6. Тапсырыс беруші міндеттенеді (тапсырыс берілген жағдайда): 1) ұсынылатын білім беру қызметтері үшін белгіленген мерзімде және мөлшерде ақы
төлеуге;
7. Тапсырыс беруші құқылы (тапсырыс берілген жағдайда): 1) білім алушыдан осы Шартқа сәйкес міндеттерін адал және тиісті орындауды талап етуге.
2) Шарт жасасқан сәтте оқудың барлық кезеңі үшін біржолғы алдын ала ақы төлеуге, бұл
ретте шарт сомасы оқу мерзімі аяқталғанға дейін өзгеріссіз болып табылады;
3) оқу шығындарын кезең-кезеңмен төлеуге, бұл ретте төлем мөлшері өзгертілуі мүмкін,
бірақ жылына бір реттен артық емес.
3. БІЛІМ БЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІНЕ АҚЫ ТӨЛЕУ МӨЛШЕРІ МЕН ТӘРТІБІ 8. Оқу төлемінің мөлшері теңгемен белгіленеді және жыл сайын Директорлар кеңесімен
бекітіледі.
9. Оқу жылы үшін оқу құны (шарт жасасу кезінде):
354200 (үш жүз елу төрт мың екі жүз) теңгені құрайды.
10. Оқу құны Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына сәйкес Директорлар
кеңесінің шешімімен және білім беру қызметтерінің шарттары мен шығыстарын елеулі түрде
өзгертетін нормативтік актілер шығарылған, еңбекақы төлеу шығындары мен инфляция
индексі ұлғайған жағдайда, бірақ жылына бір реттен артық емес өзгертілуі мүмкін.
Оқуға ақы төлеу сомасы өзгерген жағдайда осы Шартқа қосымша келісім жасалады;
11. Шарт тараптардың кез келгенінің бастамасы бойынша бұзылған жағдайда қызмет үшін
ақы төлеу оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап тоқтатылады.
12. Білім алушы академиялық демалыстан шыққан немесе қайта қабылданған жағдайда
оқуға ақы төлеу академиялық демалыстан шығу немесе қайта қабылдау туралы бұйрық
шығарылған сәтте қолданыстағы тәртіппен және мөлшерде жүргізіледі.
13. Оқуды өз бетімен тоқтатқан жағдайда, яғни білім алушы осы Шартты орындаудан
біржақты бас тартқан жағдайда, оқудан шығару туралы бұйрық шыққан күннен бастап осы
шарт бұзылды деп есептеледі. Осы мерзімге дейін оқуға ақы төлеу бойынша шарттық
міндеттемелер сақталады.