Бакалавр, магистр, философия докторын (PhD) даярлау бойынша білім беру қызметтерін көрсету шарты №703 д/c дот/2 к/о комм. 27-08-2022ж. Бұдан әрі «білім беру ұйымы»



Pdf көрінісі
бет7/9
Дата14.09.2022
өлшемі126,64 Kb.
#39144
1   2   3   4   5   6   7   8   9
4. ТАРАПТАРДЫҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ
14. Оқу ақысын төлемеген жағдайда білім алушы тиісті сессияға жіберілмейді және білім
беру ұйымынан шығарылады. Оқу үшін пайда болған қарыз Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгіленген тәртіппен өндіріліп алынады.
Білім алушының қарыздарын өтеу үшін ақша қаражатын енгізуі білім алушыға Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен университеттің Академиялық саясаты
белгілеген тәртіппен білім беру ұйымына қайта қабылдануға құқық береді. Жүргізілген
төлемге байланысты оқуға қайта қабылдануға оқудан шығарылған сәттен бастап 4 апта
ішінде ғана жол беріледі.


Ф.ПК-ЮУ.УП.01
Ревизия № 3 от 20 мая 2022 г.
Страница 7 из 8
______________________________________________________________________________________________________
7
15. Осы Шартта көзделген өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін
тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
16. Осы білім беру қызметтерін көрсету шартының 4-тармағының 9), 10), 11), 12), 13)
тармақшаларында көрсетілген жағдайларды орындамағаны үшін, қайтыс болғаны туралы
куәлікпен расталған білім алушы қайтыс болған жағдайды қоспағанда, білім алушы оны
оқытуға байланысты республикалық бюджет шығыстарын өтеуге міндетті.
17.  Шарт тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші мен білім алушының көрсетілген
қызметтер үшін берешектерін төлеу жауапкершілігі ортақ болып табылады.
5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
18. Осы Шартты орындау барысында туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар
өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тікелей шешеді.
19. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау арқылы шешілмеген мәселелер
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. ФОРС-МАЖОР
20. Су тасқыны, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс жағдайы сияқты форс-мажорлық
жағдайларда, сондай-ақ Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс және Шарт
жасалғаннан кейін туындаған кез келген басқа жағдайларда Тараптар жауап бермейді.
Алайда, бұл ереже форс-мажор жағдайына душар болған Тарап дәлелдемелер ұсынған және
бұл туралы екінші Тарапқа форс-мажор басталғаннан кейін үш тәуліктен кешіктірмей
хабарлаған жағдайда ғана қолданылады.
21. Билік және басқару органдарының тараптардың ең болмағанда біреуінің осы Шарт
бойынша міндеттемелерді орындауын мүмкін етпейтін актілер шығаруы да Тараптардың
бақылауына байланысты емес жағдайлар деп танылады.
22. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлардың және олардың
салдарларының қолданылу мерзіміне мөлшерлес ауыстырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет