Байзақова әйгерім русланқызы бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру әдістемесі


Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістері



бет9/17
Дата16.10.2023
өлшемі284,13 Kb.
#115671
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17
Байланысты:
Áàéçà?îâà ?éãåð³ì ðóñëàí?ûçû áàñòàóûø ñûíûï î?óøûëàðûíû? êðåàòèâ

Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастырудың әдіснамасы мен әдістері

Оқу-тәрбие үдерісінде бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын қалыптастыру мәселесі жоғарыда айтылғандай бір жүйеге келтірілмеген. Көптеген әдістемелер креативтілікті әрекет өніміне байланысты зерттеуге бағытталған.


Шығармашылық аумағындағы жетекші маман Торренс креативті ойлау кемшіліктің жетіспей тұрған элементтерді қабылдайтын қабілет ретінде қарастырып, әдістемені құру кезінде креативтілікті тек әрекет өнімі ретінде қарастырумен шектелген.
Қабілет ретінде қарастырылған креативтілік әрекет нәтижесінде көрінетіні белгілі. Торренстің тестілеріне мүмкін болатын шешімдерді іздеуге, жетіспей тұрған элементтерге қатысты гипотезаны қалыптастырып, оны тексеру жатады. Автор факторлы – таза тест жасауға ұмтылмағанын айтты. Өйткені кейбір тесттердің көрсеткіштері бір, екі немесе бірнеше факторларды көрсетеді (жеңілдік, икемділік, сонылық, нақтылық).
Торренс 3 серияға топтастырған 12 тесті ұсынады: вербальды, бейнелік және дыбыстық. Олар вербальды шығармашылық ойлау, бейнелі шығармашылық ойлау, сөздік-дыбыстық шығармашылық ойлауды диагностикалайды. Отандық тәжірибеде Торренс тесті кең тарағанымен бейімделмеген нұсқада қолдануға байланысты нәтижесі дұрыс бола бермейді. Сол себепті Е.Е. Туник жетілдірген тесттер қолданылды. Бұл әдістемені қолдана отырып, Е.Е. Туник креативтілікті зерттеулер жүргізді. Нәтижесінде әдістеменің сәйкестігінің жоғары деңгейде екендігі креативтіліктің мүмкіндік-бейнелілік табиғатына сәйкестігінен көрінеді. Алынған өлшемдердің тұрақтылығы мен ішкі сәйкестігі, бірнеше рет тәжірибені өткізіп барып, жұмыстарды сұрыптау да әдістің сенімділігін көрсетеді [195].
Зерттеуде көрсеткіштер келесі факторлармен анықталады:
1. Жылдамдық (жеңілдік, өнімділік) – бұл фактор шығармашылық ойлаудың жылдамдығымен сипатталады және жауаптардың жалпы санымен анықталады;
2. Икемділік - фактор шығармашылық ойлаудың икемділігін сипаттап, басқа ойды жылдам меңгеруге қабілеттілігін көрсетіп, берілген жауаптардың тобымен анықталады.
3. Онылық – фактор сонылықты, шығармашылық ойлаудың өзіндік ерекшелігін, мәселеге ерекше қарауды сипаттайды және сирек кездесетін жауап, ерекше элементтерді қолдану, жауап құрылымының сонылығымен анықталады; топқа бөлу кезінде бір жақты жауаптардың сирек кездесуі арқылы бағаланады.
Тест жүйесіне 7 субтест кіреді. Олар креативтілігін түрлі жақтарын табуға бағытталған (тіркемеде).
Мысалы, №1 субтесті орындау барысында («заттарды қолдану») сынға түсуші дәстүрлі емес жағдаяттарда шешім таба алуын көрсетеді. № 5 субтесте («Бейнелерді құрастыру») графикалық үлгі ретінде берілген элементтерді ойша талдап алған соң барып тұтас заттық бейне ретінде синтездеуге кіріседі. Бұл жағдайда жанама белгілерге назар аудармай абстракциялау керек. № 6 субтесті («Эскиз») орындау бір фигурадан көп сурет құрастыруға негізделген.
Әдісті қолдану. Креативті ойлау толық жағымды жағдайда ғана көрінетінін еске сақтаған жөн. Жағымсыз функционалдық жағдай, тестің өту шартын күрделендіру, жағымсыз атмосфера тест нәтижесін күрт төмендетеді. Сол себепті креативтілікті тестілеу алдында жағымды жағдай туғызған жөн. Тест алушыларға жасырын қабелеттерін, қиялдарын ашып көрсетіп, әртүрлі жауаптарды беру ұсынылды. Сонымен қатар идеялар бағаланатыны ескертілді.
Тестілеу топтық формада жүргізілді. Әрбір тапсырмаға нақ осы тапсырмаға байланысты мысалдар беру арқылы нұсқаулар берілді. № 6 және № 7 тапсырмалар үшін сурет элементтері бар арнайы бланкілер берілді. Нұсқау дауыстап оқылып, тесті орындау үшін уақыт белгіленді. Тесті талдап, нәтижесін сараптау Е.Е. Туниктің нұсқауына сәйкес жүргізілді.
Зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес оқушыларға
1) бейбітшілікті; 2) қуаныш, реніш, қорқынышты бейнелеу ұсынылды.
«Әлем картинасы» тестін зерттеушілердің пікірі бойынша «әлем бейнесі» ұғымы адамның қоршаған ортада практикалық бағытталу тәсілдерімен байланысты (Е.С. Романова, О.Ф. Потемкина [196]). Суреттердің келесі нұсқалары анықталды:
1. Ғаламдық сурет.
2. Пейзаждық.
3. Тікелей қоршаған орта.
4. Метафорикалық сурет.
5. Абстракты – сұлбалық.
«Қуаныш, (реніш), қорқыныш» суретін сараптау барысында мынандай нұсқалар айқындалды:
- сұлбалық-сурет;
- кескіндеме сурет (тек түстер қолдану);
- метафорикалық сурет.
Креативтілік заттар мен құбылыстар туралы стеоритипті, жалпылама ойлаумен емес, сонылы (метафорикалық, бейнелі) ойлаумен байланысты.
Жұмыстарды сараптау барысында суреттің сапасы есепке алынған жоқ. Ең алдымен композиция, оның құрылымдық принципі қызықтырды. Эксперимент жалпылай өткізілді. Экспериметтік процедураларды аталған әдістер мен формаларды талдау креативтіліктің ерекшелігі мен зерттелушілердің жасына да байланысты болды. Креативті ойлауды зерттеу кезінде балалардың сезімдерінің байлығын көрсететін әдеби шығармашылығына да жүгіндік.
4 сыныптағы қазақ тілі оқулығындағы 294-жаттығуда «сурет бойынша әңгіме құра» деп берілген тапсырманы былайша түрлендіруге болады: оқушыларға өздерін аңға шыққан аңшы ретінде сезініп, әңгіме құрастыру ұсынылады; «Қысқы табиғат» тақырыбына шығарма жазу ұсынылды.
Шығарманы талдау үшін креативті ойлаудың өлшемі анықталды (3.3 тармағын қараңыз). Креативті ойлау когнитивті өріспен тығыз байланысты болғандықтан топтық диагностика үшін кеңінен қолданылып жүрген субтестілер пайдаланылды. Олардың тапсырманы орындау кезіндегі жылдам ойлау, әрекет ету, жеңілділік және үнемділік қасиеттері тексерілді. «Кеңістіктегі ойлау», «Артық сөз», «Сан тізбегі», «Баламалар», «Маңызды белгілер», «Бейнелі ойлау» сияқты тапсырмалар орындалды. Сонымен, креативті ойлауды зерттеудің әдістері мен әдістемесі ұсынылды



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет