Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет72/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117
мержамақ – жасмық.  

       Тҥргеш,  қарлҧқ,  оғыздар  мен  кимектердің  егіншілік  шаруашылығы 

натуралдық  шаруашылық  болды  және  ӛздері  тҧтынатын  қажеттерді  әрең 

қанағаттандырып  отырды.  Олардың  ӛздерінің  егіншіліктен  ӛндірген 

ӛнімдерін сатқаны немесе айырбастағаны туралы мәліметтер жоқ. Керісінше, 

деректемелерде дәнді дақылдарды және астықты отырықшы  және жартылай 

отырықшы  топтардың  орталықтарына,  мәселен,  оғыз  жабғуының  ордасы  –  

Жанкент (Янгикент) қаласына тасығаны туралы айтылады. 

       Сӛйтіп,  кимектерде, оғыздар мен қарлҧқтарда  кӛшпелі  немесе жартылай 

кӛшпелі  мал  шаруашылығының  басым  болуымен,  жартылай  отырықшы  мал 

шаруашылығы  немесе  аң  аулау  кәсібі  мен  балық  аулау  қатар  жҥрген  егін 

шаруашылығының  болуымен  байланысты  әр  тҥрлі  бірнеше  шаруашылық-

мәдени ҥлгілер болды. 

        Қарлҧқтардың,  оғыздар  мен  кимектердің  қалалары  Орта  Азия  мен 

Қазақстанның  жергілікті  тҥрік  халықтарының  шаруашылық-мәдени 

дәстҥрлерінің  қосылуы  негізінде  саяси  және  экономикалық  орталықтар 

ретінде қалыптасып, ӛсті. 

      Тҥргештерде,  оғыздарда,  кимектер  мен  қарлҧқтарда  ҥй  кәсіптері  мен 

қолӛнерінің  ең  дамыған  тҥрі  мал  ӛнімдері  мен  шикізаттарын  ӛндеу  және 

қайта  ӛндеу  болды.  Малдың  терісінен  әр  тҥрлі  аяқ  киім,  ыдыс,  садақтың 

қаптамасы,  қорамсақ,  ер-тҧрман  әбзелдері,  торсық-мес  секілді  заттар 

жасалды,  киіз  ҥйге  жабылды,  одан  киім  де  тігілді.  Әл-Йакуби  «тҥріктер  — 

киіз басуға ӛте шебер халық, ейткені ӛздерінің киімдерін сол киізден тігеді» 

деп  атап  ӛткен.  Киім,  сондай-ақ  жабайы  жануарлар  мен  андардың  терісінен 

де тігілді. 

       Қауымның  қатардағы  мҥшелері  әдетте  ӛздерінің  әр  тҥрлі  қаруларын, 

шаруашылыққа,  тҧрмысқа  керекті  бҧйымдарын  ӛздері  жасады.  Бҧл  жӛнінде 

әл-Жахиздің  мына  бір  сӛздері  назар  аудартады:  «Тҥрік  қолӛнердің  барлық 

ҥрдістерін  ӛзі  істейді,  жолдастарынан  кӛмек  сҧрамайды  және  басқаның 

ақылын керек етпейді: олар (тҥріктер) қару, жебе, ер-тҧрман, қорамсак, найза 

жасайды». 

      Тҧрмыста  ағаш  бҧйымдар:  ер,  ыдыс-аяқ,  қайық,  киіз  ҥйдің  ағаш  сҥйегі 

кӛп колданылды. 



 

298 


       Тҥргеш,  қарлҧқ,  оғыздар  мен  кимектер  қарауындағы  қоныстарда 

қҧмырашылық  ӛндірісі  де  ӛркендеді.  Бҧған  қоса  олар  мекендейтін  аумақта 

темір,  кҥміс,  алтын,  мыс  және  асыл  тастар  ӛндірілді.  «Ондағы  шеберлер,  — 

деп  жазды  әл-Идриси  оғыздар  мен  кимектер  туралы,  –  темірден  ғажайып 

әдемі  бҧйымдар  жасайды».  Алтын  мен  кҥмістен  сән-салтанат  және  әсемдік 

заттары  дайындалды.  Әл-Идрисидің  мәліметтеріне  қарағанда,  кимектердің 

патшасы алтындап тігілген киім мен алтын тәж киген. Ол кимектердегі алтын 

балқыту  технологиясын  былай  суреттеген:  «Әдет  (кимектердің)  бойынша, 

алтынды жинап, суға шаяды, оны тазартып, сҧрыптап алғаннан  кейін алтын 

тҥйіршіктерін сынаппен араластырып, қоспаны сиырдың қиымен балқытады. 

Сӛйтіп осындай жолмен едәуір мӛлшерде алтын жинап алады». 

        Тҥргештерде, қарлҧқтарда, оғыздар мен кимектерде  қолӛнер ӛндірісінің 

болғанын  археологиялық  материалдар  растайды.  Олардың  қоныстары  мен 

обалы зираттарын қазған кезде темір бҧйымдар, алтыннан, кҥміс пен қоладан 

жасалған сәндік заттар, киіздің, терінің, ағаш ыдыстардың қалдықтары, қару 

және әр тҥрлі қыш керамика табылды. Бҧл бҧйымдардың кӛпшілігі жергілікті 

жерде ӛндірілгені анық екенін атап кӛрсеткен жӛн. 

        XІІІ-XV  ғасырларда  Қазақстан  халқының  негізгі  тіршілігі  ӛткен 

ғасырлардағыдай кӛшпелі мал шаруашылығы болып қала береді. Кӛшпелілер 

қой  мен  жылқы,  тҥйе  ӛсірген,  жекелеген  аудандарда  ірі  қара  мал 

шаруашылығы  дамыды.  Сол  аймақтардың  халқы  суармалы  және  тәлімі 

егіншілікпен  де  айналысады,  балық  аулап,  аңшылық  қҧрады.  Кӛші-қон 

кезінде,  әскери  жорықтарда  ат  таптырмайтын  кӛлікке  айналды.  Қой 

шаруашылығы барлық жерге таралды. Негізгі ас-етке қоса қой былғары, тері 

береді,  оның  жҥні  киім-кешек,  тӛсек  заттарын,  кілемдер  мен  киіз 

бҧйымдарын  әзірлеуге,  ҥй  жылытуға  қолданылады,  Малдың  шикізаттарын 

ӛндеу  жӛніндегі  ҥй  ішінің  кәсібі  кӛшпелілердің киім  мен  тҧрмыс  заттарына 

сҧранымын  қанағаттандырып  отырады.  Кейбір  жекелеген  ісмерлер  аса 

кҥрделі  бҧйымдарды  –  аттың  ер-тҧрманын,  метал  әшекейлерін,  қару-жарақ 

(семсер, сҥңгі, садақ, оқ), арба, ҥй сҥйектері, т. б. келістіріп жасаған. 

     Мал  ӛсіру  шаруашылығы  эволюциясының  барысында,  оның  іріктеліп-

сҧрыпталып  шыққан:  кӛшпелі,  жартылай  кӛшпелі,  отырықшы  сияқты 

Қазақстан  жерінде  қадым  замандардан  бері  ӛмір  сҥріп  келе  жатқан  ҥш  тҥрі 

экологиялық  жағдайларға  байланысты,  саяси  оқиғаларға,  тайпалар  мен 

халықтардың  қоныс  аударуы  секілді  жәйттерге  байланысты  да  ӛзгеріп 

отырған.  Осыған  сәйкес,  кӛші-кон  жолдары  да  ӛзгеріп  отырған  еді.  Сол 

дәстҥр бойынша, Ақ Орда мен Әбілхайыр хандығының кӛшпелі рулары мен 

тайпалары  Шығыс  Дешті-Қыпшақтың  жеке  аудандары  ӛріс-қонысынан 

қыстау  ҥшін Сырдария  мен  онын  салалары  алқабына,  Қаратау  баурайы  мен 

Арал  ӛңіріне  кӛшіп  барған.  Ноғай  мал  ӛсірушілерінің  Еділ  қҧярлығы  мен 

Каспийдің  солтҥстік-батыс  жағалауы  маңындағы  қысқы  мекендерінен  Еділ, 

Жайық,  Ембі  бойларымен  жоғары  жҥретін  жазғы  жайлауларының  дәстҥрлі 

кӛшу  жолы  саяси  хал-ахуалға  лайықталып,  шығыста  –  Арал  ӛңірі  мен 

Сырдарияның  тӛменгі  жағына  қарай,  батыста  –  Қҧм  ойпатына,  сол  сияқты 

Каспийді  жағалап  оңтҥстікке  қарай  ӛзгертіліп  отырған.  Жетісуда  кӛші-қон 



 

299 


жолдары  қысқарақ  болған.  Деректер  белгілі  жайылымдар  ішінен  Іле  ӛзені 

бойындағы Ҥлкен жҧлдыз және Кіші жҧлдыз, Шарын мен Шелек арасындағы 

Әбіш жазығының жайлауларын, т.б. атап ӛтеді. 

       XIV-XV 

ғасырларда 

Оңтҥстік-Шығыс 

Қазақстан 

халқының 

шаруашылығында  тҥбірлі  ӛзгерістер  орын  алды.  Моңғол  хандары  мен 

феодалдарының  ҧзақ  уақыт  ӛктемдік  жҥргізуі  XIV  ғасырдың  соңғы  кезінде 

Жетісудағы  отырықшы-егіншілік  және  қала  мәдениетін  жойып  жібереді. 

Кӛшпелі  мал  шаруашылығы  барлық  жерде  де  басты  кәсіпке  айналады. 

Егіншілік  кәсібінің  айқын  іздері  XIV-XV  ғасырларда  Батыс  Жетісудың  Шу 

мен  Талас  алқаптарында  сақталып  қалды.  Жазба  деректерде  XV  ғасырда 

жаңа  мекендер,  керуен-сарайлар  мен  бекіністер  салынғаны  жӛнінде 

айтылады.  Отырықшы-егінші  аудандар  мен  қалалар  ҥшін  соғыстар  болып 

тҧрды. 

       XIV-XV  ғасырлар  Оңтҥстік  Қазақстан  жерінде  қала  мен  егінді  алқаптар 

тіршілігі  ӛрге  басады.  Деректер  Ақ  Орда  хандары  Отырар  мен  Сауранда, 

Сығанақ  пен  Жентте  қҧрылыс  жҧмыстарын  кҥшейтіп,  тҧрғын  ҥйлер, 

мешіттер мен қоғамдық ғимараттар салдырғанын хабарлайды. Бҧрын моңғол 

билеушілері  тиым  салған  қҧрылыстар  жанданып,  қамал-дуалдар  мен 

бекіністер  қалпына  келтіріледі.  XIV-XV  ғасырларда  салынған  іргелі 

ғимараттардың  ең  кӛрнектісі  Ясы  (Тҥркістан)  қаласында  Әмір  Темір 

тҧрғызған  Қожа  Ахмет  Ясауидің  кесенесі  (қҧрылысы  1407  жылы  аяқталған) 

болып табылады.  

       Сығанақ, Ясы, Сауран, Сайрам және басқа да егін ӛсіретін ӛңірлерде ӛмір 

қалпына  келіп,  ӛркендей  бастайды.  Суармалы  жерлерде  бидай,  арпа  сияқты 

дәнді  дақылдар  ӛсіріледі.  Сол  сияқты  бау-бақшалар,  жҥзімдіктер  кӛбейеді. 

Оңтҥстік  Қазақстан  мен  Шығыс  Дешті-Қыпшақ,  Жетісу  тҧрғындарының 

шаруашылық  байланыстарында  егіншілер  мен  қала  қолӛнершілерінің 

ӛнімдері мен бҧйымдары алыс-беріс дәнекеріне айналады.  

       Шығыс 

Дешті-Қыпшақ 

пен 

Жетісудың 



далалық 

аудандары 

малшыларының Оңтҥстік Қазақстан мен Орта Азияның егінші жӛне қалалық 

халқымен  ӛзара  сауда-саттық,  алыс-беріс  жасасуы,  оңтҥстікте  қалалық  және 

егіншілік  тірлігінің,  далада  мал  ӛсіру  шаруашылығының  ӛсуіне  игі  әсерін 

тигізеді. Отырықшы-егінші қауым мен кӛшпелі дала ҧласатын жерде, басты-

басты  сауда  жолдары  тоғысатын  торапта  тҧрған  Оңтҥстік  Қазақстан 

аймағының  осы  бір  ҧтымды  жағдайы  оны  кӛршілес  халықтармен 

шаруашылық-мәдени,  экономикалық  қарым-қатынас  жасаудың  орталығына 

айналдырады.  Кӛшпелілер  мен  егіншілер  ӛзара  бір-бірімен  материалдық 

мәдениет,  тҧрмыс,  шаруашылық  тәжірибе  машықтарын,  әлеуметтік  норма 

мен  мемлекет  ҧйымдары  тҥрлерін,  әскери  ӛнер  элементтерін  алып  отыруға, 

мәдени  жетістіктердің  алмасып  тҧруына  себепші  болады.  Дала  ақсҥйектері 

арасында  ислам  мәдениетін,  жазу-сызуы  мен  кітап  білімін  тарату  ісі  де 

осынау қалалар арқылы жҥзеге асырылды. 

      XV-XVII  ғасырларда  қазақтарда  кӛшпелі  және  жартылай  кӛшпелі  мал 

шаруашылығы  сақталды.  Малдың  негізгі  тҥлігі  қой,  жылқы,  тҥйе  болды,  ірі 

қара мал аз мӛлшерде, негізінен алғанда отырықшылықты жерлерде ӛсірілді. 




 

300 


       Қазақ хандығында, Қазақстан аумағындағы бҧрынғы мемлекеттердегідей  

маусымдық  жайылымдарды  (кӛктеу,  жайлау,  кҥздеу,  қыстау)  алмастырып 

кӛшіп-қонып  отыру  сақталды.  Ондаған,  ал  кӛптеген  жағдайда  жҥзден  астам 

ауылдардан қҧралуы  ықтимал әрбір ру  белгілі бір географиялық жер кӛлемі 

шеңберінде  кӛшіп-қону  дәстҥрін  ҧстанды.  Қоныс  орнын  таңдау,  әрине,  тек 

дәстҥр  мен  шаруашылықтық  мҧқтаждықтарға  ғана  емес,  сонымен  бірге 

хандықтағы саяси жағдайға да тәуелді болды. 

       Мал  шаруашылығын  жҥргізудің  ғасырлар  бойы  қалыптасқан  дәстҥрі 

сақталып, ҥнемі жетілдірілумен болды. Қазақтардың тҧрағы киіз ҥй, сондай-

ақ  шаруашылық  қҧралдары  кӛшіп-қону  және  мал  ӛнімдерін  ӛңдеу  ҥшін 

жақсы лайықталған-ды. Кӛшпелі мал шаруашылығы қазақ отбасының ӛмірін 

кӛп жағынан қамтамасыз етіп  тҧрды. Бҧл сала қазақтарға  ішіп-жейтін тамақ 

ӛнімдерін,  киім-кешек  пен  аяқ  киім  материалдарын,  ҥй  жабдықтары  мен 

жасауларын,  кӛшіп-қонуға  қажетті  тасымал  қҧралдарын  берді.  Әскери 

жорықтар  мен  шайқастарда  жылқының  орнын  еш  нәрсемен  алмастыруға 

болмайтын.  Кӛшпелі  малшылар  ҥй  кәсібімен,  негізінен  алғанда  мал 

шаруашылығы шикізаттарын  ӛңдеумен  айналысты. Қой  жҥнінен киіз басты, 

кілемдер  тоқыды,  киім  тікті,  мал  терісінен  аяқ  киімдер,  ыдыстар,  ат 

әбзелдерін,  т.  б.  әзірледі.  Қазақтардың  шаруашылығы  негізінен  қолмен 

атқарылатын  таза  табиғи  кҥйінде  қалғанымен,  олардың  қолында  қала 

тҧрғындары,  егіншілер  ӛндіретін  тауарларға,  азық-тҥлікке  айырбастай 

алатын  басы  артық  ӛнімдері  қалып  отырды.  Тҥркістан  қалаларының 

базарларына  кӛшпелі  малшылар  мал  айдап  апаратын,  тері,  жҥн,  олардан 

жасалған  бҧйымдар,  сондай-ақ  қару-жарақтар,  ағаштан,  негізінен  қайыңнан 

жасалатын  бҧйымдар,  соның  ішінде  арбалар,  тесектер  мен  ыдыстар 

жеткізетін; аң терілерін, тон-ішіктер, тымақ-бӛріктер сататын. Малшылар бҧл 

ӛнімдеріне айырбасқа Тҥркістан аймағы қалаларына әр тҥрлі тауарлар: мақта 

маталары  мен  жібек  маталар,  балшықтан  кҥйдіріліп  және  темірден  соғылып 

жасалатын  бҧйымдар,  мата  мен  теріден  тігілген  дайын  киім-кешектер, 

шапандар, орамалдар, бас киімдер, аяқ киімдер, ат әбзелдерінің бӛлшектерін, 

сондай-ақ  әр  тҥрлі  ҥй  аспаптарын,  қарулар,  қымбат  металдардан  жасалатын 

әшекей заттар, айналар және кӛптеген басқа дҥниелер алатын.  

       Қазақстанның  оңтҥстік  және  оңтҥстік-шығыс  ӛңірлеріндегі  қазақтар 

отырықшылықты  және  жартылай  отырықшылықты  егіншілік  пен  қала 

мәдениетін  жақсы  білді.  Далалық  аудандар  халқының  кӛшпелілік 

шаруашылығы  мен  отырықшылықты  егіншілік  аудандары  және  қала 

шаруашылығының тҧрақты байланысы қазақ қоғамы экономикалық ӛмірінің 

ажыратылмайтын белгісі болды.  

       Кӛшпелі  қазақтардың  отырықшылануы  мемлекеттің  қандай  да  бір  басқа 

жерлерінен  гӛрі  Сырдария  бойы  алқаптары  мен  Жетісудың  батыс  бӛлігі 

аймақтарында неғҧрлым шапшаң жҥрді.  

    XV-XVII  ғасырларда  қазақ  халқының  ӛзіндік  ерекше  мәдениеті  ӛркен 

жайды.  Қазақтардың  ҥйлер  салу,  оның  жасауы  мен  салт-дәстҥрлері, 

кӛркемӛнерлік  кәсібі  және  халық  ауыз  әдебиеті  мен  шығармашылығы 

тҥріндегі  мәдениеті  ӛмірге  сіңіп,  орнықты.  Оларда  Қазақстан  жерінде 



 

301 


мекендеген  бҧрынғы  тайпалар  мен  халықтардың  мәдениет  байлықтары 

табиғи тҥрде тҥсіністікпен қабылданылды. Сығанақ пен Сауранның, Ясы мен 

Отырардың 

архитектуралық 

кешендері, 

Жәнібек 


пен 

Қасымның 

Сарайшықтағы, 

Қазанғаптың 

Ҧлытау 

ауданындағы 

кесенелері, 

Маңғыстаудағы, Сырдария алқаптарындағы және Қаратау  қойнауларындағы 

мазарлар  ӛзіндік  сәулет-сипатымен,  архитектуралық  формаларының 

жинақылығымен әрі айқындылығымен ерекшеленеді. 

       Ҥй  кәсібі  мен  қолданбалы  ӛнер  бҧйымдары  –  ат  әбзелдерінің,  киіз  ҥй 

жабдықтарының  нәзік  оюланған  заттары,  шебер  істелген  ҥй  жасау 

бҧйымдары,  ҥй-іші  тҧрмысында  ҧсталатын  заттар  (кілемдер,  киіздер, 

кестелер,  ши  тоқымалары,  ыдыс-аяқтар),  әйелдердің  сәнді  киімдері  мен 

әшекейлері  –  міне,  осылардың  барлығы  халықтың  ӛзіндік  материалдық 

мәдениетінің жоғары болғандығын дәлелдейді. 

       Қазақстанға  әрдайым  малшылар  мен  егіншілердің,  дала  мен  қаланың 

байланысы тән болды. 

       Бҧл байланыстар сан алуан еді: саяси, экономикалық, мәдени, этникалық. 

       Ежелгі тҥркі мемлекеттері кезіндегі Қараханидтер дәуірінде, кейіннен Ақ 

Орда,  Моғолстан,  Қазақ  хандығы  дәуірлерінде  кӛшетін аумақтар  шектеледі, 

кӛші-қон  бағыттары  тҧрақтанады,  тҧрақты  қыстаулар  мен  жайлаулар 

анықталынады,  егіншілік  дамып,  жекелеген  ру  бӛлімдері  отырықшылыққа 

кӛшеді. Мемлекеттік бюрократиялық аппарат қалыптаса бастайды, ортақ тіл 

мен  жазу  қалыптасады,  сауда  және  дипломатиялық  байланыстар  дамиды. 

Осы  кездері  қалалардың  әкімшілік  ставка,  сондай-ақ  қолӛнер,  сауда, 

мәдениет орталықтары ретінде қалыптасуы жҥріп жатты. 

      Ӛзара  байланыстардың  мәдени  аспектісі  қабылдау,  еліктеу,  интеграция 

секілді  қҧбылыстардан  тҧрады.  Мәселен,  отырықшы  халық  кӛшпелілерден 

қару-жарақ,  әшекейлер,  бағалы  металдан  жасалынған  ыдыстарды  қабылдап 

алды.  Алайда  отырықшы  тҧрғындар  бҧйымдарды  тҧтастай  кӛшіріп  алған 

жоқ, оған ӛзіне тән жайттарды қосып, дамытып отырды. 

       Ортағасырлық  қоғамдағы  әскери  аристократия  арасындағы  бағалы 

заттарды «ӛткізіп», кӛшпелілер осы затқа деген сҧранысын тек қала қолӛнері 

арқылы ғана қамтамасыз ете алатын еді. Сӛйтіп, кӛшпелінің, мал ӛсірушінің 

сҧранысы қаладағы қолӛнердің дамуына серпін беріп отырды, ал ежелгі тҥркі 

қағандары  мен  қазақ  хандары  қалалардың  салынуына  мҥдделі  болды.  Осы 

кездері  отырықшылыққа  кӛшкен  кӛшпелілер  қалалықтардан  ҥй  салу 

қҧрылысын ҥйренді, ал тҥркі ақсҥйектері сарай кешендері мен олардың әсем 

бӛліктерін тҧрғызу ҥшін отырықшы халық ісмерлерін шақырды. 

      Заттай  мәдениет  саласындағы  ӛзара  қарым-қатынасты  айтқан  кезде, 

этникалық  процестерге  тоқталып  кеткен  де  жӛн.  Этникалық  жоспардағы 

ӛзара  байланыстар  миграцияның  екі  тҥрімен  сипатталынады.  Біріншісі, 

тҧрғындардың  ҥлкен  тобының  қоныс  аударуы,  оған  «Халықтардың  ҧлы 

қоныс 

аударуы», 



соғды 

отарлауы, 

тҥркілердің, 

моңғолдардың 

шапқыншылығы  секілді  ҥрдістер  жатады; екіншісі,  микромиграциялар,  яғни  

халықтың  шағын  топтарының  қоныс  аударуы,  бҧл  ҥрдіске  дін  ӛкілдері, 

саудагерлер, т.б. қатысады. 



 

302 


       Мҧндай  қоныс  аударулар  кезінде  біріктіруші  сипатта  ӛткен  интенсивті 

этногенетикалық процестер байқалады. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет