Ф.ПК-ЮУ.УП.01
Ревизия № 3 от 20 мая 2022 г.
Страница 7 из 8
______________________________________________________________________________________________________
7
15. Осы Шартта көзделген өз міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін
тараптар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
16. Осы білім беру қызметтерін көрсету шартының 4-тармағының 9), 10), 11), 12), 13)
тармақшаларында көрсетілген жағдайларды орындамағаны үшін, қайтыс болғаны туралы
куәлікпен расталған білім алушы қайтыс болған жағдайды қоспағанда, білім алушы оны
оқытуға байланысты республикалық бюджет шығыстарын өтеуге міндетті.
17. Шарт тоқтатылған жағдайда тапсырыс беруші мен білім алушының көрсетілген
қызметтер үшін берешектерін төлеу жауапкершілігі ортақ болып табылады.
5. ДАУЛАРДЫ ШЕШУ ТӘРТІБІ
18. Осы Шартты орындау барысында туындайтын келіспеушіліктер мен дауларды тараптар
өзара қолайлы шешімдер әзірлеу мақсатында тікелей шешеді.
19. Тараптар келіссөздер, өзара қолайлы шешімдер жасау арқылы шешілмеген мәселелер
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес шешіледі.
6. ФОРС-МАЖОР
20. Су тасқыны, өрт, басқа да табиғи апаттар, соғыс жағдайы сияқты форс-мажорлық
жағдайларда, сондай-ақ Тараптардың ақылға қонымды бақылауынан тыс және Шарт
жасалғаннан кейін туындаған кез келген басқа жағдайларда Тараптар жауап бермейді.
Алайда, бұл ереже форс-мажор жағдайына душар болған Тарап дәлелдемелер ұсынған және
бұл туралы екінші Тарапқа форс-мажор басталғаннан кейін үш тәуліктен кешіктірмей
хабарлаған жағдайда ғана қолданылады.
21. Билік және басқару органдарының тараптардың ең болмағанда біреуінің осы Шарт
бойынша міндеттемелерді орындауын мүмкін етпейтін актілер шығаруы да Тараптардың
бақылауына байланысты емес жағдайлар деп танылады.
22. Тараптардың міндеттемелерді орындауы форс-мажорлық жағдайлардың және олардың
салдарларының қолданылу мерзіміне мөлшерлес ауыстырылады.
Достарыңызбен бөлісу: