аң 

аулау  болды.  IX  ғасырда  әл-Йакуби  кӛшпелі  тҥріктер  «кӛбіне  жабайы  аң-

қҧстың  етін  жейді»  деп  жазды.  Жахиз  тҥріктердің  аң  аулау  тәсілдерін 

қызғылықты  етіп  суреттейді.  Оның  сӛзіне  қарағанда,  олар  аң  аулағанды 

жақсы  кӛреді,  тіпті  шапқыншылықта  жҥрген  кезінде  де  аң  аулайды,  аң 

аулауға салт ат мініп шығады; олар әсіресе киік пен қҧланды куғанда ерекше 

тӛзімді келеді. 

       Аңға жалғыз шығумен қатар, қаумалап та аулау ҧйымдастырылған; олар 

аң  аулағанда  шаруашылық  мақсатымен  қатар,  ӛзінше  бір  ҥлгідегі  маневр, 

әскери жаттығу ретінде әскери маңызын да кӛздеген. 

       Қимақтар (кимектер), оғыздар мен қарлҧқтардың арасында терісі қымбат 

тҥлкі,  сусар,  қҧндыз  сияқты  андарды  аулаушылар  да  болды.  Қимақтар 

сонымен қатар бҧлғын, ақтышқан және жыртқыш ірі аңдар: жолбарыс, барыс 

аулаған.  Ертіс  бойында  ықшам  киінген,  ат  ҥстінен  сҥңгімен  жолбарысты 

тҥйрегелі жатқан кимек аңшысының суреті салынған қола тоға табылған. Аң 

терісі бҧл тайпалардың басқа елдерге шығарып сататын дҥниелерінің бірі де 

болғандығы анық. 

        Оғыздардың,  кимектер  мен  қарлҧқтардың  кейбір  топтары,  кӛбінесе 

кедейлері  Сырдариядан,  Ертістен  және  басқа  ӛзендерден  балық  аулаумен 

айналысқан.  «Диуани  лҧғат-ит-тҥркте»  және  араб-қыпшақ  сӛздіктерінде 

балық  аулайтын  еңбек  қҧралдарының  қимақ-қыпшақ  терминдері:  арғақ  – 

қармақ,  ағ  –  ау,  ұжан  (ұлық)  –  кішкене  қайық,  кеме  (қараб)  –  ҥлкен  қайық 

деген  сӛздер  келтірілген.  Нарративтік  деректемелердің  мәліметтерін  Ертіс 

бойынан  табылған  археологиялық  материалдар  растайды.  VIII-IX 

ғасырлардағы қорымдардан балықтардың мҥсіндік бейнелері табылған. 




 

296 


      Тҥргеш,  қарлҧқ,  оғыз,  қимақтар  арасында  жартылай  отырықшы  және 

отырықшы  халық шоғырлана  қоныстанған  топтар  болған.  Тҥрік  тайпаларын 

сипаттай  келіп  әл-Идриси:  «Адамдары  кӛшпелі...  Алайда  олар  жер  ӛңдейді, 

тҧкым  сеуіп,  егін  жинайды»  деп  жазады.  Жоғарыда  айтылғандай,  IX-X 

ғасырларда  кедейленген  қауым  мҥшелерінің  бірқатары  егіншілікке  кӛшті, 

сӛйтіп  әсіресе  сауда  айырбасының  ҧлғаюы  нәтижесінде  кӛшпелілердің 

отырықшы  егіншілік  ӛңірдегі  халықтармен  экономикалық  байланыстары 

кҥшейді. 

        «Худуд  әл-алам»  авторының  мәліметтері  бойынша,  қарлҧқтар  тҧрған 

аймақ  тҥріктердің  қарауындағы  халық  неғҧрлым  жиі  қоныстанған  және  ең 

бай жерлер болды, оларда қалалар мен отырықшы мекендер кӛп болған. 

       Деректемелер  оғыздардың  арасында  отырықшы  егіншілер  мен  қала 

халықтарының едәуір кӛп болғандығын кӛрсетеді. «Оғыздарда қала кӛп, - деп 

жазады әл-Идриси, - олар солтҥстікке және шығысқа қарай бірінен кейін бірі 

созылып  жатады».  Әбу  Дулаф  оғыздардың  орда  қаласында  тастан,  ағаштан 

және  қамыстан  салған  ҥйлер  болды  деп  кӛрсетеді.  Масудидің  жазуынша, 

Арал  ӛңіріндегі  оғыздар  кӛшпелі  және  отырықшы  болып  екіге  бӛлінеді, 

Сырдарияның  тӛменгі  ағысындағы  Жанкент,  Жент,  Жуара  қалалары 

оғыздардың  қалалары  болған.  «Худуд  әл-аламға»  және  Бируни мен  Махмҧд 

Қашғаридың  жазғандарына  қарағанда,  Сырдарияның  орта  ағысында  да 

оғыздардың  отырықшы  мекендері  болған,  олар:  Қарнак,  Сҥткент,  Фараб, 

Сығанақ  және  Сауран;  олардың  негізгі  тҧрғындары  ятҧқтар  (жатақтар) 

болған  еді.  Махмҧд  Қашғаридың  анықтамасы  бойынша,  «бҧл  қалаларда 

тҧратын  оғыздар  басқа  жерлерге  кӛшпейді,  соғыспайды,  ятҧқ  деп,  яғни 

елеусіз қалғандар, жалқаулар деп аталады». 

       Сырдарияның  орта  және  тӛменгі  ағысында  жҥргізілген  археологиялық 

зерттеулер  кезінде  ертедегі  ортағасырлық  кӛптеген  қоныстардың  жҧрттары 

табылады,  бҧлар  ескі,  суарма  арналары  бар  жер  алқаптарына  ӛзінше  бір 

ҥлгіде орамалай салынған орталықтары бар қоныстар еді. 

        Қимақтарда  отырықшы  қоныстар  болғанын  кӛптеген  араб-парсы 

авторлары  кӛрсеткен.  Әскері  бар  қимақ  қағанын  кӛрген  Тамим  ибн  Бахр 

оның  ордасының  қасында  қоныстар  мен  егін  салынған  жерлер  барын  да 

айтады. «Худуд әл-аламның» қимақтар туралы бӛлімінде «қимақтар елі және 

олардың  қалалары  туралы  пайымдау»  деген  сӛздерден  басталады,  мҧнан 

кейін  қағанның  жазғы  ордасы  Имекия  (басқа  деректерде  Кимекия)  және 

Жҧбын қонысы айтылады.  

       Кимектердің  қалалық  тҧрмысы  туралы  әл-Идриси  шығармаларынан 

мейлінше  толымды  мәліметтер  алуға  болады.  Кимек  ханзадасы  Жанақ  ибн 

Хақан  әл-Кимекидің  кітабына  сҥйене  отырып,  ол  кимектердің  кӛлдер  мен 

ӛзендердің  жағаларына,  таулы  аудандарға  және  пайдалы  кендер  шығатын 

жерлерге  салынған  16  қаласы  туралы  айтады.  Олардың  кӛбі  сауда 

жолдарының  бойында  тҧрған.  Кимек  қалалары  жақсы  бекінген. 

Деректемелерде  таулардың  арасындағы,  айналасында  суға  толы  жыралары 

бар  қамал-қал-алар  айтылады.  Орталық  Қазақстанда  қабырғасы  шикі 

кірпіштен  салынған,  іш  жағы  шыммен,  буылған  қамыспен  ӛрілген  қала 



 

297 


жҧрттары  табылды;  мҧнда  кӛптеген  қоныстардың,  суарма  арналардың 

ертедегі қалдықтары ашылды. 

       Қарлҧқтардың,  оғыздар  мен  кимектердің  жартылай  отырықшы  және 

отырықшы топтары егіншілікпен айналысты, кӛбінесе тары екті. Әбу Дулаф 

қарлҧқтар мен кимектер азық ҥшін бадана, бҧршақ және арпа егеді дейді. Әл-

Идриси  кимектерде  бидай  мен  арпа  егілетін,  жері  қҧнарлы  аудандар  барын, 

олардың  еңбек  кӛп  жҧмсалатын  кҥріш  сияқты  егіншілік  дақылын  ӛсіретінін 

айтады, ал кҥрішті суармалы жерлерде ғана ӛсіруге болатындығы белгілі. 

        Бҧл  дақылдарды  ӛсірудің  дәстҥрлі  болғанын  оғыз,  кимек-қыпшақ 

тайпаларының оларды атау ҥшін қолданып, тҥсіндірме сӛздіктерде сақталып 

қалған терминдері де кӛрсетеді. Бҧлардың бәрі де тҥрік тілінің сӛздері: екін –  

егін,  бұғдай  –  бидай,  тару  (тарығ)  –  тары,  арпа  –  арпа,  тутарған  –  кҥріш, 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет