Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ


Қалалардың топографиясы мен типологиясы



Pdf көрінісі
бет83/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   117
Қалалардың топографиясы мен типологиясы 

 

        Қазақстанның  оңтҥстігіндегі  қалалар    ортаазиялық  қалаларға    ҧқсас  – 

бекініспен қоршалған  немесе  бекініссіз  цитадель,  шахристан мен  рабадтан 

тҧрады.  Кӛп  жағдайда  олар  жоспары  бойынша  дӛңгелек.    Тау  беткейіндегі 

белдем  мен    Сырдарияның  тӛменгі  ағысында  тік  бҧрышты  жоспарда 

салынғандары басым. 

     Оңтҥстік-Батыс  Жетісу  қалаларына  орталық  цитадель  (орталықта 

орналасуы  сирек)  тӛбесі  мен  тік  бҧрышты,    бес  бҧрышты,  трапеция,  кӛп 

бҧрышты  жоспардағы  шахристан  қалдықтары    да    анық  байқалады.  Қалаға 

кіретін  қақпа    бірден  тӛртке  дейін.  Рабадтар  ауылдық  округтерге  қосылып 

кеткен, сол себепті екі қҧрылыс арасындағы нақты шекараны табу ӛте қиын.  

Орталық қирандыларға ҧзындығы ҥштен ондаған шақырымға жететін «ҧзын 

қабырғамен (дуалмен)» қоршалған территория жалғасады. 

      Қалалар  қҧрылымы.    Цитадель  –  қалада  кездесетін  міндетті  бӛлшек 

болып табылады. Ол қаланың  бекініспен мейлінше   кҥшейтілген бӛлігі еді. 

Мысалы,  Қҧйрықтӛбенің  VІІ-VІІІ  ғасырлардағы  цитаделі  биіктігі  10  метрге 

жететін  пахсалық  платформадағы  замок  тҥріндегі  қҧрылыс  еді.  Ортада 

солтҥстік-батыстан  оңтҥстік-шығысқа  қарай  15  метрге  созылған  зал 

орналасты,  оның  ені  10,5  м-ді,  ал  жалпы  алаңы  57,5  шаршы  м-ді  қҧрады. 

Салтанат залы мен оған жапсарластырыла солтҥстік-шығыс, солтҥстік-батыс 

және  оңтҥстік-батыстан  салынған  бӛлмелер  арқылы  есігі    шахристанға 

шығатын      айналмалы  дәліз  болған.  Ол  арқылы  салтанат  залына,  солтҥстік-

шығыстағы бӛлмелерге баруға болатын еді.  Гелереяның батыс бӛлігі де  осы 

ҧзын дәліз арқылы  залмен жалғасты. Қораптық жиынтықпен жабылған  бҧл 

дәлізде сарайдың шатырына апаратын тепкішек орналасты. 

     Салтанат  залының  болуы,    ағашқа  ойып  салынған    суреттердің    табылуы 

қҧрылыстың    репрезентативті    мәнін  кӛрсетеді,  мҧнда  негізінен  қала  

билеушісі орналасса керек. 

      Баба-Ата  қаласы  орнының  қамалын  қазған  кезде  мҧнда  VІ-VІІІ 

ғасырларда  кӛлемі  240  шаршы  метр  болатын  екі  қабатты  қҧрылыс  болғаны 

анықталды.  Бірінші,  тӛменгі  қабатында  диаметрі  5,8  м  болатын,  кҥмбездеп  

жабылған  салтанат  залы    болған.  Екінші  қабатына    қорап    сияқты    етіп 

жабылған  алты  бӛлме  салынған.  VІ  ғасыр  мен  VІІІ  ғасырдың  алғашқы 

жартысындағы Ақтӛбе-1 қаласының ішкі қамалының орнынан саз қабатынан  

ҥш  метр  етіп  тҧрғызылған  биік  тҧғыр  ҥстіне  орнатылған  екі  қабатты  замок 

табылды.   

      Луговое цитаделіндегі қазба жҧмыстары  мҧнда да VІІ-VІІІ ғасырлардағы 

замок тҥріндегі қҧрылыс орнының ішінара  аршылуына мҥмкіндік берді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет