Байтұрсынұлы оқулықтары негізінен



бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі47,5 Kb.
#85195
түріОқулық
1   2   3
-дыр, -ғыз, -т қосымшаларының жалғануына байланысты өзгелік етіс ретінде түсіндіріледі. Алайда өзгелік етістің өзіндік мәніне байланысты, іс-әрекетті субъект өзі іске асырмай, басқа біреуге істетуі керек. Өзгелік етісті сөйлемде қимылды екі субъект іске асыруы керек: біреуі – қимылды орындатушы да, екіншісі – қимылды тікелей орындаушы болады /3/. Алайда бұл етістіктерде (ойыншықты сындырды, үйді ағартты, мәшинені жүргізді т.с.с.) іс-әрекетті басқа біреу емес, тікелей субъектінің өзі атқарып тұр. Сол себепті мұндай етістіктер өзгелік етіс бола алмайды. А.Байтұрсынұлы -дыр, -ғыз, -т қосымшалары салт етіске қосылған жағдайда сабақты етіске жасалатынын көрсете келіп, сол қосымшалар сабақты етіске (түбір не туынды) жалғанса ғана басқа етіс түрлері жасалатынын айтады. Жоғарыда келтірілген етістіктерді өзгелік етіске айналдыру үшін оларға әрі қарай да сол тұлғалар үстемелене жалғануы керек. Сонда, А.Байтұрсынұлының түсіндіруінше, тура толықтауышты ғана қажет ететін, салт етістерге -т, -тыр, -қыз, -р жұрнақтары жалғану арқылы жасалған етіс түрі – сабақты етіс те, сабақты етіске (негізгі, туынды) аталған қосымшалар үстеліп, сөйлемде тура толықтауышпен қатар барыс септікті жанама толықтауыштың да болуын қажет еткен кезде ғана басқа етіс түріне (өзгелік, шағыс, беделді) ауысады (ғалым қазақ тіліндегі етістерді 10 түрге жіктейді). А.Байтұрсынұлы етіске тән өзіндік мағынасы мен арнаулы көрсеткіштері болуына байланысты сабақты етісті етіс категориясына қосқан. Сонымен қатар сабақты етіспен оппозиция құрайтын, яғни тура толықтауышты (объектіні) керек етпейтін салт етісті де осы категория шеңберінде қарастырған. Өз тарапымыздан түркологияда талас тудырып жүрген негізгі етістің орнына А.Байтұрсынұлы жіктеуіндегі салт, сабақты етістерді етіс қатарында тануға әбден болады деп ойлаймыз. Кейінгі еңбектерде тұлғаға ғана мән беріліп, мағыналық ерекшелігі назардан тыс қалса, А.Байтұрсынұлы оқулықтарында кейбір тұлғалардың өзіндік мағыналық ерекшеліктері болатыны ескеріліп, соған байланысты жіктеліп отырған. Осындай ұстаным ғалымның сан есімдерді топтастыруынан да анық байқалады. Бүгінгі таңдағы оқулықтарда сан есімнің алты түрі көрсетіліп жүр. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде сан есімнің төрт түрі ғана берілген. Яғни қазіргі оқулықтардағы топтау сан есімдері мен болжалдық сан есімдер ғалымның еңбектерінде аталмайды. Топтау сан есімдері мен болжалды сан есімдер сан есімге көптік жалғауы шығыс септік жалғауы,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет