-лап/-леп тұлғаларының қосылуы арқылы жасалған. Алайда аталған тұлғалардан басқа сан есімге -нікі, -дағы/-дегі, -дай/-дей, -сыз/-сіз, -лы/-лі, -лық/-лік
Байланысты: 2-дәріс. Қазақ тіл біліміндегі функционалды лингвистиканың дамуы 2
-лап/-леп тұлғаларының қосылуы арқылы жасалған. Алайда аталған тұлғалардан басқа сан есімге -нікі, -дағы/-дегі, -дай/-дей, -сыз/-сіз, -лы/-лі, -лық/-лік т.с.с. қосымшалар да жалғана береді. Алайда ол қосымшалар жалғанған сөздің бәрін сан есімнің мағыналық топтарына қоса беруге болмайды. Кейінгі оқулықтарда топтау сан есімдері деп танылған екеулеп, он-оннан, бір-бірлеп т.с. с. сөздер үстеу ішінде де сөз болып, топтау (я саралау) үстеулері, кейде мөлшер үстеуі ретінде беріліп жүр. Яғни бір форма екі түрлі сөз табының аясында қарастырылуда. А.Байтұрсынұлы еңбектерінде болжалды сан есім мен топтау сан есімдері сан есімнің мағыналық топтары ретінде қарастырылмай, сан есімнен жасалатын басқа сөз таптарының қатарында, үстеу ретінде берілген. Яғни ғалымның оқулықтарында қазақ тілінің өзіндік ерекшеліктері, нақты табиғаты берілген. Қазақ тіл білімінде өзіндік із қалдырған ғалым – Ы.Маманов көлемдік-мекендік септіктер мен көптік форманың контекске немесе түбір сөздің мағынасына байланысты әртүрлі мағыналық қырлары болатынын айта келіп, сан есімнің шығыс септік формасы (бестен, бес-бестен) мен көптік формасын (ондар, жүздер) мағынаға бағындырып, сан есімнің лексика-семантикалық топтарына жатқызудың ғылыми тұрғыдан негізсіз екендігін айтады /4‚ 83-84/.
А.Байтұрсынұлы тұжырымдарының бүгінгі таңдағы ғылым жетістіктерімен сәйкес келуі‚ бір жағынан‚ ХХ ғасырдың басында ұлттық тіл білімінің қаншалықты құлаштап алға басқанын көрсетсе‚ екінші жағынан‚ репрессия зардабының кесірінен ғылым дамуының қаншалықты тежелгенін де танытса керек.
Қазақ тілінің грамматикалық құрылысы ғылыми негізде жиырмасыншы ғасырдың басынан бастап тереңірек зерттеле бастады. Осы уақытқа шейін орыс тілінде практикалық мақсатта жазылып, қолданыста болған қазақ тілінің грамматикаларынан «мақсаты, міндеті жағынан да, құрылымы мен мазмұн бүтіндігі, жүйе-желісі жөнінен де бөлек, түбірімен мүлде жаңа сапалы...» «Тіл – құрал» атты еңбегі арқылы Ахмет Байтұрсынұлы қазақ грамматикасының ғылыми негізін қалады. 1913-1915 жылдарда жазылған «Тіл – құрал» қазақ тілі грамматикасының терминологиялық аппаратын теориялық тұрғыдан ана тілінің төл сөздері негізінде қалыптастырған, аз уақыт ішінде өзінен көп ғасыр бұрын бастау алып дамыған, ғылыми тұрғыдан кемелденген еуропа тілдері грамматикаларының деңгейіне жеткен еңбек болды. Ол қазақ тілінің негізгі үш жүйесін: «Дыбыс жүйесі мен түрлерін», «Сөз жүйесі мен түрлерін» және «Сөйлем жүйесі мен түрлерін» зерттеп, тыңнан түрен тартқан «қазақ грамматикасының шын мәніндегі «төл басы» болды. Айтса, айтқандай, Қазақ грамматикасы сол кезеңнен бері академиялық грамматика деңгейінде жазылған 1954 жылғы «Қазіргі қазақ тілі», 1967 жылғы екі бөлімді «Қазақ тілі грамматикасы», 2002 жылы шыққан «Қазақ грамматикасы» – «Тіл - құралдың» заңды мұрагері ретінде сол бастаудың алтын арқауында қазақ грамматикасын жаңа ғылыми деңгейлерге көтерген жалғасы. Бәріне ортақ ұстаным «Қазіргі қазақ тілі» дегенде, тілдің құрылысындағы негізгі фонетикалық, лексикалық, грамматикалық деңгейлерін жеке-жеке алып семасиологиялық бағытта сипаттауы, ал осы үрдіс өткен ғасырдың 60-70-інші жылдарында жазылған еңбектерде жалғасын тапқан. Атап айтқанда, 1969 жылғы М. Балақаев, Т. Қордабаевтардың «Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис», 1974 жылғы А.Ысқақовтың «Қазіргі қазақ тілі. Морфологиясы» жеке-жеке жарық көрді. Ал 1967 жылы жарық көрген «Қазақ тілі грамматикасы» морфология мен синтаксисті қамтыды. Бұл грамматика негізінде қазақ тілінің морфологиялық тұлғасы – сөз формасының өзгеру заңдылықтары мен оның парадигматикалық, синтагматикалық қызметтерін айқындау, соның негізінде негізгі атауыш сөз таптарының морфологиялық категорияларын толығынан сипаттауға арналса, екінші бөлімі – синтаксисте сол кезеңде өзекті болған, сол деңгейде зерделенген сөз тіркесінің, сөйлем мүшелерінің, жай сөйлемдердің, құрмалас сөйлемдердің тұлғалық құрылымы мүмкіндігінше толық сипатталып, түрлі қызметтері айқындалған.