Ф.ПК-ЮУ.УП.01
Ревизия № 3 от 20 мая 2022 г.
Страница 5 из 8
______________________________________________________________________________________________________
5
13) Оқу аяқталғаннан кейін жоғары оқу орындарында немесе ғылыми ұйымдарда кемінде
үш жыл жұмыс істеуге.
Бұл ереже мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде философия докторлары (PhD)
бағдарламасы бойынша докторантураға оқуға түскен азаматтарға қолданылады.
14) жұмыс орнына ағымдағы бітіретін жылдың 1 қыркүйегінен кешіктірмей келуге.
5 қыркүйекке қарай білім беру саласындағы уәкілетті органның операторына жұмысқа
қабылдау туралы бұйрықтан үзінді көшірмені жіберу арқылы өзінің келгені туралы
хабарлауға. Көрсетілген құжатты ұсынбау жұмыс орнына келмеу болып қарастырылады.
Бөлу орны бойынша жұмысқа қабылданбаған жағдайда, жұмысқа қайта бөлу үшін Жас
мамандарды дербес бөлу жөніндегі комиссияға жазбаша өтінішпен жүгінуге.
Жоғары оқу орнының дербес бөлу жөніндегі комиссиясымен тұрғылықты жері бойынша
жұмыссыз ретінде есепке алыну үшін жіберілген жағдайда, «Халықты
жұмыспен қамту
туралы» ҚР Заңының 14 бабы негізінде ағымдағы бітіретін жылдың 1 қыркүйегіне дейін тиісті
Халықты жұмыспен қамту орталығында тіркелуге.
Жұмысты өтеу бойынша міндеттемелер орындалмаған жағдайда оқытуға байланысты
бюджеттік қаражат есебінен жұмсалған шығындарды толық көлемде өтеуге.
Отбасы жағдайы мен байланыс ақпараты (тұрғылықты жері, телефон нөмірі, электрондық
поштасы және т.б.) өзгерген кезде білім беру ұйымына және білім беру саласындағы уәкілетті
органның сенім білдірілген өкіліне (агентіне) оқиға басталғаннан кейін 3 (үш) күн ішінде
хабарлауға.
Осы тармақтың барлық ережелері осы Шарттың 4-бөлімі 9), 10), 11), 12), 13)-
тармақшаларында көрсетілген азаматтар санатына қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: