Байпақов К. М., Таймағамбетов Ж.Қ



Pdf көрінісі
бет82/117
Дата06.01.2022
өлшемі2,57 Mb.
#11974
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117
Тҥрік-соғды синтезі.  

    Жетісу  қалаларын  алғаш  рет  сипаттаған  кісі,  осы  арадан  630  ж.    жҥріп 

ӛткен,  будда  қажысы  Сюань  Цзянь  екен.  Ол  былай  деп  жазады:  «Тҧнық 

кӛлден  солтҥстік-батысқа  қарай  500    лиден  аса  жер    жҥргесін,  Сҥй-е    ӛзені  

бойындағы (Суап, Суяб) бір қалаға келдік. Бҧл қаланы айнала ӛлшегенде  6-7 

ли. Онда әртҥрлі елдерден келген саудагерлер және  хусцылар аралас тҧрады. 

Сҥйеден  батысқа  қарай  тіке  жҥргенде  жеке-жеке    тҧрған    ондаған  қала  

кездеседі,  олардың    әрқайсысының  ӛз  бастығы  бар.    Олар  бір-біріне  қанша 

тәуелді болмаса да,  бәрі де тҥгелдей  тудзюююге (қағанға) бағынады. Сҥй-е 

қаласынан Гешуанға  (Кушанияға)  дейінгі ел Сули деп аталады, оның халқы 

да  осылай  аталады...  Жер  ӛңдейтіндер  мен    бас  пайдасын  кӛздейтіндер  – 

тепе-тең екен».  

    Жазба дерек кӛздеріне сҥеніп В.В.Бартольд Жетісу аумағындағы егіншілік 

мәдениеті  соғдылықтардың  отарлауы  арқасында    пайда  болды  деген  пікірге 

келген.  А.Н.Бернштам  Жетісудағы  отырықшы  мәдениет  ескеркіштерін 



 

348 


соғдылықтарға, ал кӛшпелі мәдениет ескерткіштерін  тҥріктерге жатқызады. 

С.Г.Кляшторный  Жетісудағы  соғды  қалаларының  федерациясы  жайлы  

жазып,  олардың  саяси  және    экономикалық  дербестігіне  ерекше  кӛңіл 

аударды. 

     Жетісудағы 

қала  мәдениетінің  шығуы    туралы  миграциялық 

тҧжырымдамадан  басқа    оған  қарама-қарсы  автохтондық  тҧжырымдама  да 

бар. Г.И.Агееваның пікірінше Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісу ӛңірі   «Соғды 

мен Хорземнің отарлық нысаны болған жоқ, олар Орта Азия халықтарының  

тарихи және  экономикалық ӛмір-тіршілігінде  маңызды рӛл атқарған ерекше 

экономикасы  мен    мәдениеті  дамыған    дербес  ӛңірлер  болған». 

Т.Н.Сенигованың  пікірінше,  Тараз    тҧрғындары  мен  оның    округындағы  

қалалар  тҥрік-қарлҧқ тайпаларынан қҧралды. 

    Бір-біріне қарама-қарсы  бҧл кӛзқарастар  Жетісудағы  ерте ортағасырлық 

қала  мәдениетінің  қалптасуын    тек  этно-генетикалық  тҧрғыдан  шешуге 

болмайтындығын,  бҧл  ҥшін  мәдениеттанулық  талдау  қажет  екендігін 

кӛрсетеді. 

     Соғдының  мәдени  кешені  тҥсінігінен  қаланың  қолӛнер,  сауда  және 

ауылшаруашылығының  орталығы ретіндегі  қызметі айқын кӛрінеді.   Қала 

тҧрмысының қҧрылуы да қызық,  археологиялық материалдардан ол  тҧрғын 

ҥйлер  архитектурасының  тҧрақты  конодары  –  терракота,  керамикалық 

заттар  жиынтығы,  ондағы  жазулар,  қорымдық  қҧрылыстар,  жерлеу  әдет-

ғҧрыптары  арқылы  айқындалады.  Соғды  мәдени  кешенінің    Жетісуға 

таралуы    ішінара    соғдылардың  осы  аймаққа    тікелей  кӛшіп    келуіне 

байланысты жҥзеге асқан. Джамуқат, Бунджикат  қалаларының негізін салған 

да соғдылар. Екінші жағынан алғанда  оны  мәдени  бірлесу-сіңісу процесінің 

кӛрінісі деп тҥсіндіруге болады. 

     Соғды  мәдени  кешенімен  қатар  бір  мезгілде  Жетісу  мен  Қазақстанның  

оңтҥстігіне,  Мауренахрға  тҥрік  мәдени  кешені    де  тарала    бастайды, 

археологиялық    материалдар  ішінен    ол    металдан  істелінген    аяқ-табақтар 

мен  қару-жарақтың,  руникалық  жазулары  бар  заттардың  мол  табылған 

олжаларынан  байқалады.  Осының  нәтижесінде    VІ  ғ.  –  ІХ  ғ.  бірінші 

жартысында    Жетісу  мен  Орта  Азияда    ӛзгеше  бір  мәдени  кешен  қҧрылып 

қалыптасады, оны тҥрік-соғды кешені деп атауға болады. 

    Бҧл қалыптасудың айқын белгілерінің бірі  - Соғды, Мауренахр мен Жетісу  

қала мәдениеттерінің  біртҧтастығы еді.  

   В.М.Массон  Сюань-Цзянның  Су-ли  (Соғды)    елі  Шудан  Басҧн  тауларына  

дейін  созылып    жатқандығы  саяси-географиялық    немесе    этникалық  

шекараны  білдірмейді,  онда    соғды-тҥрік  эталоны  айрықша  рӛл  атқарған 

мәдени-тарихи облысы айтылады деп әділ кӛрсетеді.  

   Пәрменді мәдени синтез этногенетикалық процестер аясында  ӛтіп жатады. 

Сонымен  ертеректегі    орта  ғасырлар  кезеңінде    Қазақстанның  оңтҥстігінде  

ӛз  бойына    Соғдының  мәдени  кешенін  сіңіріп  қорытқан  ерекше    мәдениет 

қалыптасады. Бҧл бірлесудің  жарқын кӛрінісі қала мәдениетінен байқалады. 

    Қалалардың  қалыптасуы.    Қала  мәдеиеті    дамыған  Оңтҥстік  Қазақстан  

мен Оңтҥстік-Батыс  Жетісу  сынды екі ӛңірді  атауға болады.  Жазба дерке 




 

349 


кӛздеріне  қарағанда    Оңтҥстік  Қазақстанда    VІ-ІХ  ғасырларда  алты  қала 

болған – олар «Ақ ӛзендегі қала» Испиджап, Шарап, Будухкент, Усбаникент, 

Отырар  мен  Шауғар.  Бірақ-та  археологиялық  мәліметтер  бойынша  олардың 

саны 30 шақты. 

    Дерек  кӛздерінде  Оңтҥстік-Батыс  Жетісудағы    21  қала    аталады,  олардың 

арасындағы ең ірілері  Тараз, Жамуқат, Атлах, Қҧлан, Мерке, Аспара, Суяб, 

Навакет  еді.  Қалаларға  археологтар    мәдени    қабаты    VІ-ІХ  ғасырларды 

қамтитын    және  қаланың  белгілері  бар    (топографиялық  ерекшелік,  кӛлемі, 

археологиялық  олжалар,  географиялық  орналасу  жағдайы)    ескерткіштерді 

жатқызады.    Қалаларға  тән  нақты  геометриялық      жоспар  әуелден-ақ  

қҧрылыстың  орталықтана  бастауын  кӛрсетеді.    Қазба  кезінде  мәнет,  шеттен 

әкелінген  заттардың,  қолӛнер ӛнімдерінің  кездесуі де  қалаларға тән  нәрсе. 

Әдетте,  қалалар  сауда    және    стратегиялық    жағынан  қолайлы    жерлерде 

немесе    шағын  аудандар  мен  облыстар    орталығында    орналасты.  Сонымен 

қатар, аталған белгілеріне қарай  қалалар классификациясын  жҥргізуге және  

оларды  астаналық ірі қала деп,  орташа, шағын деп бӛлуге болады. Айталық, 

Оңтҥстік  Қазақстанда астаналық қалалар – Испиджаб, (Сайрам қала-жҧрты), 

Отырар  (Отырартӛбе  қала  жҧрты),  ал  Оңтҥстік-Батыс  Жетісуда  –  Тараз, 

Навакент (Қызыл ӛзен), Суяб (Ақбешім қала жҧрты). 

     Қала  мәдениеті  орталықтарының  бірі    болған  Оңтҥстік  Қазақстанда  

отырықшылық  пен    егіншілік    дәстҥрі   сақ  және  қауыншы,    отырар-қаратау  

мен жетіасар  археологиялық мәдениеттерін  қалдырған  қаңлылар  дәуірінен 

бастау  алады.  Оларға  егін  және  мал  шаруашылықтары,  ақша  айналымының 

шектеулігі тән еді. Бҧл мәдениеттердің ерте қоныстары  Отырартӛбе, Оқсыз, 

Бҧзық,  Марданкҥйік,  Қҧйрықтӛбе  және  т.б.  Оңтҥстік  Қазақстан  

ортағасырлық    қала  ескерткіштеріне    негіз  болды.  Бҧл  мәдениеттердің  ҥй 

қҧрылысы,  қыш  ыдыстарын  жасау,  тҧрғындардың  рухани    дҥниетанымдық 

дәстҥрі ерте феодализм кезеңінде де сақталды.  

    Әрине,  қала  мәдениетіндегі    дәстҥрмен  қатар  жаңа    инновациялық  

элементтерде    байқалады,  нәтижесінде  Оңтҥстік  Қазақстанда    қала  мен 

қалалық мәдениет қалыптасады. 

    Оңтҥстік-Батыс  Жетісуда    қалалардың  қалыптасуы    біршама  басқа  жолда 

дамыды.  Мҧнда Оңтҥстік Қазақстандағыдай  отырықшылық  пен  егіншілік  

дәстҥрлер  дами    қойған  жоқ.  Бҧл  шаруашылығындағы  мал  ӛсіру  басым 

болған  сырдариялық  мәдениеттің ең шеткі аймақтары еді.  

   Қалалар  мен  қалалық  мәдениеттің  дамуында    Жібек  жолы    арқылы  

жасалынған  сауда  маңызды  рӛл  атқарды.  Қалалар  сауда  жолдарының 

бойларында  орналасқан.  Бірақ,  сауда  қала  дамуындағы    маңызды  фактор 

болғанымен,  қалалардың  әкімшілік  билік,  қолӛнер  мен  рухани  мәдениет 

орталығы секілді функция  атқарғанын жоққа  шығара алмаймыз. 

       Қазақстанның  ерте  феодалдық  қалаларын    Орта  Азия    қалаларымен  

салыстырғанда,  алғашқыларының    ауыл  шаруашлығымен    ӛте  жоғары  

дәрежеде    байланысты    болғандығын    аңғарасыз,  бҧл  кӛшпелі  рыноктың  

бидай мен  егіншілік ӛнімдеріне деген сҧранысынан тундаған еді. 

 



 

350 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет